ДомойБайқау/ГранттарЖурналистерге маусымда ұсынылатын гранттар мен мүмкіндіктер

Журналистерге маусымда ұсынылатын гранттар мен мүмкіндіктер

Журналистерге маусымда ұсынылатын гранттар мен мүмкіндіктер

Қақтығыстар журналистикасы жөніндегі семинар Дедлайн 7 июня

Дүние жүзінің 21-35 жас аралығындағы журналистері Герцлиде (Израиль) өтетін қақтығыстар журналистикасы жөніндегі семинарға шақырылады. Шараны ұйымдастырып отырған — Лаудер атындағы басқару, дипломатия және стратегия мектебі. Семинар барысында эксперттердің лекциясы, Израильдегі қақтығыс аймақтарына сапарлар және практикалық сабақтар көзделген. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Online Journalism Awards байқауы Дедлайн — 8 маусым

Онлайн-жаңалықтар қауымдастығы онлайн-журналистика саласындағы жетістіктері үшін сыйлық алу байқауына өтініштер қабылдайды. Отыз санаттағы сыйлықтар (жалпы жүлде қоры — 58 500 АҚШ доллары) қазанда Вашингтонда өтетін ONA конференциясы мен салтанатты қонақасында табыс етіледі. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Reporting Right Livelihood гранттары Дедлайн — 15 маусым

Баспа, онлайн және хабар таратушы медиа журналистері, фотожурналистер және соңғы курс студенттері Right Livelihood Award қорының гранттарын алуға өтініш беруіне болады. Бастама ғаламдық мәселелердің шынайы шешімін табуға арналған материалдарға қолдау көрсетуге бағытталады. Гранттар материалды әзірлеумен байланысты жол, жатын және басқа да шығындарды өтеуге арналған, сондай-ақ шағын қаламақы да көзделген. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

National Endowment for Democracyгранттары Дедлайн — 16 маусым

Демократияны қолдау ұлттық қоры (NED) тәуелсіз БАҚ және үкіметттік емес ұйымдардан демократия мақсаттарын және демократиялық институттарды нығайтуды көздейтін жобаларды қолдауға арналған гранттарға өтініштер қабылдайды. Орташа грант 12 айға есептелген және 50 000 АҚШ долларын құрайды. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Африкадағы қақтығыстарды реттеу әрекеттеріне арналған материалдар бойынша жұмыстарға гранттар  Дедлайн — 30 маусым

 International Reporting Project (IRP) жобасы беделді бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыстары жарияланған журналистерге арналған стипендияларға өтініштер қабылдайды. Стипендиялар бітімгершілік және Африкадағы қақтығыстарды реттеу әрекеттерімен байланысты тақырыптарды жариялайтын журналистік жобаларға арналған.  

Ұсынылған жобалар Африканың кез келген елімен байланысты болуы мүмкін, әсіресе Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Кения, Мали, Судан, Оңтүстік Судан және Зимбабвемен байланысты жобаларға басымдық беріледі. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

TruthBuzz: фактілерді тексеруге негізделген вирус контент жасау идеялары байқауы Дедлайн — 30 маусым

Журналистердің халықаралық орталығы және Крэйг Ньюмарк қоры киберкеңістікте тексерілген фактілердің вирал таралуын ынталандыруды мақсат ететін TruthBuzz байқауын өткізеді. Ұсынылатын идеяларда видео, карикатура, графиктер, гиф, фото, сауалнама, аудио, ойындар және т.б. қолдануға болады. Үш жүлделі орынды иеленгендер 10 000, 5 000 және 2 500 АҚШ долларын алады. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

National Geographic Travel Photographer of the Year фотобайқауына өтініштер қабылданады Дедлайн — 30 маусым

Дүние жүзінің фотографтары National Geographic Traveler of the Year цифрлік фотография байқауына қатысуға шақырылады. Жұмыстар табиғат, қалалар және адамдар санаттарында қабылданады. Жеңімпаздарға 500-2 500 АҚШ доллары көлемінде сыйлық және Галапагосс аралдарына 10 күнге жолдама. Толық ақпаратты мына арадан табуға болады.

Дерек көзі: ijnet.org.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР