ДомойОқып-үйренFotoForensics: суреттің шынайылығын тексеретін сервис

FotoForensics: суреттің шынайылығын тексеретін сервис

FotoForensics: суреттің шынайылығын тексеретін сервис

Кісі шошытар мәтін түріндегі фейк жаңалықтардың дәурені өтті. Фотофейк, дипфейк, түрлі конспирологиялық теориялар пайда боп, ақпараттың шынайылығын тексеруге гуглден ақпарат іздей білу де аздық етіп жатыр: енді жаңа техникалық машықтарды білуі керек. 

Суреттің шынайылығын тексеруге арналған пайдалы әрі оңай сервистің бірі – FotoForensics. Мәселен, FotoForensics сервисін қолдана отырып, «Алёшка» ресейлік шоколадына жауап ретінде Украинада шығарылған делінетін «Алёшканың өлімі» («Смерть Алёшки») шоколад қаптамасының фейк екенін оңай анықтауға болады. 

«Смерть Алёшки» фотофейкі 2023 жылғы қаңтарда өте танымал боп, ресейшіл позициядағы интернет-қолданушылар арасында кең таралды.

0 қадам: FotoForensics сайтын ашамыз 

Тегін сервис, тіркелмей пайдалануға болады. 

1 қадам: кескіннің сілтемесін қоямыз

Сервиске құрылғыңыздағы суретті жүктеуге де болады. Мынаған назар аударыңыз:

  • кескіннің форматы jpeg, png, webp, heic не avif болуы керек;
  • кескіннің өлшемі 100×100 пиксельден кем және 1000×1000 пиксельден артық болмауы керек;
  • кескіннің салмағы 10 мегабайттан аспауы керек

Егер кескіннің параметрлері бұған сай келмесе, онда сурет өлшемін өзгертетін кез келген сервисті пайдаланып, өзгертіңіз. 

2 қадам: шыққан нәтижені ELA фильтрімен мұқият қараймыз.

Кескінді жүктегеннен кейін экранның сол жағында фильтр таңдайтын мәзір пайда болады

Сервис жүктелген кескінді өңдегеннен кейін экранның сол жағында талдау жасауға арналған функциялар шығады. Тізімнен ELA фильтрін таңдаймыз: бұл фильтр қатенің бар-жоғын талдайды.

Кескіннің өңделген тұстары тым ашық, күңгірт немесе құбылмалы реңкке боялады. «Алёшканың өлімі» («Смерть Алёшки») шоколад қаптамасына әлдекім аза тұту лентасын қосып, фонын және шоколад атауын өзгертіп, баланың бет-жүзін өңдеп, Украина елтаңбасын қосқаны анық көрініп тұр.

Кескінге жасалған ELA талдауының нәтижесі

Егер кескін ешқандай өңдеуге ұшырамаса, онда біркелкі боп, тым ашық, күңгірт не құбылмалы реңкке боялмайды. 

Егер кескін өңдеуге ұшырамаса, онда ELA талдауының нәтижесі осылай шығады.

Егер суреттің жарық не контраст баптауы өзгертілсе, онда ELA фильтрі оны ақ нүкте түрінде көрсетеді. Егер сурет қайта сақталса, онда ELA фильтрінде қатты «шум» мен қызыл жолақтар байқалады. 

Бұл материал Telegram-дағы @Shiskin_like арнасының Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында  жасаған мына жарияланымы негізінде дайындалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР