Домой Блог Страница 55

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 1

Бұл материалды көбіңіз бұрын оқыған да шығарсыз. Алайда, бұл идеялар қалыпқа келіп, аударылғанына бірнеше жыл өтсе де, әлі күнге дейін өзекті болып келеді. Редакцияңыз жаңа медиа форматтарын, мүмкіндіктерін меңгеруді жаңа бастап жатқан болса, мына кеңестер сізге пайдалы болары анық.

Тіпті, онлайн кеңістіктегі жұмысыңыз енді басталып жатса да, бұл тізімнен аларыңыз көп.

Авторы Джонатан Дубе (Jonathan Dube), США, орыс тіліне аударған Оксана Силантьева

1.  Бас жаңалықтың төменгі жағына оқиға куәгерлері көргенін жазып, бөлісе алатын форма орналастырып қойыңыз — содан кейін солардың арасынан тексеріп алған ақпаратпен жаңалығыңызды толықтырыңыз.
2. Араласатын ортаңыздан сайтыңызға арнап веблог (күнделік) жазатын авторларды шақырыңыз.
3. Сайтыңыздағы күнделіктер арасынан (қазір, олар көбейген кезде) ең жақсыларын іріктеп алып, газетіңізде жариялаңыз.
4. Бәсекелестеріңіздің мақала атауларын сайтыңызда көрсетіп отырыңыз.
5. Өз аймағыңыздағы басқа газеттермен тегін контент алмасу туралы келісіңіз.
6. Жаңалықтар айналасында сымсыз девайстарға арналған ойындар ұйымдастырыңыз.
7. Баспа және ТВ жарнама агенттерінен тапсырыстарының кем дегенде 10% онлайн компонент қамтуын талап етіңіз — әйтпесе сыйақысын бермей қойыңыз.
8. Компанияңыздағы әр қызметкерге ай сайын бір арнайы демалыс беріңіз — жеке жобасы бойынша жұмыс істесін немесе жаңа идеялар тудыру үшін ми шабуылын жасасын.

9. Жылжымайтын мүлік деректері базасын және аудиторияңызға пайдалы болуы мүмкін сайт бөлімін жасаңыз  (realestate.nytimes.com)
10. Қызметкерлерді жетілдіру жоспарын жасаңыз, оған сәйкес әр қызметкер алдағы 12 ай ішінде онлайн журналистика саласында қосымша білім алады.

Мультимедиа журналисінің жинағы. Новый репортер.org редакциясы

11. Сайтыңызға тіркелу жүйесін ыңғайлы етіп ұйымдастырыңыз, деректер хабарландыру беретіндер үшін құнды болып қала беруі тиіс.
12. Сайтыңызға тіркелетіндерді өз ақпаратын үнемі жаңартып отыруға ынталандырыңыз.
13. Оқырмандарыңыз сайтыңызға тіркелген кезде олардан неге қызығатынын сұрап алып, сайтыңызға кірген кезде соған сәйкес жарнама көрсетіп отырыңыз.
14. Сайтқа жазылудың оқырмандар қосымша ақы төлеп, сайтты еш жарнамасыз қарау мүмкіндігіне ие болатындай нұсқасын ұсыныңыз.
15. Бір аптаға сайтыңыздағы фотосуреттердің бәрінің өлшемін екі есеге ұлғайтыңыз. Оқырманға ол қалай әсер ететінін байқап көріңіз. Бәлкім, кейбіреуінің болса да өлшемін сол күйі үлкен етіп қалдыра берерсіз?
16. Жай ғана сілтеме қалдырып «оқиғаны талқылаңыздар» деумен шектелмеңіз — пікірлердің бәрін мақаланың соңына немесе парақта оң жақ бағанға қосыңыз — пікірлерді ақпараттық материалдың бір бөлшегіне айналдырыңыз.
17. Біреуінде дейпарт бар, біреуінде – жоқ екі түрлі парақ жасап қойыңыз да, сайт қолданушыларының жартысын бір сайтқа, басқа жартысын екінші сайтқа кездейсоқ бағыттап отырыңыз. Нәтижелерін салыстырыңыз. (Дейпарт – жарнамалық эфир уақытының бір бөлігі.)
18. Өз парақшаңызға тек жергілікті жаңалықтар мен контент салыңыз.

19. Әр оқырманыңызға «оқырманның Интернет-парағын» жасауға рұқсат етіңіз. Онда өздеріне ұнаған оқиға баяндарын жинақтап, ол парақтарын баршаға қол жетімді және өзге қолданушылар сақтап қоя алатындай етуге мүмкіндік беріңіз.
20. Ертеңгі газетте не келесі бағдарламада не болатынын онлайн жарнамалаңыз — тек сол оқиға баянын онлайн жарияламаңыз.
21. Оқырмандарға алдында оқып кеткен материал жаңартылғанын не түзетілгенін хабарлап отыратын сервис жасаңыз.
22. Сайтыңызда айтылатын тақырып бойынша RSS-ағынын жасаңыз.
23. Негізгі ньюсмейкерлеріңіздің есімдерін олардың өмірбаян парақтарымен және олар туралы соңғы жаңалықтармен автоматты түрде байланыстырып отыратын алгоритм жасап қойыңыз.
24. Өзіңіз тарайтын ауданмен көршілес аумақтарға арналған тақырыптық парақтар жасап қойыңыз, онда пайдалы ақпарат, сәйкес тақырып атаулары мен сіздің сайтқа алып келетін сілтемелер болуы тиіс.
25. Сайтыңызда әр қазанамаға жеке парақ арнап қойыңыз — тек танымал тұлғалар үшін ғана емес, қайтыс болған адамның достары мен туыстары да естеліктерін жариялай алатын болуы тиіс.

Жалғасы бар.

«Сұхбат» тақырыбында қазақ тіліндегі тегін вебинар

2017 жылғы 2 ақпанда, сағат 16-00 журналист, редактор, жазушы Талғат Сүйінбайдың «Сұхбат: әдіс, тәсіл, шеберлік» тақырыбындағы вебинары өтеді.

Вебинарда сұхбат алушы журналистің әзірлігі, сұхбатқа дайындалу жолдары, сұхбат берушіні сөйлету, сұхбатты басылымға дайындау және тағы да басқа, журналист шеберлігіне қатысты мәселелер сөз болады.

Талғат Сүйінбай — «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы қаласындағы тілшілер қосынының меңгерушісі, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы «Тұңғыш» кітабының авторы. Бірнеше жыл «Сайгез» атты бағдарламаның жетекшісі болған, сол бағдарлама негізінде «100 тұлға — 100 пікір» атты кітап шығарған.

Вебинарға өту

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.

2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.

3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.

4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.

5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Сұхбат» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг жөніндегі семинар

Қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында мультимедиалық арнайы жобалар әзірлеуге ниетті медиа мамандарын 2017 жылғы 1-2 наурызда Алматыда өтетін «Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг: Жасау технологиясы: идеядан өндіріске дейін» атты Аймақтық тақырыптық семинарға шақырамыз.

Тренинг:

  • қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелері бойынша мультимедиалық арнайы жоба жасауға лайық тақырыптар табуды;
  • арнайы жобаның мәселесін және негізгі хабарламаны үйлестіру, кейіпкер іздеу, ақпарат көздері тізімін жасау, келешек материалдың стейкхолдерлерін анықтауды;
  • экология тақырыбындағы мультимедиалық арнайы жобаны жоспарлау, әзірлеу, жасау және продюсерлік ету сатылары мен технологияларын тәжірибе жүзінде іске асыруды;
  • қолжетімді ашық құралдар көмегімен қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбы бойынша аудитория үшін тартымды мультимедиалық арнайы ;жобалар жасауды үйренгісі келетіндерге арналған.

Семинарға қатысуға Орталық Азия елдерінен мультимедиалық жоба әзірлеуді жоспарлап жүрген редакциялар құрамы іріктеп алынады. Қажетінше, командаларға дизайнер, мультимедиалық сервистерді қолдануды меңгерген мамандар, фотографтар, экологтар қосылады.

Семинардың бас тренері — Артем Галустян. Халықаралық деңгейдегі журналист, мультимедиалық жобалар продюсері. «Коммерсантъ» баспа үйінің арнайы жобалар шығарушы редакторы болып қызмет атқарған,  «Земля отчуждения», «День, когда кончилась война» және тағы басқа мультимедиалық жобалардың авторы. «Как новые медиа изменили журналистику 2012-2016» кітабының авторларының бірі.

Семинар аясында мынандай шаралар өтеді: 3 вебинар, кіріспе кездесу және 2 күндік практикалық оқыту курсы.

Әр команда 1,5 ай бойы (семинарға дейін, семинар барысында және семинардан кейін) бас тренер мен өз еліндегі тренердің жетекшілігімен өз жобасын әзірлейді. Нәтиже — Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбына арналған дайын мультимедиалық материалдар жариялануы.

Орталық Азия елдері редакцияларынан өтініштер қабылданады. Басты талап: мультимедиалық арнайы жобалар әзірлеу саласындағы кәсіби деңгейін арттыру жолында уақыт жұмсап, күш салуға ниеті мен мүмкіндігі болу және редакциялардың толық мультимедиалық жоба жасауды бастап, аяқтауға әзірлігі.

Internews қатысушылардың жолақы, жатын орын және тамақтану шығындарын өз мойнына алады.

Өтініш үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады.

Толтырылған өтініш үлгісі мен қосымша құжаттарды 2017 жылғы 26 қаңтарға дейін  centralasia@internews.eu почтасына жолдау керек.

«Экология тақырыбындағы мультимедиалық сторителлинг: Жасау технологиясы: идеядан өндіріске дейін» атты Аймақтық тақырыптық семинар Еуропа Одағы қаржыландыруымен Internews жүзеге асырып отырған «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өтеді.

Wtrfall.com: мультимедиатрансляцияға арналған онлайн-құрал

Wtrfall.com — реал уақыт режимінде  фото-, видео- (жазып алу), мәтін трансляция жүргізуге арналған онлайн сервис.

Мысалы, Wtrfall.com көмегімен Қазақстанда азаматтардың барлығы тұрғылықты орны бойынша тіркелуге  тиіс деген жаңа заң енгізілуіне байланысты Қазнет қолданушыларының реакциясын көрнекі етуге болады.

Құралды қалай қолданамыз?

Трансляция жасау үшін тіркелуге сұраныс жіберуіңіз керек — процедура бірнеше минутқа созылады.

Содан кейін трансляцияға атау беріп, жобаны әзірлеуге кірісесіз. Осыған ұқсас  Storify.com  сервисінен бір ерекшелігі — wtrfall.com жинақты автоматты түрде құрастырмайды: қажет жазбаларды, видео, фото  және суреттерді сілтемесі немесе HTML-код арқылы өзіңіз жүктейсіз.

Құралда Facebook, Twitter, YouTube, Vimeo, Coub, Instagram, SoundCloud, Flickr сілтемелерін немесе қоса орнатылған жазбаларды қолдануға болады.

Фотосуретті тікелей wtrfall.com серверіне жүктеуге де, тікелей сілтемесін көрсетуге де болады.

Пайдалы функция: трансляцияны ортақ жүргізуге боладыү Әріптестеріңізді жобаны өңдеуге шақыру үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы + батырмасын және адам бейнеленген батырманы басыңыз.

Дайын трансляцияны кодпен сайтқа немесе блогқа қоюға болады.

Онлайн-трансляция туралы көбірек біздің вебинар жазбасынан көруге болады:

https://newreporter.org/2015/11/06/videozapis-vebinara-onlajn-translyacii-dlya-sajtov/

Психикалық ауытқулардың әлеуметтік желілерде көрініс табуы

Фейсбуктағы таспа түсініксіз, бейадекват жазбалар мен пікірлерге толы сияқты көрінеді ме?

Әлде, ол сізге көрінгені болмауы да мүмкін. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар, профайлдар, қалау, таңдау, пікірталас, талқылау — осының бәрі қолданушының психикалық жай-күйін сараптауға материал бола алады.

Ал кейде тіпті кәдімгі психикалық ауытқудың көрінісі болуы да мүмкін.

Түк те күлкілі емес

Жібек Жолдасова, медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт дәрігер, Жүйке аурулары мен Альцгеймер науқасын емдеу клиникасының директоры, Facebook желісінің белсенді қолданушысы.

«Әлеуметтік желіде әзіл түсіну қабілетінен ада адамдар бірден көзге түседі. Өзгелердің әзіл, қалжыңын, ирония, сатира сынды тәсілдерді түсінбеуі, сезінбеуі адамның миындағы қан айналымы дұрыс емес деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

Ондай қолданушылардың жазбалары абстракция түсінбейтін, нақты-заттық ойлау сипаты иелеріне тән, ал бұл — психикалық сырқаттың маңызды белгілерінің бірі».

Как психические расстройства проявляются в социальных сетях

Ойлаудың нақтылығы мынадан көрінеді: адам жалпылау және жекені бөліп алу міндетінен көрі, заттарды практикалық пайдалану және жағдайға байланыстыру жолымен жүруге тырысады.

Нақты ойлауға мысал. Тапсырма – тізімнен артық затты шығарып тастау керек: «Үстел, табақ, саптаяқ, қазан». Нақты ойлайтын адам былай деп жауап беруі мүмкін: «Бұл жердегі артығы — саптыаяқ, өйткені мен үстел үстінде тұрған қазаннан табаққа көже құйып аламын».

Тағы бір мысал:

Конкретность мышления обнаруживаются в том, что человек вместо задачи обобщения и выделения пытается идти по пути практического использования и ситуационного увязывания предметов.

Сені, мені, бәрімізді

Жібек Жолдасова: «Келсін келмесін, орынды-орынсыз анайы қалжың жаудырып отыратын, тек «белден төмен» тақырыптарға қызығатын адамдар бар.

Бұл – мидың маңдай бөлігінің қызметі бұзылғанын көрсетеді. Иә, тәрбие факторы да ықпал етпей қоймайды, әрине. Дей тұрғанмен, «болады-болмайды» деген тежегіші жұмыс істемейтін адамдыкі — науқас белгісі деуге әбден болады».

Мидың маңдай бөлігінің ауқымды зақымдануы  науқастың эмоциялық-тұлғалық саласының бұзылуына әкеп соқтырады… ондай науқастарға өзін-өзі тежемеу, анайы ойын лақ еткізіп айта салу тән болады.

Это – признак лобной недостаточности.

Әзіл

Vocabulary.ru: Әзіл-қалжыңды түсіне білу қабілеті депрессия, дисфория, эпилепсия және шизофренияға шалдыққан жандарда нашарлайды.

Ішімдікке әуес адамдардың әзілі әдетте анайы, тұрпайы қалжыңға толы болады. Көбінесе науқастар тауып айттым деп, өзінің жеке өмірін жайып салып, тіпті жақындарын да масқаралаудан тайынбайды.

Елена Иванова, психология ғылымдарының кандидаты, Научная библиотека диссертаций и авторефератов disserCa:

Аффект синдромына шалдыққан науқастар, әсіресе, маниак синдромы барлар өмірден түңілген, ештеңені жақтырмайтын сипаттағы анекдоттарды көп айтады. Депрессияға шалдыққандар анайы анекдоттарға әуес келеді.

Әжуа етіп отырған кейіпкерді өзімен сәйкестендіру өз жанын өзі жейтін, рефлексияға бейім, сондай-ақ, параноялық тенденциялары бар адамдарда көп кездеседі.

Конфликт әдетке айналса

Жібек Жолдасова:

«Адам үнемі әлдекімге соқтығып, жоқ жерден ілік іздеп ұрысқысы келіп тұрса — бұл белгілі бір деңгейде ойлау қабілетінің бұзылғанын білдіреді. Қолданушы өзін осылайша іске жаратпақ болады.

Кім-кім болса да, ешкіммен қақтығысқа түспей жүре алмайды, алайда миы, ойлау жүйесі зақымданбаған адамдар оның шешімін тауып, қорытынды шығарып, әр қақтығыстан сабақ алады. Ал көрінгенге соқтыға беру әдет болып кетсе — тұлғаның қандай да бір ауытқулары бар деген сөз. Тағы бір болуы мүмкін нұсқасы — мидың қан айналымы нашарлауы немесе эндогенді (ағзада ішкі себептер салдарынан пайда болып, дамитын) ауру».

Конфликт

Әлбетте, әлеуметтік желілердегі жазбаларына қарап, адамға нақты психиатриялық диагноз қою мүмкін емес. Алайда, өз әрекеттеріңізді, сөзіңіз бен мінезіңізді сараптап отырсаңыз — өз бойыңызда да, айналаңызда да болып жатқан құбылыстарды дер кезінде байқай аласыз.

Превьюдегі сурет: psychologytoday.com.

DATA-журналистикаға кіріспе

Қараша айында Қазақстандағы Internews өкілдігі «DATA-журналистикаға кіріспе» тақырыбы бойынша вебинарлар циклін өткізді.

Цикл екі вебинардан құралды:

  1. «DATA-журналистикаға кіріспе». Тренер — Асқат Еркімбай
  2. «DATA-визуализацияға кіріспе». Тренер —  Назгүл Қожабекова.

Вебинарлар циклінің шарты бойынша, іріктелген қатысушылар екі вебинарды да тыңдап, тапсырма орындауы тиіс болатын.

Іріктелген 15 қатысушының төртеуінен орындалған тапсырмалар келіп түсті.

Сонымен, «DATA-журналистикаға кіріспе» вебинарлар циклі бойынша Internews сертификатын алатын қатысушылардың жұмыстарымен таныс болыңыздар:

Аян Қалмұрат, 7kun.kz

5c-d3-a8-5c-d1-_908_a0cd69d3f963d3533e2b0c6c21a9525ef534d94c-1

Айгерім Әлімжан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті

graph

qazaqtildi-sajttar-rejtingi-easel-ly

Баубек Сағындық, Сүлейман Демирел атындағы университет

atyrau-songy

Жаннат Қапалбаева, «Корреспондент» газеті

infografika-zhanat

 

Sutori.com — мультимедиалық материалдар дайындауға арналған тегін онлайн-сервис

Фото, видео, мәтін, цитата, сілтемелер мен сауалнама қосып жасалатын материалдарды бірнеше минут ішінде,  sutori.com тегін онлайн-сервисінің көмегімен, дербес компьютер экранынан да, мобайл құрылғылардан да оңай әрі ыңғайлы оқылатын интерактив түрде әзірлеуге болады.

sutori.com қолдану үшін тіркелу немесе Google+, Facebook аккаунттары арқылы кіру керек болады.

Содан кейін — материалға тақырып қоямыз, сипаттамасын жазамыз, негізгі баннерін орналастырамыз. Қосымшамен жұмыс істеу оңай — блоктар оңға-солға, жоғары-төмен жылжытылады. Видеоның  YouTube сілтемесін, цитата, сілтеме, мәтін, сауалнама қосуға болады.

Sutori.com - бесплатный онлайн-сервис для создания мультимедиаисторий

Соңында — қорытынды.

Қорытынды жобаны сайтқа орналастыруға, әлеуметтік желілерде сілтемесін бөлісуге немесе почта арқылы жолдауға болады.

Осы жазбаға пікір ретінде Sutori.com сервисінде әзірленген жобаларыңыздың сілтемелерін .

«Цифрлік технологиялар дәуіріндегі журналистика» тақырыбында тегін мастер-класс, Алматы

Internews «Цифрлік технологиялар дәуіріндегі журналистика» тақырыбындағы тегін мастер-класқа қатысуға шақырады.

2006 жыл – iPhone әлі құпия түрде жасалып жатыр, YouTube енді іске қосылды, ал ал Google оны сатып алып үлгерген жоқ. Фейсбук қолданушыларды тіркеуді енді бастаған, Твиттер алғашқы қадамдарын жасап жатыр, ал Инстаграмның пайда болуына әлі бірнеше жыл бар.

