Медиа мамандарының көбі смартфонды жұмыс барысында кәсіби аппаратураның орнын баса алатын жұмыс құралы ретінде қарастыра бермейді.
BBC медиаакадемиясының (BBC Academy) маманы Марк Сеттл (Marc Settle) көбісі ақылы болып келетін арнайы қосымшалар көменімен журналистер, операторлар, режиссерлер толыққанды видеоөнімдер жасай алады деп есептейді.
Мысал ретінде, iPhone 5s көмегімен түсірілген америкалық Tangerine фильмінің трейлерін ұсынамыз. Фильмнің премьерасы Sundance Film Festiveal фестивалінде көрсетілген.
Назарларыңызға bbc.co.uk платформасында жарияланған Марктың шолуын ұсынамыз:
Кез келген түсірілім үшін жақсы дайындық маңызды. Бұл бөлімде аталған қосымшалардың барлығы журналистерге қажет бола қоймас, алайда, смартфоныңызды толыққанды қолдануды ойласаңыз — осы тізімге назар аударыңыз.
Scripts Pro (iOS) – сценарийді қалыпты макетке салып форматтауға арналған сенімді қосымша.
Андроид үшін тегін балама – My Screenplays.
Андроидқа арналған SL Director’s Viewfinder қосымшасының көмегімен түрлі камералармен түсірілген суреттер қалай көрінетін сынап көруге болады, iOS үшін баламасы – Artemis Directors’ Viewfinder.
iPhone қолданушыға түсірілім барысын біраз басқаруға мүмкіндік береді, алайда, жоғары дәрежелі кинорежиссерлерді селт еткізер шектеулері де бар. Мысалы, түсірілім кезінде фокусты баппен өзгерту мүмкіндігі жоқ екенін айтпағанда, видео түсіріп жатқан кезде жазылатын аудионы ести де алмайсыз.
FiLMiC Pro қосымшасын көпшілік жақсы көреді, Tangerine фильмін түсіруге де қолданылған осы қосымша. Функциялары өте көп, солардың ішінде: қосымша түсірілім кезінде аудионы қадағалап отыруға, бір секундтағы кадрлар санын өзгертуге, фокусты ауыстыруға және тағы да басқа біраз мүмкіндіктер береді.
FiLMiC Pro қосымшасы мүмкіндіктері көп тағы бір – Filmakr қосымшасымен бірге Benteley-ге арнап гламур жарнама шығару үшін қолданылған.
Мына видеода түсірілім алаңында қолданылған қосымшалар ғана емес, көптеген гаджеттер мен құралдар да көрсетілген.
Андроид қолданушылары үшін түсірілім жүргізуге арналған тексерілген қосымша — Cinema FV-5. FiLMiC Pro жақында Андроидқа арналып шықты, алайда бұл амалдық жүйенің фрагментациясы қосымша тек белгілі бір смартфондарда ғана жұмыс істейді дегенді білдіреді.
Видео жақсы шығуы үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасасаңыз да, оны өзгерткіңіз келетін кездер болады — айталық, соңғы жағы сіз қалағандай аяқталмай қалғандықтан, немесе түсірілген материалды сәл түзеткіңіз келуі мүмкін.
Бұл үшін пост-продакшн өңдеуге арналған қосымша керек болады. FiLMiC Pro тағы бір қосымша сатып алудан қаржы үнемдеуге көмектеседі, өйткені онда да ақ түс балансы, түс реңктері, экспозиция және қанықтық сынды баптамалар бар. Бұдан көрі егжей-тегжейлі эффектілер Video Grade қосымшасында бар, онда көлеңкені, ашық тұстарды және айқындықты басқаруға болады.
Apple iMovie қосымшасы –тіпті креатив режиссердің өзіне жеткілікті болатын көптеген опциялары бар аса танымал құрал, тек, оның қолдану үшін смартфон жадында бос орын көп болуы керек, өйткені, қосымшаның өзі 700 МБ тарта орын алады. Андроидқа арналған ең жақын баламасы – KineMaster, тек, бұл да, фрагментация салдарынан құрылғылардың барлығында емес, кейбіреулерінде ғана жұмыс істейді.
Фильм түсіруде сәттілік тілейміз!