Домой Блог Страница 61

Resizer — сайттардың түрлі платформаларда қалай жұмыс істейтінін тексеруге арналған Google құралы

Google онлайн-ресурсыңыз түрлі экрандарға қалай бейімделетінін тексеруге көмектесетін Resizer құралын ұсынды.

Resizer Google-дің  «Материалдық дизайн (material design)» дизайн-концепциясын қолдау аясында жарық көрді,  материалдық дизайннің метафоралық ұстанымы — үш өлшемді кеңістіктегі жазық парақ.

Жаңа сервистің жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Сіз сілтемені енгізесіз де, экранды таңдайсыз, ал оның өлшемі мен форматы интерактив болады.

Resizer - новый онлайн-инструмент Google для тестирования работы сайтов на разных устройствах

Бұл — сайт қандай да бір құрылғыда қалай көрінетінін байқап көріп қана қоймай, ресурстың функционалдарын да тексеріп көруге жақсы мүмкіндік.

Resizer - новый онлайн-инструмент Google для тестирования работы сайтов на разных устройствах

Сондай-ақ, Google дизайнерлерге, бағдарламашыларға және қарапайым қолданушыларға арналған  интерактив құралдар топтамасын ұсынады.

Тест: әлеуметтік желілерде кәсіби жұмыс істей аласыз ба?

Медиа мамандарын тестен өтуге шақырамыз: әлеуметтік желілердің сізге ұсынылатын мүмкіндіктерін қаншалықты жақсы білесіз?

Әр сұрақтың жауабына сілтеме берілген.

Facebook мессенджерін сайтқа орнату

Facebook қазіргі таңда медиа құралдарының аудиториямен қатынас жасауы үшін маңызды арналардың бірі болып отыр. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап әлеуметтік желі плагиндер баптамаларын өзгертті: енді сіз сайтыңызға, не блогыңызға парақшаңыздың виджетін ғана емес, мессенджер де орнатып қоя аласыз.

Posted by Facebook Developers on 1 декабря 2015 г.

Осы жаңартудың арқасында қолданушылар сайттың өзінде отырып сізге сұрақ қойып, қажет ақпаратын ала алады.

Тағы бір жаңалық шараларға қатысты. Бұл — түрлі кездесулер, мастер-класстар, тағы басқа шаралар өткізетін және сол үшін Facebook-та арнайы шара құратын  БАҚ үшін өте ыңғайлы функция.

Виджет аудиторияңызға қазір қандай іс-шара жоспарланып отырғанын және достарыңыздан кім соған барайын деп жүргенін көрсетеді. Жаңа функцияны пайдалану үшін  Facebook-тің әзірлеушілерге арналған парақшасына кіріңіз де, мына форматтардың біріндегі кодтардың қажетін таңдаңыз:

<div class=»fb-page»
data-tabs=»events»
data-href=»https://www.facebook.com/өз парақшаңыз»
data-width=»380″
data-hide-cover=»false»>

фейсбуктегі шараның сілтемесі жазылған терезе орнату үшін

<div class=»fb-page»
data-tabs=»messages»
data-href=»https://www.facebook.com/парақшаңыз»
data-width=»380″
data-hide-cover=»false»>

фейсбук-мессенджерді орнату үшін.

Facebook-тың сіз білмейтін сегіз пайдалы функциясы

Медиа мамандарының барлығы дерлік Facebook қолданады. Алайда, әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін шын мәнінде білетіндер некен-саяқ. Фейсбуктағы жұмысыңызды тиімді де оңтайлы ете түсетін 8 пайдалы функция ұсынамыз.

1. Фейсбуктағы жарнама бойынша қалауыңызды қалай өңдеуге болады

Өз уақыт тізбегіңізде кездейсоқ жарнама шыққанын көріп, Фейсбук оны сізге не үшін көрсетті екен деп таңқалғаныңыз бар ма?

Бұл сіздің жарнама баптауларыңызға (Advert Preferences): Фейсбук сізді қызығады-ау деп ойлаған тақырыптар топтамасымен қандай да бір байланысы болуы мүмкін. Топтама сіздің профайлыңызды, сізге ұнаған парақшаларды, сіз басқан жарнамаларды, сіз кіретін сайттарды негізге ала отырып жасалады.

Фейсбуктағы баптамаларыңыз бөлімінде осы қалауыңызды көріп, тіпті өңдеуіңізге болады.

Фейсбуктің оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Настройки» батырмасын басыңыз:

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Содан кейін «Реклама» дегенді таңдап, соның жанында  «Реклама на основании моих предпочтений»тармағындағы «Редактировать» сілтемесін басыңыз.

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Содан кейін төменде көрсетілген экранды көресіз, сонда қалауларыңызды көріп, өңдеу үшін «Открыть рекламные предпочтения» дегенді басыңыз. Өз қалауларыңызды көріп, өңдеуге мүмкіндік беретін парақшаға өтесіз:

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Әр санатқа кіріп, өз қалауларыңыз тізіміндегі тақырыптарды қарап шығу — қызық іс. Қалауларыңыздың бірін алып тастап, сол тақырыпқа белгіленген жарнаманы көргіңіз келмесе, сол тақырыптың үстінде сәл тоқтап, «х» батырмасын басып, алып тастауыңызға болады.

2. Instagram арқылы жарияланған суреттер Фейсбуктың өзіне салынған суретті жазбаларға қарағанда көбірек таралады 

3 миллион бренд парақшаларындағы 1 миллиард жазбаларды қолданып жасалған Buzzsumo компаниясының сараптама зерттеуі көрсеткендей, Фейсбукте Instagram арқылы жарияланған суреттер жеке суреттерге қарағанда көбірек қаралады екен.

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Жазулар: сол жақта — Инстаграм арқылы жарияланған, оң жақта — тікелей Фейсбуктің өзіне салынған. Тік сызық бойымен — өазара әрекеттер саны. Көгілдір — шэйр, қызыл-сары — лайктар, қызғылт — пікірлер, жасыл — бәрінің қосындысы.

Бұл әсіресе қызық, өйткені, бір платформадан басқасына жариялау өзара ықпалдың төмендеуіне алып келеді (мысалы, Фейсбуктің өзіне жарияланған видер мен YouTube сілтемесін Фейсбукке қоюды салыстыру нәтижелерін қарап көруге болады).

Алайда, Instagram  Фейсбуктің жеке меншігі болғандықтан, Instagram-нан келген посттарды сақтауға көбірек орын беруде Фейсбуктың қандай да бір өз есебі болуы мүмкін.

3. Алты таныс теориясының аясы тарылып келеді

«Алты таныс» теориясы әлемдегі дүниенің бәрі кез келген адамнан алты қадам қашықтықта орналасады дегенді айтады. Қадамдар — таныстар. Алайда, әлеуметтік медиа арқасында таныстар саны азайып келе жатқан сияқты.

Алты таныс теоиясы үш жарым таныс теориясына айналып келеді дейді Фейсбук өзінің зерттеу блогында:

Әлемдегі әр адам (кем дегенде, Фейсбукты белсенді қолданатын 1.59 миллиард адамның әрқайсысы) басқа адаммен орта есеппен үш жарым адам арқылы байланысқан.

Фейсбуктегі адамдардың көбінің төмендегі график көрсеткендей, орта есеппен  2,9-4,2 «ажырау деңгейі» бар:

Большинство людей в Фейсбуке имеют в среднем от 2,9 до 4,2 «степеней разделения», как показывает график ниже:

Жазулар: Х осі бойымен – ажырау деңгейлерінің орташа саны, Y осі бойымен – Фейсбук қолданыушылары саны, миллионмен.

Бұл әлеуметтік медиа мен Фейсбук бізді байланыстырып тұрғанын көрсетеді.

4. Фейсбуктегі бүкіл ақпаратыңызды қалай көшіріп алуға болады 

Фейсбук қолданатындардың бәрінің дерлік әлеуметтік желіде сақталатын аөп ақпараты, материалдары мен естеліктері бар.

Фейсбуктегі ақпаратыңыздың бәрін мұрағаттап, суреттермен қоса көшіріп алғыңыз келсе, оны бірнеше қадаммен-ақ істеуге болады:

1. Фейсбук баптамалары парақшасына барыңыз.
2. Аккаунттың жалпы баптаулары астындағы «Скачать копию вашей информации на Facebook» дегенді басыңыз.
3. Көшіру басталуы үшін «Начать создание архива» дегенді басыңыз.

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Кеңес: Фейсбуктен көшіріп алатын ақпаратыңызда жеке деректер — келген хабарламалар, фотосуреттер, т.б. — көп болады. Сондықтан, ол архивті қауіпсіз орында сақтаған дұрыс болар.

Көшіріп алынатын деректерге не кіретінінің толық тізімін көру үшін Фейсбуктың көмек орталығы парақшасын қараңыз.

5. Хештегті жазбалар хештегсіз жазбаларға қарағанда азырақ қаралады 

Фейсбуктегі 1 миллаирдтан астам жазбаланы пайдалана отырып жүргізілген Buzzsumo зерттеуі көрсеткендей, Фейсбукте хештегпен жазылған жазбалар хештегсіз жазылған жазбаларға қарағанда көбірек талқыланады екен. Ол төмендегі графикте көрсетілген: 

7. Почти половина всех пользователей работают только на мобильных устройствах

Жазулар: саол жақта — хештегпен, оң жақта — хештегсіз,  Y осі бойымен – өзара ықпалдасу көрсеткіші.

Хештегтер Twitter мен Instagram-дағы материалға санат үстеу тәсіліне айналды, алайда, Фейсбукте дәл сондай ықпалды бола алмады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді түрлі платформаларында түрлі жазбалармен бөлісу керек екенін де көрсетеді.

6. Сілтемелерді кейінге сақтап қою

Фейсбутегі жаңалықтар таспасын қарап отырып, назарымды аударған жазбалар болады, бірақ оны сол арада оқып немесе видеоны көріп тастауға уақытым болмайды.

Бұл жағдай сізде де болса, мынаған назар аударыңыз: Фейсбукте сілтемені сақтап қойып, кейін қайта оралып қарауға мүмкіндік беретін функция бар.

Өз уақыт тізбегіңізде көрген жазбаны кейінге сақтап қойғыңыз келсе, жоғарғы бұрыштағы мәзірді түсіріп, сондағы «Сохранить публикацию» дегенді басу керек:

6. Как сохранять ссылки на потом

Сақталған жазбаларды табу үшін мына парақшаға өтіңіз, ал мобиль құрылғыда навигация тақсасындағы «Больше» батырмасын бассаңыз, сонда сақталған жазбаларға қатысты опцияларды табасыз:

Как сохранять ссылки на потом

7. Қолданушылардың жартысына жуығы тек мобиль құрылғыларда жұмыс істейді 

Фейсбук бір жарым миллиардан астам қолданушысы бар және олардың бір миллиардтан астамы сервисті күнделікті қолданатынын айтып мақтанады.

Еі қызығы, Фейсбук қолданушыларының жартысына жуығы әлеуметтік желіні тек мобиль құрылғылардан ғана ашады екен.

7. Почти половина всех пользователей работают только на мобильных устройствах

Жазулар: Тек мобиль құрылғылар қолданатын  Фейсбук қолданушылары проценті. Х осі бойымен — түрлі жылдардағы тоқсандар (2013-2015).

VentureBeat басылымы 2016 жылы Фейсбук қолданушыларының жартысынан көбі мобиль нұсқаға көшеді деп болжам айтады.

8. Фейсбук пен Google күнтізбелерін қалай синхрондауға болады?

Фейсбук күнтізбесін де,   Google күнтізбесін де қолданатын болсаңыз, оларды біріктіру оңай, әрі пайдалы болмақ.

«Мои мероприятия»  тармағына өтіп, «Предстоящие» дегенді басыңыз. Шараның өзінің парақшасына өткенде, «Опции» батырмасын (үш нүкте) басып, мәзірді түсіріп,  «Экспорт мероприятия» дегенді таңдаңыз:

Как синхронизировать календари Фейсбука и Google?

Қалқып шығатын терезеден «Подпишитесь на все ближайшие мероприятия в вашем календаре» деген жердегі сілтемені көшіріп алу керек.

Как синхронизировать календари Фейсбука и Google?

Сілтемені көшіріп алғаннан кейін, Google күнтізбесін ашып, сол жағындағы «Другие календари» опциясын көресіз. «Другие календари» дегеннің оң жағындағы мәзірді түсіріп, «Добавить URL» дегенді таңдайсыз.

Как синхронизировать календари Фейсбука и Google?

Қалқып шығатын терезеге Фейсбуктан көшіріп әкелген сілтемені қойыңыз. Енді Фейсбуктегі шараларыңыздың бәрі Google күнтізбесімен синхрондалады.

Twitter-дегі сауалнаманы қолданудың бес тәсілі

2015 жылғы қазанның аяғында твиттер жаңа функциясын таныстырды. Енді онда сауалнама жүргізуге болады.  Твит-анкета жариялағаннан кейін 24 сағат ішінде қолжетімді болады және екі нұсқаның бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Медиа мамандары жаңа құралды қандай мақсатта қолдануына болатыны туралы идеялар тізімін жасадық.

Аудиторияны редакция жұмысына араластыру

Оқырмандарыңызға сұхбат кейіпкерін немесе материалдың тақырып атауын таңдауға көмектесуді ұсыныңыз.

5 способов использования Twitter-опроса

Материалконтекстіндегі сұрақ

Қандай да бір тақырыпқа қатысты сұрақ бар терезені посттың ішіне тікелей орнатуыңызға болады.

Іс-шараларды немесе тақырыптарды жоспарлау

Сауалнаманы келешек офлайн кездесу өткізу орнын немесе тақырыбын таңдауға арнауға болады.

5 способов использования Twitter-опроса

Аудиторияны араластыру

ТВ-радио-шоу, экспертпен сұхбат кезінде аудиторияңызға сұрақ қойып, твиттер-сауалнамаға қатысуды ұсынуға болады. Дауыс беру нәтижелерін экранда немесе сайтта көрсетіп отыруға болады.

5 способов использования Twitter-опроса

Әңгімелесу

Ең қарапайым шешім: жаңа функцияны жай ғана, қолданушылармен әңгімелесу үшін қолданыңыздар.

5 способов использования Twitter-опроса

Алып-қосарларыңыз болса, рахмет айтамыз!

BBC Academy-ден iOS және Android үшін он кәсіби қосымша

Медиа мамандарының көбі смартфонды жұмыс барысында кәсіби аппаратураның орнын баса алатын жұмыс құралы ретінде қарастыра бермейді.

BBC медиаакадемиясының (BBC Academy) маманы Марк Сеттл (Marc Settle) көбісі ақылы болып келетін арнайы қосымшалар көменімен журналистер, операторлар, режиссерлер толыққанды видеоөнімдер жасай алады деп есептейді.

Мысал ретінде, iPhone 5s көмегімен түсірілген америкалық Tangerine фильмінің трейлерін ұсынамыз. Фильмнің премьерасы Sundance Film Festiveal фестивалінде көрсетілген.

Назарларыңызға bbc.co.uk платформасында жарияланған Марктың шолуын ұсынамыз:

Кез келген түсірілім үшін жақсы дайындық маңызды. Бұл бөлімде аталған қосымшалардың барлығы журналистерге қажет бола қоймас, алайда, смартфоныңызды толыққанды қолдануды ойласаңыз — осы тізімге назар аударыңыз.

Scripts Pro  (iOS) – сценарийді қалыпты макетке салып форматтауға арналған сенімді қосымша.

Андроид үшін тегін балама – My Screenplays.

Андроидқа арналған SL Director’s Viewfinder қосымшасының көмегімен түрлі камералармен түсірілген суреттер қалай көрінетін сынап көруге болады, iOS үшін баламасы – Artemis Directors’ Viewfinder.

iPhone қолданушыға түсірілім барысын біраз басқаруға мүмкіндік береді, алайда, жоғары дәрежелі кинорежиссерлерді селт еткізер шектеулері де бар. Мысалы, түсірілім кезінде фокусты баппен өзгерту мүмкіндігі жоқ екенін айтпағанда, видео түсіріп жатқан кезде жазылатын аудионы ести де алмайсыз.

FiLMiC Pro  қосымшасын көпшілік жақсы көреді, Tangerine фильмін түсіруге де қолданылған осы қосымша. Функциялары өте көп, солардың ішінде: қосымша түсірілім кезінде аудионы қадағалап отыруға, бір секундтағы кадрлар санын өзгертуге, фокусты ауыстыруға және тағы да басқа біраз мүмкіндіктер береді.

FiLMiC Pro қосымшасы мүмкіндіктері көп тағы бір – Filmakr қосымшасымен бірге Benteley-ге арнап гламур жарнама шығару үшін қолданылған.

Десять профессиональных приложений для iOS и Android от BBC Academy

Мына видеода түсірілім алаңында қолданылған қосымшалар ғана емес, көптеген гаджеттер мен құралдар да көрсетілген.

Андроид қолданушылары үшін түсірілім жүргізуге арналған тексерілген қосымша  —  Cinema FV-5. FiLMiC Pro жақында Андроидқа арналып шықты, алайда бұл амалдық жүйенің фрагментациясы қосымша тек белгілі бір смартфондарда ғана жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Видео жақсы шығуы үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасасаңыз да, оны өзгерткіңіз келетін кездер болады — айталық, соңғы жағы сіз қалағандай аяқталмай қалғандықтан, немесе түсірілген материалды сәл түзеткіңіз келуі мүмкін.

Бұл үшін пост-продакшн өңдеуге арналған қосымша керек болады. FiLMiC Pro тағы бір қосымша сатып алудан қаржы үнемдеуге көмектеседі, өйткені онда да ақ түс балансы, түс реңктері, экспозиция және қанықтық сынды баптамалар бар. Бұдан көрі егжей-тегжейлі эффектілер  Video Grade қосымшасында бар, онда көлеңкені, ашық тұстарды және айқындықты басқаруға болады.

 Apple iMovie қосымшасы –тіпті креатив режиссердің өзіне жеткілікті болатын көптеген опциялары бар аса танымал құрал, тек, оның қолдану үшін смартфон жадында бос орын көп болуы керек, өйткені, қосымшаның өзі 700 МБ тарта орын алады. Андроидқа арналған ең жақын баламасы  – KineMaster, тек, бұл да, фрагментация салдарынан құрылғылардың барлығында емес, кейбіреулерінде ғана жұмыс істейді.

Фильм түсіруде сәттілік тілейміз!

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы: БАҚ үшін қысқаша шолу

Былтыр жыл аяғында Қазақстанда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа заң қабылданды. Әдетте мұндай заңдар бүкіл халық үшін, оның ішінде журналистер де бар, ақпарат сұрату мен алудың жалпы ретін белгілейді.

Алайда, жаңадан қабылданған заңда сұратылған ақпаратты ұсынуға белгіленген мерзім тым ұзақ – 15 күн, сондықтан да «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң журналистердің сұраныстарына ықпал етпейді деген шешім қабылданды.

Осылайша, қазір журналистер үшін ақпаратты сұратып алудың екі реті бар: біріншісі – «БАҚ туралы» ҚР Заңы аясында, екіншісі – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңына сәйкес.

Интерньюс-Қазақстан «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін шағын шолу әзірледі. Онда осы заң аясында ақпарат сұрату мен алуға қатысты негізгі мәселелер қарастырылады.

Ақпарат сұрату мен алу ретінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын қолдананатын болсаңыз, жаңа заңды қолданудың нәтижелері мен содан туындаған қиындықтар туралы бізге хабарлап отыруыңызды өтінеміз. Жаңа заңды редакцияларда тексеріп, байқап көргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын қолдану жөнінде сұрақтар туындаса, бізге хабарласыңыздар.

Нұсқаулықтан мыналарды біле аласыздар:

  • Әркімнің ақпарат алуға деген құқығы
  • Журналистер үшін қандай жаңа мүмкіндіктер бар
  • Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қалай жұмыс істейді
  • Қандай ақпаратты сұратуға болады
  • Кім ақпарат беруге міндетті
  • Ақпаратты сұрату мен алудың реті
  • Ақпарат беру мерзімі
  • Ақпарат беру тарифтері
  • Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
  • Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу жөніндегі шешімдер мен әрекеттерге шағымдану
  • Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі мәселелер бойынша комиссия
  • Сұраныстың типтік үлгісі

Нұсқаулықты мына арадан көшіріп алуға болады.

YouTube каналын монетизациялау

Кеше, 16 ақпанда «YouTube каналын монетизациялау» тақырыбында қазақ тілінде тегін вебинар өтті.

Вебинарды блогер Ұлықбек Әлиакбарұлы жүргізді.

Вебинарда YouTube-те канал құру, оны әрлеу, монетизацияға қою тәсілдері айтылды.

Назарларыңызға вебинардың жазбасын ұсынамыз.

«YouTube каналын монетизациялау» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинар

16 ақпан күні сағат 17:00-де «YouTube каналын монетизациялау» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинар өтеді.

Вебинарда YouTube каналын құру, бар болса — әрлеу және сондағы контентті монетизация жолына шығару туралы айтамыз.

Вебинарды блогер Ұлықбек Әлиакбарұлы жүргізеді.

Тегін вебинарға тіркелу үшін сілтемемен өтіңіздер.

«YouTube каналын монетизациялау» тақырыбында қазақ тіліндегі вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Twitter-дегі жазбалардан «ұяшық» жасап орнатуға болатын сервис

Онлайн-басылымдардың материалға твиттерді орнату жағынан мүмкіндігі молайды. Twitter тви-жазбаларды мақаланың өз бойына орнатуға мүмкіндік беретін жаңа өнімдерін жариялады.

Бұл жүйенің қадағалаушы бағыттары Твиттердің қазір бар өнімдері, онлайн-материал үшін маңызды твиттерді табуға мүмкіндік беретін TweetDeck пен Curator біріктіріп отыр.

Жаңа құрал Publish.twitter.com твиттерді сайтқа немесе блогқа таспа күйінде емес, «терезе» немесе ұяшық жасап орнатуға мүмкіндік береді.

Сервисті қолдану оңай. Ол үшін  TweetDeck немесе Curator көмегімен твиттерді жинақтап алып, содан кейін,  Curator-да жұмыс істеген болсаңыз, «Орналастыру» батырмасын басу керек. Сервис сізді автоматты түрде  publish.twitter.com бағыттайды.

Twitter запустил новый сервис для встраивания «ячеек» из твитов

TweetDeck-те Share функциясын таңдағаннан кейін жинақтың ID көшіріп алып, publish.twitter.com апарып қою керек.

Twitter запустил новый сервис для встраивания «ячеек» из твитов

publish.twitter.com көмегімен Russian Interactive Week 2015 шарасынан жасалған Russian Interactive Week 2015.

Мұндай форматта фото және видео қамтитын твиттерді жариялаған ыңғайлы.