Домой Блог Страница 53

Crello.com — дизайнға арналған онлайн-құрал

Crello.com — постер, көрнекілік, мұқаба және т.б. жасауға арналған тағы бір оңай да ыңғайлы құрал .  Canva сервисіне ұқсайды (Canva), бірақ мұнда шаблондар азырақ.

Жобаңыздың өлшемдерін бастан көрсетіп қоюға мүмкіндік беретін ыңғайлы функция бар, көптеген сервистерден өзгешелеу, безендіруге арналған тегін суреттер мол. Артқы көрінісі мен суреттің өзіне фильтр салуға да болады.

Мәтін қоюдың үш-ақ форматы бар, бірақ белгішелер мен қосымша таңбалар көп. Көрнекіліктерді жиі жасайтын болсаңыз — визуал материалдарыңызды алуан түрлі ете түсу үшін құрал сізге пайдалы болары анық.

 

Internews сторителлинг форматындағы материалдар әзірлеу үшін шағын гранттарға байқау жариялайды

Өз ресурстарында мультимедиалық сторителлинг форматында материалдар жариялайтын қазақстандық ресурстар шағын гранттар алуға өтініш беруіне болады. Internews мультимедиалық және интерактив форматтағы журналистік материалдар өндірісіне қолдау көрсетеді.

Гранттарды могут быть:

  • Дербес интернет ресурсы бар, мельтимедиалық және интерактив форматтағы материалдарды әзірлеп, жариялайтын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары.

Өндірілген материалды грант алушы өз сайтында жариялап, Internews-тің ресурстарында да жариялауға құқық беруге тиіс.

Ұсынылатын тақырыптар:

  • Құқық;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам;
  • Гендер;
  • Экономика;
  • БАҚ төңірегіндегі жағдай;
  • Экология (жаһандық климат өзгеруі);
  • Толеранттық тақырыбы;
  • Әлеуметтік бағдарламалар;
  • Азаматтық өмірін жақсарту, қоғам мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік.

Грант алушыларды қазылар алқасы анықтайды.

Грант алуға өтініштер мына шарттар бойынша бағаланады:

  • контент заң нормаларына қайшы келмеуі;
  • контент түрлі көзқарас ұстанымдарын көрсетуі;
  • контент қандай да бір саяси, діни тараптар мен жеке тұлғалардың мүддесін көздемеуі;
  • контент Internews ұсынған тақырыптар мен жанрларға сай болуы;
  • шығармашылық;
  • жобаны бірнеше тілге аудару мүмкіндігі.

Грант сомасы көлік жалдау, журналистің қаламақысы, құрал-жабдықтар сатып алу және т.б. сынды шығындарды өтеуге есептелген.

Грант алуға (өтініште) жобаның сипаттамасы, мақсаты, болжамды нәтижелері (жоба неліктен және қалайша аудиторияның қызығушылығын оята алады), жұмыс жоспары,(бюджеті) және редакцияның редакции (хаты) болуға тиіс. Өтінішке жобаға қатысушылардың түйіндемелерін қоса жолдаған абзал.

Өтініштерді 2017 жылғы 15 қыркүйекке дейін «Открытая Азия онлайн» жобасының жетекшісі Евгений Дробязкоға ydrobyazko@INTERNEWS.ORG почтасына жолдау керек.

Журналистерге қыркүйекте ұсынылатын курстар мен байқаулар

Дүние жүзінің журналистеріне арналған курстар, машықтану және байқаулар. Материал ijnet.org  порталынан алынды

Жас фотожурналистерге арналған байқау – Ян Перри атындағы стипендия  Дедлайн 1 қыркүйек

Ян Перри атындағы стипендия 24 жасқа дейінгі жас фотографтарға арналған. Байқауда екі жүлде беріледі: жетістіктері үшін және келешектегі әлеуеті үшін — екі жеңімпаз да 3 500 британ фунты көлемінде сыйақы алады. Толық ақпарат  мына жерде.

БҰҰ жанындағы Тілшілер ассоциациясының байқауы  Дедлайн 14 қыркүйек

Бүкіл дүние жүзінің БҰҰ мен бөлімшелерінің қызметін жариялап жүрген журналистер БҰҰ жанындағы Тілшілер ассоциациясы ұйымдастырған байқауға қатысуға шақырылады.  Жұмыстар төрт санат бойынша қабылданады: баспа және онлайн, радио және телевизия, климат өзгеруі, гуманитарлық қызмет және даму. Байқаудың жүлде қоры 60 000 АҚШ долларынан асады. Толық ақпарат мына жерде.

Энергетика және климат тақырыбында ортақ жұмыс істеу үшін журналистерге берілетін гранттар Дедлайн 15 қыркүйек

Clean Energy Wire (CLEW) таза энергияны қолдану, климат саласындағы саясат және/немесе төмен көміртекті экономикаға өту тақырыбына арналған, мүмкіндігі мол ортақ жобалар бойынша жұмыс істеуге үш грант ұсынады. Оларға кем дегенде екі елдің өкілдері қатыса алады. Байқауға баспа ақпарат құралдарына, онлайн басылымдарға арналған және мультимедиалық жобалар қатыса алады. Толық ақпарат  мына жерде.

Миграция тақырыбындағы фильмдер фестивалі  Дедлайн 17 қыркүйек

Кинематографистер Миграция жөніндегі халықаралық ұйым  (МОМ) өткізетін миграция туралы фильмдер фестиваліне қатысуына болады. Фестиваль дүние жүзі бойынша желтоқсанда өтеді. Үш жеңімпаз 1 500 доллардан жүлде алады. Толық ақпарат мына жерде.

Журналистерге Epoch Times ұсынатын байқау Дедлайн 18 қыркүйек

Журналистер The Epoch Times ұсынған Inspiring the World Journalism Competition қысқа мақалалар байқауына материалдарын ұсынып, 5 000 АҚШ долларына дейін жүлделер ұтып алуға мүмкіндігі бар. Толық ақпарат мына жерде.

Зерттеу-тергеу журналистика қорының гранттары  Дедлайн 25 қыркүйек

Зерттеу-тергеу журналистика қоры ұсынатын гранттардың мақсаты — сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік және жеке секторлардағы билікті асыра пайдалану сынды жобаларға арналған зерттеу-тергеу жобаларына қолдау көрсету. Ең үлкен грант мөлшері — 10 000 АҚШ доллары. Толық ақпарат  мына жерде.

 Техастың A&M университеті фотожурналистерге ұсынатын гранттары Дедлайн 30 қыркүйек

Техастың A&M университеті ұсынатын Conflict and Development Center  Student Media Grants Program гранттар бағдарламасын ұйымдастырушы. Фотожурналист студенттерге арналған жүлде қақтығыстар салдарынан зардап шеккен елдердегі адамдар тап болатын жағдайларды фотоға түсіру үшін инновациялық әдістерді қолдануға ынталандырады. Толық ақпарат мына жерде.

Internews #MediaCA Халықаралық конференциясына тіркелу басталды

2017 жылғы 27-28 қыркүйекте Internews Алматыда Халықаралық  #MediaCA конференциясын өткізеді.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның медиа және журналистика саласын дамыту жолында жұмыс істеп келе жатқан мамандарды шақырамыз.

Екі күн бойы Орталық Азиядағы медианың бүгіні мен ертеңін, маркетинг және БАҚ-қа жарнама тарту мәселелерін, жаңа форматтар мен интернеттегі медиа өлшемдерін, сатылатын контент әзірлеу мен Youtube-каналды монетизациялау жолдары сынды мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ, конференция бағдарламасында халықаралық және жергілікті эксперттердің қатысуымен медиатрендтер, ТВ және онлайнға арналған аналитика, редакцияны басқару, өңірлік БАҚ күнкөрісі, бәсекелестік жағдайында отандық контент өндіру нарығы және т.б. тақырыптарда креатив презентациялар мен мастер-кластар өтеді.

#MediaCA халықаралық конференциясына шақырылған эксперттер:

  • Всеволод Пуля — журналист, медиатренер, Russia Beyond The Headlines бас редакторы, медиакеңесші және MediaToolbox негізін қалаушы, «Журналист» журналында «Новые медиа» айдарының редакторы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы;
  • Арина Бородина — более 12 лет работала телевизионным обозревателем и специальным корреспондентом ИД «Коммерсантъ» Баспа үйінде 12 жылдан астам телешолушы және арнайы тілші болып жұмыс істеген. Қазір «Эхо Москвы» радиосында телешолулар жүргізеді. Ресей телевизиясының жағдайы, теленарықтағы тенденциялар жөніндегі жүздеген сараптама материалының авторы. Телевизия нарығын 15 жылдан астам зерттеп келеді. Телевизиялық бағдарлау ерекшеліктерін, телеаудиторияның талғамын жақсы біледі.

Алматылық қатысушыларға шектеу қойылмайды, алайда алдын ала онлайн-тіркелу керек. Назар аударыңыздар! Алматылық қатысушылардың жолақы, жатын, тамақтану шығындары өтелмейді.

Қазақстанның өзге өңірлерінен қатысушылар 2017 жылғы 6 қыркүйек, сағат 17:00 дейін  өтініш үлгісін  толтырып жіберуге тиіс. Конференцияға қатысушыларды ұйымдастырушылар іріктейді. Қатысушылар тізімі 2017 жылғы 8 қыркүйекте анықталады.

Алматыдан басқа өңірлерден қатысушыларға жолақы, жатын және тамақтану шығындары өтеледі.

Internews үнемді эко-офис стандарттарын ұстанатындықтан, қатысушылар техникалық құралдарын, жазбаға арналған дәптерлері мен ауыз суға арналған ыдысын ала келсе жақсы болады.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы Марат Биғалиевке хабарласуға болады: bmarat@INTERNEWS.ORG

Конференция туралы ақпарат «Новый репортер» және  www.internews.kg  сайттарында жарияланады.

Конференция  «Рахат Палас» қонақүйінің бал залында өтеді, мекен жайы: Алматы, Сәтпаев көшесі 29/6.

 #MediaCA халықаралық конференциясы –   Internews АҚШ Халықаралық серіктестік агенттігінің  (USAID) көмегімен «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отырған жобаның шарасы.

Журналист және заң

14 тамызда сағат 16:00-де «Журналист және заң» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар өтеді.

Вебинарда «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасына түсіндірме беріледі.

Вебинарға журналистер, редакторлар, блогерлер шақырылады.

Вебинарды «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының эксперті Ғалия Әженова жүргізеді.

Вебинарға тіркелу үшін сілтемемен өтіңіз.

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.
2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.
3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.
4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.
5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

Психикалық ауытқулардың әлеуметтік желілерде көрініс табуы. 2-бөлім

Әлеуметтік желілерде біз ойларымызды ортаға саламыз, кәсіби пікірталастар жүргіземіз, ниеттес, серіктес жандар табамыз. Әлеуметтік желілер — көбінесе таныс емес адамдармен қарым-қатынас, сондықтан, кіммен пікір таластырып, не болмаса, тіпті сырласып отырғаныңды білу маңызды.

Әлеуметтік желілерде көрініс табуы туралы материалдың жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Бірінші бөлімінін мына арадан оқи аласыздар.

Бәрің мені жек көресіңдер

Сандырақты мамандар көбінесе шындыққа жанаспайтын ауру елестер, ой мен тұжырымдар туындайтын және науқас адам оларға имандай сеніп, түзетуге тырыспайтын ауытқу деп анықтайды. Сандырақ тек ауру санада туындайды.

Сандырақ деп науқастың санасын жаулап алған, айналадағы шындықты бұрмалап көрсететін және сырттан түзетуге келмейтін ауру елестер, толғаулар мен тұжырымдарды атаймыз. 

Вадим Моисеевич Блейхер. Расстройства мышления. 

Жібек Жолдасова, медицина ғылымдарының кандидаты, Невроздарды және Альцгеймер ауруын емдеу орталығының директоры, Facebook белсенді қолданушысы:

«Қатынас сандырағы — адамға үнемі өзгелер оның өзін жек көретіндей, тиісіп түртіп отыратындай, оны көре алмайтындай көрініп тұрады. Оның үстіне сандыраққа кіретін «нысана-адамдарды», кейде тұтас топтарды байқауға болады. Бұдан кейін ол адаммен қатынасқа түскендердің бәрі сол сандырақтың ішіне кіре береді».

Осында маған ұрсатындардың бәрін сіз жібергеніңізді білем 

Жібек Жолдасова: «Аңдуға түсу сандырағы жазбалар мен пікірлерден анық көрінеді: қолданушы жұрттың бәрі белгілі бір себептермен өзіне қырын қарайды, оның еңбектерін, ойлары мен идеяларын ұрлап алғысы келеді, сондықтан оның әр басқан қадамын аңдып отырады деп есептейді – «Білем ғой, ол жазбаларымды оқып, ұрлап алады да, содан кейін пікір жазушыларды жібереді. Менің профайлымды бұзып кірген де сол, оның үстіне үйімнің қасында көлікте отырғанын да көргенмін».

Бүкіл әлемге Интернеттің зиян екенін түсіндіруім керек!

Жібек Жолдасова: «Айрықша міндетім бар деп ойлайтын сандырақ. Ондай адамдар ерекше мақсатты орындауға міндеттімін деп санайды».

Олар шынайы өмірмен байланысты көрмейді – сөздері ешқандай деректермен расталмайды немесе келтіретін сандары айдаладан алынған, жалған болып келеді. Олардан мақсатын қалай жүзеге асырмақ екенін сұрасаң, ешқандай жоспары жоқ болып шығады. Тек түпкі идеясы ғана бар.

Мысықтар кеше болған. Бүгін – түнек пен қасірет

Биполяр аффектілі ауытқу — маниакалдық (немесе гипоманиакалдық) және деппрессиялық аффект күйден немесе науқастың мания мен депрессия симптомдары жиі алмасып тұратын немесе мания мен депрессия қатар жүретін (мысалы, ширығып отырып уайымға салыну, алаңдау немесе мәңгіріп эйфорияға түсу) аралас күйден көрініс табатын психикалық ауытқу .  

Жібек Жолдасова: «Биполяр ауытқулар ретроспективада көрінеді (оның толқындарын біршама уақыт аралығындағы жазбалардан байқауға болады) – көңілсіз, уайымға толы, ашулы жазбалар – депрессия кезеңі. Мания фазасында жаңа жоспарлар, жаңа идеялар көп болады. Әр жазбасы энергияға толы болады, тіпті сандыраққа ұласатын айрықша құнды идеяларға дейін жетеді. Мұндай кезде адамдар жұрттың мазасын алып, көрінген жерге жоспарын тықпалап, айналасындағылардың бәрін соны жүзеге асыру жолына жұмылдыруға талпынады».

Мания фазасы негізгі симптомдар триадасынан көрінеді:

  • адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады
  • жыбырлап қозғалып қоймай қояды
  • идеялық-психикалық қозу күйінде болады

Жібек Жолдасова: «Айналада болып жатқанның бәрі өзінің ауруы шеңберінде ғана қабылданады. Объективтілік болмайды, оған сын айтқанның бәрі жауыз болып көрінеді.

Мания фазасында агрессия – ыза, қатігездік көрінуі мүмкін. Мания эйфория күйімен қатар келсе, әлем гүлденіп кеткендей болады – айналадағының бәрі сүйкімді, мейірімді көрінеді. Айталық, депрессия фазасындағы фотосуреттер сұрқай, қайғылы, ал мания фазасында – ерекше көңілді, жарқын болады».

Аяғым толық. Тым толық  

Дисморфофобия — адам өз денесіндегі қандай да бір ақау немесе ерекшелікке ерекше уайымдап, айрықша көңіл бөлетін психикалық ауытқу. 

Жібек Жолдасова: «Адам денесінің бір немесе бірнеше мәселесіне бас қатырып, уайымдайды. Ұзақ уақыт бойы, тынбай, соны ойында айналдыра береді. Объектив сынға мән бермейді де, сол жағдайды түзетуге ешқандай әрекет жасамайды да».

Әрине, әлеуметтік желілердегі жазбаларына қарап, адамға нақты психиатриялық диагноз қою қиын. Алайда, өз бойыңыздағы және айналада болып жатқан жағдайларды сараптап отырған әрқашан пайдалы.

 

Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу бойынша білім беру ресурсы іске қосылды

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын қолдануды үйренгісі келетін азаматтар үшін info-dostup.kz мультимедиалық онлайн курсы іске қосылды. Жоба ақпарат иеленушілер мен қолданушылардың құқықтары және міндеттерін түсіндіру, ақпарат беру мен ақпарат алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Курсты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нидерланды Корольдігі елшілігінің қолдауымен «Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу» жобасы аясында  дайындады.

Курстың ерекшелігі – ақпаратқа қол жеткізу сауалдары бойынша дәстүрлі емес білім алуға негізделген. Бағдарламада 10 сабақ бар және оларды ақпаратқа қол жеткізу мәселелеріне қатысты біліміңіз бен талғамыңызыға қарай кез келген ретпен өтсеңіз болады. Әр сабақта тәжірибелік және тест тапсырмалары бар.

Курс барлық аудиторияға, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, азаматтық бастамашы топ өкілдеріне, коммерциялық құрылымдарға, БАҚ және жеке тұлғаларға арналған.

Білім алу барысында сіздер төмендегі  мәліметтермен таныса аласыздар:

  • Сіз қандай ақпартты ала аласыз? Шектелген және шектелмеген ақпараттардың  санаттары.
  • Ақпаратты кім сұрай алады және ала алады?
  • Ақпаратты беруге кім міндетті?
  • Ақпаратты тарату және алу тәсілдері
  • «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заң бұзылған немесе шектелген жағдайда не істейміз?
  • Құзырлы азаматтардың заңға қайшы әрекеттеріне шағым айту және оның тәсілдері
  • «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды қалай пайдаланымыз?

Сіздер Курстың «Қосымша» бөлімінен әр түрлі топтарға сұрау салудың дайын үлгілерін, сотқа шағамдану алгоритімін, сот және прокуратура органдарына арналған құқыңыз бұзылғандығы туралы арыз-шағымдардың типтік үлгілерін және тағы да басқа пайдалы құжаттарды таба аласыздар.

________________________________________________________________________

Қосымша ақпарат үшін:

MediaNet халықаралық журналистика орталығы
050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі 15 Б, 11-кеңсе
Телефон: +7 /727/ 292 20 46

E-mail: medianet.smm@gmail.com
www.medianet.kz

 

Видеоға фактчекиң

Storyful сервисінің видео департаментінің басшысы  Тоби Ли Бохан қолданушылар түсірген видеоны қалай тексеру керек екені жөнінде пайдалы кеңестер берді.

«STORYFUL СЕРВИСІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ — ИНТЕРНЕТТЕГІ ТАРТЫМДЫ, ВИРУС РОЛИКТЕРДІ ТАУЫП, БӨЛІСІП ҚАНА ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ. ӨЙТКЕНІ БІЗ ҰСЫНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БӘРІ ШЫНАЙЫ, КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАРДАН ШЫҚҚАН БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫЗ ЖӘНЕ КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАР СОЛ ВИДЕО ҮШІН АҚЫ АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАҒЫМЫЗ КЕЛЕДІ»

Біз видеомен жұмыс істей бастаған кезде ең алдымен оның шыққан көзін, күні мен түсірілген жерін тексереміз. Алдымен миниатюрасын Google-ға салып, бұдан бұрын жүктелген нұсқалары бар-жоғын тексереміз. Екінші кезекте контент табылған платформа түпнұсқа дерек көзі ме, жоқ па екенін тексеру керек. Орналасқан жерін қараймыз: әдетте орыс тіліндегі видео алдымен ВКонтакте желісіне, ал қытайлық контент — Weibo немесе Youku желілеріне жүктеледі.

Түпнұсқасын тапқаннан кейін, дерек көзін тексеру керек. Сол профайлды қарап, басқа видео бар-жоғын тексеріңіз. Олар түпнұсқа ма? Оларды жариялаудағы мақсат қандай болды?

Сондай-ақ, мына сұрақтардың да жауабын табуыңыз керек:

  1. Видео қай жерден жарияланған?
  2. Күні көрсетілген бе?
  3. Видеоның бетіне логотип қойылған болса, сол қолданушының барлық видеосында сондай логотип бар ма?
  4. Ол логотип YouTube немесе Vimeo желісіндегі қолданушының аватарымен сәйкес келе ме?
  5. Видеодағы адамдардың cөйлеу мәнеріне, сленг, диалектіне қарап, видео қай жерде түсірілгенін тануға бола ма?

Мысалы, екі аккаунт та өте белсенді, бірақ біреуі үнемі бір-бірімен байланысты видео жариялайды, ал екіншісі бір-біріне қатысы, байланысы жоқ телебағдарламалардың үзінділеріне толы.

Сол дерек көзімен байланысты басқа да жазбаларды табыңыз. Олардың белсенділігі ұзақ па? Қаншалықты белсенді? Видеоны жүктеген қолданушы қай жерде мекендейді? Тіпті болмаса, видеоны жүктеген адамды тауып алып, мынадай сұрақтар қойыңыз:

Бұл видеоны өзі түсірді ме? Өзі болмаса — кім? Бұл видеоны түсіргендегі мақсаты не, онымен не айтпақ болды? Қандай құрылғымен түсірген? Автор сол видеоны немесе оның түпнұсқа файлдарын бөлісе ала ма?

Facebook, Instagram, Twitter және басқа да әлеуметтік желілер геолокацияға байланған. Геотегін тауып алып, оның сәйкестігін тексеріңіз. Алайда, кейбір фейктер VPN немесе тағы басқа жасырыну тәсілдерін қолдануы мүмкін. Визуал белгілерді іздеп, мекен жайын тексеру үшін  Google карталарын пайдаланыңыз. Қолданушының таспасы мен профайлын тексеріңіз: бұл адамдардың дәл сол жерде сол кезде болғанына қандай дәлел бар?

Қоғамдық маңызы бар оқиға болса, сол видеоны растайтын басқа да материалдарды табуға тырысыңыз. Айталық, жолаушыны ұшақтан түсіріп тастаған болса, әрине, оны бір емес, бірнеше адам видеоға түсіреді. Соларды тауып алыңыз.

Қолданушыдан өзінің сол видеоны түсірген адам екенін дәлелдеу үшін сізге өз телефонындағы басқа да қосымша кадрларды жолдауын сұраңыз.

 

Журналистерге маусымда ұсынылатын гранттар мен мүмкіндіктер

Қақтығыстар журналистикасы жөніндегі семинар Дедлайн 7 июня

Дүние жүзінің 21-35 жас аралығындағы журналистері Герцлиде (Израиль) өтетін қақтығыстар журналистикасы жөніндегі семинарға шақырылады. Шараны ұйымдастырып отырған — Лаудер атындағы басқару, дипломатия және стратегия мектебі. Семинар барысында эксперттердің лекциясы, Израильдегі қақтығыс аймақтарына сапарлар және практикалық сабақтар көзделген. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Online Journalism Awards байқауы Дедлайн — 8 маусым

Онлайн-жаңалықтар қауымдастығы онлайн-журналистика саласындағы жетістіктері үшін сыйлық алу байқауына өтініштер қабылдайды. Отыз санаттағы сыйлықтар (жалпы жүлде қоры — 58 500 АҚШ доллары) қазанда Вашингтонда өтетін ONA конференциясы мен салтанатты қонақасында табыс етіледі. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Reporting Right Livelihood гранттары Дедлайн — 15 маусым

Баспа, онлайн және хабар таратушы медиа журналистері, фотожурналистер және соңғы курс студенттері Right Livelihood Award қорының гранттарын алуға өтініш беруіне болады. Бастама ғаламдық мәселелердің шынайы шешімін табуға арналған материалдарға қолдау көрсетуге бағытталады. Гранттар материалды әзірлеумен байланысты жол, жатын және басқа да шығындарды өтеуге арналған, сондай-ақ шағын қаламақы да көзделген. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

National Endowment for Democracyгранттары Дедлайн — 16 маусым

Демократияны қолдау ұлттық қоры (NED) тәуелсіз БАҚ және үкіметттік емес ұйымдардан демократия мақсаттарын және демократиялық институттарды нығайтуды көздейтін жобаларды қолдауға арналған гранттарға өтініштер қабылдайды. Орташа грант 12 айға есептелген және 50 000 АҚШ долларын құрайды. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Африкадағы қақтығыстарды реттеу әрекеттеріне арналған материалдар бойынша жұмыстарға гранттар  Дедлайн — 30 маусым

 International Reporting Project (IRP) жобасы беделді бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыстары жарияланған журналистерге арналған стипендияларға өтініштер қабылдайды. Стипендиялар бітімгершілік және Африкадағы қақтығыстарды реттеу әрекеттерімен байланысты тақырыптарды жариялайтын журналистік жобаларға арналған.  

Ұсынылған жобалар Африканың кез келген елімен байланысты болуы мүмкін, әсіресе Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Кения, Мали, Судан, Оңтүстік Судан және Зимбабвемен байланысты жобаларға басымдық беріледі. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

TruthBuzz: фактілерді тексеруге негізделген вирус контент жасау идеялары байқауы Дедлайн — 30 маусым

Журналистердің халықаралық орталығы және Крэйг Ньюмарк қоры киберкеңістікте тексерілген фактілердің вирал таралуын ынталандыруды мақсат ететін TruthBuzz байқауын өткізеді. Ұсынылатын идеяларда видео, карикатура, графиктер, гиф, фото, сауалнама, аудио, ойындар және т.б. қолдануға болады. Үш жүлделі орынды иеленгендер 10 000, 5 000 және 2 500 АҚШ долларын алады. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

National Geographic Travel Photographer of the Year фотобайқауына өтініштер қабылданады Дедлайн — 30 маусым

Дүние жүзінің фотографтары National Geographic Traveler of the Year цифрлік фотография байқауына қатысуға шақырылады. Жұмыстар табиғат, қалалар және адамдар санаттарында қабылданады. Жеңімпаздарға 500-2 500 АҚШ доллары көлемінде сыйлық және Галапагосс аралдарына 10 күнге жолдама. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Дерек көзі: ijnet.org.

NED тәуелсіз медиаға арналған гранттар ұсынады

Жыл сайын Демократияны қорғаудың ұлттық қоры (NED) дүние жүзінің демократиялық мақсаттар игілігіне және демократия институттарын нығайту ниетімен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарына қаржылай қолдау көрсетеді.

Грант мөлшері жобаның көлеміне байланысты, бірақ орташа грант кем дегенде 50 000 доллар көлемінде және 12 айға беріледі.

NED тек үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырады, олардың арасында азаматтық ұйымдар, қауымдастықтар, тәуелсіз медиа ресурстар және осы сынды өзге де ұйымдар болуы мүмкін.

NED түрлі құрылымды, соның ішінде жаңа демократия жариялаған, жартылай авторитарлы режимдегі, репрессивтік құрылымды және демократия жолына бет бұрған елдерде жұмыс істейтін ұйымдардан өтінімдер күтеді.

NED жеке тұлғаларға, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттен қолдау алатын институттарға, мысалы, мемлекеттік университеттерге грант бермейді.

Өтініш берудің соңғы күні — 2017 жылғы 16 маусым.

Толық ақпарат және өтініш үлгісі.