Модуль 14.2. Медиа және стереотиптер. Өшпенділік тілі

Модуль 14.2. Медиа және стереотиптер. Өшпенділік тілі

Ұйымдастырушы қатысушылардың топқа бөліну процесін бақылайды.
Бұл бақылау келесі пікірталасқа қажет болады.

  • Әлдекім басшылық рөлді өз мойнына алып, басқаларды бағыттай
    ала ма?
  • Қатысушылар өзара тіл табыса ала ма? [жаттығуды ұйымдастырушы
    бұл туралы ескертпесе де, қатысушылардың басым көпшілігі оларға
    өзара сөйлесуге болмайды деп ойлайды].
  • Ал өзге екі түске ие болған екі қатысушы ше?
  • Олар өзге топтарға қосылуға әрекет ете ме?
  • Өзгелер тарапынан бұған қарсы реакция қалай болады? Оларды
    қабылдай ала ма?

Талқылау:

Топ қатысушыларына қойылатын сұрақ:

  • Бұл топқа қалай ендіңіз?
  • Өз тобыңызды табу қиын болды ма?
  • Өз түсіңізді қалай анықтадыңыз?

Өзге екі түске ие болған қатысушыларға қойылатын сұрақ:

  • Неге оқшау тұрсыз?
  • Өзге топтарға қосылайын деген өтініш білдірдіңіз бе?
  • Олардың реакциясы қандай болды?
  • Әлдекімдер сені өз тобына шақырды ма?

Барлығына қойылатын сұрақ:

  • Топқа мүше болудың қандай жағымды аспектісі бар? (Көп жағдайда
    қатысушылар бірлікте тірлік бар деп жауап қатады; қоғамда тіл
    табысқыш болу керек; бірге болған көңілді, сенімді және ықпалы
    көп тағы басқа…)
  • Жағымсыз тұстары бар ма? Неге?
  • Жалғыз қалудың әсері қандай?
  • Жалғыздық сезімі біз әдетте өмірде бастан кешіретін жалғыздық
    сезімі ме?

Талқылау аяқталғаннан кейін берілетін түсінік:

Адамдар топтанып өмір сүруге мәжбүр. Адамзат тарихында, барлық мәдениеттер мен өркениеттерде адамдар топтарға бөлініп өмір сүріп келген. Біз әлеуметтік жаратылыспыз: сәби оны қоршаған жандарсыз өмір сүре алмайды, біз де өзгелермен қарым-қатынасқа түспей сөйлесуді үйренбейміз. Сондықтан да, топтасып өмір сүру – заңдылық.

Біздің сирек еске алатын бір мәселеміз – біздің категорияларға бөлу қабілетіміз және «топтанып ойлау» ерекшелігіміз өмір туралы түсінігімізді жеңілдетеді. Бір ерекшелікті еске алсақ, мәселен, балалар, медбике, босқын, орыстар, норвегиялықтар т.б. туралы ойласақ, өзге де адамдар жөнінде бір сәтте ойлана аламыз. Бізге осы арқылы қоршаған ортаға бейімделу оңай.

Алайда, есте сақтайтын бір мәселе, біз категорияларға бөлінсек, өмірді оңайлатуға тырысамыз. Біз, адамдар, топтанып жүрсе бірбіріне тым ұқсас болады деп ойлаймыз. Шындығында олай емес қой. Алайда, бір топтағы адамдар арасындағы айырмашылық топтар арасындағы айырмашылықтан да артық болуы мүмкін.

Сондай-ақ топ құру арқылы біз шекара орнатамыз, бір-бірімізден алыстай түсеміз. Нәтижесі – біз және өзгелер деп бөліну.

Біз жақсы және жаман деген айдарға ие топтарды құруымыз мүмкін. Жаттығудан үйренгеніміз, топқа енбей қалғандар өздерін жалғыз сезінді.

Бұл психологиялық механизмдер қоғамдағы шиеленістердің басы болуы мүмкін. Саясаткерлер мен басқа да көшбасшылар өзгелер тарапынан қолдау табу үшін қоғамды топтарға бөліп, өзгелер категориясын енгізу тиімді. Біз және өзгелер деп бөліну үнемі саяси мақсаттарға пайдаланылып келді. Өзгелерге тағылатын айдарлар көпшіліктің өзгелер туралы пікіріне ықпал ету үшін жасалады. Бұл процестегі келесі қадам стереотиптер мен жалған пікірлерге, дискриминация мен адам құқығын бұзуға алып келеді.

Бұл механизмдерді түсіну маңызды. Егер сізде кейбір ұқсастық болған күннің өзінде барлық адам ерекше, өзінше бір әлем, олардың жаратылысы, өмірлік тәжірибесімен ұштасып адамды тұлғаландыра түседі.

  • Үнемі топты емес, адамның жеке өзін бағалауға тырысыңыз.
  • Келесі жолы белгілі бір топқа тап болсаңыз, оған басқаларды да шақырыңыз.
  • Қазіргі қоғам үшін бұл тақырыпта ой қозғау қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар?

3-ҚАДАМ. Өшпенділік тілі (5 минут)

Пікірталас: «Өшпенділік тілі» деген түсінікпен таныссыздар ма?» «Өшпенділік тілі» дегеніміз не? Бұл терминді қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

ЕҚЫҰ-ның құжаттарында «өшпенділік тілі» терминіне «өшпенділікке негізделген, сондай-ақ, жекелеген адамдардың арасына жік салу (немесе ол адамдарың белгілі бір топқа қатысы бар болғандығы үшін балағаттау) немесе өшпенділік тудыру» деген анықтама береді.

Еуропа Кеңесі министрлері комитеті «нәсілдік өшпенділікті, ксенофобияны, антисемитизм мен жаулықтың басқа да түрін тудыратын, сондай-ақ, агрессивті ұлтшылдыққа немесе эгоцентризмге бастайтын, азшылықтарға, мигранттар мен эмигрант текті адамдарға қатысты төзімсіздікті тарату, арандату, ақтау немесе қоздырудың барлық формасын» «өшпенділік тілі» деп таниды.

Өшпенділік тілі екі үлкен категорияға бөлінеді: бұқаралық медиада қолданылатын тіл және күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық тіл.

Заманауи технология өшпенділік тілін тарату процесін тереңдетіп жіберді. Себебі интернет желісінде ақпарат таратудың жылдамдығы мен бақылаусыз кетуі – манипуляцияның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Әлеуметтік желілер дәстүрлі медиа секілді стандарттар жүйесіне бағынбайды, әрі аудиториясы өте ауқымды және тұрмыстық коммуникациядан гөрі өшпенділік тілін тарату спектріне айналды.

Пікірталас: Өшпенділік тілінің тұрмыста немесе бұқаралық-медиада қолданудың қоғамға төндіретін қаупі қандай ? Мысалдар келтіріңіз.

Ольга Королева
Ольга Королева
Журналист сайта Newreporter.org.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР