ДомойОқып-үйренЛид жазудың 10 қағидасы

Лид жазудың 10 қағидасы

Лид жазудың 10 қағидасы

Лид  – бүкіл материалдың түйіндемесі іспетті мәтіннің бірінші абзацы. Мақала атауынан кейін оқырман ең алдымен лидті көреді.

1. Лид тартымды болуы тиіс. Материалдың ең ойға келмейтін, қызықты тұжырымдарын сонда шығарыңыз.

2. Лид материалдағы бастысынан хабар беруі тиіс. Басты ой, басты идея, басты кейіпкерлер.

3. Лид ең көп дегенде бес сөйлеммен жазылады. Бір сөйлеммен жазсаңыз да, не шағын әңгіме қылып жазсаңыз да болады.

4. Лид айқын да түсінікті болуы тиіс. Оған қарап отырып, оқырман тек «осы мақаланы оқығым келе ме?» дегенді ғана ойлауы тиіс.

5. Сондай-ақ, оған қажетсіз деректер үстемелеп қосылмағаны да маңызды: артық мәліметтер, әлдеқандай нақтыланған атаулар, бір сөзбен — кейін де айтыла жататын дүниелерді кейінге қалдыра беріңіз.

6. Лид дербес болуы тиіс. Оның мәні соңынан ерген мәтіннің мазмұнына тәуелді болмауы керек. Яғни, материалдан лидті алып тастасақ та оған еш зиян тимейтіндей болуы тиіс.

7. Лидті сабақтас құрмаластан бастаудың қажеті жоқ. Оны екпінді етуге тырысу керек, ал ұзақ сөйлемдер оны сылбыр қылады. Сондай-ақ, сан есімнен де бастамаған жөн. Лид құр цитатадан тұрмағаны да абзал, алайда қандай да бір мағынасы бар кейіпкер сөздерін келтіруге болады.

8. Лидте шығарманың басты идеясы не ойы айтылады. Бірақ, оны құрғақ жаңалық ретінде жазу да дұрыс емес — лидте материал концепциясына тән идеяны беруге болады.

9. Лидтің мазмұны материалдың жанрына байланысты. Жаңалық материалында лидке пирамиданың «төбесі» (не, қайда, қашан, қалай) шығарылады. Сараптамада лидте басты ой, гипотеза, мәселе және оны қалай шешуге болатынына ишара айтылады. Интервьюдің лиді кейіпкер туралы қызықты деректі қамтуы мүмкін. Ал репортажда сол оқиғаның, іс-шараның алдыңғы тарихы, репортаждың өзінен немесе диалогтан қысқа үзінді айтылғаны абзал.

10. Лидте материалдың авторы және қай басылым үшін жазылғанын көрсетуге болады. Бұл — эксклюзив әсерін қалыптастырады. Әдетте лид соңында «Мынадай газеттің тілшісі анадай адаммен сұхбаттасты» немесе «Тілшіміздің репортажын оқыңыздар» делінеді.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР