Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 11. Медиконтенттің жаңа форматтары. Интернет пен әлеуметтік желілердің жаңалықтарға әсері

Модуль 11. Медиконтенттің жаңа форматтары. Интернет пен әлеуметтік желілердің жаңалықтарға әсері

Модуль 11. Медиконтенттің жаңа форматтары. Интернет пен әлеуметтік желілердің жаңалықтарға әсері

5-ҚАДАМ. Қорытынды (15 минут)

Қатысушылардың бәрі орындарына жайғасқаннан соң тренер #mediasauattylyq деген ортақ ілмек арқылы барлық қатысушының жасаған видеосын тауып, үлкен экраннан көрсетеді.

Барлық қатысушы жеке пікірін айтып болған соң, тренер қорытынды сөзінде негізгі идеяларға тоқталып, қатысушылар болашақта қандай тұстарға баса мән беруі қажет екенін баяндайды.

Әлеуметтік желіде жұмыс істегенде қолданатын қосымша құралдар

1. Пошта. gmail.com — артық суреттерімен, спам хаттарымен мазаңызды алмайтын Google компаниясының пошталық қызметі қазақ тілінде хат алмасуға мүмкіндік береді. Əрі төменде келтірген көптеген онлайн қызметтеріне оңай тіркелуге себепші болады.

2. Пернетақта. keybr.com — пернетақтада саусақтарыңыз жылдам жүгіріп жүрсін десеңіз, осы құралмен күн сайын 5-10 минут жаттығып тұрсаңыз болады.

3. Браузер. mozilla — шолғышының қазақша нұсқасы бар. Əрі қосымша үстемелерді жүктеп алсаңыз, біраз уақытыңыз үнемделеді. Мəселен, поштаны ашып жатпай-ақ бірден тексеретін, емле қатесін тексеретін т.б. көптеген бағдарламалар бар.

4. Құжат өңдеу. toolkit — аударма жасауға, əрі жеке аудармашылық сөздікті қалыптастурға арналған ресурс. Интернетте қазақ тілінде контентті молайтуға қосар үлесі зор.

5. Құжат өңдеу. zamzar.com — сипаты əртүрлі файлдарды қажетті қалыпқа өңдеп береді. Мəселен, doc файлдарды.

6. Мəліметпен бөлісу. twitter – өзіңнің жеке интернет агентіңді сайлап алу үшін пайдалы. Twitter-ден өзіңе пайдалы болатын қолданушыны тауып алсаң болғаны. Ол ойларымен, мəліметтерімен тегін бөлісіп тұрады.

7. Мəліметпен бөлісу. bit.ly — сайттардың сілтемесімен тез, əрі оңай, əрі қызықты бөлісу үшін.

8. Мəліметпен бөлісу. murl.kz — twitter т.б. шектеулі белгілермен жылдам хабар алмасатын құралдарға арнап, сайттардың сілтемесін қысқартып береді.

9. Сурет өңдеу. gickr.com — онлайн жыпылық сурет. Бар болғаны комптағы суреттеріңізді жүктейсіз, бірер секундта жыпылық суретіңіз дайын!

10. Сурет өңдеу. image resizer — суреттерді тез арада өңдеп, көлемін кішірейту керек болса, осы құралды жүктеп алсаңыз болады. Кейін суретке тінтуірді апарып, оның оң жағын шертіп барып, суреттің көлемін тез арада кішірейте аласыз.

Асхат Еркимбай
Асхат Еркимбай
Медиаэксперт, Сүлейман Демирел атындағы университеттінде мультимедиа, дата-журналистика бойынша лекция оқиды. 2011 жылы Асқат Еркімбай Вайоминг Университетінде (АҚШ) магистр ғылыми дәрежесін алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР