ДомойМедиасынЖуамыз ба, жумаймыз ба? 9-15 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Жуамыз ба, жумаймыз ба? 9-15 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Жуамыз ба, жумаймыз ба? 9-15 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Қыркүйектің екінші аптасындағы қорытынды бағдарламаларға қарасақ, соңғы күндердің ең басты сұрағы – жуа ма, жумай ма, деген сауал төңірегінде өрбігенге ұқсайды. Биліктің балаларды мектепте тазалық жасауға мәжбүрлемей, тазалық жасауды ұсыну бастамасына барлығы дерлік үн қосты. Жапонияны да мысалға келтірді. Әйтсе де аптаның ең өзекті тақырыбы – Қарағанды маңындағы үш жасар баланың өлімі. Бұл туралы сюжеттер көрсетті. Сюжеттерден барлық журналист бірдей «Кінәсіздік презумпциясынан» хабардар емесі байқалды. Сонымен «Жаңа репортер» дәстүрінен айнымай, КТК, «Хабар», «Еуразияның бірінші арнасы» және QAZAQSTAN телеарналарының апталық қорытынды бағдарламаларын көріп шықты.

«7 күн», «Хабар»
«Хабар» телеарнасының апталық қорытынды бағдарламасының бұл шығарылымы мақтауға лайық-ақ. Біріншіден, мұнда президенттер әдепкіден аз, екіншіден, шенеуніктерді емес, адамдарды мазалайтын тақырыптағы материалдар шықты. Бәрінен де бұрын авторлар сюжетінде тепе-теңдікті сақтауға тырысыпты. Сақтай біліпті.
Бағдарлама аптаның ең негізгі президент оқиғасы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарына арналыпты. Мұнда екі негізгі тақырып бар сияқты көрінеді. Екінші президент Аспанасты елінің басшысына тұңғыш президенттен сәлем жолдады. Мұны сюжетте екі рет қайталады. Ал соңында мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы Берік Уәли халықты тыныштыққа шақырды: Қытай жерімізге көз тікпейді, Қазақстан тұтастығын құрметтейді. Ал Қытаймен арада жасалған 10 келісім туралы жүргізуші Александр Трухачев «пазлды жинаңыздар, әрбір бес минут сайын Қытаймен арада жасалған келісімдер туралы айтамыз» деп ұтымды баяндады.

Шағын кәсіпті салықтан уақытша босату туралы материал да қызық әрі көруге лайық шығыпты. Автор қанша қаржы жоғалтатынымызды, қанша кіріс түсетінін, шығынымызды қалай жабатынымызды айтып берді. Салық амнистиясы осымен төртінші рет болса, салықтан босату алғаш болып жатыр. Қанша уақытқа ұзартылғанын айтпады. Қызығы сол, қашан бізде кәсіпкер кадрде отырып, калькулятормен бюджетін қалай жоспарлайтынын айтады екен.

Хабар бағдарламасы үшін күтпеген жаңалық: бюджеттің орындалуын қатты сынаған депутаттардың хабарландыруы болды.


«Большие новости», КТК
Қарағандыда үш жасар баланың өлімі елді дүр сілкінтті. Тележүргізушілердің айтуынша, Игинтай Сопыжанов кінәсін мойындаған. Бірақ, жүргізушілер оны алдымен «қылмыскер» деп атайды, өйткені жігіт бұған дейін де осы отбасының басқа мүшесі – анасының туысын өлтіргені үшін түрмеге отырып шыққан екен. Алайда сюжет авторы «Игентай баланы аяусыз өлтірді» деп айтып салады. Иә, күдікті кінәсін мойындады, бірақ ол сот үкіміне дейін «кісі өліміне күдікті», «айыпталушы» деп аталуы қажет. Сот басталған күнде де екінші қылмысқа қатысты солай аталуы шарт. Журналистер ҚР Конституциясында жазылған кінәсіздік презумпциясын ұмытыпты. Ал басқа жағынан сюжетте тепе-теңдік сақталған. Айыпталушы тараптың, дәлірегі жігіттің өгей шешесінің де пікірі бар. Ол журналистерге баланың анасы «бәріне кінәлі» дегенді айтады.

Несиені кешіру туралы сюжетте де тепе-теңдік бар. Қазақстан президенті лауазымына экс-үміткер Дания Еспаева: «несиені кешіру несие төлемін тұрақты төлеп отырғандарға қатысты әділетсіз қадам» деп атайды. Оның сөзінше, бұл қауіпті-ақ, өйткені несиесі кешірілгендер тағы да несие алып, «бұл несиемді де кешіреді», деп отырады екен.

«Аналитика», «Еуразияның бірінші арнасы»
«Еуразияның бірінші арнасы» да КТК телеарнасы сияқты, Қарағанды маңында болған бала өлімін көрсетті. Телеарна журналистері күдіктіні «кісі өлтіруші» деп нақты атамаса да («адам ұрлаушы» деп атағаны бар), қызық бір деталь байқалады: КТК телеарнасында баланың фотосы бұлыңғыр етіп көрсетілсе, «Аналитика» хабарында бала фотосы ашық көрсетілді.

Ешбір заң көз жұмған адамның фотосын жариялауға тыйым салмайды. Бұл этика мәселесі, бірақ даулы. Заңгерлер баланың көз жұмғанын, жарияланған фото оған еш зиян келтірмейтінін айтады.

Осы оқиғадан кейінгі педофилдер мен зорлықшылдарға жазаны қатаңдату туралы сюжетте барлық тірі кейіпкердің (сотталғандарынан басқасы) бет-жүзі бұлыңғыр етілген. Демек, көз жұмған баланың фотосы – бағдарламаның ұстанымы. Зорлық-зомбылықтың шын жәбірленушілер хикаясының қатарында қойылым (әйелді ұстап, сүйрететін) ретінде түсірілген сюжет мейлінше тосын көрінді.

«Аналитика» авторлары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарына кіріспені өте ұтымды беріпті. Журналистер Қытайда сотталған қазақстандық қызды еске алады. Ол наркотик контрабандасы үшін бес жылдан бері Қытай түрмесінде отыр. Айтпақшы, президент Қытайға сапарында осы тақырыпты та қозғаған екен.

Apta, QAZAQSTAN
Бағдарлама президенттің Қытайға сапарынан басталды. Кіріспесінде Тоқаевтың «Свет и тень» кітабынан (аудармасы күмәнді: «Нұр мен көлеңке» деп аударыпты, дұрысы «Жарық пен көлеңке») үзінділер келтіреді. Дәлірегі, оның Қытай мен Сингапурға жолсапар очеркінен үзінділер айтады. Мұның президент сапарына қандай қатысы барын дөп басып айту қиын. Десе де сюжет тыңғылықты. Тіпті Тоқаевтың Бейжіңде тағылымдамадан өткенін де айтады.

Әрмен қарай QAZAQSTAN арнасы барлық телеарналар апта бұрын айтып қойған тақырыпты көрсетті. Дәлірегі, Қазақстанда салынатын қытай зауыттары тақырыбын күн тәртібіне шығарды. Елші Қытаймен қатынасты тоқтату мүмкін емес, десе де бірінші орында мемлекет мүддесі тұратынын айтады. Қытай – технология мен бизнесте көшбасшы, онсыз болмайды, бірақ Қытай бізге өз ойындарын таңбайды, деді. Демек, елшінің айтуынша, Қытайдың Қазақстан аумағын басып алу қаупі жоқ.

Телеарнаның эксклюзив сюжеті – Қазақстанға гамма-пышақ әкелінгені. Нейрохирургтерге арналған бұл бірегей құралдың кереметі – көптеген ауруға ем. Жүргізуші осы жаңалықты өз сөзі тұрғысынан жеткізеді, «Мен анық білемін», «Құдай сақтасын» деп сөйлейді. Осылайша адамдарды ұдайы скринингтен өтіп тұруға шақырады.

Айта кетсек, қазақстандық телеарналардың қорытынды бағдарламаларына мониторингіміз тұрақты түрде жасалады. Келесі шолуымыз келер аптада шығады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР