Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында отандық контент жасау идеясына байқау жариялайды. Өтінім қабылдаудың соңғы күні — 15 ақпан.
Біз заманауи технологияларды қолданып, аудиторияны тарту арқылы медианың қоғам өміріндегі ең өзекті және күрделі мәселелерді кәсіби, сапалы және әртүрлі платформаларға сүйеніп айтқанын қалаймыз.
Байқаудың мақсаты – сапалы телевизиялық бағдарламаларды, арнайы репортаждарды, дерек фильмдерді, лонгридтерді, әлеуметтік желілердегі жобаларды, мультимедиалық мақалаларды және журналистік зерттеулерді қолдау.
Байқау шеңберінде Internews көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптер өндірісіне қолдау көрсетпейді.
Байқау Қазақстанның телеарналары, онлайн-медиа, продакшн-студиялар және тәуелсіз продюсерлер үшін ашық болады. Байқау тақырыбы еркін. Барлық жобалар 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде жасап бітірілуі керек. Контентті жарыққа шығару кестесі гранттық келісімге қол қою барысында айқындалады.
Байқау үш сатыға бөлініп өтеді:
1 – идеялар байқауы
Сізден идеяңызды қысқаша сипаттай отырып, онлайн-формасын толтыруыңызды сұраймыз. Тақырыптарға шектеу қойылмайды. Ойланып, армандап толтырыңыз! Біз әрі мазмұны, әрі форматы бойынша қызықты, шабытқа толы ұсыныстарды күтеміз.
Мерзімі – 2019 жылдың 15 ақпанына дейін.
Ең қызықты идеялар байқаудың екінші сатысына өтеді.
2 – идеялардың тұсаукесері
Ең үздік идеялар авторлары арнайы питчинг-сессияға шақырылатын болады. Олар өздерінің тұжырымдамасын бес минуттың ішінде өзектілігі мен орындалу мүмкіндігін дәлелдей отырып, кез келген формада көрсете алады.
Осы сессияда келесі жайттарды алға тартатындай етіп дайын болыңыз:
Өндірістің егжей-тегжейі;
Жобаның бюджеті;
Түпкілікті өнім.
Питчингілеуден кейін комиссия мүшелері қосымша сұрақ қойып, жобаны жақсарту үшін өз ұсыныстарын беруі мүмкін.
3 – контент өндірісіне грант алу байқауы
Алдын ала мақұлдау алған жобалар авторларына жобаны өңдеу, бюджет жасау және грант алуға қажетті құжаттарды дайындау үшін 3 апта беріледі.
Контенттік гранттарды қаржыландыру бойынша ақырғы шешімді келесі критерийлер негізінде конкурстық комиссия қабылдайтын болады:
- идеяның түпнұсқалығы,
- мультимедиалық құралдардың қолдануылуы,
- аудиторияны түсіну деңгейі және оларды тарту жоспары,
- алдыңғы тәжірибенің болуы және ақылға қонымды бюджет.
Барлық жобалар ашық лицензиямен жасалуы керек және мақсаттылығы жағдайында алмасу үшін қол жетімді болуы керек.
Қажет болған жағдайда біз қосымша ақпаратты сұратамыз. Өтініш, барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефоны арқылы немесе kz-info@internews.org электронды поштасына хабарласыңыз.
Берілген жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі. MediaCAMP Орталық Азиялық бағдарлама туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.