Домой Блог Страница 49

Арыс, несиелер және митингілер. 24-30 маусымға тв шолу

Арыстағы жарылыс, қираған үйлер және Шымкенттегі шеру, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы рұқсат етілген митингтер, Теңіз кенішіндегі қақтығыс – Қазақстанда маусымның соңғы аптасы осындай оқиғалармен өтті. Бұл тақырыптардың барлығы дерлік да апталық қорытынды телебағдарламаларға енді. Қазақстандық телевизиясындағы аса сирек жағдай. «Жаңа репортер» осы оқиғаларды «Хабар», QAZAQSTAN, “Бірінші арна Еуразия” және ASTANA TV телеарналары қалай көрсеткеніне шолу жасады.

«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»

«Аналитика» бағдарламасы «ең бастысы – ақылға қонымды ой және адам болып қалу керек» түсінігі туралы үлкен материалдан басталды. Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс және қала тұрғындарының эвакуациясы туралы сюжетті осылай ашты.

Сюжеттен Арыста не болғанын түсіну қиын. Жарылыс және бас сауғалап қашқан адамдардың әуесқой кадрын көрсете отырып, журналист: «Онсыз да үрей жайлаған аймақта қара бұлтты төндіргендер табылды» деп айтады. Сосын Арыста адамдар мен жауынгерлердің жаппай қырылмағаны туралы мәлімдеме жасап, кешірім сұраған адамның видеожазбасын көрсетеді. Қаза тапқан үш адам туралы ештеңе айтпайды. Ал тұтас бір қала тұрғындарын эвакуациялауға және қаланың қирауына себеп болған оқ-дәрі қоймалары жайында жергілікті билік сол қоймаларды жоятынына уәде етерде ғана айтып өтеді.

Адамдардың эмоцияға толы әрі өте әсерлі сұқбаттарынан, олардың аман қалғанына қуанған түрлерінен шын мәнінде оқ-дәрінің қауіпсіз сақталуына адамдар жауапты емес, Арыстағы оқиғаның артында бір құдіретті күш тұрғаны сияқты әсер қалдырады.

— Бізді бес сағат бойына бомбалады,-дейді жапа шеккен тұрғынның бірі. Ол оқиғаны Ұлы Отан соғысымен салыстырады. Журналист оның осы айтқанын іліп алып, жергілікті биліктен баспана талап еткендерге мысал етінде ұсынады.

«БҰЛ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕ ГИТЛЕР ӘСКЕРІ ЖЕРМЕН-ЖЕКСЕН ЕТКЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗДЕРІН МӘСКЕУГЕ ҚОНЫС АУДАРМАЙ, КІШІ ОТАНЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ СҰРАҒАНЫН ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ»

Сюжетте өсек-аяң таратқан және Шымкентте баспана беру талабымен қала көшелерімен шерулеткен адамдардың қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы айтқанымен, оқиғаның болуына шын мәнінде кім кінәлі екені туралы ләм-мим демейді. Мұның барлығы сюжет кіріспесінде «айтылған ақылға қонымды ой» ұғымынан алшақтата түседі.

Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге ұмтылған кішкентай алматылық туралы сәтті ерекше атап өтуге болады. Ол кадрде өзінің әсем тиын жинағышын ұрып сындырады. Баланың шынайылығына еш күмән келтірмейміз. Бірақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүздеген волонтер гуманитарлық көмек жинап, сұрыптап, қаптап жөнелтіп жатқанда мұндай спектакль түсірімді жасаудың не қажеті бар еді?! Волонтерлер қозғалысы жаппай көмек көрсетуді бұдан да артық бейнелейді емес пе?!

«Аналитика» бағдарламасының тағы бір сюжеті назар аударуға тұрарлық. Бұл – Алматы мен Нұр-Сұлтандағы рұқсат етілген митингтер. Бұл сюжет митингтегі сөз сөйлегендердің ішінен – митинг ұйымдастырушысы Альнур Ильяшевтің митинг өткізу тәртібі туралы айтқаны және Алматы қаласы мәслихатының депутатының айтқанын ғана көрсетуінен бөлек, оператор мен монтажердің «қулық бойламас шеберлігімен» ерекшеленді. Эфирден алматылықтар ұстап шыққан бір де бір плакат көрсетілмеді.

«Аналитика» хабары қалай көрсеткенін, ал шын мәнінде қалай болғанын қараңыз. Екінші фотоны Дмитрий Каратеев түсірген.

«Билікпен көшеде әңгімелесуді жақтайтандырдың діттеген шынайылығы күткендей бола қоймағанға ұқсайды» дейді «Аналитика» тілшісі. Сөйте тұра сол шынайылықты «аз-маз түзеткенін» айтпайды.

Митинг туралы материалға Теңіз кенішіндегі оқиға да еніпті. Журналистің сөзінше, «жұмысшылар арасындағы тұрмыстық кикілжің төбелеске және тәртіпсіздікке ұласып, жедел ауыздықталған». Бейнелеуге бейтарап видео таңдалыпты. Қақтығыс себебін де салдарын да айтпады.

Бағдарламаға:

  • Мемлекеттік әлеуметтік бастамалары туралы үлкен әрі егжей-тегжейлі материал;

  • Шетелге шығатын туристке жадынама;

  • Биліктің бақылауына қарамастан, қымбаттаған азық-түлік пен тарифтер; Қызығы сол, бұрын бір пакет сүттің салмағы 1 литр болса, қазір неліктен 900 мл болып қалғанын түсіндіретін шенеунік те не басқа бір жауапты адам пікірі де бағдарламаға енбепті.

«Избранное за неделю», ASTANA TV

«Аналитика» бағдарламасымен салыстырғанда, «Избранное за неделю» бағдарламасында Арыстағы жарылыстың әуесқой видеоларын көрсетуден бөлек, қаза тапқандар туралы (қысқа ғана, кім және қалай қайтыс болғанын) айтты. Эвакуация кезінде қандай мәселелер туындағанын: автокөліктердің адамдарды мінгізбегенін, тіпті әскерилер де тасымағанын, судың жоқтығын, мемлекеттен дұрыс көмектің болмағанын егжей-тегжейлі әңгімеледі. Журналистер жеке адамдардың хикаяларын көп көрсетті. Мұның барлығы тәп-тәуір шықты.

«Кім кінәлі» сауалына жауап іздеу аз да болса байқалды. Бірақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілімен сұқбатта ғана айтылды. Министрлік оқиғаның масштабын азайтып көрсетуге тырысқан-ды.

Бағдарламаның тағы бір бөлімін, жарақаттанған адамдарға арнады. Дәрігерлер олардың жағдайын баяндады. Негізінен, бас сүйек-ми жарақатын алған екен. Екі бала эвакуация кезінде көлік астына түсіп, ауруханаға жатқызылыпты. Жапа шеккендермен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бірақ, олар да тапшы. Ал арыстағы аурухана ғимараты қираған.

Бөлім соңында арыстықтарға Nur Otan партиясының қалай жанталаса көмектескенін әңгімеледі.

Әрмен қарай бағдарлама авторлары биліктегі жаңа тағайындаулар (Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев болды, ал Бауыржан Байбек Nur Otan партиясына кетті).

Содан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтандағы рұқсат етілген митингілерді көрсетуін күттік. Митинг туралы расымен де сюжет көрсетті. Бірақ, рұқсат етілген митинг емес, Нұр-Сұлтанда нұротандықтардың «Біз біргеміз» ұранымен шыққан митингісі туралы болды. Нұротандықтар митингте Аблязовты, арандатушыларды жамандап, «өздерін шетелден басқаруға жол бермейтіндерін» айтты. Тек сюжет соңында ғана Алматыда митинг болғанын қысқа айтып өтті.

Сондай-ақ бағдарламаға:

  • аз қамтылған отбасылардың несиесін кешіруге қатысты шенеуніктердің және сарапшылардың пікірлері;

  • ҰБТ

  • әскери ұшқыштар туралы сюжет

еніпті.

«7 күн», «Хабар»

Бұл аптада «7 күн» авторларын мақтамауға әсте болмайды. Олар өз-өздерінен асып түсті. Бұрынғы шығарылымдарымен салыстырғанда президенттерді аз көрсетті, пафос сөз аз болды, Арыс туралы тәп-тәуір материал шығарды.

Әйтсе де бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаевтан бастады. Елбасы Қауіпсіздік кеңесін шақырып, Арыстағы жағдай өз бақылауында екеніне сендірді. Мемлекет қаланы қалпына келтіруге бар жағдайды жасайтынын, бүкіл халық арыстықтарға көмектесіп жатқанын айтты.

Билік құрылымдарындағы жаңа тағайындаулар туралы айтқаннан кейін, Арыстағы жарылыс оқиғасы туралы сюжетке өтті. Сюжетте жарылыс болған жердің ғарыштан түсірілген суреттерін көрсетті. Тілші кадрда көп көрініп, не болғанын «алақандағыдай» түсіндірді. Мүлкіне алаңдаған және мародерлерден қауіптенетін тұрғындардың пікірлері де көп болды.

Сосын тағы да Назарбаев шықты. Ол көмектескендердің барлығына алғыс білдіріп, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Әрмен қарай оқиғаның қалай өрбігенін көрсетті. Автолар сағат нешеде қайда не болғанын, жарылыс қалай басталғанын, адамдар қалай қашқанын баяндады. Арысқа президент Тоқаевтың ұшып келгенін де көрсетті. Жапа шеккендердің билікке айтқан алғысын да көрсетуді ұмытпапты. Президент ауруханаға барды. Балалар жоғалып, табылды. Тоқаев Арыс қаласына да барды.

Жалпы «Хабар» телеарнасы мемлекеттің көмектескеніне молынан эфир уақытын арнады. Тіпті жарылыстан жапа шеккен адамдардың қалай қиналғанынан да көп көрсетті. Nur Otan партиясының гуманитарлық көмек жинау акциясын (шын мәнінде, сол көмекті партия көмегінсіз-ақ жинады), Арысқа премьер-министр Асқар Мамин келгенін де көрсетті. Тұрғындардың пікірлері де «көмектесіп жатқандарға рахмет, бізді өте жылы қабылдады» деген мазмұнда болды.

Басқа мемлекеттердің де көмек қолын созатыны туралы жеке айтып шықты.

«7 күн» бағдарламасы «несие амнистиясы» туралы егжей-тегжейлі әрі үлкен сюжет дайындапты. 250 мың қазақстандық қарызынан толықтай құтылатынын айтты. Көшедегі адамдар Тоқаевтың несие қарыздарын кешіру туралы тапсырмасына қалай қуанғандарын да көрсетті. Саясаттанушылар мен экономистер мұның жөн шешім екенін айтады.

Бұл блоктан президент қызметі туралы ақпаратты көрсете отырып, ары қарай мемлекет халыққа қалай көмектесіп жатқаны жөнінде «әлеуметтік басымдықтар» жайына сюжет арнады.

Бағдарлама соңы жаңа ресми мереке: 28 маусым – БАҚ қызметкерлері күніне арналды Ақорда ең кәсіби әрі өзіне лоялды (бұлай айтпасқа әсте болмайды) журналистерді марапаттады.

«Басты бағдарлама», «Бірінші арна Еуразия»

Бұл бағдарлама да басқа бағдарлама сияқты Арыстағы жарылыс оқиғасынан басталды. Қазақшасында да тиын жинағышын сындыратын бала туралы көрсетті. Сегізінші минутта эфир студиясына снарядтар түсіп, жарылды.

Әрмен қарай бағдарлама авторлары оқ-дәрі қоймасы жарылған маңда және қаладағы деректерді санамалады. Кейбір адамдар биліктің қолдауына алғыс айтса, ендібіреулері өздерін Шымкентке көшіруді талап етіп, шеруге шықты. Стендап кезінде тілші қолына снаряд жарықшақтарын ұстады. Орысшасындағыдай мұнда да журналистер болған жайтқа кім кінәлі екені, кім жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ләм-мим демеді.

Арыстағы жарылыс оқиғасынан кейін интернетте жүздеген адам қайтыс болғаны туралы сөз тарады. Бұл фейк-ақпараттар туралы сюжетке негіз болыпты. «Бірінші арна Еуразия» журналистері көрермендерін медиасауаттылыққа үйретуге тырысқан сияқты. Олар фейк-жаңалықтардың шығуы туралы бірнеше жағдайды мысалға келтіріп, негізгі шығарушыны табу қиын болғанымен, таратушыны табу оңай екенін айтты. Сарапшылар кім және қалай жалған ақпарат таратынын әңгімеледі. Журналист стендапында бәрін де өтірік сөйлемеуге шақырды. Алайда сюжетте жалған ақпараттың қармағына қалай түсіп қалмау керегі, қалай тексеріп, қалай күмән келтіру туралы ештеңе көрсетпеді. Медисауат сабағы болмады.

Журналистердің келесі сюжеті қызық шығыпты: мұнда Қазақстан журналистерінің ресми кәсби мерекесі бекітілгені туралы хабарды негізге алып, өз әріптестері, яғни «Бірінші арна Еуразия» тілшісі Олжас Сайлаубекұлының өмірін көрсетті.

Бұл сюжеттен көпшілік журналистерді бай адам санайтынын, ал шын мәнісінде олар автобуста жүретінін, жалдамалы пәтерде тұратынын білдік. Бұдан бөлек, көрермендер сюжет қалай түсіріліп, мәтін қалай жазылып, қалай монтаждалатынын да көрді.

Бағдарлама «несие амнистиясы» туралы сюжетпен және Алматыдағы студияда экономист Меруерт Махмутовамен сұқбатпен аяқталды. Экономист қандай да бір тың нәрсе айтпады.

Apta, QAZAQSTAN

Бағдарлама Арыстағы жарылыс оқиғасынан басталды. Арна тілшілері атап өткен деталдардың қатарында:

  • Бұл соңғы 10 жылда Арыста болған төртінші жарылыс оқиғасы;
  • ресми деректерге сәйкес, қалада 31 нысан қираған;
  • 100 мың теңгелік бір реттік көмектен бөлек, Арыс тұрғындарына бес миллион теңгеге дейін несие беріледі;

Тиын жинағышын сындыратын бала туралы сюжетті мұнда да көреміз. Ол жинаған тиындарын Арысқа көмекке береді. Бағдарламада айтылғандай, барлығы 1 млрд 409 млн теңге және 628 тонна гуманитарлық жәрдем жиналыпты.

«Несие амнистиясы» туралы сюжетте саясаттанушы Айдос Сарым несие беру тәртібін қайта қарауды ұсынады. Ол осы тақырыпта барлық телеарнаға сұқбат бергенге ұқсайды.

Ал JAHAN SARAP айдарында Қырғызстан парламенті экс-президент Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік құқынан айырғанын айтты. Енді оған бес қылмыстық іс бойынша айып тағылуы мүмкін. Бір ескертер жайт, көршілес елдегі мұндай маңызды оқиға туралы басқа ешбір қорытынды бағдарламада айтпады.

Бағдарлама

  • Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына дайындық (президент Тоқаев ақынның туған жеріне барған);
  • Қазақстан журналистер күні;
  • Димаш Құдайбергеновтың Нұр-Сұлтан қаласында өткен концерті;

туралы сюжеттер де еніпті.

Apta бағдарламасы эфирге 30 маусым кешкісін шықты. Сол күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілген митинггтер өтті. Бірақ бағдарлама авторлары сол митингілер туралы ештеңе де айтпады. Арыстағы жарылыс оқиғасының жауапкершілігі кімнің мойнында екені туралы да ләм-мим демеді. Есесіне, тиын жинағышын сындырып, арыстықтарға көмек қолын созған бала туралы көрсетті.

Жәнібек Нұрыш

Видеоның оқиғаға қатысын анықтау. Арыстағы жарылыс мысалында

24 маусымда Қазақстанның Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы 44859 әскери бөлім аумағында орналасқан оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Қаланың 44 мыңға жуық тұрғыны эвакуацияланды. Жарылыс таңғы сағат 09:15-тер шамасында басталды. Сол сәттен әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде «Арыстағы жарылыс» оқиғасына қатысты делінетін видеолар, фотолар үздіксіз тарады. Сол фотовидеолардың арасында ұзақтығы 3 минут 49 секунд видео да болды. Видеодағы көріністер мен аудиода айтылған сөздер видеоның Арыста түсірілгеніне күмән тудырды. Күмәнді растау не терістеу барысында видеоның Арыста түсірілген-түсірілмегенін Google іздеу жүйесі арқылы анықтадық. 

Видеода биік ғимараттан сонау алыстағы жарылыс, қою қарасұр түтін мен түтін арасынан ұшып шығып, құлап жатқан снарядтар, жеке сектор тұрғын үйлері мен көпқабатты тұрғын үйлер де көрінеді. Орта тұсында мұнара бар. Видеодағы айтылған сөздер анық естіледі.

Аталған видео Арыстағы жарылыс оқиғасы күні таралғаны себепті де мұны Арыста болып жатқан жағдайға қатысты екеніне сенгендер болып, таратқандары байқалады.

Әйткенмен, видеоның Арыста түсірілгеніне күмән тудыратын екі себеп бар.

Біріншісі, видеодағы жасыл-желек, яғни ағаштардың жапырақсыз болуы. Арыстағы жарылыс оқиғасы 2019 жылдың 24 маусымында болды. Арыс қаласы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Мұнда көктем ерте шығады, жасыл-желек ерте көктемнен бүршік жарып, жапырақ жаяды. Жаздың бірінші айының соңына қарай қаладағы барлық ағаш жапырақ ашып, жап-жасыл күйге енеді.

Мына видеодағы ағаштардың жапырағы көрінбейді. Бұл видеоның жаз мезгілінде – ағаштар жапырақ жайған уақытта түсірілгеніне сендірмейді.

Екінші себеп, видеодағы дауыстар. Мұнда орыс тілінде бірқатар сөз айтылады. Сөздердің қолданылуы және дыбысталуы оқиғаның Қазақстанда, дәлірегі Қазақстанның оңтүстігінде болып жатқанына күмән тудырады.

Сырт адамға видеоның Арыста түсірілгеніне күмән тудыратын екі себеп осы.

Арыс қаласы тұрғындары өз қаласын жақсы танып-білетіндіктен, олар видеодағы үйлер, мұнара, көпқабатты үйлер және тағы басқа ғимараттың Арыста бар-жоғын бірден анықтап, «Бұл Арыс емес қой» деп, қорытынды шығаруы әбден мүмкін.

Бірақ, видео тек арыстықтар арасында ғана емес, басқа өңірдегі азаматтар арасында таралғандықтан, видеоның Арыста түсірілмегенін сондағы көрініске қарап анықтау қиындайды.

Сондықтан да видеоның Арыста түсірілгенін растау не терістеу мақсатында Google іздеу қызметіне жүгіндік.

Мұнда ең алдымен, видеодағы айтылатын сөздерді, ең алдымен видеодағы «Дом шатается. Ещё один взрыв» сөйлемін іздеуге салдық.

«Барлығы» нәтижесімен көбіне-көп Арыстағы жарылыс оқиғасына қатысты жаңалықтарды шығарып берді. Бұл дәл қазіргі таңда Қазақстанда Арыстағы жарылыс оқиғасына қатысты жаңалықтар өзекті екені себепті болса керек.

Содан «Іздеу баптаулары» жолағынан «Бейне» таңдауын жасағанда, біздің тексеруіміздегі видеоға ұқсас видео көрінді.

Ресейлік «Звезда» телеарнасының сайтында жарияланған ақпарат екен. Сілтемені ашып, видеоны ойнатқанда, ұзақтығы (3 минут 49 секунд), видеодағы көріністер және аудиодағы сөздер «Арыстағы жарылыс» оқиғасына қатысты таралып жатқан видеомен өте ұқсас екені анықталды. Сайттағы ақпарат 2017 жылдың 24 наурызында жарияланған. Бұл біздің іздеудегі видеоның Арысқа қатысы жоғын, 2019 жылдың 24 маусымы күнгі Арыстағы жарылыстан кемі 2 жыл 3 ай бұрын бұрын жарияланғанын дәлелдеді.

Видеодағы келесі «Надо отсюда уезжать. Это будет правильное решение» сөздерін Google іздеу жүйесіне салғанымызда, тіпті көп нәтиже шықты.

Алғашқы нәтиже «i-m-ho.livejournal.com» блогына сілтеді. Мұндағы блог бетінен Youtube видеохостингіндегі Ivan SHABRAT каналына өткізді. Іздеудегі видеомызға өте ұқсас видео (ұзақтығы 3 минут 49 секунд, видеодағы көріністер де аудиодағы сөздер өте ұқсас) аталған каналда 2017 жылдың 23 наурызында жарияланыпты.

Видео сипаттамасында оқиғаның Украинаның Харьков облысына қарасты Балаклея қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс екені жазылған.

Әрмен қарай Google іздеу жүйесінде 2017 жылдың мамыр айында Балаклея қаласында жарылыс туралы мәліметтер іздеу барысында 2017 жылдың 23 наурызында Украинаның Харьков облысына қарасты Бакалея қаласындағы оқ-дәрі қоймасында ірі жарылыс болғаны туралы көптеген мәлімет шықты.

Біздің мақсатымыз — «Арыстағы жарылыс» оқиғасына қатысты таралып жатқан осы видеоның Арыстағы жарылыс кезінде түсірілгенін растау не терістеу болды.

Видеоның 2019 жылдың 24 маусымы – Арыстағы жарылыс оқиғасынан әлдеқайда ерте жарияланғаны, демек Арыстағы жарылысқа қатыссыз екені анықталып, дәлелденді.

Жәнібек Нұрыш

Тыңшы жабдықтары және көп-көп Елбасы. 17-23 маусымға тв шолу

Телеарналардың басым бөлігіне сенсек, екінші президент сайланғанымен де Қазақстанда бірінші президент ең негізгі ньюсмейкер ретінде қалып отыр. Барлық дерлік телеарнаның қорытынды бағдарламаларының басталуы Елбасының табынушыларына ұнайды, өйткені осы аптада Алматыда тұтас бір конференция өтті.

Ал қалғандары эфирде тағы не қызық көрсететінін күтуінге тура келеді. Мәселен, тыңшылар, ҰБТ шпаркалары, тренингтер және секталар тақырыбы.

Кезекті шолуымызға «Бірінші арна Еуразия», «Хабар», QAZAQSTAN және ASTANA TV телеарналары енді.

«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»

Бағдарлама аптаның шулы оқиғаларынан: Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету стансасында болған жарылыс, Шымкенттегі автокөліктер тақырыбынан басталды. Алматыда балаларын ерткен анаға ағаш құлады. Қарағанды облысында баланы бетон қорған басып қалды. Ақмолада ұшақ апатқа ұшырады. Петропавловскте тоғызыншы қабаттан қыз құлады. Шомылу маусымы басталды: адамдар суға батып жатыр.

Аптаның қандай қайғылы оқиғаларға толы болғанын санамалап шыққан журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында елдегі жағдай қандай жақсы екенін әңгімелеуге көшті. Алматыда Елбасының көшбасшылығына 30 жыл толуына конференция өтті. Бұған үкіметтегі ауыс-түйістер де енді.

«Ал о жақта қалай». «Аналитика» бағдарламасы әралуан қалып сақтау үшін де Тбилисидегі наразылық акциясы туралы көрсетті. Біздің елдің билігі қазақстандықтарды Грузияға сапарлағанда абай болуға шақырады.

Әрмен қарай — «ақшаға ынталану» тақырыбына арналған өте өзекті сюжет көрсетілді. Дәлірегі, соңғы кездері тұлғалық даму курстары, тренингтері және тағы басқа да коучтардың жиыны тым көбейіп кетті. Тілшілер ең-ең шулы тренингтерді жинапты:

  • бір психолог, коуч, гипнолог жиналып алып, қарсы жыныс өкілінің көз алдында тартымды боп көрінуге үйретеді;

  • тағы бір экс-маркетолог, бүгінгі коуч ақша тарту мен махаббатқа «шомылуға» үйретеді;

  • тренингтерге 2 млн теңге жұмсаған кәсіпкер-әйел өз кәсібін ашыпты;

  • Атақты секс-коуч Алекс Леслидің тренингтерінен кадрлар.

Сарапшылар кейбір тренингтердің соңы адамды жүйке аурулары ауруханасына жауып тынатын секталар екенін ескертеді. Тілші өзі коуч кейпіне еніп, аудиторияны үйретіп жатқан қалыпта стендап жазыпты.

Тағы бір өзекті материал – салтанатты мектеп бітіру кештері. Шоу-агенттік жетекшісі әрі үлкен әрі қымбат құр мақтандар туралы әңгімелейді. Ал биылғы тренд – салтанатты бітіру кештерінен бас тарту болыпты. Мектеп түлектері қайырымды іске бет бұрып, қаржысын мұқтаждарға беруді құп көреді. Алайда 120 000 теңгеге киім сатып алғанын мақтана айтқандары да болды.

«Аналитика» бағдарламасының негізгі бөлігіне енбей қалған апта оқиғалары «Мелочей не бывает» тұрақты айдарынан табылыпты. Бұл айдарда ақша мен жемқорлық тақырыбын көбірек қаузады.

Бағдарлама позитив нотадағы, дәлірегі ерлік сюжетімен, яғни полицейлердің кәсіби мерекесі (иттердің де) тақырыбымен, Қарағанды облысында әскерилер әскери-патриоттық клуб қатысушыларына өз күштерін қалай паш еткенін көрсетумен аяқталды.

«7 күн», «Хабар»

«7 кун» бағдарламасы тағы да «Нұрсұлтан Назарбаев есімімен» атала бастады. Өткен бағдарламада Елбасы туралы ештеңе көрсетпей, орнына президентке қатысы жоқ тақырыптағы екі сюжет енген еді! Бәлкім, бағдарлама авторларын сол бір «олқылықтары»үшін сілкіп алды ма екен, бұл жолы Елбасының екі аптасын тұтас шолып шықты.

Сонымен:

  • Назарбаев уақыт капсуласын қалады;
  • Алматыда оның құрметіне «Нұрсұлтан Назарбаев – 30 жылға жалғасқан көшбасшылық» тақырыбында конференция өтті (ұмытып қалғандар не білмейтіндер үшін оның өмірбаянын тізіп, ол билікке келгенге дейін елдегі жағдай қандай жаман болғанын, ол билікке келіп, елді қалай көтергенін, бәрі-бәрі, тіпті америкалықтар да оны өте қатты мақтайтынын әңгімеледі);
  • жеке блокта кім оны қалай жақсы мақтағанын: әлдебір саясаткердің онымен ақылдасатынын, енді бірі Ататүрікпен салыстыратынын, үшіншілері оның «Қазақстан» атты кемені дауыл мен толқын арасынан қалай алып өткенін, төртіншілері Назарбаевтың түйсігі тамаша екенін мойындайтынын көрсетті. Мадақ айту осылай жалғаса берді.
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың үш басты ерлігі: ядролық қарусыздану, шекараны заңды бекіту және осы шекара ішінде мемлекет құруы туралы егжей-тегжейлі көрсетті.
  • Тағы бір қосымша сюжет, «Бұл қалай болды» және күллі әлем Назарбаевға тамсанатыны туралы болды (осы сәттен бастап «7 күн» авторлары қандай да бір нақты тақырыпқа сюжет арнауды доғарғандай сезілді: тақырып біреу – Назарбаев ең үздік, бұдан артық не керек, дегенді меңзегендей ме, қалай?!)

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға нағыз патриотизм не екенін айтады (жыл басында айтқан еді, бірақ мұнда тұрған не бар, тағы еске түсірейік)
  • Елбасының кіші отаны Үшқоңыр ауылында Назарбаев отбасының жеке қаржысына салынған спорт орталығы ашылды.

Бағдарлама соңында екінші президент туралы аз-маз, дәлірегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың апта ішінде не істегенін (жаңа жетекшілерді тағайындады, түрлі адамды қабылдады және әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты) тізіп шықты. Тоқаев туралы сюжетте де Назарбаевты атап отырды.

«Избранное за неделю», ASTANA TV

Бағдарлама саяси жаңалықтардан басталды: президент Тоқаев бірқатар жаңа тағайындаулар жасады. Жүргізуші «саяси элитаның жасаруы» туралы «апта цитатасын» келтірді (жаңа ҚР Білім және ғылым министрінің жасы – 37-де) және жаңадан құрылған екі министрліктің міндетін және соны кім басқаратындарын айтып өтті. Кейбір сарапшылар, министрлердің жас болуы – кемшілік екенін, олардың амбициясы тым жоғары болатынын, әлемдегі орташа жас 53-62 жас екенін айтады.

Әрмен қарай Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған конференция туралы шағын материал көрсетті. Мәтін терушілер дефис пен сызықшаны айырудан қалыпты. Олардың жазуына Қасым-Жомарт емес, Қасым – Жомарт деп жазылыпты. Ал материал әдепкідей Елбасына мадақ айтатын шенеуніктердің сөзінен құралған.

Заңсыз митингтер кезінде бүлдіршін қыз Айрин бақбақ гүлін сыйлаған — «еліміздің ең танымал гвардияшысы» Шамиль Мухитдинов туралы сюжет те бар. Ол туралы материалды КТК телеарнасы өткен аптада көрсетіп еді. Ал ASTANA TV енді көрсетуді жөн санапты. Сюжетте тыңғылықты деректер де бар, жігіт өзіне сыйлаған бақбақ гүлін абыр-сабыр кезінде жоғалтып алғанына қатты өкінеді. Айрин мамасы екеуі Шамильмен кездеседі. Сюжет авторлары бүлдіршіннің бетін жауыпты. Мұндайда бетін бұлыңғыр етіп жабудың не қажеті бар еді, деген сауал туады. Басқа бір телеарналар қайыр сұраған баланы көрсеткен кезде де баланың бетін жаппайтыны және бар.

Қазақстандағы полиция күні туралы сюжет әдепкі қалыпта жасалыпты. Бірнеше полицейді: жас, зейнеттегі және оқудағы курсант сюжетке алыпты. ІІМ реформалары, қысқартулар, айлықты өсіру, жаңаға дайындалу. Полицейлер адамды құтқарып, көз жұматыны не жарақат алатын оқиғалар. Жемқорлық даулары туралы ләм-мим демеді. Мерекеде не жақсыны айтамыз, не ештеңе айтпаймыз, десе керек-ті. Зеріктірер, барлығы алақандағыдай көрінетін материал. 10-20 жыл алдын қандай сюжет жасаса, қазір де сол қалыптан шықпаған. Эфир тілінен бағдарлама редакторларында да кемшілік бары бірден байқалады. Телеарнада кадр жетіспей ме екен, әлде бұл жалпы саладағы кемшілік пе?! Бір жағынан осындай сауал да туады.
Сондай-ақ, бағдарламада:

  • Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету стансасында болған жарылыс;

  • алимент төлеуден жалтаратын әкелер;

  • Қазақстанда ауылдар азайып барады;

  • Өскемендік музыкант кез келген жастағы ниеттілерді 12 сабақ барысында домбырада ойнауға үйретеді және осы кәсібін стартапқа айналдырыпты;

«Басты бағдарлама, «Бірінші арна Еуразия»

«Бірінші арна Еуразия» телеарнасының қазақ тіліндегі қорытынды бағдарламасы көптеген қазақстандық үшін расымен де маңызды оқиға – ҰБТ басталуымен эфирін ашқан жалғыз телеарна болды. Сюжетте «шпаргалканы» қалай жасыру туралы лайфхакты да көрсетті.

Әрмен қарай, дәстүрден таймай, жаңа тағайындаулар мен жаңа министрліктер туралы баяндады.

Сосын «Біріншінің» ұсынатын дәстүрлі «бомбасы» — «тыңшы құрылғылары» туралы сюжетпен жалғасты. Қазақстанда мұндай құрылғыларды оңай сатып алуға болады. Осындай құрылғымен күйеуін не әйелін аңдитындар да жетіп жатқанға ұқсайды. Шын мәнісінде, мұндай құрылғыларды қолдану құқына күштік құрылымдар ғана ие. Онда барлығына бірдей құқық берілмеген.

Бағдарлама жолаушыларды өлтіретін таксистер туралы сюжетпен аяқталды.

Apta, QAZAQSTAN

Ұлттық телеарна апталық қорытынды бағдарламасын Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналған конференциядан бастамағанда таңғалар едік. Әйткенмен, Apta бізді таңғалдыра алмады. Тілшілер АҚШ сарапшысы Ариэль Коэннің Назарбаевты Джордж Вашингтонмен салыстырғанын атап өтті.

Елбасының Алматыда уақыт капсуласының негізін қалағаны туралы көлемді сюжет те шықты. Тұңғыш президент сөзінде «біз туу көрсеткішін арттырдық» деп атап өтті. Мемлекеттің басты басшысының тағы бір ерлігі.

Келесі материал да Назарбаевқа және оның кіші отаны Үшқоңырдағы спорт кешеніне арналды.

Үшінші материал да президентке арналды. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын-2019» әскери-патриоттық клубының жиынына барды.

Бағдарлама авторлары басқа да тақырыптарды қамтуға тырысыпты: Аралдың жаңғыруы басталды, шағалалар мен балықтар пайда болды. Жергілікті тұрғындар балық аулайды. Бірақ, балықтар Көкарал бөгетінің кесірінен өліп жатыр. Жергілікті тұрғындардың мәселесі мен үміті Тоқаевтың Қызылорда облысына сапарымен байланысты көрініс тапты.

Сондай-ақ, бағдарламада Назарбаев және Тоқаевқа тікелей қатыссыз тақырыптар қамтылды.

Атап айтқанда,

  • ҰБТ

  • сүт пайдалы болуымен қатар зиянды да екен;

  • Қазақстанда мүше донорлары жетіспейді. Бірақ сюжет авторлары нені айтқысы келгені (мүшесін туыстары беру ме, мәйіттік донорлықты дамыту ма? Министр Біртанов адамдар қайтыс болғанынан кейінгі донорлыққа келісім берсе жақсы болар еді деген пікірі бар) сол күйі түсініксіз қалды.

Айта кетсек, қазақстандық телеарналардың апталық қорытынды бағдарламаларына шолу жасау — «Жаңа репортердің» апталық жобасы.

Жәнібек Нұрыш

Митингтер, ұлықтау рәсімі және порно. 10-16 маусымға тв шолу

Аптаның ең басты тақырыбы – президент сайлауының қорытындысы мен президентті ұлықтау рәсімі болды. Апталық қорытынды бағдарламаларының ұлықтау рәсімінен басталды. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы митингтер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жаппай бұғатталуы туралы тек бір телеарна – КТК телеарнасы ғана ашық айтты. Қалғандары митингтің неліктен жаман екенін түсіндірсе, ендібірі бұған ешқандай назар аудармады.

Әйткенмен, аптаның «эксклюзив» тақырыптарын «Бірінші арна Еуразия» телеарнасы ұсынды. QAZAQSTAN телеарнасы да шолуымызға қамтылды.

«Большие новости», КТК

Бұл аптада барлық телеарнаның арасынан КТК-ның «Большие новости» бағдарламасы эфир көркін қыздырды. Бағдарламаның аңдатпасынан-ақ бізге не көрсететіндері, сол көрсететіндерін мейлінше тыңғылықты әрі шынайы жеткізетіндері мәлім болды.

Эфир президент Тоқаевтың Бішкек пен Душанбеге сапары, ШЫҰ және АӨСШК саммитіне қатысқаны туралы хабармен басталды. Содан кейін ізінше Алматы мен елордадағы митингтер видеосын көрсетті. Неден қорқады, бұл видеоны полицейлердің өзі таратқан болса?!

Митинг видеосына «Трансформерлер» фильмінің музыкасы қойылған. Жүргізуші музыканың «It’s our fight», яғни «Бұл біздің күрес» деп аталатынын айтты.

Тұтастай алғанда, журналистер материалда барлығын мейлінше молынан қамтыды:

  • Полицейлердің айтуынша, митингтерді қашқын банкир Мұхтар Аблязовтың Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ ұйымы ұйымдастырған.

  • Бірақ, полицейлер митингке шыққандарды ғана емес, сонымен қатар жай көшеде жүрген адамдарды да, мысалы велосипедпен үйіне кетіп бара жатқан жалғызбасты әкені де ұстап әкеткен.

  • Алматыда сайлау қорытындысын жариялағаннан кейін жаппай митингке айтыскер Ринат Заитов бастаған «бақылаушылар» тобы шыққан. Оқиға полиция учаскелерінің бірін басып алумен аяқталуы да мүмкін еді. Бірақ, онда Ринат Заитов болмай шықты. Ол барлығына үйді-үйіне тарауды өтініп, видеомәлімдеме жасады.

  • Толқу кезінде көше қиылысындағы жол қозғалысын реттеушіні қағып кетіпті. Ал тәртіп сақшылары Tengrinews журналисін соққыға шыққан. Полицейлер кешірім сұрады, әйткенмен, «біз журналисті митингке шыққандардан айыра алмадық, өйткені айқындайтын белгілері болмады» деп ескертті.
  • Митингтер кезінде барлығы тоғыз журналист тұтқындалды. Оның біреуі шетелдік журналист.

  • Бұл оқиғаға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев «кейбір азаматтар өздерін лайықсыз ұстады» деп пікір білдірді.

  • Аблязов 12 маусымда адамдарды көшеге шығуға шақырды. Билік интернетті толықтай дерлік бұғаттады, бұл біраз қаңқу сөздің таралуына жол ашты. Адамдарды жұмысынан ерте қайтарды. Қала «өлі күйге» түскендей болды. Ал наразылық акциясы болмады.

  • Нұр-Сұлтанда митинг кезінде кішкентай қыз әскериге біріне бақбақ гүлін сыйлады.

«Большие новости» жүргізушілері күштік құрылымдардың ақпарат күресі бұл күндері жаңа деңгейге шыққанын атап өтті. Олар 102 нөміріне хабарласқандардың аудиожазбаларынан бөлек тәртіп бұзғандардың кінәсін мойындаған видеосын да таратты. Видеодағылар өмірге разы көрінді.

Президентті ұлықтау рәсімі туралы көрсеткенінен кейін сайлау тақырыбымен жалғасты. Мұнда ұлықтау рәсімінің сондай тез өткенін атап өтті, өйткені ұлықтау рәсімі сайлаудан кейін 3 күннен соң болды.

Журналистер сайлау кампаниясы қалай өткенін, қандай дау-дамай болғанын, кімнің қанша дауыс жинағанын еске түсірді. Сайлау қалай өткенін айта келе өрескел заң бұзушылықтарды санамалады.

Саясаттанушылар болған жайтқа қатысты пікір білдірді. Олар өз сөзінде:

  • елде революцияға әлеуметтік база жоқ;

  • бүлік пен наразылық – сөзі тыңдалмағандардың тілі;

  • елде шенеунік емес, азамат бірінші орынға шығатын реформалар қажет.

Тұтастай алғанда, бағдарлама авторларының митинг және соған қатысты пікірлерді көрсетудегі ашықтық деңгейі жоғары болғаны соншалық, тіпті кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұл бағдарламаны КТК телеарнасы желіге жүктемейтінін де айтып жаттыр. Дүйсенбінің кешінде бағдарлама расымен де желіде болмады. Бірақ, арна қызметкерлері мұның барлығы техникалық мәселелерге байланысты екенін айтты.

Қорқатын не бар? Эфир соңында жүргізушілер бағдарламаның жазғы демалысқа кететінін хабарлады. Ал күзге дейін бәрі барлығын ұмытады.

«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»

Әдейі ме әлде кездейсоқ па, «Аналитика» бағдарламасының бұл аптадағы шығарылымында барлық тақырыпты «Дайынсыз ба, дайын емессіз ба?» деген сауал төңірегіне біріктіріпті.

Қазақстанда сайлаудан кейінгі митингілер туралы бірінші материалдан-ақ инстаграм-вайнер Мейіржан Төребаевтың «Біз бейбіт митингілерге дайын емеспіз» деген сөзін келтіреді. «Аналитика» бағдарламасы митингілер туралы қысқа көрсетті. Сайлау түнінде Әміржан Қосановтың әлі шықпаған сайлау қорытындысын мойындап мәлімдеме жасауынан сайлаушылардың көңілі қалғаны, ақын Ринат Заитовтың партия құру және кейінгі тұтқындаулар туралы мәлімдемесі, сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар туралы да ештеңе айтпады.

«Аналитика» бағдарламасының басты кейіпкері — «заңсыз митингтердің ұйымдастырушысы» Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ ұйымының жетекшісі, шетелде жасырынған Мұхтар Аблязов болды.

Екінші материал Қазақстан президентін ұлықтау рәсіміне арналды. Мұнда журналистер биліктің халықпен диалогқа дайын екенін айтады. Әйткенмен, сюжетте Тоқаевтың баспасөз-конференциясындағы «кез келген сұраққа жауап беремін» деп айтқанын емес, Euronews телеарнасына сұқбатында айтқанын берді.

Ұлықтау рәсімі туралы сюжетте күтпеген шешімдер баршылық. «Іс-шараға Қазақстанның тұңғыш президенті қатысты» деп таптаурынмен айтудың орнына «Бір қонақтың келуі – іс-шараның ерекше көрінісіне айналды» деп, Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрісін көрсетті. Таңғалдырғаны – Елбасы сабақтастығы туралы ешбір сөз айтпады. «Тоқаев саундтрек таңдады» деп, сюжет соңы Назарбаевтың сөзіне жазылған әнді шырқаумен аяқталды.

Бағдарламада интернет-алаяқтар, дәрігерлер күнінен репортаж, тағайындаулар мен түрлі төтенше оқиғаларды да көрсетіп, танылмаған ұшатын объектілер туралы күтпеген сюжетпен қорытындылады.

Біз интернеттің бірнеше сағат бойына қолжетімсіз болуын осымен байланыстыратынын күтіп едік. Бірақ, бұл материалдың ақпараттың түрткісі жоқ екен. Тек кейбіреулер бөгдепланеталықтарды көретінін себеп қылыпты. Сарапшылардың айтуынша, біз бөгдепланеталықтарға әлі дайын емеспіз.

Расымен де олар бізге ұшып келіп жатса, оларға қызықсыз боламыз.

«7 күн», «Хабар»

«7 күн» деректерді салтанатты мәлімдеуден бастады: Қазақстанда алғаш рет президенттің ант беру рәсімін Назарбаев жасамады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне 20 минут эфир арнады.

Журналистер көркем пафостің ең үздік үлгілерін жинаған екен. Тіпті мұндай маңызды оқиғаны бар жағынан көрсету үшін оркестрмен де күзетпен де әңгімелескен. Осылайша билікке адами келбет беруге тырысады.

Ұлықтау рәсімін көрсеткеннен кейін әлемдік қауымдастықтың «Қазақстандағы билік транзитінің аяқталуына» қатысты пікірін беруге өтті. Бәрі де барлығының бейбіт әрі тыныш және заңды өткеніне мадақ айтып жатты. Тоқаевты дана адам деп сипаттады. Тіпті Зеленский де разы.

Әрмен қарай жаңа президенттің кіммен кездескенін, кімге қандай нұсқау бергенін, 10 басым бағытын әңгімеледі. Мұның арасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісін

  • бәсекелестері мойындағаны;

  • Қырғызстанға барғаны;

  • Тәжікстанға сапарлағаны да бар.

Нұрсұлтан Назарбаев туралы бір ауыз айтпады. «7 күн» бағдарламасына бұдан былай ескі және жаңа президенттің арасында жүгірудің қажеті болмайтын сияқты. Бағдарлама соңында құтқарушылар туралы және медицина қызметкерлері күні туралы екі сюжет шықты.

Apta, QAZAQSTAN

Apta авторлары бағдарламаның алғашқы 10 минутын басқалары сияқты президент ұлықтау рәсіміне арнады. Тілші Тоқаев тұрған мінберден стендап жасады. Қазақ хандарын бұрындары «Ақ киізге отырғызып, хан көтеру» салтымен таққа отырғызғанын айтып өтті.

Жаңа сайланған президенттің отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен баспасөз-конференциясы туралы да егжей-тегжейлі әңгімеледі. 100-ден астам журналист қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 30 шақты сұрақ қойды. Президент-полиглот барлығына жауап берді. Митингтер туралы сұрақты да көрсетті. Тоқаев азаматтардың өз пікірін білдіру құқы бар екенін, бірақ тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргендер болғанын да айтты. Бәрін де әлеуметтік желі арқылы байланысуға шақырды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы материалда саясаттанушы Айдос Сарым реформа қажет екенін, барлық мәселені диалог пен сенім негізінде шешу керегін айтты.

Бағдарламада

  • Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен студияда сұқбат;

  • Нұр-Сұлтанға жаңа әкім — «Болашақ» түлегі Алтай Көлгінов тағайындалғаны;

  • Бішкектегі ШЫҰ саммиті

  • Душанбедегі АӨСШК саммиті;

  • Полиция күніне қазақстандық полицейлер туралы сюжет;

  • Қазақстандық еңбек нарығының мәселелері;

  • Қазақстанда ауылдардың жойылып бара жатқаны туралы (соңғы 28 жылда Қостанай облысында 300-ден астам ауыл жойылған)

    тақырыптар енді.

Тұтастай алғанда, Apta авторлары апта бойындағы маңызды тақырыптардың барлығын қамтығанымен, көзге түсер, іліп алар ештеңе байқалмады.

«Басты бағдарлама», «Бірінші арна Еуразия»

«Бірінші арна Еуразия» телеарнасының қорытынды бағдарламасы да президентті ұлықтау рәсімінен басталды. Егжей-тегжейімен көрсетті.

Содан кейін Тоқаевтың тағайындауларын, ауыс-түйістер жайын баяндады.

Ел астанасын басқарған Бақыт Сұлтановтың әкімдік қызметіне бірнеше минут тоқталды. Оның кезінде қандай оқиғалар болғанын (негізінен, қайғылы оқиғалар: кәріз шұңқырына түсіп, көз жұмған балалар, өртеніп кеткен сәбилер) еске түсірді.

Келесі сюжет тіпті тосын болды. Бағдарламаның орысшасындағы танылмаған ұшатын объектілер туралы сюжеттен де тосын шықты. Журналистер Алматының Көк базарында жан-жануарлармен жыныстық қатынастың порнодискілерін сататындар туралы сюжет көрсетті.

Сатушыларды жасырын камерамен түсіріп, қандай жануарлар барын да сұраған. Психологтардың айтуынша, зоофилия – дерт емес, өзіне сенімсіз болудың көрінісі. Полицейлердің мәлімдеуінше, жануарлармен порно да порноөнімге жатады, бұған заңда жаза белгіленген.

Бағдарлама жануарлардан балаларға өтті. Бала еңбегін пайдалану туралы үлкен материал дайындапты. Бір әттеген-айы, сюжет авторлары кадрлардағы бір де бір баланың бетін жаппады.

Бағдарлама филолог Айгүл Смақовамен Алматы студиясына болған сұқбатпен аяқталды. Сұқбатта білім саласының мәселелері туралы талқы болды.

«Жаңа репортер» қазақстандық телеарналардың апталық қорытынды бағдарламаларына мониторинг жасайды. Шолуымыз барлық бағдарлама жазғы демалысқа кеткенше жалғасады.

Жәнібек Нұрыш

Мерекеге айналған сайлау: 3-9 маусым аптасына твшолу

3-9 маусым аптасының басты жаңалығы – жексенбі күні өткен Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы. Сенбіде сайлау туралы айтылмады, өйткені сайлау өтерден бір күн бұрын «тыныштық күні» жарияланады. Сондықтан шығар, көптеген сенбілік бағдарлама эфирге шықпады. «Сайлау туралы айтпасақ, онда ештеңе айтудың қажеті жоқ» деп шешсе керек. Есесіне, бұл телеарналар апталық қорытынды бағдарламаларын жексенбілік жаңалықтармен алмастырды.

Шолуымыз да әдеттегіден қысқа болды. «Бірінші арна Еуразия» және «Хабар» телеарналарының бағдарламалары ғана енді.

«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»

«Аналитика» бағдарламасы 9 маусым – жексенбі күні сағат 20:00-де басталды. Бұл кезде Қазақстанның басым бөлігінде (ең батыс шеттегілерін қоспағанда) сайлау учаскелері жабылды. Кейбір шетелдік сайлау учаскелері жұмыс істеді. Әйткенме,н сайлау қорытындысы туралы айтуға әлі ерте еді. Десе де бағдарлама сайлаудың қалай өткені туралы егжей-тегжейлі сюжетпен басталды.

