Бүгінде мобиль құрылғылар медиа маманының қолындағы маңызды құралдың бірі. Телефон немесе планшет көмегімен журналистер тікелей трансляция жүргізуіне, толыққанды фото-видеорепортаждар жасауына, мәтіндерді өңдеп, басқа да алуан түрлі жұмыстарды істеуіне болады.
Смартфон мүмкіндіктерін барынша кең қолданатындарға арналған тағы бір пайдалы тегін қосымша — AZ Screen Recorder (Android).
Бұл қосымшаның көмегімен мобиль құрылғының экранында болып жатқанды видеоға түсіріп ала аласыз. Ол үшін қосымшаны орнатып, «Жазу» батырмасын бассаңыз болды. Сервис сондай-ақ видеоны өңдеп, Google Drive немесе YouTube-та жариялауға мүмкіндік береді.
AZ Screen Recorder сізге, айталық, смартфон немесе планшет экранынан видеочат, лекция, вебинар жазып алу, интерактив сабақ әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін — экранда болып жатқан көрініске дыбыстық түсіндірме қоса аласыз.