Домой Блог Страница 60

AZ Screen Recorder — мобиль құрылғы экранынан видео жазып алуға мүмкіндік беретін қосымша

Бүгінде мобиль құрылғылар медиа маманының қолындағы маңызды құралдың бірі. Телефон немесе планшет көмегімен журналистер тікелей трансляция жүргізуіне, толыққанды фото-видеорепортаждар жасауына, мәтіндерді өңдеп, басқа да алуан түрлі жұмыстарды істеуіне болады.

Смартфон мүмкіндіктерін барынша кең қолданатындарға арналған тағы бір пайдалы тегін қосымша  — AZ Screen Recorder (Android).

AZ Screen Recorder - приложение для записи видео с экрана мобильного устройства

Бұл қосымшаның көмегімен мобиль құрылғының экранында болып жатқанды видеоға түсіріп ала аласыз. Ол үшін қосымшаны орнатып, «Жазу» батырмасын бассаңыз болды. Сервис сондай-ақ видеоны өңдеп,  Google Drive немесе YouTube-та жариялауға мүмкіндік береді.

AZ Screen Recorder - приложение для записи видео с экрана мобильного устройства

AZ Screen Recorder сізге, айталық, смартфон немесе планшет экранынан видеочат, лекция, вебинар жазып алу, интерактив сабақ әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін — экранда болып жатқан көрініске дыбыстық түсіндірме қоса аласыз.

2016 жылғы Баспасөз бостандығының бүкіләлемдік индексі

«Репортеры без границ» ұйымы Баспасөз еркіндігінің 2016 жылғы бүкіләлемдік индексін  жариялады. Бұл индексте журналистика еркіндігі мен тәуелсіздігіне мемлекеттік билік, түрлі идеологиялар мен жеке мүдделер тарапынан жасалған шабуылдар көп болғанын көрсетеді.

Жергілікті журналистер әрекетінің еркіндік деңгейін танытатын тізімде әлемнің 180 еліндегі жағдай көрініс тапқан. Осы индекске сәйкес, ең еркін журналистер аймағы —  Европа (19,8 пункт) болып келеді.

Всемирный Индекс свободы прессы 2016

Европадан кейін (үлкен айырмамен) Африка (36,9) тұр, ол тіпті Америка (37,1) құрлығын да басып озғаны таң қалдырады. Латын Америкасында журналистерге қастандық жасау саны артып келеді. Бұдан кейінгі орында Азия (43,8) және Шығыс Европа мен Орталық Азия (48,4) орналасқан.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (50,8) журналистер құқықтары бәрінен аз сақталатын аймақтар болып келеді.

Индекстегі жоғарғы орындарда Солтүстік Европаның үш елі: Финляндия (2010 жылдан бері бірінші), Голландия (екінші, +2 позиция), Норвегия (үшінші, -1 позиция) тұр.

Индекстің ең соңғы орындарында  Түркіменстан (178), Солтүстік Корея (179) және Эритрея (180) орналасқан.

Қырғызстан жаңа рейтингте 85-орын

Тәжікстан — 150-орын,

Қазақстан — 160-орын,

Өзбекстан — 166-орынды иеленді.

«Өкінішке қарай, мынандай тенденция байқалып отыр: көптеген мемлекет басшылары журналистердің заңды жұмысынан қорқа бастады», – деп мәлімдеді РБГ бас хатшысы Кристоф Делуар.

2002 жылдан бері «Репортеры без границ» ұйымының бастамасымен жыл сайын жарияланып келе жатқан Баспасөз еркіндігі индексі — журналистерді қорғаудың мемлекеттер арасындағы бәсекелестікке негізделген басты құралы. Осы ұйымның абыройы мен беделі оның медиаға, билікке және халықаралық ұйымдарға нәдеуір ықпал етуіне мүмкіндік беріп отыр.

«Ақпараттық сайттарға SEO жасау» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинар

images

28 сәуірде 17:00-де «Ақпараттық сайттарға SEO жасау» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинар өтеді.

Вебинарда ақпараттық сайттарды іздеу жүйелеріне лайықтау тәсілдері айтылады.

Вебинарды «Сұрақ-жауап» сайтының басшысы – Ербол Серікбай жүргізеді.

Тегін вебинарға тіркелу үшін сілтемемен өтіңіздер.

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.

2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.

3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.

4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Ақпараттық сайттарға SEO жасау» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

 

Media and Social Innovation Lab 2016 шарасына қатысуға байқау

iii

 

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның медиа, ҮЕҰ және ІТ мамандарын екінші Медиа және әлеуметтік инновациялар Лабораториясына  қатысуға шақырамыз. Бұл — әлеуметтік мәселелер туралы жаңаша айтуды, оларды шешуге қоғамды араластыруды, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудың қазіргі заманға тән құралдарын жасауды үйренуге ерекше мүмкіндік.

Биылғы Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы 2016 жылғы 16-18 мамырда Алматыда өтеді.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы   Internews АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырып отырған «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» жобасының аясында өткізіледі. Шараны ұйымдастырушылар — Орталық Азиядағы  Internews Network өкілдігі,  Интерньюс Қазақстан мекемесі және ҚМЭБИ.

Өзіңіз тұратын қаланың, өңірдің, елдің әлеуметтік мәселелерін мобиль қосымшалар, лонгридтер, картографиялық жобалар, арнайы жобалар және т.б. көмегімен шешу жолдарын ұсынатын әлеуметтік сипаттағы онлайн-жобалар бойынша өтініштер қабылданады. 

Өтініштерді іріктеу кезінде медиа мамандарынан, ҮЕ өкілдерінен және ІТ маманынан құралатын командаларға басымдық  беріледі. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштерді іріктеу барысында Internews менеджерлері ұқсас жобаларды бір командаға біріктіруді ұсынуы мүмкін.

Барлығы 9 өтініш іріктеп алынады (әр елден үш жоба). Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясында командалар өтініш білдірген жобаларын кәсіби менторлар көмегімен жетілдіріп,  жұмыс істеп тұрған жобаға айналдыра алады.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы нәтижесінде үздік онлайн-ресурсқа 2000 доллар көлемінде шағын грант беріледі. Оның үстіне, әзірлеушілер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда осы жобаларын ары қарай дамытып, ілгерілетіп, тұрақты ету үшін медиасеріктестерге беру жоспарланып отыр.

Барлығы үш елден отыз қатысушы шақырылады. Internews Network барлық қатысушылардың жол шығындарын, жатын орын шығындарын және тамақтануын өз мойнына алады.

Медиа мамандарынан, азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерінен, мемлекеттік құрылымдар мен ІТ мамандарынан жеке де, топпен де өтініштер қабылданады. Өтініш үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады.

Толтырылған анкета мен ілеспе құжаттарды  oossadchuk@internews.org почтасына жолдау керек. Өтініштер 2016 жылғы 25 сәуірге дейін қабылданады.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясына қатысу байқауының қорытындысы  2016  жылғы 29 сәуірде  www.newreporter.org сайтында жарияланады.

2015 жылғы Лаборатория қалай өткені туралы материалдарды мына жерден көруге болады.

«Мен министр болсам»: интерактив ашықхат жасау ерекшеліктері

«Открытая Азия онлайн»  мультимедиалы сайты жаңа  интерактив сервис іске қосты, оның көмегімен әркім ҚР білім және ғылым министрі болып көре алады.  Ойын өте қарапайым: қолданушы өзінің суретін жүктейді де, ұсынылған реформалар тізімінен өзі маңызды деп санайтын төртеуін таңдап алады.

министр

Реформалар нұсқалары ретінде түрлі онлайн-медиа оқырмандары мен әлеуметтік желі қолданушылары пікірлерінде ең көп аталатын ұсыныстар жинақталған.

"Если бы я был министром": особенности создания интерактивных открыток

Қорытынды «бұйрықты» әлеуметтік желілерде жариялауға болады. «Мен министр болсам» деген интерактив сервис — Қостанайдағы«Алау» және Шымкенттегі «Отырар-TV» арналары қолданған онлайн ашықхаттардың бір нұсқасы.

Казахстанские медиа создали интерактивный сервис ко Дню города

Мұндай сервистерді жасау және қолдану ерекшеліктері туралы zanoza.kg сайтының ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры, жоба әзірлеуші Николай Пихота айтып берді.

Николай: «Жасалу тәсілі жағынан — бұл біз бұрын жасаған интерактив ашықхат — адам бірнеше тармақты таңдайды, сол арқылы кейін сурет жасалады, оны әлеуметтік желілерде жариялауға болады. «Мен… болсам» — осы идеяның жалғасы іспетті.

Бұл жолы біз қолданушының сурет жүктеу фаунциясын және ашықхатты материалға Embed-код арқылы орнату мүмкіндігін қостық.

Дәл осындай ашықхатты үш күнде жасауға болады, ол үшін тек бағдарламашы және дизайнер керек. Мұндай ашықхаттар жасауға арналған дайын сервистерді білмеймін, сондықтан маманның көмегі керек. Кейін, сұраныс туып жатса, осындай дайын сервис жасап шығуымыз мүмкін.

Интерактив «қызықтарды» қолдану идеясы енді дамып келе жатыр, сондықтан да белгілі бір стандарттар немесе «үздік мысалдар» әзірге жоқ. Алайда, қандай да бір ережелер қазір жасалып жатыр.

Мысалы, ойыншықтың бірінші бетіндегі мәтіндер негізгі роль атқаратыны анық. Ол мәтін адам ары қарай өтіп ойнай ма, жалпы, осыған араласа ма, жоқ па — соны анықтайды.

Ашықхатта не жазылатынының нұсқалары да оның ары қарайғы вирустық таралуына қатты ықпал етеді — адам өзіне ұнаған нұсқаларын таппаса, оны әлеуметтік желіде жарияламайды да.

Бәрін дұрыс жасасаңыз, әсері де болады. Мынау — осындай интерактивті қолдану мысалы.

 Zanoza ұсынған ойын. Өзіңнің жүргізушің мен хатшыңды лауазымды қызметке тағайында.

Игра от Zanoza. Назначь своих водителя и секретаршу на главные должности

Әдетте осындай тақырыптағы материалдар мыңға тарта қаралым жинайды, мына ойын үш мың рет қаралды. Оған қоса 33 пікір жазылды. Қосымша бонус ретінде осы ойын туралы «Азаттық радиосының» сюжетінде айтылды. Демек, медиа қауымдастығы да осындай дүниелердің ерекше болатынын байқаған.

Қазір барлық БАҚ бір ғана форматтарды қолданып келеді, ал интерактив ойындар — басқалардан ерекшелену тәсілі болмақ».

Деректерді визуалдауға арналған алты құрал

Медиамамандарға визуал контент дайындауда көмектесе алатын құралдар мен қосымшалар туралы үнемі жазып жүреміз.  inspire.blufra.me ұсынған мына топтамада деректерді визуалдауға арналған ыңғайлы да тиімді сервистер шағын сипаттамасымен ұсынылады.  Түпнұсқа материалда толық тізімді қарай аласыз.

Tableau 

Tableau – бұл үлкен көлемді деректерді визуалдауға арналған корпоративтік құрал. Tableau графиктер, сызбанұсқалар, карталар және басқа да көптеген иллюстрация түрлерін салуға мүмкіндік береді. Визуал сараптама жасауға арналған нұсқасы да бар. Қосымшаны компьютеріңізге орната алмайсыз ба, әлде орнатқыңыз келмей ме? Сервер шешімі есептемелерді желіде немесе мобиль құрылғының өзінде визуалдауға мүмкіндік береді.

Бұлтта орналастырылған сервис сервер шешімін қолданғысы келетін, бірақ баптамаларын қолдан жасағысы келмейтіндерге де арналады.  Tableau қолданушылары арасында – Barclays, Pandora және Citrix бар.

Сервисті қолдану жөніндегі нұсқаулықты вебинардан көре аласыздар.  

Infogram 

Infogram визуалдауды және үлкен көлемді деректерден құралған инфографиканы реал уақыт режимінде байланыстыруға мүмкіндік береді. Қарапайым үш әрекеттің көмегімен көптеген шаблондардың бірін таңдап, оны сызбанұсқалар, карталар, суреттер, тіпті видео сынды қосымша визуалдау құралдарының көмегімен өзіңізге лайықтап алуға болады.  Infogram медиа мамандары мен журналистерге арналған командалық аккаунттар және оқыту жобалары үшін оқыту сыныптарына арналған аккаунттар жасауға мүмкіндік береді.

ChartBlocks 

ChartBlocks – бағдарламалауды қажет етпейтін, қолдануда оңай да ыңғайлы онлайн-құрал. Ол кестелер, деректер базасы және ағымдағы деректер негізінде реал уақытта визуал материал жасайды. Сіздің сызбанұсқаларыңыз  HTML5 ішінде, D3.js аталатын JavaScript кітапханасын қолдана отырып жасалады, сондықтан сіз әзірлеген визуал материал кез келген құрылғыда, кез келген экранда көрінеді. Сонымен қатар, өз сызбанұсқаларыңызды кез келген парақшаға орнатып, Twitter мен Facebook арқылы бөлісе аласыз.

Datawrapper 

Datawrapper тікелей журналистерге арналған және оны қазір  The Washington Post, The Guardian, Vox, BuzzFeed, The Wall Street Journal және Twitter қолданып отыр. Datawrapper өте қарапайым және ешқандай бағдарламалауды талап етпейді. Жай ғана деректеріңізді енгізіп, сызбанұсқа немесе карта жасап, жариялай саласыз. Визуал материалыңызды сайтыңызға орнатуға арналған баптаулар және жергілікті карталарға қол жеткізу мүмкіндігі бар.

визуализация данных, сервисы, инструменты, данные

Plotly 

Plotly бірнеше минут ішінде бар жағынан бабы келіскен сызбанұсқалар жасауға мүмкіндік береді. Бұл құралды  Google, сондай-ақ АҚШ-тағы ВВС , Goji және The New York University қолданып отыр. Plotly – өте қарапайым құрал, онымен бірден жұмыс істей беруге болады.

RAW 

RAW өзінің сайтында «кестелер мен векторлы графика арасындағы жоғалған буынбыз» деп мақтанады. Үлкен көлемді деректерді Microsoft Excel, Google Docs, Apple Numbers арқылы немесе жай ғана үтірлермен бөлінген тізімнен әкеліп қоюға болады.

Орталық Азия медиамамандары арасында үйрену турына қатысу үшін байқау

usaid-logo

Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі  үйрену турына қатысу үшін кәсіби журналистер, редакторлар мен продюсерлер арасында байқау жариялайды. Тур «Ынтымак» қоғамдық аймақтың телерадиокомпаниясында (Ош қаласы, Қырғызстан) өтеді.

Мақсаты — конвергенттік журналистика саласында тәжірибе алмасу.

Тур АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» аймақтық бағдарламасы аясында өткізіледі.

Үйрену туры тәжірибе алмасу, қатысушы БАҚ үшін конвергенттік редакция құру және дамыту жөніндегі технологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетілуін көздейді.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның

  • бұқаралық ақпарат құралдарында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар;
  • өтінім беру кезінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде штаттағы журналист, редактор немесе продюсер болып қызмет атқаратын;
  • білгісі, үйренгісі келетін кәсіби медиа қызметкерлерін шақырамыз.

Байқауға қатысу шарттары: 

Байқау нәтижелері бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан үш қатысушыдан іріктеп алынады.

«Ынтымак» ҚРТРК  сайты және  мерзімді басылысымы – «Биз» газеті  бар. 

Онлайн-медианы монетизациялау: Meduza шығарушысы Илья Красильщиктің кеңестері

Mediakritika.by «Медуза» шығарушысы Илья Красильщиктің шеберлік сабағына қатысып, онлайн-басылымды монетизациялау жөніндегі кеңестер келтірілген   материал жариялады.

Негізгі тезистерін назарлаңызға ұсынамыз.

1. Бастапқыда тегін жарнама хабарландырулардан бастауға болады — «алаңды» сезініп көруге мүмкіндік беріңіз
2. Бұрынғы кеңес елдерінде инвесторлар медианы бизнес деп қарастырмайды
3. Медиа саласындағы краудфандинг тиімді емес. Бірақ, іске асып кететін кездері де болады.

Мысалы:

The New York Times

Голландиялық De Correspondent басылымы

Ресейдің «Дождь» телеарнасы

Табысты краудфандинг:

— Бұл медиаға емес, сіз бен біздің өмірімізге ақша жинау;
— Бұл салмақты кампания;
— Бұл аса қажет нәрсе болуы керек.

Табыс табу мүмкіндігі ретінде жарнама қалай жұмыс істейтіні медиа қай елдікі екеніне және дәл қандай медиаға қатысты екеніне байланысты.

Жарнама беруші нені қалайды?

1. Сіздің аудиториямен жұмыс істеу машығыңызды.
2. Қауіпсіздікті.

Медиа тек саясат туралы ғана жазатын болса, онымен істес болу өте қиын. Жарнама берушілерге ғана емес, оқырмандарға да қиын.

3. Тосындықты. Жарнама беруші сізге қандай да бір қарапайым өтінішпен келіп, сізден басқа ешкім оған мұндайды ұсына алмайды деген сезімде кетуі керек.

Жарнама беруші нені қаламайды?

1. Ойлануды. Әдетте олар  бізге алдыңғы қатарлы аудитория, қамту және тиімділік керек деп сізге қысқаша талаптарын айтады. Сөйтіп, медиа жарнама берушіле үшін олардың жарнамасын ойластыруға мәжбүр.
2. Кездейсоқ тосынсыйларды. «Керемет, тосын нәрсені қалаймын, тек… тәуекелсіз болсын». Сондықтан да, уақыт сынынан өткен және эксперименттік форматтар керек. Біреулер бұрыннан жақсы жұмыс істеп келе жатқан тәсілдерді қалайды. Енді біреулерге бұрын еш жерде болмаған нәрсе керек.
Басылым жарнамасыз тіршілік етуге мәжбүр екенінің белгілері (осы тізімде өзіңізге тән 2-3 сипатты тапсаңыз — жарнама керек емес)
1. Басылымның саяси режимге қарсы күрескер бейнесі бар болса;
3. Саясат туралы немесе соған ұқсас тақырыпта ғана жазатын салалық басылымда жарнама тұруын елестету мүмкін емес;
4. Бұрында немесе қазір басылымға қарсы ресми мемлекеттік кампания жүргізілген болса;
5. Басылымның аудиториясы кішкентай ғана болса.
Мұндай жағдайда басылым не толықтай өзгеруі тиіс не болмаса, жарнама берушілер туралы ұмытып, жұмысын жалғастыра беруіне тура келеді.

Қазіргі заманғы медиа бүгінде ешқандай әсері жоқ өткеннің кеңестерін ұмытуы тиіс.

Олардың арасында:

— RTB («Жай ғана беттеріңізді баттастырып толтырып тастайтын сұрықсыз баннерлер ғана аласыз»)
— Баннерлер («Жарнама бұғаттаушылар арқылы оңай бұғаттауға болатын көрінбейтін алаңдар өткеннің еншісінде»)
— Paywall («Аудиторияңызды азайтып аласыз»)

«Әрине, бұл айтқандарымыз осының бәрін жасаудың қажеті жоқ деген сөз емес. Медиа — сіз цирк алаңында секіріп жүріп, істеген әрекеттеріңіздің қайсысы жұртқа әсер ететінін байқап көретініңіз сияқты», — дейді «Медуза» шығарушысы.

Жарнама берушілер сізді жақсы көріп кетуі үшін не істеу керек? 

1. Түрлі тақырыптарда жазыңыз
2. Түрлі форматтарды ойлап шығарыңыз
3. Жарнама берушілермен жұмыс істеңіз
4. Жарнаманы контент жасағаныңыз сияқты жасаңыз. Яғни, контенттің сапасына жай жасаңыз, алайда, оқырман оның жарнама екенін түсінуі тиіс.
5. Клиенттерге қызмет көрсетуді дамытыңыз. Жарнама берушілер де, оқырмандар да, редакция да разы болуы тиіс.

Жарнаманың форматтары қандай болады?

Бүгінгі таңда ол кез келген формат болуы мүмкін: тесттер, ойындар, чат, карталар…

Материалдың толық нұсқасын оқу үшін сілтемемен өтіңіз.

Орталық Азия қазіргі заман журналистикасы жазғы мектебі

Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы және Боннадағы Deutsche Welle Akademie 2016 жылғы 20 маусым мен 26 тамыз аралығында Бішкекте өтетін «Орталық Азия қазіргі заман журналистикасы жазғы мектебіне» қатысуға байқау жариялайды.

Он апталық сертификаттаушы бағдарлама (сабақ кестесін мына арадан қарауға болады) Орталық Азия аудиториясына бағытталған баспа, радио ТВ және онлайн-БАҚ арнап сапалы журналистік материалдар әзірлеу үішн негізгі құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Түпкі мақсат – журналистерге Орталық Азия бұқаралық ақпарат құралдарында шығарылатын хабарлар мен жарияланымдардың сапасын арттыруға көмектесу, Орталық Азия елдеріндегі ауылдық аймақтардың мәселелеріне саясаткерлер назарын аударту.

Жобаның аймақтық ұстанымы барлық Орталық Азия елдерінің журналистерін келешекте  ақпарат, жаңалықтар бағдарламаларын жылдам алмаса алатындай бір желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Журналистер аудиториясының ауқымын кеңейтіп, жаңа ақпарат көздеріне ие болады.

Бағдарламаның жұмыс тілі – орыс тілі.
Тренерлер Қырғызстаннан, Ресейден және Германиядан.

Бағдарламаға қатысуға ниет білдіретіндерге қойылатын талаптар 

Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орнының соңғы курсында білім алып жүрген немесе оқуын жақында аяқтаған (өтініш берген кезде отыз жастан аспауы тиіс) жас журналистері шақырылады. Үміткерлердің БАҚ-да аз болса да жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Жоғары білімі жоқ, бірақ жұмыс істеп жүрген журналистерден де өтініштер қабылданады.

Міндетті шарттар: компьютерде бастапқы дағдылар және орыс тілін еркін меңгеру.

Қатысу үшін мыналарды қамтитын өтініш беру керек:

  • Резюме
  • Бағдарламаға не үшін қатысқысы келетіні туралы шағын хат
  • Үміткердің соңғы екі жылда әзірлеген үш бағдарламасы (сипаттамасы) немесе мақаласы
  • Жазғы мектеп барысында әзірлегіңіз келетін, Қырғызстанның ауылдық жерлердегі тұрғындарына қатысты немесе соларға арналған екі журналистік материал ұсыныңыз. Материалдың тақырыбын, оқиғаны немесе сюжетін жәнеқандай ақпарат көздерін қолдануды жоспарлайтыныңызды сипаттаңыз. Сондай-ақ, неліктен мұндай материалды өзекті деп санайтыныңызды да негіздеп жазыңыз.

Іріктеуден өткен үміткерлер 200 Евро көлемінде шәкіртақы алады. Басқа қалалардан келетіндерге жатын орын шығындарына қосымша айына 150 евро беріледі.

Өтінішті 2016 жылғы 25 сәуірден кешіктірмей мына электрон почтаға жіберу керек:  s.dzardanova@osce-academy.net (Светлана Дзарданова, Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясының зерттеулер және тренингтер жөніндегі үйлестірушісі).

Қосымша сұрақтарыңыз болса, Светлана Дзардановаға хабарласуға болады:  s.dzardanova@osce-academy.net тел: (+996) 312 543 200

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Thomson Reuters журналистикадағы табу мәселесіне қатысты семинар ұсынады

Дамушы немесе экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің журналистері осы тренингке қатысуға өтініш бере алады.

Thomson Reuters қоры 11-15 шілде аралығында Лондонда «Журналистикадағы табу» тақырыбында семинар өткізеді.

Семинар ауыр мәселелерді салқынқандылықпен жариялау тақырыбына арналады. Тренингте материалды және оның концепциясын жоспарлау, сұхбат алу техникалары, ауыр мәселелер туралы ақпарат көздерін іздеу және басқа да көптеген тақырыптар айтылады.

Семинар соңында журналистерге ақпарат іздеу және материалдар бойынша жұмыс істеу барысында редакциялық көмек және кеңес беріледі.

Ұйымдастырушы өзі таңдап алған журналистердің жол шығыны мен жатын орнының ақысын төлейді.

Өтініштерді 25 сәуірге дейін беруге болады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.