Новатор-журналистер, блогерлер, ықпалды әлеуметтік желі пайдаланушылары және медиа саласының мамандары Эквадорға 12 күнге жұмыс сапарымен баруға өтінім бере алады.
Джон Хопкинс университетінің (Johns Hopkins University’sInternational Reporting Project (IRP)) Халықаралық журналистік жобасы журналистерге арналған сапар ұйымдастырады. Сапар қазанның 18-29 жұлдызында өтеді. Бұл жұмыс сапарының басты мақсаты Эквадордағы денсаулық және даму, оның ішінде тамақтану, ауыл шаруышылығы, инфрақұрылым, гендерлік теңдік және жергілікті халық пен мигранттар мәртебесі тақырыптарын жариялау.
IRP қатысушылардың ұшып барып-келу, визалық жарна, қонақүй, тамақтану және жергілікті көлікке жұмсалатын шығындарын төлейді. Стипендия иегерлері сол елде қосымша уақытқа қалғысы келсе, ол шығынды өздері көтереді. Үміткерлер өтініш толтырып, 800 сөзден кем емес эсседе сапар барысында қандай материал әзірлейтінін жазып жіберуі тиіс.
Өтінімдер 7 тамызға дейін қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.