Одан бері он жыл өтті — бұл дүниелер журналистиканы ғана емес, күнделікті өмірімізді де өзгертіп жіберді.

Цифрлік технологиялар дәуірінде журналистер қандай талаптармен жұмыс істеуіне тура келіп жатыр? Ақпарат іздеу мен жаңалық жинау процесі қалай өзгерді? Неліктен қазір цифрлік медиамен жұмыс істеу дағдылары бәрімізге керек?

Осы туралы және Global Investigative Journalism Network (Зерттеуші журналистердің ғаламдық желісі) конференцияларына қатысу жөнінде ВВС видеожурналисі Абдужалил Абдурасулов айтып береді.

Абдужалил Абдурасулов ВВС жаңалықтар бөлімінде 10 жылдан бері жұмыс істейді, ТМД, Таяу Шығыс, Европа және Оңтүстік-Батыс Азияның жиырмадан астам елінде пордюсер-оператор және видеожурналист ретінде жұмыс істеп, ақпарат таратқан.

Мастер-класс 29 қарашада, сағат 17:00, Алматыдағы Internews кеңсесінде (Мәметова к., 76А, Сейфуллин мен Наурызбай батыр көшелерінің арасы) өтеді.

Сұрақтарыңыз болса — Анна Сухачеваға хабарласуға болады:asukhachyova@internews.org.

EcoCamp: «Экология тақырыбындағы жаңаша жобалар»

Қазақстанның медиа және экологиялық ҮЕҰ мамандарын 2016 жылғы 19-20 желтоқсанда Алматыда өтетін «Экология тақырыбындағы жаңаша жобалар» атты EcoCamp-ке қатысуға шақырамыз.

EcoCamp форматы – тақырыптық форум және шығармашылық жобалар әзірлейтін шеберхана қосындысы. Әр команда эксперт-менторлардың қадағалауымен өз жобасын әзірлейді, а шығармашылық және ашықтық кәсіби дамуға ықпал етеді.

EcoCamp-ке қатысу – экологиялық мәселелер туралы жаңаша, терең түрде, қарапайым тілмен баяндауды, қоршаған орта және табиғи ресурстан мәселелері жөнінде қазіргі заманға лайық сапалы оқиға баянын құруды үйрену.

EcoCamp мақсаты – қоршаған орта және табиғи ресурстар саласындағы өзекті тақырыптар бойынша бірлескен мультимедиалық жобалар әзірлеу үшін медиа мамандары мен ҮЕҰ өкілдерінің басын қосуға арналған алаң ұсыну.

Екі адамнан тұратын командалардан өтініштер қабылданады. Медиа және ҮЕҰ өкілдерінен құралған командалардың өтініштері басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру барысында Internews мамандары өтініш берушілерге тақырыптары ұқсас жобаларды бір командаға біріктіуге көмектеседі.

Командалар мультимедиалық өнім әзірлеу барысында қоршаған орта және табиғи ресурстарға қатысты қандай мәселелерге байланысты жоба әзірлегісі келетінін өтініштің өзінде сипаттап жазу керек.

Барлығы 20 қатысушы (10 медиамаман және 10 ҮЕҰ өкілі) іріктеп алынады. EcoCamp барысында командалар өтініштерін жетілдіріп, менторлардың көмегімен мультимедиалық жобаларға айналдырады.

Қазылар алқасы жобалардың барлығын бағалап, тренинг нәтижесінде грант немесе стипендияға лайық дегендерін іріктеп ұсынады.

Internews қатысушылардың жол, жатын орын және тамақтану шығындарын көтереді.

Қазақстанның медиамамандарынан және экологиялық үкіметтік емес ұйымдарынан дара да, топтық та өтініштер қабылданады.

Толтырылған өтініш үлгісін және қосымша құжаттарды 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін centralasia@internews.eu почтасына жолдаңыздар.

«Экология тақырыбындағы жаңаша жобалар» атты EcoCamp Internews-тің Европа одағының қолдауымен жүргізіліп отырған «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өткізіледі.

Өтініш үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін жобаның Қазақстандағы үйлестіушісі Назым Тоғанбаеваға хабарласыңыздар +77022155081