ДомойМедиасынЕкінші президенттің бірінші жолдауы. 2-8 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Екінші президенттің бірінші жолдауы. 2-8 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Екінші президенттің бірінші жолдауы. 2-8 қыркүйек қорытынды ТВ-бағдарламаларына шолу

Барлық телеарнада осы аптаның басты ньюсмейкері президент Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Ол парламенттің жаңа сессиясы ашылуында өмірінде алғаш рет Қазақстан халқына жолдауын арнады. Журналистер сәтінде іліп әкеткен он шақты өзекті тақырыпты қозғады. Әрбір телеарна жолдауды әрқалай насихаттады. Кейбірі жолдауды «мақтап-мадақтаса», ендібірі өзекті тақырыптарға «жармасты». «Жаңа репортер» қазақстандық телеарналар, атап айтқанда КТК, «Хабар», «Еуразияның бірінші арнасы» және QAZAQSTAN телеарналарының апталық қорытынды ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларын көріп, шолып шықты.

«Большие новости», КТК
Бағдарлама авторлары жаңа маусымның аңдатпасында «жаңа айдарлар мен жаңа адамдар» келетінін уәде етіп еді. Расымен де жаңа маусым жаңаруларға толы екен.

«Большие новости» бағдарламасының басты жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның жолдауда айтқандарын өзектілігі тұрғысынан рет-ретімен баяндады. Мәселен, Тоқаев халық өз пікірін білдіруге құқы бар екенін айтқан сәтінде редакция осы аптада Қазақстандағы митингілер туралы үлкен материал жасады. Егжей-тегжейімен түсіндірді. Батыс халқы қарсы шыққан «55 қытайлық зауыт» тақырыбы қайдан басталғанын айта келе, биліктің рұқсат етілмеген митингілерге көзқарасына тұтас сюжет арнады. Ең маңызды сәт – осы аптадағы митингілер келісілмеген, рұқсат етілмеген, бірақ ешкім жиналғандарды қумады. Билік мұны «диалог» деп те атады. Биліктің митингілерге қарым-қатынасы қалай өзгергені туралы көлемді сюжет жасапты. Бір жағында Тоқаев пен  Алматы әкімі (Алматыдағы митингілерге арналған тағы бір орын болатынына уәде еткен) Сағынтаев, рұқсат етілмеген жиын жасайтындарға саусағын нұсқап доқ көрсеткенімен, бұл әрекетін жымиып жасаған ІІМ басшысы тұрды.

Тоқаевтың зорлық-зомбылық пен педофилияға қатысты жазаны қатаңдату ұсынысы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы сюжет жасауға түрткі болыпты. Бірнеше әсерлі хикаяны көрсетті, барлық әйелдің де баланың да бет-жүзі бұлыңғыр етілген. Әйтсе де сюжетте тепе-теңдік жетіспеді. Зорлаушылар пікір беруі неғайбіл, десе де сюжетте айтылғандай, олардың ешқайсысы әлі жазаға тартылмаған. Егер жәбірленушілер полицейлердің әрекет жасамайтына шағым айтса, онда полицейлердің осы тақырыптағы пікірлері қайда қалды?! Тіпті журналистер мұндай қылмыстар жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтты. Бәлкім, бұрын да көп болған, бірақ қазір арызданатындар көбейген шығар, деген сұрақ туындайды. Бұл туралы құқыққорғаушылар айтуы тиіс. Кем дегенде, сарапшыны шақырып, зорлық-зомбылық пен тиісуге қатысты жазаны қатаңдату жағдайды өзгерте ме, деген сұраққа жауабын білуі қажет-ақ еді. Басқа елдерде осындай статистика бар ма, соны да қосқанда то-лыққанды сюжетке айналатыны анық.
Бес жыл құлдықта ұсталып, оралған ер адам өзін құлдықта ұстаған фермаға полицейлер алып барғанын айтады. Ер адам өзін ұрлап әкеткен іске қатысы бар учаскелік полицейдің аты-жөнін, өзін құлдықта ұстағандардың да есімдерін атайды. Қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр. Бәлкім, сол себепті де полицейлер тарапынан ешбір комментарий болмаса керек. Әйткенмен де олардың әріптестері қылмысқа күдікті ретінде танылып жатыр.

«Большие новости» бағдарламасының жаңа маусымында «Больше деталей» және «Большой репост» атты жаңа айдарлары бар. Біріншісінде, материал авторы материалын студияда танытады. Юлия Яскевич зейнетақы өзгерістерін әңгімелейді (тағы да Тоқаев жолдауына орайлас). Жаңа айдар – «кіріспе – кадр сыртындағы мәтін – синхрон – тағы да кіріспе – және тағы солай солай» құрылымымен жасалған. Бұрын мұндай мәтіндерді жүргізушілер Рыблов пен Яломенко дыбыстаса, енді КТК әркім де жүргізуші бола алатынын көрсеткісі келетін сияқты.
«Большой репост» — бұл өткен маусымда әрбір қазақстандық ТВ қорытынды бағдарламаларында жасаған формат, мұнда әлеуметтік желілердегі жаңалықтарға шолу жасайды.

«7 күн», «Хабар»
«Хабар» телеарнасының бұл жолғы «7 күн» бағдарламасының шығарылымы тұтастай дерлік Тоқаев жолдауына арналыпты. Бірақ, Президент айтқан тақырыптарға жекелей нақты тоқталмапты. Бағдарлама құрылымы қарапайым: «жолдау және бизнес», «жолдау және әлеумет», «жолдау және саясат» сюжеттері.
«Саясат экономикаға жұмыс істеуі, ал экономика әлеуметтік салаға жұмыс істеуі міндетті. Осылайша қоғамның әл-ауқатының жақсаруы геометриялық прогрессиямен өседі. Қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды жаңғыртатын экономиканың тісті доңғалағын айналдыру үшін билік не істеуі міндетті екенін әріптесім Марат Тукатов айтып береді».

Мұны біреуге дауыстап айтып, сосын келесі сюжет не туралы болатынын сұраңыз. Анық жауап естуіңіз неғайбіл. Десе де Тоқаев жолдауына арналған әрбір материалдың кіріспе сөзі осылай түсініксіз басталып, осылай түсініксіз аяқталды.
Марат Тукатов сюжетін цифрлар: ЖІӨ, пайыздар және жылдардан бастады. Экрандағы корреспондент жанында осы цифрлар көрінді. Цифрларды қабылдау қиын тимесін десе керек-ті. Дегенмен қабылдауға ауыр болды. Мәтінде «приференциялар», «рейдерлік» және «конгломераттар» сияқты сөздер көп болғаны соншалық, тілшінің өзі де кейбір сөздерді әрең-әрең дыбыстады.


Хабар сюжеттерінің ұзақ хронометражын түсіндіру оңай: көбік мәтіндер тым көп. Жолдау мен әлеумет тақырыбына арналған келесі сюжет басталғаннан-ақ, тілшілер адамның бірінші және екінші ретті қажеттіліктері туралы кеңінен толғанады. Әйткенмен автор мұндай ойталғамдарға да қолданатын сөздерін жіті біліп кетпейді. «Ерекше орын берді» сынды сөз тіркестері бар. Жолдау туралы сюжетте жолдаудағы мәселелер айтылмайды. Сюжетте «тірі адамдар», мысалы оқулық сапасына алаңдаған ата-аналар шыға қалса, олар да өз сөздерінде президенттің айтқанына келісіп, «президент барлығын дұрыс айтты» дегеннен аспайды.

Тағы бір кішігірім ескерту: республикалық телеарнаның эфирі титрындағы қате сөздердің кездесуі тым тосын көрінеді.

Айтпақшы, «Хабар» сюжеттерінде екінші тарап жоқ. Әйтсе де көзге бірден ұратын сюжеттер де бар. Мәселен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы туралы сюжет. Президент қатысқан отырыс. Әлеуметтік желілерде бұл кеңес құрылғанынан-ақ сынға ілінді. Әйткенмен, материал авторы кеңес мүшелерін «өз ісінде басқалардан озық шыққан сарапшылар» деп атайды. Сюжетте қоғамның осы кеңеске мүше 44 адам азаматтық қоғамның өкілі екеніне күмән келтіретін бір де бір пікірі берілмейді. Керісінше, оларды суық ой, жалындаған жүрек иелері деп сипаттайды. Билік көрмей отырған мәселелерді билікке жеткізетін батырларға теңейді.

«7 күн» бағдарламасының бұл шығарылымы «Билік өз мүддесіне емес, халыққа қызмет етуі, қарапайым адамдардың үніне құлақ түруі міндетті. Президент осылай бұйрық етті» деген ойға саяды. Әйтсе де сюжетте билікке үні жетпеген қарапайым адамдарды ешбір сюжетте көрсетпеді.
Тәтті тоқбасар орнына «Хабар» телеарнасы Азия жазушылары форумы туралы сюжет ұсынды. Президент қатысқан форум. «Қазақ әдебиетіне сұраныс бар, форумға қатысқандар арасында Қазақстанды білетіндері көп, бірақ жазушыларын тани бермейді. Себеп – тілдік кедергі». Бір сөз екіншісінен қалай шығып жатқаны түсініксіз. Түсінікті болғаны, қазақ тілінен тәржімаланған шығармалар қажет, бірақ сол «қажеттіліктер» сол әдебиетке деген нағыз сұраныстың барын қалай көрсете алады?

Әдебиеттің оқырмандары бар. Жазушылар туралы сюжетте сол оқырмандардың болуы қисынға саяды. Олар кім, заманауи қазақ әдебиетін оқитын, білетін оқырмандар кім? Тіпті болмаса, өз жазғанын оқырман оқитын не оқымайтынын айтатын жазушы бар ма? Бірақ, бұлардың ешқайсысын да сюжеттен көрмейміз. Ең эмоционалды сәт – Олжас Сүлейменовтың «ақылға қонымсыз қайта құрудан» кейін Азиядағы мәдениет және ғылым деңгейі қалай төмендеп кеткені туралы күрсіне айтқаны болды.

«Еуразияның бірінші арнасы»
«Аналитика» мемлекеттік саясатты және елдегі жаңашылдықтарды түсіндіреді. Бірінші материал – Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сату туралы алып-қашпа әңгімеге сенуді доғаруға шақыруы. Бірақ, наразылық акциясына шыққан «арандатушылар мен күмән келтірушілерге» Қазақстанға 55 ескі қытай зауыты көшірілмейтінін, сондай көлемде бірлескен кәсіпорындар ашылатынын айтады. Мұндай 13 кәсіпорын әзірден жұмыс істеп жатыр. Онда қазақстандық мамандар қызмет етеді. Бірақ, сол кәсіпорындардың атауы бағдарламада аталмайды, басшыларымен де жұмысшыларымен сұқбат та жоқ.

«Аналитика» президент Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Редакцияның күш салып, әзірлеген көлемді материалы – су туралы сюжет. Мұнда Текелідегі лас судың Инстаграм аралап кеткен кадрлары да, сүйкімді марғауына беретін суды сүзгіден өткізетін қарағандылық қыздың сұхбаты да, редакцияның өз тәжірибесі: краннан аққан суды, сүзгіден өткен суды және бөтелкедегі суды тексеруге алып келеді. Нәтижесінде, су сапасы барлығында бірдей болып шығады. Содан автор: суын үнемі тексеретін Су арнасына ма, әлде бөтелкеге су құйып сататын, бірақ сирек тексеретін кәсіпкерге ме, кімге сену керегін әркім өзі шешуі қажет деген қорытындыға келеді. Материалда судың пәтерлерге тозған құбырлар арқылы жету кезінде бұзылатынын айтатын маман пікірі болғанымен де, бұл тақырып әрмен қарай өрбімеді.

Apta, QAZAQSTAN
Мұнда да авторлар Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауынан бастады. Бірақ, бар назарды «мемлекеттілікке қауіп жоқтығына» және президент мәлімдемесінде кездескен «сыртқы күштер, бесінші колоннаға» аударды.
Редакторлар президенттің зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту ұсынысына «жабысқандарымен», бұл тақырып түрмедегі және бостандықтағы зорлық-зомбылық сюжетіне айналып кетті. Эфир жүргізушісі қатаң дауыспен «Біз өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, қаза тапқан полицейлерге алғыс айтамыз, олардың өмірі үнемі қауіп-қатерге толы» деп салды. Расымен де солай шығар, бірақ олардың айлығы олар қорғауға тиіс адамдардың салығынан құралып отырған жоқ па? Сөйте тұра, сюжеттегі тепе-теңдік бір жағына ойысып кетеді. Негізгі тақырыбы – полицейлер жаман, ойына келгенін істейді. Екінші тарап жоқ. Күтпеген түйін: демек, олардың айлық жалақысын көтеру қажет.


Мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту туралы сюжет те мейлінше шым-шытырақ әрі құрылымы жоқ боп шықты. Автор барлығын бірден айтуға тырысса керек, нәтижесінде ой шашырап, сюжет шықпады.
Бағдарлама Назарбаев пен Путин кездесуі, Жазушылар форумы және ҰҚСК туралы сюжеттермен аяқталды. Жазушылар форумы туралы сюжетте іс-шараның бюджеті – 281 млн теңге шығындалуына қатысты сұрақтар туындағаны айтылмады (мұның бәрі де Аружан Саин келесі бір форумды тым қымбат болғаны үшін, онда да 281 млн теңгеге жетпейді, өткізбей тастағаны туралы ақпаратпен қатарлас болып жатты). Керісінше, автор, жазушылардың өте ұлы адамдар екенін, олар қазір дұрыс бағаланбайтынын дәлелдеуге тырысып бақты.
Бұл бағдарламалардың жалпы леймотиві мынадай: иә, президент мәселелерді айтты, бірақ біздің бағдарлама сол мәселелерді үнемі айтып келеді.
Еске салсақ, қазақстандық телеарналарадың апталық қорытынды ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларына мониторингіміз – апта сайын шығады. Келесі шолуымызды келесі дүйсенбіде жариялаймыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР