Домой4-бөлім. Қосымша модульдер1-бөлім. Сөз бостандығы және пікір білдіру еркіндігі саласындағы медиасауат

1-бөлім. Сөз бостандығы және пікір білдіру еркіндігі саласындағы медиасауат

1-бөлім. Сөз бостандығы және пікір білдіру еркіндігі саласындағы медиасауат

3-қадам. Көрінеу жалған ақпарат тарату, араздықты қоздыру, терроризм мен экстремизмді насихаттау.

Талқылауға арналған сұрақ: қалай ойлайсыз, қандай жағдайда сөз бостандығы шектелуі мүмкін? 

Сөз бостандығының шегі:

  • Заңмен белгіленген және қажет болуы керек,
  • Басқа адамдардың құқықтары мен беделін құрметтеуге қолданылуы керек,
  • Мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығын не  имандылығын қорғауы керек.

Материалды (мақала, пост, сюжет, бейнеролик) дайындау кезінде мына құқықтық тәуекелдер туындауы мүмкін.

Насихаттау (пропаганда)

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихат деп заңмен белгісіз топ ішінде тыйым салынған ақпарат туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және (немесе) шектеусіз құқыққа қарсы әрекетті немесе әрекетсіздікті тудыру мақсатында көзқарастарды, фактілерді, дәлелдерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде әдейі бұрмаланған ақпаратты таратуды айтады. [ҚР ҚК 161 бабы — ред. ескерт.]

Көрінеу жалған ақпарат қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын ақпарат. [ҚР ҚК 274 бабы — ред. ескерт.]

Талқылауға арналған сұрақ: Фейк жаңалықтарды өшіруді міндеттейтін заң қажет пе?


Глоссарий

Цензура — бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарламалар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу (ҚР «БАҚ туралы» заңы) ;

Пікір (баға беріп, пайымдау) — нақты адамның жеке көзқарасы

Факт — шын мәнінде болған не бар екені белгілі әрі дәлелмен расталатын нәрсе


Әдебиеттер тізімі: 

  1. Журналистің құқықтық анықтамалығы, «Құқықтық медиа орталық».
  2. БАҚ түсінігін цифрлық дәуірдегі сөз бостандығына қатысты халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жөніндегі нұсқаулық.
  3. Қазақстан: интернет желісінде пікір білдіру еркіндігі, «Құқықтық медиа орталық».
  4. ҚАЗАҚСТАН: ПІКІР БІЛДІРУ ЖӘНЕ «ЭКСТРЕМИЗМДІ» ШЕКТЕУ ЕРКІНДІГІНЕ ҚҰҚЫҚ, «Құқықтық медиа орталық».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР