«Қазақстаның медиа желісі / KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті құрамына енуге арналған он күндік дауыс беруді қорытындылады. Қазақстанда тұңғыш рет құрылған ұйым медианың кәсіби диалог алаңына айналуы тиіс. Мұндай институт әлемнің көптеген елінде бар.
Комитет міндеті — кәсіби көзқарас, медиа саласындағы этикаға қатысты кейстерді талдау. Әлемдік тәжірибеде өзін-өзі реттеу редакция еркіндігін сақтауға көмектесіп, қатаң заңнамалық реттеу қажеттілігін азайтады.
Дауыс беру 13-шілдеде басталып, 22-шілде, сағат 24.00-де аяқталды. Дауыс беруге барлығы 17 кандидат ұсынылды. Оларға 254 адам дауыс берді. Қоғамдық комитет құрамына 9 адам кірді.
Ашық дауыс беру нәтижесінде басым дауысты «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары Жұлдыз Әбділдә, «Новое телевидение» телеарнасы мен «Жаңа FМ» радиосының бас редакторы Руслан Никонович, медиапродюсер және тренер Ержан Сүлейменов, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» қазақ мәдени орталығының қоғаммен байланыс бөлімі басшысы Мейрамхан Жапек, SDU аға оқытушысы, медиа зерттеуші Оразай Қыдырбаев, «Время» газетінің күнделікті шығарылымы редакторының орынбасары Руслан Бахтигареев, «Құқықтық медиа-орталық» директоры Диана Окремова, авторлық құқық жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов, ақпараттық дауларды шешуде тәжірибесі бар отставкадағы судья Бағлан Мақұлбеков жинады.
Дауыс берудің нәтижесі 2021 жылығ 23-шілдеде ZOOM-дағы онлайн-конференцияда жарияланды. Бұған қазақстандық журналистер, редакторлар, журналистика факультетінің оқытушылары, медиасыншылар, медиамамандар қатысты.
«Осы құрамды құттықтаймыз! Жуырда ZOOM-да жалпы кездесу өткізіп, алдағы жұмысты талқылаймыз. mediaprinciples.kz сайтында қоғамдық комитет мүшелерінің Этикаға қатысты істерден бөлек, көпшілікті медианың негізгі принциптері туралы хабардар етуді жалғастырамыз. Университеттерге этикалық нормалардың негізін білетін жас мамандар мен журналистерді даярлауға көмектесеміз», — деді Kazmedianetwork ұйымының атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаева.
Конференцияға қатысушылар пандемия кезінде балалар мен жасөспірімдер арасында мультимедиа құралдарына қызығушылық артқанын атап өтті. Жұмыс істейтін журналистерге ғана емес, болашақ мамандығын таңдап жүргендерге де назар аудару керек екені жөнінде ұсыныс айтылды.
Жазушы, журналист, «Дружные ребята» балалар газетінің редакторы Ольга Гумирова «балалар медиасауаттылықты мектеп қабырғасынан бастап меңгеруі керек« деді.
— «Дружные ребята» редакциясынан журналистиканың мықты жұлдыздары шықты. Бізде, 9-10 сынып оқитын балалар қаламақы алды. 90-жылдары бұл да отбасына жақсы көмек еді. Қазір бұған шамамыз жете бермейді, бірақ әлі де талантты балалармен жұмыс істеп жүрміз. Олар журналист болу жоспары бар екенін айтып, хат жазады. Ерте қадам жасайды және қадамдары сәтті болады», — дейді Ольга Гумирова.
«Мұның барлығы да маңызды мәселелер. Медиасыншы тәжірибеме сүйене отырып айтарым, медиаэтиканы дәріптеу қажет екенін түсінемін және сіздерді әрдайым қолдаймын», — деді медиатренер Риза Исаева.
Дауыс беру нәтижесі мынадай болды:
ҮЕҰ бюллетеньдері бойынша
Диана Окремова — 132 дауыс
Темірлан Төлегенов — 76 дауыс
Бағлан Мақұлбеков — 32 дауыс
Ольга Чебакова — 14 дауыс
(Барлығы 254 дауыс)
«Медиа» бюллетеньдері бойынша
Жұлдыз Әбділда — 42 дауыс
Руслан Никонович — 38 дауыс
Ержан Сүлейменов — 29 дауыс
Мейрамхан Жапек — 26 дауыс
Оразай Қыдырбаев — 23 дауыс
Руслан Бахтигареев — 22 дауыс
Ербол Азанбек — 19 дауыс
Әбдіхалық Олжас — 15 дауыс
Канат Сахария — 15 дауыс
Ирина Тетерина — 11 дауыс
Светлана Офицерова — 7 дауыс
Азамат Ахметов — 4 дауыс
Риза Исаев — 3 дауыс
(Барлығы 254 дауыс)
Оларға Семей, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Көкшетау, Орал, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары дауыс берді.
Дауыс берген 254 адам кім?
- Қазақстандағы 98 медиадан 153 журналист пен редактор
- 27 фрилансер
- уақытша жұмыс істемейтін 11 әріптес
- 2 SMM маманы
- медиа саласындағы қоғамдық ұйымдардың 11 өкілі
- мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінен 13 өкіл, 1 әскери, 1 мұғалім, 1 балабақша тәрбиешісі, лауазымын анық жазбаған 1 мемлекеттік қызметкер.
- 13 медиасарапшы, медиатренер және коммуникация маманы
- журналистика кафедрасының 14 студенті
- елдегі 7 университеттің 10 өкілі
Барлығы 254 дауыс