Ай сайын, апта сайын медиа мамандарының жұмысына арналған жаңа сервистер пайда болады. Біз ең қызықты да пайдалы дегендерін тексеріп, байқап көріп, сіздерге ұсынамыз.
Сервистердің бірінші топтамасында видеотрансляция жүргізуге, фото және видеомен жұмыс істеуге, инфографика, постер және баннер жасауға, қаржы іздеуге арналған онлайн-бағдарламалармен танысасыздар.
Соңғы жарты жылда жарық көрген онлайн-құралдар тізіміне назар аударыңыздар.
Видео
Showbox — қысқа видеотаныстырылым жасауға арналған онлайн-құрал
Vibby.com — YouTube-тегі видеоның басты бөліктерін бөліп қарастыруға арналған онлайн-құрал
Vialogues.com көмегімен сайтта видеоны онлайн талқылауға болады
Мобиль құрылғыларға арналған қосымшалар
AZ Screen Recorder — мобиль құрылғы экранынан видео жазып алуға арналған қосымша
MeVee: тікелей трансляция жүргізуге арналған мобиль қосымша
Live in Five көмегімен мобиль құрылғыдан YouTube арқылы тікелей трансляция жүргізуге болады
Смартфон немесе планшет көмегімен түсірілген фотосуретке күнін және басқа да белгілер қою
Evrybit — оқиғаны мультимедиамен баяндауға арналған мобиль құрылғы
Әлеуметтік желілер
YouTube видеосын Facebook үшін лайықтап бейімдеу
Appaction.io: Instagram жазбаларын Facebook пен Twitter-де жариялау
Cogi.com: маңызды сәттерден аудиожазба жасауға арналған қосымша
Тағы да:
Hightailspaces.com — визуал контентпен ортақ жұмыс істеуге арналған онлайн-сервис
Resizer — сайт жұмысын түрлі құрылғыларда тексеріп көруге арналған Google-дің жаңа онлайн-құралы
Google Cardboard қосымшасы смартфонды виртуал шынайылық камерасына айналдырады
Сервис La Mem фотосуреттің ең есте қалар тұстарын анықтайды