Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль міндеттері:

Студенттер:

  • БАҚ-тың тұрақтылық индикаторымен танысады;
  • Қазақстанда медиабизнес ашуға қанша қаржы керек екенін біледі;
  • Медиа тұтынудағы өзгерістерге көз жеткізеді;
  • Вайнерлер мен блогерлердің Қазақстан медиабизнесіндегі үлес салмағын анықтап, мүмкіндіктерін таразылай алады.

2-ҚАДАМ. Қазақстандық медиа саласының профилі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жыл, 6 сәуірде берген мәліметінше, елімізде 3381 БАҚ тіркелген.

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/1?lang=kk

Қазақстандық БАҚ-тың 75 %-ы жеке бизнеске тиесілі. Мемлекеттік тапсырыспен қаржыландырылатын БАҚ мемлекет ұсынған тақырыптарды, мәселелерді көтереді. Арнайы тапсырманың құрылымы, мониторинг мәліметі мен оны орындаушылар туралы есеп құпия сақталады. Мұны жергілікті және шетелдік сарапшылар мен медиа-ғылыми практикалық бірлестіктер растап отыр (Есеп, 2019. 72-74 бет).

Тәжірибелік тапсырма (15 минут):

Интернеттен Қазақстандық кез-келген БАҚ-тың сайтын тауып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл БАҚ-тың иесі кім?
  • Ол қашан құрылған?
  • Бұл медианың мақсатты аудиториясы қандай?
  • Мұны қолданушылар көп пе?
  • Оны кім қаржыландырады?

1 модульде қарастырған медиасауаттың басты ережелерінің бірі:

Медиа ең әуелі табыс табуды көздеген өндіріс ошағы.

БАҚ-тың қаржылық қуаты – өркениетті қоғамда жұмыс істеуі тиіс БАҚ-тың үлгісін көрсететін негізгі көрсеткіш, себебі шынайы әрі бейтарап ақпаратты тұтынушы қаржыландыратын және жарнама қаржысына жұмыс істейтін БАҚ қана бере алады. Демократиялық қоғамда редакция саясатының тәуелсіздігі жарнаманың жемісті қызметіне байланысты.

Қазақстанның медиа тұрақтылық индексі, 2020:

Индекс устойчивости СМИ Казахстана

Елімізде өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған медиа ұйымдар бар. Олар жазылым, таралым, жарнама, сондай-ақ арнайы жобалар мен мемлекеттік тапсырыстар арқылы табыс көздерін мейлінше әртараптандырып отыр. Арасында краудфандинг әдісін ұтымды пайдаланғандары да бар. (HOLA NEWS Kazakhstan Атырау су қоймаларындағы балықтардың жаппай қырылу себебін зерттеу үшін осы әдісті пайдаланған).

Жоғарыда келтірілген кестеде Қазақстанның биылғы медиа бизнесті басқару деңгейі басқа салалармен салыстырғанда төмен орынға ие (яғни мұнда мүмкін болған 4 ұпайдан 1,21 ұпай ғана). Мұндай зерттеу жыл сайын IREX (Халықаралық зерттеу және ғылыми алмасу жөніндегі Кеңес, жаһандық білім және дамуға мамандырылған халықаралық үкіметтік емес ұйым), жергілікті сарапшы, журналист, медиабизнес өкілдерінің көмегімен өтетін ғылыми тәжірибе алмасу және халықаралық зерттеу кеңесімен өткізіледі. IREX тәуелсіз БАҚ-тың құқықтық контекстін, журналистердің кәсіби дайындығын, медиаменеджмент ахуалын, бизнес даму, жарнама қызметі және кәсіби деңгейін зерттей отырып қолдау білдіреді.

IREX-тің Тұрақтылық индекс әдісі бойынша БАҚ редакция тәуелсіздігін қамтамасыз ете алу үшін келесі индикаторлар тұрақты болуы тиіс:

  • БАҚ нәтижелі жұмыс істеп әрі өз шығынын өзі өтей алады;
  • БАҚ-тың табыс көздері көп;
  • Жарнама агенттіктері өзара жарнама нарығын қолдайды;
  • БАҚ-тың жалпы табысындағы жарнамадан түсетін үлес тиісті стандартқа сай;
  • Үкімет субсидиясы мен жарнама әділ, заң бойынша бөлінеді және бұдан редакция тәуелсіздігіне келер зиян жоқ және нарық деформацияланбайды;
  • Маркетингтік зерттеу стратегиялық жоспарлауға негізделіп, жарнамадан түскен қаржыны арттыруға көмектеседі, сонымен қатар аудиторияның қызығушылығы мен қажеттілігін толықтай қанағаттандыра алады;
  • Қолданушылар рейтингі, таралым, статистика тәуелсіз есептеу компаниялары жүргізген жұмыспен, олар берген сенімді ақпаратпен өлшенеді.

Тұрақтылық индексінің соңғы 2019 жылғы зерттеулерінің шешіміне сәйкес, Қазақстандағы медиабизнес макроэкономиканың кері әсерінен зиян шегіп отыр. Сондай факторлардың біріне ұлттық валютаның АҚШ доллары мен Ресей рубліне қатынасының төмендеуі мысал. Бәрінен бұрын бұл дәстүрлі медиа: газет пен журналға көлеңкесін түсіруде. Себебі Ресей газет қағазының негізгі тасымалдаушысы.

Медиакомпания басқармалары сапасы жағынан экономиканың өзге секторындағы жетекші компаниялардан қалыс қалуда. Белгілі медиаменеджер М. Дорофеевтың сөзінше «Бас редактор мен бүкіл редакция ұжымын қаржыға байланысты сауалдар толғандырмайды». Олардың тіпті бизнес жоспарлау, маркетинг жайында базалық білімі жоқ.

Қазақстанда SWOT анализ сияқты бизнесті бағалаудың қарапайым әдісін игерген медиаменеджерлер жоқтың қасы. 2018 жылдың қарашасында Internews өткізген топ менеджерлерге арналған бірінші аймақтық медиабизнес мектебі кезінде осы мәселе көтерілді.

Көптеген аймақтық компаниялардың нақты бизнес жоспары жоқ. Мұндай БАҚ-тың есепшілер бөлімі қаржылық процессті автоматтандыра алатын жаңа технологияларды пайдаланбайды. Редактор мен шығарушы көбіне бір істің басында жүреді.

Медиаменеджердің негізгі біліктілігіне – билік құрылымдарымен байланысының болуы жатады. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін ақпараттық қызметтерден қосымша табыс көздері пайда болады. Мемлекеттік ведомства сот талаптарынан босатып, ақпараттарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындайда кәсіби білімнен гөрі саяси ықпалдылық жоғары бағаланады.

Бүгінгі медиаиндустрия келесі мәселелерге тап болып отыр:

  • Қазақстандағы есеп комитетінің пікіріне сүйенсек, көбіне мемлекеттік қаржы мақсатты бағытта және тиімді жұмсалмайды;
  • Мемлекет қолға алған БАҚ-тағы бәсекеге қабілеттілікті көтеру мәселесі жүзеге аспай жатыр;
  • Жарнама заңнамалық және институттық деңгейде шектелген;
  • 100 % мемлекет есебінен қаржыландырылған БАҚ жарнама нарығында жеке БАҚ-пен бәсекеге түседі;
  • Қазақстанда телевизиялық аудиторияны сараптауға бір ғана өлшеу құралы қолданылады, ал баспа БАҚ-тың рейтингі тіпті есептелмейді;

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік сатып алу тапсырысы қалай жіктелетінін құпия санатқа қосып, мәліметттерді беруден бас тартып отыр.

Медиаиндустрияның дамуына кедергі болып отырған инфраструктуралық жобалардың қаржыландырылмауы. (Мәселен жердегі цифрлы радиостанцияға көшу мен баспасөздің бөлшекті дистрибуция құрылымына мемлекет тарапынан жасалып отырған мықты бәсеке мен медиа ресурстардың концентрациясы; медиабизнеске инвестиция құюды заң тұрғысынан шектеу, экономикалық себептердің әсерінен өз қызметінде қиындыққа душар болған БАҚ-қа қолдаудың жоқтығы, медиаиндустрияда нақты есептеу мен зерттеулердің болмауы.

Осының салдарынан қазақстандық БАҚ бизнес жоба емес, ықпал ету құралына айналып отыр.

Бұл жағдайлар медиасауаттың болашағына қалай әсер етпек?

Тапсырыс берушілер (немесе медиа тұтынушылар) таралып жатқан ақпараттың шынайлылығын, таным-түсігіне сай анықтайды.

«Мемлекеттік БАҚ материалдарының объективтілік көрсеткіші өте төмен. Мәселен, ҚР бұрынғы президенті А.Атамбаевтың Қазақстанның көрші елдегі сайлауға араласқанын айыптағаны туралы Қазақстандық БАҚ таратқан ақпарат мардымсыз болды. Ақпараттық соғыстың ауқымдылығы мен шынайы шекарасын Facebook-тегі пікірлер арқылы ғана шамалауға болатын еді» , – дейді журналист Әсел Жаңабаева.

Тәжірибелік жұмыс (15 минут): 4-5 адамнан топқа бөлініп, сүйікті медиаңыздың постерін бейнелеңіз. Olshem.kz рейтинг мәліметтерін пайдалана отырып, бұл медианың жалпы сипатын суреттеп беріңіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР