ДомойМедиа үніKazMediaNetwork бірлестігі Шымкенттегі журналистерді медиаэтика тренингіне шақырады

KazMediaNetwork бірлестігі Шымкенттегі журналистерді медиаэтика тренингіне шақырады

KazMediaNetwork бірлестігі Шымкенттегі журналистерді медиаэтика тренингіне шақырады

«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Шымкентте медиаэтика тақырыбына арналған офлайн-тренинг өткізеді. 

Құрметті журналистер, журналистика факультеті студенттері, Шымкент қаласындағы баспасөз қызметі саласында жұмыс істейтін мамандар!

«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Сізді 6 наурыз, жексенбі күні, сағат 11.00-де өтетін офлайн-тренингке шақырады. 

Тренинг тақырыбы: Медиаэтика: негіздері, журналист қауіпсіздігі және жанжалға сезімтал тақырыптар.

Тренинг жүргізушісі – Бақтыгүл Бурбаева. Ол жанжалға сезімтал коммуникация және медиа сауат бойынша медиатренер, KazMediaNetwork қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.

Тренинг кезінде:

—  кез келген БАҚ қызметкері (жаңадан бастаушы да, тәжірибелі маман да) тап болатын этикалық мәселелерді нақты мысалдар аясында талдаймыз;

— тығырықтан шығу жолдарын анықтаймыз — және жалпы сондай жол бар ма; 

— «Хайп үшін күрес» — кәсіби қауымдастықтағы медиаэтиканы сақтау мәселелерін талқылаймыз;

— Медианың негізгі принциптері дегеніміз не және ол неліктен маңызды екенін, сондай-ақ Қазақстандағы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамық комитеті қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз.

Өтетін орын: City Hotel Shymkent қонақүйінің конференц-залы, Шымкент қаласы, Республика даңғылы 4.

Тіркелу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 

8-707-7000-439 Ольга Настюкова, жоба жетекшісі 
8-777-213-13-67 Бақтыгүл Бурбаева, медиатренер 

***

Бұл тренинг Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. 

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР