Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 12. Медиаконтентті этикалық тұрғыдан сараптау. Жаңалықтардың нақтылығы мен шынайылығын бағалау Е....

Модуль 12. Медиаконтентті этикалық тұрғыдан сараптау. Жаңалықтардың нақтылығы мен шынайылығын бағалау Е. Кәпқызы

Модуль 12. Медиаконтентті этикалық тұрғыдан сараптау. Жаңалықтардың нақтылығы мен шынайылығын бағалау Е. Кәпқызы

Модуль міндеттері

Студенттер:

  • Медиаконтенттің этикалық анализ қағидаларынан хабардар болады;
  • Сапалы журналистикада нақтылық пен шынайлылық қалай бағаланатынын біледі;
  • Қазақстандық БАҚ-тың нақтылығы мен шынайлылығын бағалап, тәжірибелік жұмыс жасайды.

Пікірталас (10 минут):

  • Жаңа медиада этика мәселесі қаншалықты маңызды?
  • Сапалы журналистика қандай болу керек?
  • Жалған ақпараттардың медиаконтент сапасына ықпалы қандай?

1-ҚАДАМ. Медиаконтенттің этикалық анализі (30 минут)

Коммуникациялық технологиялардың дамуы Интернетті пайдалана алатын кез келген адам ақпаратты өндіруге/ақпараттың дереккөзіне және ақпаратты таратушыға айнала алады,

яғни медианы жасау әрі таратуға қолында компьютері немесе смартфоны бар кез келген адамның мүмкіндігі бар.

Азаматтық журналистика белсенді түрде дамып келеді, оған блогосфера және коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ видео, фото және мәтіндерді өңдеу мен таратуды оңайлатып жіберген әртүрлі қосымшалар ықпал етуде.

  • Нәтижесінде қазіргі заманғы ақпараттық процесс қолжетімді болып, екінші жағынан басқарылуы күрделі іс болып көрінеді. Мұнымен қоса әлеуметтік желі мен интернет БАҚ арасындағы ақпаратты тарату және аудиторияны тарту үшін тартыс медиа контенттің сапасын әлсіретіп, этикалық нормалардың бұзылуына алып келді.
  • Сондай амалдардың бірі Кликбейт (clickbait) – бұл аудиторияның назарын аудару мақсатында бұрмаланған, айғайлаған тақырыптармен шақыру. Ол жұрттың көңілін бұру, белгілі бір аудиторияның белгілі бір мәтінге әуестігін ояту, сөйтіп сайтты қараушылардың санын арттыру немесе жарнама арқылы қаржы табу. Бұндай тақырыптарда сілтеу есімдіктері, эпитеттер, теңеулер, әдейі бұрмаланған цифрлар қолданылады. Мәселен, Zakon.kz басылымы ҚР үкіметінде жаңа тағайындау болғанын «Қазақстан аруы 1999» қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды» деген мақаласында хабарлады, әңгіме бұл жерде Жұлдыз Омарова жайында болған. Кезінде ол осы байқаудың қатысушысы болған (2). Мақала тақырыбы дәйексіз, осы арқылы контентке назар аудару көзделген. «Қазақстан аруы 1999» атағына Әсел Исабаева ие болғаны мәлім. Кликбейттің белгілі типіне жататын мысалдар қараңыз.

Мұндай жағдай кәсіби әрі азаматтық журналистердің медиасауат деңгейін көтеру керектігін көрсетеді, осы арқылы сапасыз ақпаратпен, дезинформациямен күресіп, этика талаптарын орындауға болады.

Үлкен мәселенің бірі – плагиат. Жаңа ақпараттық технологиялар авторлық құқық мәселесін асқындырып жіберді.

Электрондық ресурстардың қолжетімдігі оны көшіруге, өңдеуге мүмкіндік берді, бұл матариалдарды пайдалануының нақты әрі қатаң тәртіптері болмағандықтан зияткерлік меншік құқығының бұзылуына әкеліп соқты. Кейбір электронды ресурстар мен журналистер бөтен контентті пайдалану арқылы сапалы журналистикаға зиян келтіреді.

2012 жылдың 30 қазанында Журналистер одағы мен Бас редакторлар клубының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы журналистер этикасының Кодексі қабылданған болатын, бұл құжатта «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерінің және журналисттің кәсіби қызмет нормалары және де моральдық-этикалық принциптері белгіленген. Бұл Кодекс журналистерге «өзіндік тәртіптің тетігі және моральды-этникалық бағдар» болуы тиіс және қоғамды тексерілмеген, шындыққа жанаспайтын, әділдігі жоқ ақпараттан қорғап отыруы қажет. Алайда іс жүзінде журналисттердің көбі, әсіресе жас мамандар бұл талаптың барын да білмейді. Оның үстіне бұл құжатты журналистерден бұрын жоғарғы жақ ұсынған болатын.

Тәжірибелік жұмыс: Медиаконтенттің этикалық анализі (20 минут)

Медиаконтенттің этикалық бағасында ескерілуі тиіс:

  1. Деректің растығы. Материал түрлі пікірден құралуы тиіс, тек тексерілген дерекке негізделуі керек.
  2. Ақпараттың толықтығы. Контент жан-жақты болу үшін түрлі дереккөзден алынып, оның сілтемесі болуы тиіс. Ақпараттың толыққанды болуына іздестіру сауалының дұрыс болғаны әсер етеді. Егер материалда дерек дұрыс көрсетілмесе, онда бұл материал әділ берілген ақпараттар қатарына жатпайды.
  3. Ақпараттың түпнұсқалығы. Медиаконтентте автор енгізген құндылық болуы тиіс, яғни белгілі тарихи дерек жаңа детальдармен толығуы тиіс. Қайта көшіріп салу болмайды.
  4. Ақпараттың дәлділігі және негізділігі. Келтірілген деректің, цифрдың, статистикалық мәліметтің, сілтемелердің дәлдігін тексеру қажет. Материал салмақты дәлелдермен күшейтілуі тиіс.
  5. Ақпараттың әділдігі. Материал жан-жақты көрсетілуі керек, түрлі ракурстан алынып, қарсы жақтың пікірі мен уәждері болуы тиіс.

Медианың ізгілігі. Әлеуметтік процесс дамуына үлес қосу, агрессияға қарсы тұру позициясынан қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуына септігін тигізу.

Медианың ізгілігі: әлеуметтік даму процессіне үлес қосу, қоғамдық қарым-қатынасты тұлғаға қарсы бағытталған, бүлдіретін агрессияға қарсы тұру тұрғысынан құру.

Тренер қатысушыларға балаларға әлімжеттік көрсеткен қазақстандық бірнеше мысалды ұсынады.

1) Тәрбиеші балабақшада өз баласын ренжіткен баланы жазалады.

Ақсу қаласындағы балабақшадағы бейнебақылау камерасынан алынған бейнекөріністе тәрбиеші өз баласын ренжіткен 3 жасар баланы жазалап жатыр. Бұл көрініс тәрбиешінің әрекетіне наразылық тудырады, себебі ол өз кәсіби міндеті бойынша әр балаға төзімділік танытып, әділ болуы тиіс еді. Бұл жерде әлімжеттік фактысы нақты көрініп тұр, оны тәрбиешінің өзі де мойындайды. Этикалық тұрғыдан алғанда бұл бейнекөріністі медиа арқылы таратқаны орынды. Себебі осы арқылы болашақта мұндай оқиғаның алдын алуға болады.

2) Теміртау балабақшасындағы садизм! Тәрбиеші баланы тұншықтырып жатыр. Жеке зерттеу. Tanibergen.

Балабақшалардағы әлімжеттік тақырыбын қоғам қайреткері Тәңірберген Бердоңғаров YouTube-тағы Tanirbergen каналында жалғастырды. Тәңірберген бұл мәселені жан-жақты қарады, зардап шеккен қыздың анасы мен әжесі, осы балабақшаға баратын басқа баланың анасымен кездесіп, аудандық білім басқармасы, құқыққорғау органдары өкілдерімен тілдесіп, балабақша директорымен тілдесуге тырысқан. Ол бұл мәселенің шығу себебіне іздеді, сөйтіп тәрбиешінің, балабақша жетекшілерінің жауапкершілігі туралы мәселе көтеріп, мемлекет тарапынан мектепке дейінгі мекемелерді бақылау керектігі туралы айтты. Бұл ролик балаларға әлімжеттік көрсету оқиғаларының көбейіп кеткенін және бұл мәселенің құқықтық және этикалық аспектісін көрсетеді.

2017 жылдың 28 желтоқсан күнгі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, БАҚ-та түрлі қылмыстан зардап шеккен балалардың бейнесін көрсетуге болмайды, тек зардап шеккен бала ата-анасының келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Екінші жағынан мұндай видео болмаса, қоғамдық резонанс болмас еді және ресми органдардың мұндай реакциясы да болмас еді.

Түйін:

Қоғамның ақпарат құралдарына деген сенімі күн өткен сайын құлдырай түсуде. Бұның басты себебі желі арқылы тарайтын жалған ақпараттардың сүзгіден өтпей, ақпарат құралдарына жариялануы. Сол себепті де сапалы, кәсіби этикалық стандарттарға сай журналистика мәселесі өзекті бола түсуде. Осыған орай этикалық критерий журналистің кәсіби қызметін реттегіш тетігіне айналмақ. Журналистиканың этикалық аспектісіне аудиторияға деген құрмет, әлеуметтік жауапкершілік, лингвоэкология (тілдік қолданыс этикасы) жатады.

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР