Студенттер:
- сөз бостандығының медиасауатпен байланысын,
- сөз бостандығы саласындағы ұлттық және халықаралық заңнаманың негізгі нормаларын,
- Қазақстанда қандай ақпаратқа тыйым салынғанын біле алады.
Кіріспе
Пікір білдіру еркіндігі – демократия мен қоғамның салауатты дамуының басты шарттарының бірі. Бұл еркіндік, біріншіден, тәуелсіз, жан-жақты және кәсіби БАҚ жұмысымен өлшенеді. Бірақ бұл өз ойын еркін білдіргісі келетін барлық адамдарға да маңызды.
Сөз бостандығы саласындағы медиасауат – ақпарат алу құқығы мен пікір білдіру бостандығының маңыздылығын түсіну. Бұл жалған және шынайы жаңалықтар, мемлекеттік және жеке басылымдар мүдделері әлемінде еркін түсінуге, авторлық бағанды репортаждан, сынды өшпенділік тілінен, қоғамдық мүддені қоғамдық қызығушылықтан ажыратуға және дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін дағдылар мен білімдер.
Пандемия, қаңтар оқиғасы, сайлау – осы және басқа да оқиғалар қазақстандықтардың медиасауаттылығын, БАҚ пен журналистерге деген сенім деңгейін, жалпы қоғамның байсалды және ұтымды ойлау қабілетін сынайтын «лакмус қағазына» айналды.
1-қадам. Заңдар не дейді және шынайы жағдай қандай?
Қазақстанда сөз бостандығына қандай құжаттар кепілдік береді? Ең маңызды құжат – Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның 20-бабында сөз және шығармашылық бостандығына кепілдік берілген. Сондай-ақ сіздердің әрқайсыңыздың заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты алуға және таратуға құқығыңыз бар. Сол бапта мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің тізбесі заңмен айқындалады делінген. Бірақ шын мәнінде сөз бостандығы жиі кедергілерге тап болады.
«Тыйым салынған сөз ғана қауіпті». Людвиг Берне
Сөз бостандығы қашан шектелуі мүмкін? Конституциялық құрылысты күш қолдану арқылы өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықты, сондай-ақ басқаларға табынуды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа насихаттау немесе үгіттеуге жол берілмейді.
Талқылауға арналған сұрақ: Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайын 10 баллдық жүйе бойынша қалай бағалайсыз? Неліктен?
Қазақстанда сөз бостандығына қатысты мәселелер мен БАҚ-қа қысым бар екенін сөз бостандығына қатысты рейтингтерден білуге болады. Соның бірі – «Шекарасыз тілшілер» ұйымының рейтингі
Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 12 позицияға жоғарылап, 180 елдің ішінде 134-ші орынды иеленді, бірақ Қазақстан баспасөз бостандығы қиын деп бағаланатын елдер тобында қалып отыр.
Цензура деген не? «БАҚ туралы» заңда цензура дегеніміз хабарламалар мен материалдарды немесе олардың жекелеген бөліктерін таратуды шектеу немесе тыйым салу мақсатында мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың өтініштері бойынша немесе өзге де себептермен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары мен материалдарын алдын ала келісу болып табылады. Қазақстанда цензураға тыйым салынған.
Медиасауат = сөз бостандығы
«Эмоция азырақ, факт көбірек. Медиасауат пен сөз бостандығының ортақ мақсаты бар. Олар азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын, сөз бостандығын қамтамасыз етуге арналған. Олар бірін-бірі толықтырады. Өзінің сөз бостандығы біткен жерде басқа адамның сөз бостандығы басталатынын тек медиасауатты адам ғана түсіне алады. Ал балама пікірді сыйлайды, тыңдайды. Ал бұл медиасауаттың, сыни ойлаудың негізі. Медиасауат сөз бостандығын және ақпаратты ұсынғанда субъективті көзқарастың аздығын білдіреді», — дейді медиатренер, Factcheck.kz жобасының бірінші бас редакторы Әсел Жаңабаева.
Дерек деген не, ал пікір ше?
Пікір (бағалау сипаты) — бұл нақты бір адамның жеке көзқарасы. Олардың жарамдылығын тексеру мүмкін емес, сондықтан олар сот қорғауына жатпайды және жазаланбауы керек. Әр адам өз пікірін айтуға құқылы.
Іс жүзінде болған немесе бар екені белгілі және дәлелдеуге болатын нәрсе — мәлімет болып табылады.
Мысалдар: Пікір білдіру кезінде «меніңше», «менің пікірім бойынша», «деп ойлаймын», «менің ойымша» сөздері жиі қолданылады.
Есте сақтау маңызды! Егер сіз даулы фактілерді «менің ойымша» деген тіркеспен таратсаңыз, бұл бағалау сипатына ие болады (фактіге негізделген пікір). Және бұл жерде кем дегенде ең аз дәлелдемелерді ұсыну қажет, әйтпесе іс сотқа жеткізілуі мүмкін.
Талқылау үшін сұрақ: Сіздің пікіріңізше, заң мен этика кодексінің (нормалар) айырмашылығы неде?
2-қадам. Халықаралық стандарттар
Медиасауат үшін маңызды халықаралық принциптерге тоқталайық. Оларды Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот тұжырымдаған және олардың орындалуы міндетті болмағанына қарамастан, олар журналистік тәжірибеде тиімді нұсқаулық ретінде кеңінен қолданылады. Сонымен, не нәрсеге назар аудару керек?
Егер баспасөздегі немесе әлеуметтік желілердегі жарияланым саяси мәселелерге немесе қоғамдық маңызы бар мәселелерге арналса, онда журналистер мен оқырмандар тақырыпқа көбірек назар аударып, шындықты қазбалап, детальдарын анықтауға құқылы. Мәселен, сайлау алдындағы кезеңде азаматтар кандидаттарға белсенді түрде қызығушылық танытады, олар туралы көбірек ақпаратты, соның ішінде жеке мәліметтерді алғысы келеді. Немесе оқиға қоғамды қызықтырса (мысалы, шенеунік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінсе), оның жеке басына деген қызығушылық арта түсетіні сөзсіз. Бірақ қоғамдық қызығушылықты қарабайыр қызығушылықпен шатастырмаңыз: жұлдыздар мен әртістердің жеке өмірін қазбалауға ұмтылыс олардың жеке өміріне араласуға құқық бермейді.
Талқылауға арналған сұрақ: қалай ойлайсыз, журналист материалға осы тақырыпты таңдап, дұрыс жасады ма?
«”12-ші көлікті сыйлады». Желіде Медсақтандыру қоры басшысының әйелінің жазбасы талқыланып жатыр: 08 шілде 2020, 11:32 — Tengrinews.kz жаңалықтары деген мақаланы оқыңыз.
2020 жылы пандемия қызып тұрған шағында тележүргізуші Гүлбаршын Зайытова Instagram желісінде күйеуі, медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов оған тағы бір көлік сыйлағанын жазды. Материал қоғамда наразылық пен пікірталас тудырды.
Қоғам қайраткерлеріне толеранттылықты арттыру принципі қолайлы сынның шегі жеке адамға қарағанда қоғам қайраткерлеріне қатысты кеңірек екенін айтады. Саясаткерлер мен басқа да қоғам қайраткерлері өздерін әдейі жұртшылыққа әшкерелейтіндіктен, олардың әрбір сөзі мен ісіне баспасөз бен жұртшылықтың назарын аударуға дайын болуы керек.
Ендеше, министрлер мен парламент депутаттары олардың жұмысына қатысты қатаң сынға дайын болуы және оны сабырмен қабылдауы керек.
Журналистік материалдар ақпаратты тарату тәсілі ретінде басқа жолдарға қарағанда жоғары мәртебеге ие (хатта, хабарландыру тақтасында, әңгіме кезінде). Бұл, әсіресе, қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты баспасөздің қоғамдағы алатын орнына байланыс. Сонымен қатар, журналистерге ресми хабарларда көрсетілген фактілерді қосымша тексермеу құқығы беріледі, олар жариялау контекстінде маңызды емес шынайы қателік жіберуге құқылы деп танылады.
Сын объектісінің арандатушылық мәлімдемелеріне жауап ретінде журналистер, егер бұған қоғамдық қызығушылық болса, жеткілікті түрде өткір реакцияға, белгілі бір мөлшерде асыра сілтеуге және тіпті арандатуға құқылы. Осылайша, баспасөзде екіұшты мәлімдемелер жасалса, мемлекеттік органның әрекетін сынай алады. Қазақстанның бірінші вице-министрі Роман Скляр журналистерді дұрыс жұмыс істемеді деп көпшілік алдында айыптағаннан кейін олар келесі тақырыппен мақала шығарды: «Скляр, өз жұмысының сәтсіздігі фонында БАҚ-ты апатты жағдайларды жариялау кезінде қате жіберді деп айыптады».