ДомойОқып-үйренЖасанды зият медианың жұмысын қалай өзгертеді? Pikasa AI компаниясы Қазақстан медианарығын дата-талдау...

Жасанды зият медианың жұмысын қалай өзгертеді? Pikasa AI компаниясы Қазақстан медианарығын дата-талдау нәтижесін жариялады

Жасанды зият медианың жұмысын қалай өзгертеді? Pikasa AI компаниясы Қазақстан медианарығын дата-талдау нәтижесін жариялады

Деректер сәт сайын толығып, жаңарып жатыр, дерек тым көп ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Деректердің көбін интернеттегі белсенділікті және деректерді пайдалану тарихын зерттей отырып аламыз. Pikasa Analytics компаниясы Қазақстан медиасында жарияланған материалдарды және қазақстандықтардың әлеуметтік желілердегі жөн-жосығын талдады. Central Asia Connect for Peace фестивалінде сол талдаудың негізгі қорытындысын таныстырып, медиамен жұмыс істеу бойынша бірнеше қызық кейс айтып берді. 

Pikasa Analytics INC компаниясы серіктестеріне медиа ортаны зерттеуге көмектесетін деректерді талдау қызметін ұсынып, онлайн-құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету мен машинаға үйрету алгоритмдерін жасауға маманданған. 

50 ірі медианы талдау нәтижесі аудиторияның қалауында да, БАҚ-тағы тақырып  мазмұнында да үлкен сәйкессіздік бар екенін көрсетті. Медиадағы ең танымал тақырып – саясат тақырыбы екен. Жарияланымдардың 45,8%-ы соған тиесілі. Дегенмен спорт (21,2%), мәдениет (14,9%) және пікір журналистикасы (14,4%) аудиторияны бәрінен де көбірек тартатын боп шықты. Айтпақшы, пікір журналистикасы жарияланымдарда бәрінен де аз, барлық жарияланымның небәрі 0,2% үлесін алды. 

Аудиторияның қай тілде ақпарат алатынын талдау нәтижесі қазақ тіліндегі контент жетіспейтінін тағы да дәлелдей түсті. Қазақстандағы 50 ірі медианың тек 13,8%-і ғана қазақ тілінде контент дайындайды. Қазақ тіліндегі материалдардың үлесі 17,4%-дан аспайды. Сөйте тұра қазақ тіліндегі жарияланымдар аудиторияны көбірек тартады. 

Pikasa аудиторияның назарына ең көп ілініп, аудитория жылы қабыл алған ТОП-100 және ТОП-500 материалды талдап, қазақ және орыс тілдерінде контент тұтынатын адамдардың қалайтын тақырыбы әртүрлі екенін анықтады. Саяси тақырыптағы ең танымал 100 материалдың 58%-ы қазақ тілінде болса, шоу-бизнес, спорт пен лайфстайл тақырыптардың 10%-ы ғана қазақ тілінде екен. Экономика тақырыбындағы ең танымал 100 материалдың қатарында қазақ тіліндегі бір де бір жарияланым жоқ. 

Шетелдік трендтерге келсек, әлеуметтік желілерде аудиторияның қатысуын талдау қорытындысы қызық нәтиже көрсетті. Аудиторияның қатысуы жағынан TikTok көш бастап, Instagram өкшелеп келеді. Facebook пен YouTube әжептәуір қалып қойған. Сарапшылар осы тенденцияны Орталық Азияда да байқап отыр. 

Бұл деректерді әртүрлі тәпсірлеуге де болады. Деректерді талдау кво-статусты ғана көрсетіп қоймай, тиімді жұмыс істеуге де көмектесуі керек. Деректерді негізге ала отырып жасаған ұсыныстар медиаға қаралым санын арттырып, аудиториясын табуына көмектеседі. 

Мәселен, Pikasa аз қаралған діни толеранттылық туралы шоуды талдады. Дата-талдау нәтижесінде эфир уақытын реттеп, Facebook-тегі жұмысты жөнге салуды ұсынды. Осылайша қаралым саны да, аудиторияның қатысуы да бірнеше есе өсті. 

Тағы бір қызық кейс: егде және жас буынды байланыстыруға көмектесті. Саяси бағдарлама 18 бен 35 жас аралығындағы көрермендерді қызықтыра алмай қойды. Содан бағдарламаны Facebook пен теледидарда бір мезгілде көрсете бастады. Pikasa әлеуметтік желідегі комментарийлерді тікелей эфирден көрсететін бағдарлама әзірледі. Нәтижесінде, теледидардағы да, әлеуметтік желілердегі де қаралым саны артты. Pikasa командасы өшпенділік тілі мен әдепсіз сөздер эфирге шығып кетпеуі үшін бағдарламаға арнайы фильтр қосқанын айта кету керек.

Болашақты технология айқындайды. Деректерді талдау көптеген сұрақтың жауабын тауып береді. Аудиторияны мейлінше жақсырақ түсінуге, адамдар қандай платформаны қолданатынын, оларды қандай тақырыптар мазалайтынын, кімді оқитынын, оларға қандай контент көбірек сай келетінін білуге болады. 

Норик Селимидің сөйлеген сөзінің толық видеожазбасын Facebook-тегі Internews in Kazakhstan парақшасынан көруге болады.

Central Asia Connect for Peace фестивалі Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен «Серпінді орта қалыптастыру жолында әртүрлі ақпаратпен әрекеттесу және орнықтылық» (REVIVE) жобасы аясында өтіп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР