1-ҚАДАМ. Стереотиптер қалай жасалады және олар сіздің санаңызды қалай қалыптастырады? (20 минут)
Жаттығу «Әңгіме кім туралы екенін тап?»
- Адамдардың стереотиптеры арқылы ұлтын анықтаңыз.
- «Менің үйім – менің қорғаным», шай құмар, сыпайы, консервативті, ауыл табиғатына ғашық
- Отанға деген махаббат, қонақжай, достыққа адал, қиыннан қиыстырғыш, «барымен базар»
- Элегантты, галантты, тартымды, қарапайым, махаббат басты орында
Жауаптары:
- Неміс
- Ағылшын
- Француз
Талқылау:
- Дұрыс жауапты табуға не көмектесті?
- Стереотиптар туралы не білесіз?
- Қоғамда белгілі бір стереотиптердің мысалдарын келтіріңіз: жыныстық, нәсілдік, этникалық, діни сипаттағы.
Бұқаралық-медиа стереотиптердің беки түсуіне зор үлес қосып келеді.
Мәселен, жарнама роликтерінде әйел көбінде үй шаруасындағы адам немесе әдемі сексуалды объект ретінде, ал еркек күшті, ақылды, өзінеөзі сенімді жан ретінде сипатталады. Нәтижесінде гендерлік немесе жыныстық стереотиптер қалыптасады.
Әйелді отанасы, ана, үй шаруасындағы әйел ретінде сипаттау стереотипі оның жақындарына не қажет екенін сезінетін жан ретінде, немесе ауырған сәтте қандай дәрі қолдану қажеттігін айқындай алатын адам ретінде көрсеткен кезде тереңдей түседі. Мәселен, Бронхикум немесе Мезим дәрілерінің жарнамасын еске түсіріп көрелік. Өзге де әйелдің үй шаруасындағы рөлін сипаттайтын жарнама роликтерін еске түсірелік. Ондай стереотип Қазақстан қоғамында да өте күшті қалыптасқан. Әсіресе, «келінге» қатысты, ол күйеуінің, балаларының қас-қабағын бағып, үй шаруашылығымен айналысуы керек, оның өз өмірі немесе қызметі бар ма, жоқ па, ол маңызды емес. Бұл туралы иронияға толы «Келинка Сабина» комедиясында баяндалады. Ал сіз бұл стереотиптер туралы не ойлайсыз?
Жаттығу:
«Внешность обманчива» (2 мин. 28 сек.) видеосын тамашалаңыздар.
Талқылау: Оның атын атамау керек. Видеоны 59 секундында тоқтатып:
- «Не көріп отырсыздар?
- «Не көріп отырсыздар?
- Сіздіңше, сақалды адам кім?
- Анау әйел неге алаңдайды?
- Әрі қарай не болады?»
Жауаптарды тыңдағаннан кейін, ешқандай комментарийсіз видеоны соңына дейін көріп шығыңыздар.
Сосын видеоны талқылауды жалғастырыңыздар. Қатысушылардан:
- бұл видео не жайында?
- видеодағы «кейіпкерлер» жайында не ойладыңыз?
- видеоның негізіне стереотиптің қандай түрі арқау болған?
- Сіздердің түсініктеріңізше, стереотиптер қабылдауға қаншалықты әсер етеді?
Байқағаныңыздай, медиа стереотиптерді тереңдетіп қана қоймайды, сонымен қатар, медианы жасаушылар тамыры тереңдеп кеткен қате түсініктерді де өзгертуге күш салады. Оның жарқын мысалын жоғарыдағы видеодан көріп отырмыз. Сондай-ақ, адамдар қалыптасып қалған стереотиптерді белгілі бір ұлтқа немесе адамдар тобына қатысты қолдануға немесе таратуға өздері қатыса алады. Алайда, жекелеген жайттарды бір халыққа немесе адамдар тобына теңеуге болмайды. Айталық, мына видео роликте керісінше эффект болған, күткен стереотип жүзеге аспай қалған.
Америкалық публицист Уолтер Липпман «стереотип» терминін енгізді және бұл түсінікке анықтама берді.
Оның айтуынша, «стереотип – қоршаған ортаны тану барысында ақпаратты түсіндіруде бұған дейінгі әлеуметтік тәжірибеге негізделген қабылдаудың, фильтрацияның, тарихи қалыптасқан үлгісі».
Cтереотип өмірдің әртүрлі ситуациясында кездесетін жағдаяттарды ескере бермейді; стереотиптер жалған түсініктерге себеп болады.
2-ҚАДАМ. «Өзіміз» және «өзгелер» түсінігін категориялау және конструкциялау (20 минут).
Жаттығу (Осло, (Норвегия) университеті педагогика және халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Гюнн Бьернсен жасаған).
Мақсаты: Стереотиптер мен қате түсініктерге байланысты көпшілік/ азшылық мәселесін ұғыну, дискриминация, бөгделік (‘othering’) және басқаларының пайда болу жолдары, «өзіміз» және «өзгелер» түсінігін категориялау мен конструкциялау процесін тәжірибеден өткізу.
Әрбір қатысушының маңдайына жабыстырма саптыаяқты жапсырыңыз. Саптыаяқ 5 түрлі түспен болуы керек. Бұл жаттығуға қатысушылардың саны: 15-тен 30-ға дейін.
- Қатысушылар бір шеңбер құрады. Ұйымдастырушы шеңбердің ішінде тұруы керек және қатысушылардан көзін жұмуды сұрайды. Ұйымдастырушы «көзіңізді ашыңыз» дегенше, ешкім көзін ашпауы тиіс.
- Қатысушылар көзін жұмып тұрған кезде, олардың маңдайына жабыстырма саптыаяқ жапсырылады. Олардың түсі әртүрлі болуы тиіс. Ал 4-6 қатысушыға бір түсті стикер бұйырады. Тек екі қатысушы ғана ешкімде жоқ, өзгеше түстісіне ие болады. Бір ғана түсті стикерге ие болған қатысушылар ары қарай өз күшіне ғана сенуі тиіс екенін түсінуі керек.
- Қатысушылар көзін ашқаннан кейін стикерлерінің түсі бойынша топтарға бөлінеді.
- Көздерін ашқаннан кейін, қатысушылар өз түстеріне сай топтарды жасақтайды, ал әртүрлі екі түске ие болған екі қатысушы әдетте топтан тыс қалады немесе өз тобын жасақтайды.