Тілшілер бірнеше облыстағы сайлау жайын көрсетті. Мәселен, Павлодар облысының бір ауылында журналист сайлаушыдан: «Жексенбіде ертелетіп жүрсіз, ұйқыңыз келмей ме» деп сұрады. Адамдар сайлаудың араласуға мүмкіндік екенін айтады. Тіпті сайлауды мерекеге айналдырғандары да болды (кеңес заманынан қалыптасса керек). Халықаралық бақылаушылар сайлаушылардың шат-шадыман күйде, тіпті ұлттық киімде келіп жатқанын растайды. Әйелдер кандидаттарға махаббатын білдіріп те жатыр. Тіпті әскерилер де дауыс берді. Олардың көбі 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысуда.

Өскеменде күйеуі мен қалыңдығы АХАЖ-ға барар алдын сайлау учаскесіне кіруді ұйғарыпты. Айтуларынша, өмірлерінің жаңа баспалдағы елдің жаңа кезеңімен қатар басталады.

Осындай қуаныш пен шаттық күйін бейнелеген сюжет Елбасы қалай дауыс бергені туралы қысқа есеппен аяқталады: ол сайлау бюллетенін сайлау жәшігіне тастап, барлық демократиялық елдерде билік міндетті түрде ауысы қажет екенін мәлімдейді. Сонымен шымылдық.

Сайлаудан кейін тағы бір маңызды тақырыпқа ойысты. Қазақстанда теңге құлдырайтыны жөнінде өсек-аяң желдей есіп жүр. Ұлттық банк мұны терістесе, полицейлер со ақпарды таратушыларды іздеп жүр.

Келесі сюжеттің кіріспесі: Иранда пара алған адамның саусақтарын кесетін құрал жасап шығарумен басталды. Ал бізде Ұлттық тест орталығының бұрынғы жетекшісі жемқорлыққа қатысты істі болып жатыр. Бұған қоса білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл сюжетте парақорлар туралы бірнеше хикая бар. Мәселен:

  • Түрме бастығы гашиш қосылған шай алып кіруге рұқсат еткен;
  • Армреслинг бапкері 8 млн теңгелік іске шатылды;
  • Отбасылық жұп, әйелі – шенеунік, сүрілетін үйді иемденіп, өтемақы алып отырған, оларды түрмеге жапты;
  • және тағы басқа

Пара алу/беру тақырыбындағы тізбек «12 стульев» және «Кавказская пленница» фильмдерінің кадрларымен креативті алмасып отырды.

Аптаның өзекті тақырыбының бірі — Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы аналар пикетке шықты. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Олардың ешбірі жұмыс сұрамады, бәрі де баспана мен несиелерін жоюды талап етті» деп пікір білдірді.

Бағдарламаның және бір негізгі сюжеті – «Суға батқандарды құтқару» тақырыбымен шықты. Жазда өте өзекті мәселеге айналатын жағдай – Қазақстанда балалар суға кетіп жатыр. Құтқарушылар судағы баланың денесін алып шығудың аса ауыр екенін айтады. Аз уақыт бұрын асыр салып ойнап жүрген балалар туралы көп оқиғалар, хикаялар әңгімелейді. Олардың қалай көз жұмғанын да егжей-тегжейлі айтады. Нәтижесінде, бұл сюжет аса эмоциялы, әсерлі әрі үрейлі болып шықты.


Төтенше жағдай тақырыбын «Аналитика» бағдарламасының тұрақты айдары – «Мелочей не бывает» жалғастырды:

  • балалар электр тогынан көз жұмуда– көшеде ашық электр желілері кездеседі;
  • балалар батутта қаза болуда;
  • Рудныйдағы аса қауіпті шолу дөңгелегі;
  • Шымкентте цистерна жарылды;
  • Алматы және Түркістан облысынтарында сел жүрді;
  • Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірінде жылдамдық шегін өзгерткенімен белгі ілмеген;
  • Қарағандыда бұзақылар зообақтағы арыстандарға тиіскен.

«Аналитиканың» ақырғы сюжеті әдеттегідей жақсы жасалған. Мұнда GGG-дің жаңа жеңісі туралы айта келіп (ол жексенбінің таңында қарсыласын нокдаунға жіберді, бұл жекпе-жекті орталық сайлау учаскелерінде тікелей эфирде көрсетті).

Ақыр соңында аса түсініксіз, бірақ эмоцияға толы материал: әнұран айтып, Абай шығармаларын камераға қарап оқитын патриоттық акциялар жайында болды.

«7 күн», «Хабар»

Орысша «7 күн» бағдарламасының атауына бүгінгі Қазақстанда өзекті тақырыптар: көше, әуежай және астана атауларын өзгертуді қосуға болады. 19 мамырға дейін бұл бағдарлама «3/4-ін президентке арнасақ, қалғанына үлгереміз» форматында еді. Соңғы айларда «Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті күні және Тоқаев туралы аз-маз әңгімелейік» форматына өтті. Тіпті сайлау күні де жағдай өзгермеді. Бағдарламаны тұтастай билік транзитіне және тұңғыш президенттің оқиғалар тізбегіне арнады. Жүргізуші Александр Трухачевтің айтуынша:

  1. Қазақстан – оның жасағаны;
  2. Тұңғыш президент әкімшілігіне маңызды құзіреттер берілген;
  3. Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы – оның әлемдік саяси аренадағы тұлғасына деген қызығушылықты әсте түсірмеді;
  4. Жаһандық саясат Қазақстан тұңғыш президентінің тәжірибесіне аса мұқтаж

«7 күн» бағдарламасының бұл эфирінде басқа ештеңе айтылмады.

«Басты бағдарлама», «Бірінші арна Еуразия»

«Бірінші арна Еуразияның» қазақ тіліндегі апталық қорытынды бағдарламасы 8 маусым – сенбі күні шықты. «Тыныштық күні» болғандықтан сайлау туралы ештеңе айтпады, көрсетпеді. Бағдарлама аптаның ең даулы жемқорлық оқиғасы – ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның тұтқындалуынан басталды. Ол апта бұрын Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірген еді. Журналистер «енді осыдан кейін министр Күләш Шәмшидинова отставкаға кете ме» деген қисынды сұрақ қойды. Министрдің өзі «мұны уақыт көрсетеді» деп жауап берді.

Тағы бір тақырып: жемқорлықпен күрес агенттігінің жетекшісі Алик Шпекбаев «Казахстанская правда» газетіне сұхбатында: шенеуніктердің кірісін бақылайтын заң қабылдау керегін айтыпты. Ал жемқорлардан алынған ақшаны аз қамтылған отбасыларға беру қажет.

Келесі тақырып та аса өзекті: Сенат отырысында қазақстандық ұлттық холдингтердің шығыны шаш-етектен жобаларын қарады. Жоғары палата депутаты Ерболат Мұсаев квазимемлекеттік сектордағы тиімсіз компанияларды жабуды ұсынды.

Тақырыпты қаржы пирамидалары туралы сюжетпен жалғастырды. Адамдар қаржылай сауатты бола бастаса да алаяқтардың арбауына түсетіндер саны жылдан жылға көбеюде. Авторлар алданғандардың бетін жабуды ұмытпапты. Сарапшылар алаяқтың құрығына түсуден сақтануға қатысты кеңес берді. Креативті стендап та ұмыт қалмады: тілші тақтаға қаржы пирамидасының суретін сызып, сосын өшіріп тастады.

Келесі тақырыпта бағдарлама авторлары Ақтөбеде шал кісінің қызға конфет беріп алдап, зорламақ болғанын айтты. Сюжет авторы химиялық кастрацияда қолданылатын дәрі күшін әлсіретуге бола ма, педофилдерді қалай жазалау қажет, сұрақтарына жауап іздеді. Материалда сахналық қойылым түріндегі кадрлар қолданылады, әлдебір жазушы педофилдерді өлім жазасына кесу керегін айтады.

Бағдарлама соңында авторлар жемқорлық тақырыбына қайта оралады. Студияда экономист Мақсат Халық сұқбат береді. Ол ел экономикасына жемқорлықтың қандай зиян келтіретін айтып, шетелде жемқорлықпен қалай күресетініне тоқталад.

«7 күн», «Хабар»

«Хабар» телеарнасының қазақша «7 күні» де сенбіде шықты. Міне, сондықтан да мұнда сайлау туралы айтылмады. Бағдарлама Нұрсұлтан Назарбаевтан басталды. Әрмен қарай тек сол туралы көрсетті. Атап айтқанда:

  • Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы орынбасарымен кездесуі;
  • Елбасының тәуелсіз шетелдік бақылаушылармен кездесуі;
  • Елбасының құрметті сенатор атануы;
  • Елбасының Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефонда сөйлесуі;
  • Елбасының өз өкілеттігін тапсыруын әлемдік қауымдастықтың жоғары бағалағаны;
  • Елбасының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы;

Әрмен қарай Тоқаев тақырыбына ойысты: Тоқаевтың Жамбыл және Маңғыстау облыстарына сапарына әрқайсысы 10 минуттық екі сюжет берді. Сосын президенттің Ораза айт намазында Нұр-Сұлтан мешітіне барғаны жөнінде екі минут көрсетті.

«Хабар» эфирінде «тыныштық күні» қос президенттен басқа тақырыптарға да аз-маз орын табылыпты:

  • ІІМ және ҚАЖК жұмысын жаңғырту
  • Қазақстанда киберспорттың дамуы

Алдағы аптаның қорытынды бағдарламасында сайлау тақырыбына кеңінен тоқталса керек. Сонда көріп, міндетті түрде сіздерге жеткіземіз.

Жәнібек Нұрыш

Батуттар және дебаттар: апталық қорытынды телебағдарламаларға шолу. 27 мамыр – 2 маусым

Қарағандыда үрмелі батутта болған қайғылы оқиға, президентке үміткерлердің 14 жылдан бергі алғашқы дебаты. Өткен аптаның ең танымал тақырыптары осы болды. Алайда «эксклюзив» жасаған бағдарламалар барын атап өткен жөн. Өткен аптаның «эксклюзивтері» әралуан. Қайыршы-балалардан басталып марихуанаға жалғасып, гипнозшыларға ұласып, тәтті-тәпсекке дейін барды. Осылайша, өткен аптының қорытынды бағдарламалары «әрі пайдалы әрі дәмді» боп шықты. «Жаңа репортердің» 27 мамыр-2 маусым аралығындағы апталық қорытынды бағдарламаларға шолуына «Хабар», КТК, «Бірінші арна Еуразия» және ASTANA TV телеарналары енді.

«Большие новости», КТК

«Большие новости» эфирді соңғы күндердің ең төтенше оқиғасымен бастады. Кіріспесіне тың жаңалық – Қостанайда жел батутты ұшырып әкетті. Абырай болғанда, жапа шеккендер жоқ. Ғажаптан аман қалыпты. Бұл соңғы күндері батутқа қатысты үрейлі оқиғалардың үшіншісі. Солардың арасындағы ең қайғылысы – Қарағандыдағы оқиға. Қарағандыда үрмелі батутта екі бала жарақаттанып, бір бала көз жұмды. Батут проблемасы: Қазақстанда бұл аттракциондарды ешкім қадағаламайды. Ал батут бизнесі әрі табысты әрі тез қайтарымы бар бизнес екен.

Автор парктердегі үрмелі батуттардың орнына балама ретінде қымбат та қауіпсіз, яғни ойын-сауық орталықтарындағы батут кешендерін пайдалануды ұсынады.

Екінші елеулі оқиға — «Большие новости» эфирінде екінші қатарға шықты. 14 жылдан бері Қазақстанда президентке кандидаттардың сайлауалды дебаты өтпеген еді. Міне, өтті. Бірақ, бұған Қасым-Жомарт Тоқаев келмеді. Жүргізуші 2006 жылғы дебатқа Назарбаевтың да келмегенін айтып өтті. Бұл дебат журналистердің көп сұрағын тудырды. Мәселен, дебат неліктен «Дебатыжәне дискуссии» деп аталды. Мұндай тавтологияның не қажеті бар? Бірақ, дебат тақырыбына көп тоқталмады. Эфир уақытын аяса керек. Өйткені, заңға сәйкес, барлық кандидатты бірдей көрсету қажет. Ал бұған көп эфир уақыты жұмсалады.

Бұл аптада Қазақстанда «Жусан» операциясының үшінші – қорытынды кезеңі аяқталды. Сирия жерінен жүздеген қазақстандық баланы қайтарған операция. Соны айтып өткен жүргізуші жаз келіп, балалардың демалысқа шыққанын айтты. Келесі сюжеттің тақырыбы – балалар тек тынығып қана қоймай, жұмыс істейді. Ата-анасына жәрдем етеді. Бірақ, балалар омбудсменіне бұл ұнамайды. Жылдың қай мезгілінде де қала көшелерінде қайыршы-балалар көп жүреді. Не істеу қажет? Бағдарлама жүргізушілерінің бірі Анна Яломенко сюжетінде осы сауалға жауап іздейді.Бір айта кетерлігі, сюжеттің көп бөлігінде балалардың беті бұлыңғыр етілмеген. Тек кейбіреуінің бетін жабады. Автордың бетті бұлыңғыр етуді қандай ретпен қолданғанын түсіну қиын. Бұл этикаға жат әрі заңсыз әрекет саналады.

Бағдарламаның тағы басқа тақырыптарының қатарында: «Экономикалық шолу» тұрақты айдары бар. Аталған айдардың осы аптадағы тақырыптарына Қазақстанда пальма майына тыйым салудың қаралып жатқаны еніпті. Кондитерлердің айтуынша, онда тәтті-тәпсектің бағасы қымбаттайды. Қазақстанда марихуананы кім заңдастырғысы келеді? Бұған не себеп? Түрмеге түспес үшін қандай көлемді қолданған жөн? Алматылық жасөспірімдер театры балаларға қайырымдылық акциясын өткізді.

«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»

Бірінші арна Еуразия телеарнасының «Аналитика» бағдарламасының қазығы — бей-жай қарамаушылық туралы материал болды. Ақпараттық түрткі – Қарағандыда баланың батутта көз жұмуы. Журналистер оқиға  және биліктің кінәлілердің қалай іздегені туралы егжей-тегжейлі айтты. Сосын кенеттен батут тақырыбынан Алматыда сүңгі құлап, көз жұмған әйел, Қостанайда кірпіш түсіп, әрең аман қалған әйел туралы тақырыпқа ойысты.

«Аналитика» аптаның саяси оқиғаларын тез тізіп шықты. Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тусктың Қазақстанға сапары, Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақ саммиті, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде гүл шоқтарын қою. «Жазға туфли емес, бес жылға президент таңдаймыз» деген жүргізуші президентке кандидаттар туралы да олардың сайлауалды бағдарламалары туралы да айтпады.

«Аналитика» бағдарламасының үлкен материалының бірі сұлулық клиникаларының жұмысындағы жөнсіздікке арналыпты. Көптеген дәрігерлер қызмет алушыларды сертификатсыз қабылдаған және лицензиясы жоқ дәрілерді қолданған. Сюжетте бірнеше клиниканың атауы аталғанымен ешбірінен екінші тараптың пікірін бермеген.

Бағдарлама апта жаңалықтарының үзіктерімен аяқталады. «Мелочей не бывает» айдарына ажырасулардың артқаны, бұған қазақстандықтардың атаулы әлеуметтік көмек алуға ұмтылысы әсер еткені еніпті. Тағы бір жаңалықтар үзігі Youtube стилінде жасалыпты. «Аналитика» Маңғыстау облысындағы басшылардың мүмкін төбелесін визуализациялаған.

«7 кун», «Хабар»

Тұңғыш президентке 40 минут, Нұр-Сұлтандағы ЕАЭО саммиті туралы 4 материал, екінші президенттің қызметіне аз минут және президентке үміткерлердің дебаты. «Хабар» телеарнасындағы «7 күн» бағдарламасының бар көрсеткені осы болды.

Алғашқы 15 минут ЕАЭО саммитіне арналды. Назарбаевтың стратегиялық ойлауы, келешекті көре білетін дарыны, ЕАЭО жоғары кеңесінің құрметті төрағасы атануын көрсетті. Әрмен қарай Назарбаевтың бес бастамасын айта келе, оның ЕАЭО елдері басшыларымен кездесуіне ауысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрсұлтан Назарбаев орденімен Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттерін марапаттағанын да көрсетті. Армения мен Тәжікстан басшылары бұл марапаттан құр қалды.

Назарбаев университеті студенттерінің мерейтойлық университет бітіруі туралы сюжетінің де басты кейіпкері Нұрсұлтан Назарбаев болды.
Бағдарлама екінші президент Тоқаевтың қызметі және дебат туралы сюжетпен жалғасты. Репортажға барлық кандидаттың сөйлегені қысқа-қысқа еніпті.

«Басты бағдарлама», «Бірінші арна Еуразия»

«Бірінші арна Еуразия» телеарнасының қазақ тіліндегі сараптама бағдарламасы қысқа шықты. Небәрі, 27 минут. Бағдарлама президентке үміткерлердің дебатынан басталды. Жүргізушілер дебат туралы сюжет кіріспесін «Басты үміткердің өзі келмеген сөз сайысы – демократияның көрсеткіші ме, әлде көлеңкесі ме?» деп бастағаны таңғалдырды.

Сюжетке кіріспенің басты ойы – дебатқа қатысушылардың ана тіліне деген құрметіне төңірегінде өрбіді. Бағдарлама авторлары дебат тақырыбына КТК-дағы әріптестері секілді емес, эфир уақытын аямай-ақ беріпті. Барлық кандидатты көрсетіп те, сөйлетіп, сұрақтарын қойдырып та үлгерді. Тіпті біздің дебатты Киевтегі Зеленский мен Порошенко дебатымен де салыстырды.

Содан кейін жарнама арқылы саясаткерлер тақырыбынан гипноз сюжетіне өтті. Ақпараттық түрткі – интернетте гипноз көмегімен қыздарды алдап-арбап түсіруге үйрететін хабарландырулардың пайда болуы. Мұны тексеруге еркек-тілшіні емес, әйел-тілшіні жібергені қызық. Ол кәсіби гипнозшылардың пікірін алып, заңгермен сөйлесіп, гипнотерапевтпен әңгімелесіп, тіпті «гипнозға үйрететіндердің» бірімен аудиохабар алмасты.

Келесі матриал – қазақстандық жұлдыздардың челленджі – аналарының аяғын жуып беретін видеосын таратуына арналған. Журналист Мәди Манатбек бұл флешмобты сынайтын пост жазып, тіпті телеарнаға сұқбат та беріпті. Ол постында да, сөзінде де жұлдыздар осылайша өздерін жарнамалап жүргенін айтады. Авторлар сонымен қоса осы челленджге қатысқан әнші Төреғали Төреәлінің ел сахналарының бірінде кәрі кісіні залдан шығарып жібермек болғанын, бір баланың аузына түкіргенін де еске түсіреді. Ал Димаш болса баланың аузына түкірмей, қолына алып, бетінен сүйеді екен. Тілшілер мұны да кірістіріп өтеді.

Бағдарлама Қазақстанда отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып жатқаны туралы материалмен аяқталды. Ал Тоқаев болса мұнымен күресуді тапсырады. Сондай-ақ, мемлекеттен көмек күтпей-ақ, жаңа кәсіп игеріп, бизнес ашқан отбасыларды да көрсетті.

«Біздің уақыт», ASTANA TV

ASTANA TV телеарнасының қазақша қорытынды бағдарламасының эфирі батуттан да, дебаттан да емес, Нұр-Сұлтандағы орталық мешітте өткен Қадір түнінен бастады. Бұл аз ғана, жарты минуттық видео болды. Содан кейін 3 минут бойына елордада өткен ЕАЭС саммитін көрсетті. Литвадағы президент сайлауынан айта келе, жеңіске жеткен Гитана Науседаның «өз елін батыс пен шығыс арасындағы көпір емес, батыс екенін» айтқан сөзін берді.

Қазақстан медицинасының мәселелеріне үлкен сюжет арналыпты. Мұнда кадр жетіспеушілігі, жалақының аздығы, дәрі-дәрмектің қымбаттығы да енген. Дәрігерлердің біліксіздігінен зардап шеккен қазақстандықтар да бар. Мәселен, Шымкенттегі төрт ай бойына соқырішек диагнозы қойылмай, әбден азаптанған Александра Песецкая хикаясы.

Басқа тақырыптардың қатарында, президенттің қарапайым заттар экономикасын дамытуға 600 млрд теңге бөлгені, бірақ бұл қаржының кәсіпкерлерге жетпей жатқаны, оңтүстік өңірлердің тұрғындарын солтүстік облыстарға қоныстандыру бағдарламасы, қоныс аударғандардың тұрмысы, Өскемендегі көпір құрылысы да бөлек-бөлек тақырыпқа айналды.

Театр және жастар: неліктен жастар театрға бармайды? Міне, осы сауалдың жауабын іздеген сюжет бағдарламаның ең үлкен материалына айналды. 10 минуттан көп уақыт арнапты. Авторлар осы сауалдың жауабын аудиторияға жеткізу үшін 10 минутты сарп етеді. Жауабы қарапайым: бәріне кінәлі смартфон мен интернет екен.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне видеоэтюд көрсетумен бағдарлама аяқталды.

Бағдарламада дебат туралы ләм-мим деп жақ ашпағандары қызық көрінді. Мүлдем дебат болмағандай, өтпегендей әсер қалдырды. Президентке үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары туралы қысқа шолу жасады.

Айта өтелік, біз отандық телеарналардың апталық қорытынды бағдарламаларына апта сайын шолу жасаймыз. Келесі шолуымыз қызық болғалы тұр: сайлауалды науқанынның соңғы күндері, әрмен қарай сайлау аяқталады. Асыға күтеміз!

Жәнібек Нұрыш

Осы аптада — сайлау: журналистер мен редакциялар нені ескеруі қажет?

Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына аптадан аз уақыт қалды. Журналистер мен редакциялардың алдағы күндері сайлау барысынан және сайлау учаскелеріндегі дауыс санау процесінен хабар таратқанда неге мән беруі қажетін баяндаймыз. Сайлау барысынан хабар таратқанда не білу керегін бұған дейін мұнда және мұнда жазғанбыз.

Абайлаңыз: қоғамдық пікірге сауалнама

«Жаңа репортер» бұған дейін БАҚ редакцияларына қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгенде абай болуға кеңес берген. Өкінішке қарай, қаупіміз расқа айналды. Бірнеше редакция сайттарында сауалнама жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін де БАҚ редакциялары қоғамдағы өзекті және саяси тақырыптарға қатысты апталық әдепкі онлайн-сауалнама жариялап келді. Басқа уақытта ешкімді де қызықтырмайтын сауалнамалар сайлау науқаны кезінде айыппұлға ілінді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу және соны жариялау талаптары қатаңдатылды. Өкінішке қарай, «қоғамдық пікірге сауалнама» термині сотта да, ҚР ОСК-ның да түсіндірмесінде кең мәнге ие екені соншалық, бұған арнайы әлеуметтік қызметтер де, кез келген жеке не заңды тұлғалар да телефонмен және онлайнда жүргізетін сауалнамалар енеді. Мұның қатарында БАҚ та бар. Сауалнама репрезентативті іріктеліп, белгілі бір әдістемеге сәйкес жүргізіле ме әлде бір медианың аудиториясына жасала ма – маңызды емес.

Дауыс беруге алты күн қалды (3 маусым, дүйсенбі)

  • Ешқандай сауалнама жүргізбеңіз;
  • Егер қоғамдық пікірге сауалнама негізіндегі материал жарияласыңыз, сол сауалнаманы кім жүргізгенін міндетті түрде тексеріңіз. ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, өздерінің қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу қызметі жайында тек екі ұйым: «Қоғамдық пікір институты» ҚБ және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС хабардар етіпті.
  • Материалды жариялар алдын міндетті түрде: сауалнама жүргізген заңды тұлғаны, сауалнамаға тапсырыс берушіні және ақысын төлеушіні, сауалнама жүргізу мерзімін, ақпаратты жинау әдісін, сұрақтың дәлме дәл тұжырымын, сұралғандар санын және сауалнама нәтижесінің дәлсіздік пайызын көрсетіңіз.

Дауыс беруге бес күн қалды (4 маусым, сейсенбі): Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi.

«Тыныштық күні» (0 сағат, 8 маусым, сенбі): кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын жариялауға болмайды. Сайлауалды үгіт-насихат аяқталды. «Тыныштық күнінде» алдын интернетте жарияланған үгіт-насихат материалдары ғана бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстардың бас бетіне шығаруға болмайды.

Дауыс беру күнінде (9 маусым, жексенбі):

  • БАҚ өкілі-журналистері дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, сондай-ақ, дауыс санау кезінде сайлау учаскелерінде бола алады. Өзімен бірге жеке куәлігі және редакция тапсырмасы болуы қажет.
  • Сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын өз орнынан бақылауға, ғимарат ішінде фотовидеотүсірім жасауға болады. Дауыс беру кабиналарына кіруге және ішін фотовидеоға түсіруге болмайды.
  • Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге болмайды. Шынтуайтына келгенде, сайлаушылардан кімге дауыс бергенін сұрауға болмайды.
  • қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелеріне болжамдарды, сайлауға қатысты басқа да зерттеулерді жариялауға, кандидаттарды қолдауға бағытталған онлай-дауыс беруді жүргізуге болмайды.
  • Журналистер бюллетень толтыруға көмекті қажет ететін сайлаушыларға дауыс беру кезінде көмектесуіне болмайды.
  • Журналистер де бақылаушылар сияқты дауыс беруге арналған үй-жайдан тыстағы дауыс беру туралы хабардар етілуі міндетті. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыста дауыс беретін жағдай болса, бақылаушылар немесе кандидаттардың сенімді өкілдері сайлау учаскесіне келіп дауыс бере алмайтын сайлаушыларға дауыс беру урнасын алып барарда бірге жүруіне болады.
  • Журналистер дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыс санау барысына қатысуына және бақылауына болады. Дауыс санау сағат 20:00-де басталып, қорытындысы шыққанға дейін үзіліссіз жалғасады (бірақ 12 сағаттан аспайды). Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыс санау өтетін үстелдер сондағы адамдардың бәріне де учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің іс-қимылдары көрінетіндей етіп қойылады. Дауыс санауға қатысатын сенімді өкілдер және бақылаушылар олардың іс-әрекетін бюллетендегі белгілер көрінетіндей қашықтан бақылайды.

Дауыс санау тәртібі

Әрбір кандидат бойынша дауыстарды жеке санайды. Комиссия төрағасы дауыс берудің аяқталғанын хабарлағаннан кейін сәйкес сайлау комиссиясының дауыс беру бюллетендері салынған урналарды ашады. Дауыс беру аяқталғанға дейін сайлау жәшігін ашуға тыйым салынады.

Ең алдымен учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізіміне қарап, бюллетень алған сайлаушылардың санын есептейді, осылайша жалпы санын шығарады. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы не комиссияның оны алмастыратын мүшесі есептеу нәтижесін хабарлайды және дауыс беру нәтижесі жазылатын хаттамаға енгізеді.
Ең алдымен жылжымалы сайлау жәшіктері, сосын дауыс беруге арналған үй-жайда қойылған сайлау жәшігі ашылады. Сайлау бюллетендерін санағанда комиссия төрағасы немесе комиссия мүшесі қатысушыларға сайлау бюллетенін көрсетеді және сайлаушының таңдауын жариялайды. Осылайша бюллетендер сәйкес кандидаттың бумасына немесе жарамсыз бюллетендер бумасына қойылады.

Назар аударыңыз: Жылжымалы сайлау жәшігінен шыққан бюллетендер саны lауыс беруге арналған үй-жайдаy тыста дауыс беруді сұраған жазбаша өтініштердің санымен бірдей болуы міндетті. Егер жылжымалы сайлау жәшігіндегі бекітілген үлгідегі сайлау бюллетендерінің саны жазбаша өтініш санынан артық болса, онда бұл сайлау жәшігіндегі барлық сайлау бюллетендері жарамсыз танылуы міндетті.

Мұндай жағдайда жылжымалы сайлау жәшігінен алынған барлық сайлау бюллетендерін жарамсыз деп тану туралы акт толтырылады. Акт қағазында ғимараттан тыстағы дауыс беруді өткізген комиссия мүшелерінің аты-жөні толықтай көрсетіледі.

Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін дауыс беру қорытындысының хаттамасы толтырылады. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды. Сол хаттама сайлау учаскесіне ілінеді. Дауыс беру қорытындысы аумақтық сайлау комиссияларына жолданып, одан әрі ҚР ОСК-ына жіберіледі.

Сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Сайлаудан кейін

Сайлау қорытындыларын жариялағаннан кейін 10 күн ішінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың қорына түскен қаржының жалпы сомасын, қайнаркөздерін жариялайды.

Жәнібек Нұрыш

Ғашық имам, жемқорлық және мектеп бітіру кеші. Мамырдың төртінші аптасына твшолу

Өткен аптаның, яғни 20-26 мамырдың бас тақырыбы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқорлықпен күрес мәлімдемесі болды. Президент парамен ұсталған шенеуніктердің басшысы қызметтен кетуін қалайтынын айтты. Апталық қорытынды бағдарламалар бұл тақырыпты әрқалай көрсетті. Ппрезидент алға шығарғаны, жемқорлыққа баса мән бергені де болды. Әдебінен таймайтын «Хабар» телеарнасынан басқа телеарналалардың көтерген тақырыптарының алуандығы тағы да қуантты. Әрқайсысы түрлі эксклюзив ұсынды. «Жаңа репортер» редакциясының 20-26 мамырдағы мониторингіне «Хабар», «Бірінші арна Еуразия», КТК және ASTANA TV телеарналары қамтыдық.

«Избранное за неделю», ASTANA TV

Бағдарлама авторлары эфирді аптаның бас жаңалығы – Тоқаевтың жемқорлыққа қатысты мәлімдемелесінен бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен жүйелі күресуді айтты. Ол бағыныштысы пара алған басшыларды да қызметінен қууды ұсынды.

Қазақстанда мұндай бұған дейін болған. Бірақ ASTANA TV телеарнасының журналистері мұны білмесе керек не еске түсіруді құп көрмепті.

Материал сюжетке тартпағанымен де саясаттанушы Досым Сатпаевтың пікірін қосыпты. Ол мемлекеттік қызметтің касталық элитаға айналмай, мемлекеттік қызметкер сол қызметінде мемлекет оған пара алғанынан да көп нәрсе беріп жатқанын түсінуі міндетті, деп есептейді. Ал Константин Авершин («Я алматинец» ҚБ) жемқорлыққа қоғамдық бақылау жасау идеясын қолдайды. Оның айтуынша, адам өлтіргенді кешіруге болады, бірақ парақорды кешіруге мүлдем болмайды. Себебі жемқорлық мемлекетті әсте-әсте өлтіреді. Адамдарда жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру қажет.

Polygon International LLP компаниясының директоры Бижан Фарамарцидің сайлауға қатысы жоқ сюжетте президентке кандидат Тоқаевтың қандай жақсы кандидат екенін айтып, мақтағаны тосын шықты. Оның сөзінше, Тоқаев қандай қызметте отырмасын, ешқашан жемқорлық істерге қатысты айыпталмаған. Әлемдегі беделі өте жоғары екен.

Әрмен қарай бағдарлама жүргізушісі студияда ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскембаевтан сұқбат алды. Олар баспана тақырыбын кеңінен талқылады. Мәселен, көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерді кімдер және қалай алатынын әңгімеледі.

Баспана тақырыбы алматылық отбасының апатты ескі үйдегі пәтерінен басқа пәтерге көшуге бас тартатын сюжетпен жалғасты. Олардың бас тартуына екі бөлмелі пәтер орнына бір бөлмелі пәтер берілуі себеп екен. Жүргізуші студияда тұрып: «Әйткенмен бір бөлмелі пәтердің ауданы сол екі бөлмелі пәтерден үлкен» деді. Студияда ескі үйдің макеті пайда болып, жүргізуші: «Бір отбасынан себебінен 40 нысанның құрылысын тоқтатуға тура келді» дейді.

Сюжетте тараптардың бәріне сөз берілгенімен, автордың қала билігі мен құрылыс компанияларының жағына ойысуы байқалады.

Келесі материал – қазақстандық өнеркәсіп турасында, дәлірегі елдегі машина жасау компанияларының қаржылық мәселелеріне арналды. Петропавлдегі теміржол вагондарын құрастыру зауытының жұмысшылары бірнеше айдан бері айлық алмапты. Олар ереуіл ұйымдастырды. Зауыт басшылығы жаңа тапсырыстың жоғын, (бұған дейін вагондарға ҚТЖ тапсырыс беріп келген) , Ресейден шикізат жеткізудің тоқтағанын айтады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында бронотехника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытының да банкротқа ұшырағалы отырғанын баяндайды. Мемлекет қару-жарақ шығару саласын субсидияламайды. Сондықтан да жеңілдікпен берілетін несие жоқ. Зауыттың жоғары пайызбен несие алуына тура келіп, бұл тауар бағасының өсуіне әкеп соғады.

Тағы бір сюжет қазақстандықтардың өз өмірін сақтандыруға көбірек ден қоя бастағанына арналады. Мамандар баспананы да, әсіресе су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды баспанасын сақтандыруды ұсынады. Журналистер сақтандыру компанияларының көмегімен зейнетке қалайша ертерек шығуға болатынын түсіндірді.

Соңғы блок сайлау тақырыбына арналды. Кандидаттарды 29 маусымда теледебат күтіп тұрғанын айтып, әрбір кандидаттың сайлау штабы қандай жұмыстар атқарғанына тоқталды.

Бағдарламаның бір кемшілігі – редакторлар, тіпті авторлардың жаппай орфографиялық қате жіберуі. Титрлердегі қателерге келсек, бағдарламада мұндай қате өріп жүр: бос орын мен үтір жоқ (г.Алматы, кв.м, тг), нүкте қажет емес тұстарға нүкте қояды (млрд.) және бас әріптермен жазу қажетсіз тұстарда бас әріппен жазады (кандидат в Президенты) және қалалар мен фамилияларды бұрыс септейді (Садыбека Тугел вместо Садыбека Тугела). Бағдарлама авторлары мұның барлығы да «эфирді ластайтынын» білмейді не осындай «ластанған эфирде» өздерін жайлы сезінеді. Бір жағынан бағдарламаны 2019 жылы емес, 2003 жылы түсіргендей әсер қалдырады. Креатив жасау, заманауи технологияларды қолдану мүлдем жоқ (студиядағы ескі үйді есептемегенде), есесіне драматургиялық тұрғыдан нық әрі баланс сақталып, шайнап бергендей шыққан.

«Большие новости», КТК

«Большие новости» бағдарламасы да эфирді Тоқаевтың жемқорлықпен барынша күресіп, пара алған шенеуніктердің басшыларын жұмыстан қуу туралы ұсынысымен бастады. Жүргізуші «Онда барлығын да қызметінен қууға тура келмей ме» деп мысқылдап, осы аптада кімдер парамен ұсталғанына шағын шолу жасайды. Тұңғыш президент сонау 2000 жылы-ақ қол астындағы қызметкері парамен ұсталған шенеуніктің жауапкершілігін басшысына жүктеуді жарлық еткенін еске салады.

Бірақ, бұл жарлық үш жыл бұрын күшін жойды. Сонымен «жап-жатық пара алулар» туралы сюжеттің кіріспесінен кейін, КТК телеарнасы президент қызметіне шолу жасаумен шектелмей, тақырыпты дамытты. Материалда айтылған бір дерек: орташа есеппен елімізде күніне төрт жемқор ұсталады екен. Олардың басшыларын да есепке алса, онда ҚР-да күніне сегіз мемлекеттік қызметкерді қызметінен қууға тура келеді.

Сондай-ақ, сюжетте

  • Саясаттанушы Рүстем Бурнашевтың пікірі;
  • бағынышты қызметкерінің кінәсі дәлелденсе қызметінен кетуге уәде етіп, бірақ қызметінде қалған министрлер;
  • Басқа елдерде жемқор-ұрыларымен қалай күресетіні (мәселен, Қытайда ату жазасына кеседі не қолын кеседі);
  • Грузияда жемқорлықты қалай жеңгені туралы да баяндады.

«Күннің төтенше оқиғалары» шолуынан кейін Көкшетаудағы қайғылы оқиғаға өтті. Көкшетауда эстафетада көз жұмған жасөспірімге қатысты жаңа деректер шықты. Біріншіден, іс-шарада кезекші жедел жәрдемшілер болмғандықтан, баланы ауруханаға таксимен жеткізген. Екіншіден, жасөспірім бұл жарысқа қатыспауы тиіс екен. Оны Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі жіберіпті. Жалпы мектепке Бастапқы әскери дайындық пәні қажет пе? Бағдарлама авторлары осы сауалды ортаға тастайды. Қазақстандағы Бастапқы әскери дайындық туралы үлкен сюжетте осы сұраққа жауап беруге тырысады. Саясаттанушы Айдос Сарым Бастапқы әскери дайындықты «кеңес уақытының кекірігі» деп атайды. Бірақ, материал тепе-теңдікті сақтапты. «Бастапқы әскери дайындық – жаман» деген біржақтылық жоқ. Журналист Тараздағы көпсалалық гимназияның мысалында мұндай дайындық бірқатар балаға қажет екенін, оларға ұнайтынын көрсетті.

Дәріханалар сюжеті. Бұл сюжетке Атыраудағы дәріханаларды белсендірілген көмірді дәрігердің рұқсатынсыз сатуға тыйым салу себеп болыпты. Ал басқа қалаларда тіпті психотропты дәрілерді дәрігердің рұқсатынсыз алуға болады. Атыраудағы тілші мәселенің мән-жайын анықтайды. Шенеуніктер барлық жағдайға «сауатсыз провизорларды» айыптапты. Қарағандыда түсірім тобы смартфонмен түсірім жасады. Олар дәрігердің рұқсатынсыз сатуға тыйым салынған психотропты және гормоналды дәрілерді, антибиотиктерді қаладағы дәріханалардан дәрігердің рұқсатынсыз алуға бола ма, жоқ па екенін тексереді. Болады, бірақ барлығында бірдей бола бермейді. 

Дәріханадан мәйітханаға. Қазақстандағы мәйітханаларға қаржыландыру жетіспейді. Шенеуніктер мәйітхана жұмысына 22 млрд теңгені қайдан алатындарын білмейді. Басқа да мәселелер жетерлік. Судмедэксперт қызметіне жастар бармайды. Аз төлейтін, беделі жоқ мамандық саналады. Ал мамандарға қойылар талап жоғары. Аймақтардағы судмедэксперттер сондай қиын жұмысынан қарамастан 48 мың теңге айлық алатынын айтады. Айлық өскеннен кейінгі шама осы 48 мың теңге екен. Ал елдегі мәйітханалар ғимаратының тозғаны сондай, жүйкесі нашар адамдар бұл сюжетті көрмегені жөн.

Жарнамадан кейін оқу жылының аяқталуымен қатар келетін құбылыс– түлектердің шетелдік оқу орындарына кетуіне қатысты аңдатпа шықты. Сосын экономикалық шолуға өтті. Аталған тақырып экономикалық шолумен астасып кеткендей әсер қалдырды. Бұл тұтас айдар емес, тек түрлі экономикалық жаңалықтар мен сандарды сайрататын кадр сыртындағы мәтін. Инфографикасы бар.

Содан кейін түлектердің шетел асуына қайта оралды. Бағдарлама тікелей эфирде болғандықтан сюжет уақытылы дайын болмауы да мүмкін. Бірақ, көрермендерге мұны айтпады. Біртүрлі көрінеді.

Бағдарлама «Голос. Дети» шоуының арнайы шығарылымы туралы шағын материалмен аяқталды. Бәрі жеңіске жетті. Біздің Ержан Максим бәрібір де бірінші.

Basty Bagdarlama, «Бірінші арна Еуразия»

«Бірінші арна Еуразияның» қазақ тіліндегі қорытынды бағдарламасы эксклюзивпен басталды. Журналистер Алматы облысының Қайнарлы ауылындағы сұмдық оқиғаны әңгімеледі. Ауыл тұрғыны — үш баланың анасы өз-өзіне қол салыпты. Оның күйеуі әйелінің өліміне ауыл имамын кінәлап, видеомәлімдеме жасайды. Күйеуінің айтуынша, имам оның әйелінің соңына түсіп, өз сезімін білдіріп, өзімен бірге болуын талап еткен. Келіншек бұған шыдамай, өзін өзі өлімге қиған. Имам да өзінің сол келіншекті сүйіп қалғанын мойындайды. Бірақ, ҚМДБ бұл оқиғаға қатысты пікір бермейді. Имамды ауыл тұрғындары таңдаған. Діни басқарманың тізімінде жоқ екен. Тілшінің өте креативті стендапы сюжеттің сәнін кіргізді.

Basty Bagdarlama авторлары Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне және оның жемқорлықпен күресіне назар аудармастан, басқа да қызық тақырыптарды қозғайды. Келесі материал оқу жылының аяқталуы мен мектеп бітіру кештеріне арналыпты. Сюжет авторы «сөйлейтін винетканың» ішінен стендап жасап, министрлер мен депутаттар мектепті қалай бітіргенін еске түсіреді. Бұл туралы өздері де сыныптастары да айтады.

Үшінші материал қазақ аудиториясына аса маңызды мәселе: прокаттағы фильмдердің қазақша субтитріндегі тұнған қателерге арналады. Бір фильмді сол үшін де ҚР аумағындағы прокаттан алып тастапты. Сюжет авторы жасырын камерамен кинозалдағы қазақша субтитрлерді түсіріп, кинотеатр иелерінен, көрермендерден және дубляж режиссерлерінен пікір алады.

Бағдарламаның соңғы материалы ҚР журналистер одағына өмірі туралы болды. Одақ 85-жылдығын тойлатуға дайындалып жатыр. Алматы бюросында одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен сұқбат өрбіді. Журналист одақ басшысынан жазушылардың сайлау кезінде неліктен үнсіз жатқанын сұрады. Одақ басшысы өз ішінен кандидат ұсынуды жоспарлағандарын, бірақ лайық үміткер табылмағандықтан, бұл ойдан бас тартқандарын айтты.

«Жеті күн», «Хабар»

«Хабар» телеарнасының «Жеті күн» қазақша қорытынды жаңалықтары да орысшасынан еш айырмасы қалмапты. Қазақстанда өткен аптадан не болғанын емес, қос президенттің өмірінде не болып жатқанын көрсетеді. Осылайша, «Жеті күн» елдегі оқиғалардың емес, екі президент өмірінің күнделігіне айналыпты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бағдарламада мемлекет басшыларынан басқа ешбір тақырыпқа орын табылмады.

Бағдарлама жемқорлықпен күреске емес, сайлаудан басталды. Нұрсұлтан Назарбаевтың президентке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабымен кездесуіне 10 минут сюжет арнады. Жүргізуші Ринат Думанұлы кіріспесінде «Жаһандық бәсекеде жампоз шықсақ деп жанталасып жатырмыз ғой. Солүшін алдымен ішкі бәсекені арттырып алуымыз керегі анық. Тұрақтылығымызға кепіл болар президент сайлауына 7 үміткердің қатысуы – елімізде саяси бәсекенің барына айғақ. Елбасы осылай баяндады. Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясынан ұсынылған үміткердің республикалық қоғамдық штабына барған» деді. Сосын сюжетте Елбасы билік транзитіне Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынып, дұрыс таңдау жасағанын тағы да қайталайды. Сюжетте Тоқаевтың қызметтегі жүріп өткен жолын кеңінен айтып, оның қандай мықты маман екенін баяндайды. Сюжетте тұңғыш президенттің «қазақстандықтарды дұрыс таңдау жасауға, халықтың болашағы үшін сабақтастық таңдауын жасауға шақырғанын» да көрсетті. Осылайша, «Жеті күн» бағдарламасының бірінші сюжеті президентке кандидат Тоқаевты насихаттауға арналғандай әсер қалдырды.

№1 президент бөлімінде оның түрлі кездесулерін (министр Б. Сапарбаевпен, «Самұрық-Қазына» әл-ауқан қоры басшылығымен, Түркияның сыртқы істер министрімен, депутат Гүлжан Қарағұсовамен, Назарбаев университетінің президентімен және жас композитор Рахат-Би Абдысагинмен) шолып шықты.

Бұрын Елбасыға арналған бөлім Тоқаев бөлімінен сәл-сәл ұзағырақ болса, қазір Тоқаевқа көбірек уақыт бере бастапты. Оның тек президент қана емес, кандидат екенін де ескерсе керек. Уақытымен есептегенде, «Хабар» телеарнасы біріншіге, яғни Назарбаевқа 29 минут, ал екіншіге, яғни Тоқаевқа 34 минут арнайды.

Тоқаев бөлімі оның түрлі тұлғалармен, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енчамен, ЕҚЫҰ-ының бақылаушылар сессиясының жетекшісі Урсула Гацекпен, Түркия сырқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен, ҚР Сыртқы істер министрі Б. Атамқұловпен және тағы басқаларымен кездесуін баяндаудан басталды. Тоқаевтың бизнесмендермен кездесуіне бөлек сюжет арналды. Осында екінші президенттің жемқорлықпен күрес туралы мәлімдемесін кіріктіріпті. Тоқаев бөліміндегі басқа тақырыптар қатарында:

  • Тоқаев Қорғаныс министрлігінің алқа отырысына қатысты;
  • Тоқаев Қазақстан-Ресей волонтерлері форумына қатысты;
  • Тоқаевтың аймақтарғы турнесі кірді.

Президентке үміткер басқа кандидаттар туралы ешқандай ақпарат шықпады. 1 сағаттық эфирде президентке үміткер Тоқаевтан басқа тағы алты кандидаттың ешбірінің есімі аталмады. Бұл жүргізушінің бағдарлама басында «Қазақстанда саяси бәсекелестік бар екенін» айтқан сөзіне лайық көрініс екен. Басқаша қалай болсын?!

Жәнібек Нұрыш

Сайлау мен тамақ. Мамырдың үшінші аптасына тв-шолу

Қазақстанның мерекелік аптадан кейінгі күндері алуан жаңалыққа толы болды. Біріншіден, Сириядан қайтарылған қазақстандықтардың баспасөз-конференциясына көп адам қатысты. Осылайша, барлық дерлік телеарна «Жусан-2» операциясы тақырыбын эфирге шығарды. Алматыдағы қоқыс полигонында шыққан өрт туралы да көрсетті. Ал ендібірі қоқыс полигонындағы өртпен салыстырғанда «Астана экономикалық форумын маңызды әрі қызықты» деп таныпты. Не дейміз, әркім өз таңдауын жасайды. Әйтсе де Астана экономикалық форумы кезінде Нұр-Сұлтан қаласында бір топ көпбалалы ананың қала әкімдігі ғимараты алдына жиналып, сосын форум өтіп жатқан орынға барып, өздеріне баспана беруін талап еткен наразылықтары, қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен министр Бердібек Сапарбаевтың оларды автобусқа мінгізіп, қала әкімдігіне қайта апарып, кездесу өткізгенін телеарналар  эфирден тыс қалдырды. Әділ сайлауға шақырып, жазулы не бос плакат ұстап шыққандардың кейінгі өміріндегі оқиғалар әлеуметтік желілерде қызу талқыланғанымен де отандық телеарналар бұл тақырыптарды апта оқиғаларының қатарына енгізбепті.

Бір таңқалдырғаны, үш телеарнаның апталық қорытынды жаңалықтар бағдарламасында сіз бен біздің не ішіп, не жейтініміз, зияны мен қаупі тақырыбындағы тақырыптар бар. «Жаңа репортер» редакциясы КТК, «Бірінші арна Еуразия», «Хабар» және QAZAQSTAN телеарналары 13-19 мамырды қалай қорытындылағанын көрді.

«Большие новости», КТК

Алдыңғы аптада «Большие новости» бағдарламасының редакциясы демалды. Сондықтан да бұл аптада олар жеті күннің емес, 14 күннің өзекті тақырыптарын жинапты. Осылайша президент болуға үміткерлер, Сириядағы қазақстандықтарды қайтару — «Жусан-2» операциясы ( басқа телеарналар бұл операция туралы алдыңғы аптада көрсетіп қойған еді) және жалған брендтер туралы материалдар эфирге шықты. Айта кетсек, дәл осы жалған брендтер туралы сюжет КТК телеарнасының қазақ тіліндегі «Аптап» бағдарламасында екі апта бұрын көрсетілген еді. Сонымен «Большие новости» бағдарламасының бұл жинағы құрама болғанымен де ескілеу болды. Өзекті тақырыптардан тек Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өртті атай аламыз. Барлығын рет-ретімен баяндайық.

«Большие новости» тікелей эфирде шығатын және тек апталық қорытынды бағдарлама емес, сонымен қатар күнделікті жаңалықтардың кеңейтілген нұсқасын көрсететін бағдарлама болғандықтан, эфирді соңғы жаңалықтардан бастады: Алматыда автобус бағанаға соғылды. Жүргізушісі рулде ұйықтап қалған екен. Бағдарлама барысында эфир жүргізушісі «бүгін не болды» дегенге оқтын-оқтын оралып отырды.

Содан кейінгі жеті күн бұрынғы оқиғаларды қорытындылады. Қазақстан президенті болуға үміткерлер сайлаушыларына не ұсынады? КТК телеарнасы осы тақырыпта сәл де болса кеңірек көсілетіні себепті не көрсететін қарау қызықтырды. Сонымен «Большие новости» журналистері кандидаттарға шолу жасағанда мына қырларына назар аударыпты:

  • Сәдібек Түгел қазақстандықтардың ар-ожданын уайым етеді екен. Ол түнгі клубқа барып, сондағы келушілерді алкоголь ішімдік ішпеуге шақырды. Орнына қымыз ішуді ұсынды. Билер сотын қайта құрып, шенеуніктердің жеңілдіктерін алып тастауды да ұсынып жүр. Ол батыс құндылықтарынан бас тартуды қалайды. Саясаттанушы Марат Шибутов «Түгел елге келетін шетелдіктердің жыныстық бағытын тексергісі келеді. Бірақ, қалай? Оларға сурет көрсете ме» деп сауал тастайды.
  • Амангелді Таспихов жұмысшылардың құқық қорғауға кірісіпті. Бірақ, оның бағдарламасы ең қысқа жазылған. Саясаттанушы Максим Казначеев Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы оны президент болуға үміткер емес, Кәсіподақтар федерациясының лоббисі етіп көрсететінін айтыпты.
  • Әміржан Қосанов Еуроодаққа бағыт алыпты. Оның сайлауалды бағдарламасында саясат тым көп. Саясаттанушы Досым Сәтпаев өз пікірінде Әміржан Қосановтың Қазақстанда парламенттік республика құрғысы келетінін айтады.
  • Бизнес-партияның («Ақ жол» — авт.) кандидаты Дания Еспаева кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді құптайды. Айтуынша, кәсіпкерлер – экономиканың негізі. Саясаттанушы Марат Шибутов оның әйелдер құқы туралы айтпайтынын, жай ақжолдық ретінде ғана сөйлейтінін, гендерлік факторды қолданбағанын, қолдана алатынын айтыпты.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық, әділдік, өрлеуді насихаттайды. Оның бағдарламасы – ең көлемдісі. Саясаттанушы Максим Казначеевтың айтуынша, Тоқаев бағдарламасы көп ретте Nur Otan партиясының бағдарламасын қайталайды.
  • Жамбыл Ахметбеков «барлық қашқын олигархтарды» сотқа тартуды, кедейлікпен және интернет-тәуелділікпен күресуді талап етеді. Саясаттанушы Досым Сәтпаев «талап еткен екенсіз, онда адамдарға соның орнына бірнәрсе ұсыныңыз» дегенді айтады. Ахметбековтың сөзіндегі іліп аларлық бір сәт, «Бізге, кандидаттарға, әрі түрлі әрі тепе-тең мүмкіндіктер берілген» деген сөзі болды. Мұны тек КТК телеарнасы ғана көрсетті.
  • Төлеутай Рахымбеков фермерлерді және ауыл шаруашылығын дамытуды тұтастай қолдайды. Қазақстанның аграрлы державаға айналғанын қалайды. Саясаттанушылар Рахымбековтың бағдарламасына қатысты пікір айтпапты.

Журналистер Сириядан оралған қазақстандықтар туралы материалда адамдардың хикаясына көбірек мән бередіі (Отанына оралған әйел маникюрленген саусақтарын мазасыздана сипалайды, бет-жүзі бұлыңғыр етіп жабылған), жаңа ешнәрсе айтылмады.

Бағдарламаның негізгі сюжеттерінің бірі – Алматы маңындағы қоқыс полигонынан шыққан өрт туралы сюжет. Сәрсенбі басталған өртті сенбі күні кешкісін сөндірді. Сондықтан да бұл сюжет әрі өзекті әрі жаңа ақпаратқа толы.

Бағдарламада көрсетілген басқа да сюжеттер қатарында:

  • Қазақстанда құтыдағы сүтке су қосады екен. Журналистер қай сүт жақсы екенін анықтау үшін мысықтарды пайдаланыпты. Мысықтар да таңдау жасайды;

  • Ұлттық банк сайлаудан кейін теңге бағамын тұрақты ұстауға уәде етеді;

  • Елімізді жалған брендтер жаулап алды. Бұл материалда журналистер смартфонға түсірілген видеоны жиі қолданады. Стендапты да жиі жасайды.

«7 күн», «Хабар»

«7 күн» бағдарламасының бұл шығарылымын «Ақорда апталығы» деп атауға да болатын шығар. 30 минуттық қысқа бағдарламада президентке қатысы жоқ бір де бір материал көрсетілмеді. Бағдарлама Трамптың Назарбаевқа хатын оқудан басталды. Аудиохабарлар «7 күн» бағдарламасында тұрақты жанрға айналған. Мұнда Ақорда сайтының жаңалықтарын, президенттердің хаттары мен телеграммаларын дыбыстайды.

Қазіргі «7 күн» бағдарламасы форматының басты ерекшелігі – ең алдымен тұңғыш президент, сосын екінші президент, кейін қалғанын (ара-тұра басқа тақырыптарға уақыт та қалмайды, бұл жолы солай болды) көрсетеді. Бұл жолы аптаның басты ивенті – Астана экономикалық форумы туралы үш сюжет берді.

Ең алдымен Назарбаевтың форумдағы сөйлеген сөздеріне үлкен сюжет арнады. Кейін Тоқаевтың форумға қатысушылармен кездесуін көрсетті. Соңына тақап, Астана экономикалық форумының нендей іс-шара екенін түсіндірді.

АЭФ туралы үш материал да әралуан. Айгүл Әділова материалында таптаурын сөз тіркестерін жиі қолданыпты. Тоқаевтың форум қатысушыларымен кездесуі – тұңғыш президентке мадақ айтудан тұрады. Ал үшінші материал — тілші Марат Тоқмағанбетовтың стендаптарынан құралған. Форум өтіп жатқан орынның кереметін паш ететін стендаптар. Әуел баста бұл форумның елге келетін инвестицияны дамытудағы маңызы туралы айтуға уәде еткендерімен екіұдай әсерде қалдырды.

АЭФ форумында Назарбаев: «Мен спикерлерге ыңғайсыз жағдай тудырып жатырмын, олардың «тұңғыш президент», «жай президент» деп айтуына тура келеді. Қазақстанда мұндай екілік болмайды, тек жалғыз президент бар» деді. Бірақ, тек форум спикерлері ғана емес, «Хабар» журналистері де, олармен бірге көрермендер де әлдебір екілік жағдайында өмір сүріп жатса керек.

Бағдарлама сайлауалды науқан туралы материалмен аяқталды. Журналистер әрбір кандидат жайында бірдей уақыт шегінде материал жасауға өте қатты тырысыпты. Президент болуға үміткерлер, штаб өкілдері және сайлаушылардың пікір айтуына мүмкіндік бермек болыпты. Материалға әйел-кандидат Дария Еспаева (оның ұстанымын «Ақ жол» партиясының төрағасы және штаб жетекшісі Азат Перуашев баяндайды), оппозиция саясаткері Әміржан Қосанов және қазіргі президенттің сұқбаттары жоқ.

Қазіргі президент бағдарламада онсыз да көп. «7 күн»-де Тоқаевтың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына жұмыс сапары туралы да көрсетті. Басқа да көрсеткен жаңалықтар арасында Қазақстанның екінші президенті теннис ойнайтын да кадр бар. Қызығы сол, бұл бағдарламада Тоқаевтың синхрондары ағылшын, қазақ, өзбек тілдерінде берілді.

Сонымен қатар бағдарламаға Назарбаевтың Тұңғыш президент қоры жетекшісімен, АХҚО жетекшісімен кездесуі, жасыл технологиялар орталығына баруы, Тоқаевтың қатысуымен әлеуметтік мәселелерге арналған отырысы да еніпті.

«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»

Алдыңғы аптаның қорытынды жаңалықтарында «Жусан-2» операциясы туралы да көрсеткендеріне қарамастан, бұл жолы да адам жанын түршіктірер егжей-тегжейлі мәліметтері қамтылған тағы бір сюжет көрсетті. Айтар ойын — Сириядан оралған әйелдер – құрбан болғандар, алданғандар. Ал ерлердің бәрін болмаса да көбін соттау қажет. Әйелдер Қазақстанға қайтқысы келгені үшін олардың басын алмақ болғаны, кейбір әйелдердің 15-20 рет күйеуге шыққаны, өйткені олардың сойдауыл-күйеулерін тез өлтіретіні, ал жесір қалған әйелдері туған-туыстарына сыйға берілгені жайында әңгімелейді. Бір деталь – Сириядан қайтарылған қазақстандықтардың түстікке сұраған алғашқы тағамы – қарақұмық жармасы болыпты.

Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы мейлінше қызық сюжеттен кейін Астана экономикалық форумы туралы көлемді бірақ еш ерекшеленбейтін сюжет шықты. «Аналитика» авторлары да зеріктірер тақырып туралы ештеңе көрсетпеуге қуана келіскендерімен бірдеңе кедергі келтіретін сияқты көрінді.

Есесіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс аптасы туралы қысқа жеткізді:

  • Жастармен үстел теннисін ойнады;
  • Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабета Тұрсынбаеваға сәттілік тіледі;
  • Параолимпиадалық орталыққа барып, спортшыларға қолдау көрсетуге уәде берді;

Сайлау-2019 туралы сюжет экспрессив стендаптардың есебінен мейлінше креативті көрінді: кадрдағы журналист дауыс берудің барлық процесінен «өтті». Стендап жасауға келмейтін тұста сахналық көріністер түсіріпті. Мәселен, сүп-сүйкімді жас қыз жеке куәліксіз дауыс бергісі келсе, не болады? Театр сахнасынан қойылым көрсетті.

КТК телеарнасының бағдарламасында сүт болса, «Бірінші арна Еуразия» көше тағамдарының қаупіне сюжет арнады.

Мұндағы негізгі ой – шенеуніктер халықты тамақтандырып отырған кәсіпкерлерді еш себепсіз тексере алмайды, сондықтан да ішіп-жегеніңізге өзіңіз мұқият болыңыз, дегенді меңзейді. Есесіне, әрбір тұтынушы қоғамдық тамақтандыру орнындағы сатушыдан медициналық кітапшасын, азық-түлік сапасын растайтын құжаттарын сұрата алады екен.

«Мелочей не бывает» айдарының кезекті қойыртпағы — «Білген жөн» ұранымен шықты. Осы шығарылымда: девальвация болмайды, Талдықорғанда бүлдіршін қыз балабақшаның екінші қабатынан құлап кетті, Атырау облысының полиция департаментінің бөлім бастығына ат мінгізді, оны жұмысынан шығарып жатыр, өз полицей-туысқанын өлтірген полицей Берістемовке үкім шықты, «Қазатомпром» ғалымын кінәсіз деп таныды, Рудныйда шолу доңғалағы тоқтап қалды, мектеп бітірушілер салтанатты мектеп бітіру кештерін өткізуден бас тартып жатыр.

«Аналитика» бағдарламасының дәстүрлі екі «бантик» хабарының бірі, Канн кинофестивалі, екіншісі «Голос.Дети» сайысының ақтық сын нәтижелері жарамсыз деп танылуы, байқау қайта өтетіні, демек біздің Ержан Максим әлі жеңілмегені туралы болды.

«Аптап», КТК

Басқа қорытынды бағдарламалар сияқты «Аптап» та Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы сюжет жасапты. Сюжет Сирия жерінен оралған әйелдердің хикаясы, олардың көрген азабын көрсетумен өрбіді. Эфир жүргізушісі кіріспесінде әдеттегідей көрнекі зат ұстайды. Бұл жолы ол қолына бір шоғыр жусанды ұстап (Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару операциясы «Жусан» деп аталады), қазақ даласынан жат жерге барып сұлтан болған жігіттің «туған жерімнен жусан әкелші» дейтін аңызын әңгімеледі.

Бағдарламаның екінші сюжеті – Ақтөбеде бір топ тұрғынның «Иегово куәгерлері» ұйымына қарсылығына арналыпты. Мұнда өз пәтерін сектанттарға беріп, бала-шағасын баспанасынан айырған әжені, қызына қан құйдыруға қарсы шыққан ананың хикаясы бар.

Теологтар, шенеуніктер пікір айтқан сюжетте Иегово куәгерлері әдепкідей пікір беруден бас тартады.

Алматы маңындағы қоқыс полигонында шыққан өрт туралы сюжеттің кіріспесінде жүргізуші полиэтилен пакеттегі қоқысқа айналатын пластик заттарды көрсетіп, дамыған елдерде қоқысты да қажетке жаратып, отынға айналдыратынын, ал бізде оның бықсып жанып, өртке айналатынын айтады.

Бағдарламада қамтылған тақырыптар қатарында:

  • Мектеп бітіру кештері (мемлекеттік мектептер бұдан жаппай бас тартып жатыр) туралы сюжеттің кіріспесінде жүргізуші қолына аттестат ұстап, оны лақтырып, сосын ірі ақша ұстап, оны студияда шашып жібереді. Ал «Көлеңкедегі кісі» мектеп бітіру кештерінің үлкен шығын екенін, көптеген ата-ананың қалтасы мұны көтермейтінін айтады.
  • Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде жүйке жүйесі ауруханасының директоры елдімекеннің түкпір-түкпіріне бейнебақылау камерасын орнатып тастағаны, ауыл тұрғындарының бұған қарсылығы туралы көрсетеді. Аурухана директоры бұрын түрме бастығы болған екен.
  • Жүргізуші әлеуметтік желі жаңалықтары туралы айдарға өтер алдын балық аулайтын торды көрсетті. Мұны адамдардың әлеуметтік желілерге байланып қалуымен салыстырды. Әлеуметтік желілерді жиі талқыланған тақырыптар ретінде, атқа мінген полицей, Айжан Байзақоваға сырға салуды алыпты.

Бағдарлама соңында жүргізуші бір минут бойына ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерімізге бет бұрудың маңызы туралы әңгімеледі.

Apta, QAZAQSTAN

Күттік, күттік. Apta бағдарламасының студиясына бұл жолы жеңіл де ауыр да автокөлік, ұшақ та кіріп келмеді. Бірақ, бұл журналистердің ешбір «фишкасы» бағдарлама шығарғанын білдірмейді.

Бағдарлама Дональд Трамптың Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатынан басталады. Ол хаттың жолдануын жүргізуші «Ақ үйден Ақордаға хат» деп атайды. Әйткенмен, Елбасы қазір Ақордада отырмайды.

Содан кейін Астана экономикалық форумы туралы бес минут сюжет көрсетті. Жаңа ешнәрсесі жоқ, басқа телеарналар көрсетпеген ерекшесі жоқ, кәдуілге сюжет болыпты.

«Президенттік» блокта Тоқаевтың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына жұмыс сапары, тағы басқа кездесулері туралы және Асқар Маминнің Шымкент пен Түркістанға сапары жайында аз-кем көрсетті. Осы жолы Apta эфирінде ресми хабарға біраз эфир уақытын арнады. Бұл бағдарлама үшін тосын көрінді.

10 минуттай эфир уақыты сайлауалды науқанға арналыпты. Жеті кандидаттың әрқайсысына бірдей эфир уақытын бөліпті. Айта кетерлігі, журналистер үміткерлердің белсендігіне мән берген. Мәселен, Тоқаевтың штабы Павлодарға барып, халықпен кездеседі, Қосановтың штабындағылар оның сайлауалды бағдарламасын жапсырады, Жамбыл Ахметбеков футбол ойнайды, Разымбековтің штабы Қостанайда экология акциясын ұйымдастырады, Еспаеваның еріктілері брошюра таратады, Таспихов Қарағандыда зауыт жұмысшыларымен кездеседі, Түгел Ақмолада шығармашылық кешін өткізеді.

Бұл бағдарламаның сәні – аты-жөнін құжатқа жаздырудағы әралуандыққа арналады. Тілшінің сөйлеген сәтін жеке куәлікке «жапсырыпты».

Apta бағдарламасында әлем жаңалықтарына Jahan-sarap атты жеке айдар арнапты. Бұл айдарда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысын сараптайды.

Бағдарлама соңында: КТК телеарнасы қазақстандық сүттік құрамына үңілсе, «Бірінші арна Еуразия» көше тағамдарының қаупін анықтайды, ал QAZAQSTAN тілшілері отандық нанның құрамына зерттеу жүргізеді.

Журналистер нанның құрамы неден тұратынын, қандай қоспалар қосатынын, ақ нанның зияны неде екенін, тәулігіне жейтін нанның мөлшері туралы әңгімелейді.

Айта кетсек, «Жаңа репортердің» қазақстандық телеарналардың қорытынды бағдарламасына шолуы тұрақты шығады.

Жәнібек Нұрыш

2019 жылдың медиатрендтері: контент, аудитория, монетизация

Аудиторияны қалай тартамыз, қазір монетизацияның қандай әдіс-тәсілдері тиімді, мықты медиабренд жасаудың қажеті не? 2019 жылдың 16-17 мамырында Алматыда MediaWay 2019 – Орталық Азия медиаменеджерлерінің форумы өтті. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы газет, веб-сайт, телеарна, медиахолдингтердің 50 жетекшісі екі күн бойына медианы дамытудың заманауи тиімді жолдарын талқылады. «Жаңа репортер» редакциясы форум спикерлері айтқан ең қызық цитаталарды жинап, жариялады.

Медиатрендтер

Internews медиасарапшысы Ольга Каплина форумға қатысушылардан «Осындағылардың қайсысы соңғы жылдары редакцияның шығындарын оңтайландырып, штат санын қысқартты?» деп сұрады. Залдағылардың жартысы қолын көтерді.

  • Бүгінгі медианарықтағы даму трендтерінің бірі – шығындарды оңтайландыру. Демек, бұл – автоматизация, қашықтан жұмыс істеу, форматтарды енгізу.

Тағы бір тренд – брендинг.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде адамдар жаңалықты қайдан оқығанын көбіне-көп түсінбей жатады.

Сондықтан да медианы тиімді дамытудың маңызды шарттарының бірі, ол – бренд,  танымалдығы, абыройы, мәртебесі.

  • Келесі тренд – аудиторияны еліктіру. Хат тарату. Чаттар. Қарым-қатынас. Қосымша контент

  • Эмоцияны басқару – сториз. Жеке адамға бейімдеп, жеткізу.

  • Ақылға қонымды технологиялар – микрофондар. Камералар.

  • Тәжірибе жасау – жаңа медиаформаттарды байқап көріп, солармен жұмыс істеу қажет. Алайда, ескеретін маңызды жайт – еш қайтарымы жоқ әдемі нәрселерді жасау немесе қайтарымы болатын, нәтижеге жеткізетін форматтарды жасау бар.

  • Жаңа форматтар – бәсекеге қабілетті болуыңыздың бір қыры. VR, AR, подкасттар.

  • Виртуал шынайылықтың көмегімен не жасауға болады? Мәселен, адам аяғы жетуі қиын орындарды көрсетуге, өткен шаққа саяхаттауға болады.

  • Контент. Сторителлинг. Хикаяны дәмін кіргізіп жеткізсеңіз, аудиторияны өзіне тартады. Хикая эмоция туғызады.

  • Сарапшылардың пікірі – адамдар сенімді ақпарат алғысы келеді.

  • Контентті өңін айналдырып ұсыну — архивте «шаң басып жатқан» контентке екінші өмір сыйлау.

  • Интерактив.

  • Пікір – адамдардың пікірін айтуына мүмкіндік жасау қажет.

Форумдағы ең ерекше әрі пайдалы сессиялардың бірі – топ-менеджерлердің медиадиагностика және өз медиабизнесін бағалау сессиясы болды.

Александр Ли, Executice coach, тренер: «Сіз қазір қай межедесіз– ұйымыңыздың ең мықты үш қырын сипаттаңыз» деп еді, қатысушылар стикерлерге жауаптарын жазып, жанындағы басқа елден келген әріптестерімен сұрақтың жауаптарын талқылады.

Болашақтың моделі қалай түзіледі? Александр Ли бұл сұраққа былай жауап берді.

«Алға жетелейтін жобалар шынайылықтан емес, арманнан бастау алғанда жұмыс істейді. Қиынның қиыны – қазіргіні ұмытып, болашаққа көз жіберу. Болашақтағы орныңызды көре білу үш негізден тұрады. Біріншісі, сіз шығатын шың – бұл сіздің өзгермеуі тиіс межеңіз. Екіншісі, мақсат. Неге қол жеткізгіңіз келеді? Содан кейін, үшіншісі, құндылықтар. Сіз шыңға кімдермен бірге жүріп, жетуді қалайсыз?»

Инсайттар. Талқылаулар. Өз-өзіне және айналасына сұрақтар. Күтпеген жауаптар.

Newtimes.kz сайтының бас редакторы, Дмитрий Ким: Бұл сессия күнделікті шаруадан бір ауық оқшауланып, медиа стратегиямызды қайта қарауға мүмкіндік берді,-деп ағынан жарылды.

Орталық Азиядағы аудиторияны талдау

Сондай-ақ Орталық Азияның сарапшылары әр елдегі аудиторияның егжей-тегжейлі талдау қорытындысын және аудиторияны өлшеу жүйелерін көрсетті.

Татьяна Старцева, Қазақстан, TNS Kantar: «Біз көптеген өзгерістерді бастап өткеріп жатырмыз. Контентті тұтынушылар қосымша мүмкіндіктері пайда болуды. Мәселен, телевизия желілік көрсетімнің синонимі болудан қалды. Әйткенмен, қазақстандықтардың 72%-ы телевизияны күнделікті қарайды. Бір көрермен күніне 197 минутын арнайды. Интернетке қолданушылар күніне 153 минутын жұмсайды. Соңғы бес жылда видео көретіндердің және мессенджер қолданатындардың үлесі артып келеді. Қалалық аудиторияның басым бөлігі: X ұрпағы – 35-54 жастағылардың 30%-ы, Y ұрпағы – 18-34 жастағылардың 28%-ы, Z ұрпағы – 0-17 жастағылардың 25%-ы, B ұрпағы – 55 жастан асқандардың 16%-ы интернет қолданады»

IMS өкілі Дильмурад Рахимов Өзбекстандағы аудитория туралы айтып берді.

«Өзбекстандықтардың 96%-ы ТВ қарайды. Бұл бір айлық талдау нәтижесі. Олардың 80%-ы ойын-сауық контентін көреді. Өзбекстанда нарық 4 есе өсті. Мемлекеттің әлеуеті ашылып жатыр»

Өзбекстандағы Электронды БАҚ-тың Ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Фирдавс Абдухаликов соңғы екі жылда Өзбекстан медианарығындағы өзгерістерді сипаттады.

Өзбекстан медианарығындағы жағдай медиа және мемлекеттің бірлескен тиімді жұмысын көрсетеді.

2017 жылы Өзбекстанда республикалық деңгейде хабар тарататын 4 жаңа телеарна ашылыпты. 14 мемлекеттік емес телестанция цифрлы хабар таратуға көшкен.

Оның айтуынша, көрермендердің жаңа әрі тың контентке шөліркеп қалғаны байқалыпты. Креативті контент көп жасалып жатыр екен. Айта кетерлігі, Өзбекстан аудиториясы «өздерінің» контентін құп көреді.

Өзбекстанда 60 телеарна жұмыс істейді. Соңғы 27 жылда алғаш рет рейтинг зерттеулер жүргізілген. Зерттеу нәтижесі көш басында үш мемлекеттік емес телеарналардың тұрғанын көрсеткен.

«Қазақстан интернет қауымдастығының» жетекшісі Шавкат Сабиров mediametrics.kz ресурсының деректерін ұсынды.

2019 жылдың сәуірінде Қазақстанда 43 304 жаңалық жарияланыпты.

«Қазақстанда Facebookтің танымал екені — миф. Facebook қолданатын қазақстандықтардың үлесі нарықтың 3-4 %-ынан аспайды» деді Шавкат Сабиров.

Оның көрсеткен деректерінен мәлім болғаны:

  • Қазақстанда түрлі оқиғалар туралы контент танымал.
  • Тәжікстанда тұтастай алғанда медиаға сұраныс төмен.
  • Өзбекстанда онлайн-нарықтың дамуы байқалады.

Тәжікстандағы Sky Сentral Аsia өкілдігінің директоры Шерали Джурабаев (Sherali Djurabaev) еліндегі жарнама нарығының көлемін таныстырды.

Дәл қазіргі таңда Тәжікстандағы жарнама нарығының жалпы көрінісі мынадай:

  • 21% – ТВ жарнама
  • 4% – онлайн жарнама
  • 20% – радио жарнама
  • 48% – сыртқы жарнама

Өзбекстандағы Ұлттық медиакеңестің өкілі Фарух Насыровтың сөзінше, 2017 жылға дейін Өзбекстан медиа салалары заманауи халықаралық стандарттарға сай болмаған.

«Медианарығымыз 90-жылдардың басындағы жағдайға ұқсас еді. Бірақ, қателіктерден сабақ ала білдік. Нәтижесінде, медиасаланың өкілдерін «бір дастархан басына жинадық.

Үш негізгі кезеңнен тұратын реформа жүргіздік:

  • Өзбекстан Ұлттық кеңесін құру. Медианың салаларын дамыту, мемлекетпен өзара әрекеттесу, салалық стандарттарды қалыптастыру.
  • Халықаралық зерттеу агенттіктерін шақыру– телеарналар мен телебағдарламалардың рейтингін жасау, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын енгізу.
  • GRP-де тв-жарнаманы сату. Халықаралық инвесторлардың жарнама бизнесін дамытуына жағдай жасау.

Нәтижесінде, нарық ұлғайып, өсіп жатыр. Мысалы, ТВ-нарық өсімі 71%-ды құрады. Қазір Өзбекстанда расымен де алдағы өсімге жол ашатын өзгерістер болып жатыр»

Монетизация

Бір мезгілде бірнеше сессия және пікірталас монетизацияның мүмкіндіктеріне арналды.

«Бумага» медиаресурсының арнайы жобалар жөніндегі директоры Мария Рзаева аудитория талап-тілегіне қарай Санкт-Петербордағы ең танымал онлайн-медиалардың біріне жататын «Бумага»-ның форматтар кестесі және контенті қалай түзілетінін айтып берді.

Медианың алғашқы қадамдары:

  • Мәселелерді нақтылап, оны шешудің KPI—ін жасадық.
  • Онлайн-медианың құралдарын баптадық.
  • Деректерді алдық.
  • Сол деректерді қолдануға тырыстық.
  • Бастапқы мәселелерге тап келдік.
  • Барлығын басынан жасап шықтық.

Медиа қандай құралдарды қолданады?

  • Google Analytics, «Вебвизор», «Медиатор» — қолданушының талап-тілегін, келу-кетуін бақылайтын, өлшейтін негізгі метрикалар осы.
  • Әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілердің ішкі құралдары және Popster. Өсімді, қауымдастық ішіндегі белсенділікті және сайтқа өтуді тіркейді.
  • Хаттар. Google Analytics, MailerLite және ClowdPayments аналитикасы. Жазылуды, жазылудан бас тартуды, сілтемеге өтуі, қолданушының келу жолдарын тіркейміз.
  • Іс-шаралар. Google Analytics, TimePad. Қолданушының жолы, оларды іс-шараның қонағына айналдыру, тіркелуге тарту, хаттар статистикасы.

HOLA News Kazakhstan порталының бас редакторы Гульнар Бажкенова медианың зерттеу жүргізуіне жәрдемдесетін краудфандинг тәжірибесі туралы әңгімеледі. 2019 жылдың мамырында HOLA News журналистері StartTime краудфандинг платформасында қаржы жинауды бастады.

Мақсаты – Атыраудың су айдындарында балықтардың жаппай қырылуын зерттеу. Нәтижесінде, жарты сағат ішінде қажетті сома жиналды.

«Қажет соманың өте тез жиналуын еш күтпедік. Адамдар тәуелсіз пікірді естігісі келді. Біз бес күн ішінде жинауды жоспарлар, сонша мерзімге жариялаған едік. Бірақ, жарты сағат ішінде қажет сома жиналды» деді Бажкенова.

Краудфандинг кампаниясын жүргізу барысында маңыздысы не?

  • Оқырманның көмектесуіне ықыласын оятуыңыз қажет.
  • Абсолют ашықтық маңызды.
  • Бір жаққа баруды жоспарласаңыз, билет бағасына мән беріңіз. Баға өзгеруі мүмкін.
  • Бұл – қайырымдылық емес. Сіз адамдарға қандай да бір қайтарым сый ұсынуыңыз керек. Бұл – инвестиция, ал адамдар – сіздің инвесторлар.

HOLA News қызметкерлері кітап сыйлап, кампанияға қатысқандарға арнап шеберлік сабақтарын өткізді.

Дана Дауленбаева, Орталық Азияның жарнама қауымдастығы:

«Қазақстанның барлық медиаарналарындағы жарнаманың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды. 16%-ы онлайнға тиесілі. Қазір Қазақстанда Instagram рекорд «бұзып»жатыр. Егер біз жастар аудиториясының назарына ілінгіміз келсе, онда жарнамашылар онлайн-каналдарды сырт айналып өте алмайды»

Виталий Савков, Vi Digital Казахстан:

«Меніңше, бүгінде медиа үшін ұтымды стратегия – демеуші табу. Бұл – құрал. Контент тазалығын, адалдық тепе-теңдігін сақтау маңызды. Контент – патша. Қолданушы контентке келеді, жарнама беруші қолданушының соңынан келеді»

Гульнора Амиршоева, «Вечерний Душанбе» ЖШО:

«2011 жылы еш табыс таппай жатқанымызды түсіне бастадым. Аудиторияға жаңалықтардан жариялаудан бөлек, іс-шаралар өткізуге шешім қабылдадық. Бұл бізге де аудиторияға да ұнады. Біздің ивенттеріміздің барлығы да «шын жүректен» шығады»

PurNur жарнама агенттігінің директоры Лайло Тогаева журнал шығаратын команданың іс-шаралар ұйымдастыруға ауысып, агенттік құруы туралы айтты.

«Мұның құпиясы қаржы қажеттігі туындаған не іздеу керегін түсіну. Біз барлығын да өте жақсы деңгейде жасаймыз. Бұл бізге сенетін, бізбен бірге болатын қауымдастық құруымызға көмек етті»

Сунгат Утебулатов, AIR:

“Үш жыл бұрын телеарналардың көбі Youtube-қа күмәнмен қарайтын. Қазір жағдай өзгерді. Барлық жас аудитория онлайнға айналды»

Ольга Захарова, медиаменеджер, Украина:

«Біз медиа туралы айтқанымызда, аудиторияны сатуды меңзейміз. Репутация, креатив – медианың қосымша құндылықтары«

MediaWay 2019 – Орталық Азия медиаменеджерлерінің форумын АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен жүзеге асатын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Internews Network халықаралық ұйымының өкілдігі ұйымдастырды.

Жәнібек Нұрыш