Домой Блог Страница 66

Internews Network Орталық Азиядағы өкілдігі БАҚ арасында «Newsroom 2.0» жобасына қатысуға екінші байқау жариялайды

Жоба Орталық Азиядағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы» аймақтық бағдарламасы аясында АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда жүргізіледі.

Жоба қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында конвергент редакция құру үшін білім беру, ұйымдастыру және технологиялық қолдау көрсетуді көздейді. Жоба бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылығын дамытуға, бизнес әлеуетін және ресурстардың аудиториясын арттыруға, ақпаратты жасау және талқылау процесіне аудиторияны белсенді тартуға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

  1. Жаңа медиа құралдары мен интернет-журналистика тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
  2. Қауымдастыққа бағдар ұстаған интерактив журналистиканы дамыту арқылы БАҚ пен олар қызмет ететін халық арасындағы байланыстарды нығайту.
  3. Конвергент редакциялар және мультимедиа БАҚ құру жөнінде көмек көрсету.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарының бизнес әлеуетін нығайту, Интернет-ресурстар аудиториясын арттыру.

Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның мынадай бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады: 

  • ресми тіркелген;
  • журналистикадағы этика және жауапкершілік принциптеріне адалдығын көрсетіп жүрген;
  • қаржы және менеджмент, бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан әлеуеті бар және тұрақты;
  • конвергент редакция және қуатты Интернет-ресурс құруға қаржы инвестициялауға мүдделі;
  • үйренуге ашық.

Жобаға қатысушылармен мына бағыттарда жұмыс жүргізіледі: 

  • бұқаралық ақпарат құралдары базасында конвергент редакция құру және жаңа медиа құралдарын интеграциялау жөніндегі резиденциялар;
  • бағдарламаға қатысушыларға арналған жеке кеңес беру жобалары;
  • мультимедиа журналистика, жаңа медиада, дата-журналистикада жұмыс істеу жөніндегі вебинарлар.

Байқауға қатысу шарттары

  1. Өтініш үлгісін толтыру
    1. Internews Network өкіліне asukhachyova@internews.org адресіне 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін жолдау.

2015 жылғы жобаға қатысу үшін әр елден екі-екіден, барлығы алты БАҚ іріктеп алынады. Байқаудың қорытындысын  Internews Network 2015 жылғы 25 қыркүйекке қарай шығарады.

2014-2015 жылы Newroom2.0 жобасы аясында  Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның алты бұқаралық ақпарат құралы  Интерньюстің аймақтық медиа- және бизнес кеңесшілерінің жетекшілігімен бірқатар тренинг, мастер-класс және вебинар өту мүмкіндігіне ие болды.

Бір жыл бойы редакциялар медианың онлайнда жұмыс істеу принциптерін үйреніп, мультимедиа құралдары мен оларды қолдану тәсілдерін меңгеріп, интернет-медиа саласында бизнес жүргізу ерекшеліктерімен танысты. Әр қатысушының өз нәтижесі бар — алты медиа құралы жобаға түрлі мақсат-міндетпен кірген болатын.

Жұмыс барысында Қызылордалық «Қоғам ТВ» телерадиокомпаниясы қазақ және орыс тілдерінде kogamtv.kz сайтын іске қосты.

Newsroom2.0 жобасының қазақстандық серіктестерінің бірі —  «Алау» телерадиокомпаниясы (Қостанай облысы) сайтын толық монетизациялады. Редакция жаңа платформа мен дизайн таңдады.

Қырғызстандық «Ынтымак» телерадиокомпаниясының да сайты жаңарды — yntymak.kg.

Серіктестермен жұмыс әлі де жалғаса береді, әр қатысушы кез келген сұрақпен кеңесшілерге жүгінуіне болады.

Google News Lab журналистер мен медиакомпанияларға келешектің бұқаралық ақпарат құралдарын құруға көмектеседі

Google News Lab  сайты — жаңа медиамен жұмыс істейтін медиа мамандарына арналған онлайн-нұсқаулық іспетті.

“News Lab жоғары сапалы журналистиканы, яғни әлемдегі оқиғалар туралы ақпараттар жариялауды қолдайды.

Қазіргі кездегі жаңалық агенттіктері мен медиакәсіпкерлер материалдарды жинау, ұсыну және жариялаудың жаңа тәсілдерін табуда. Біздің міндетіміз – қажет құралдарды, деректер мен бағдарламаларды ұсыну арқылы олардың жұмысын жеңілдету».

Google ұсынатын мүмкіндіктерді әлі күнге дейін қолданбасаңыз, міндетті түрде «Инструменты» бөліміне кіріп көріңіз. Мұнда деректер жинау, визуалдау, материалды жариялау және оңтайландыру жөніндегі интерактив сабақтар жинақталған.

Google News Lab помогает журналистам и медиакомпаниям создавать СМИ будущего

Мысалы, Google Планета Земля Pro көмегімен Windows және Mac орнатылған компьютерлерде HD-сападағы виртуал турлар жасап , соңынан оларды эфирде көрсетуге болатынын білуші ме едіңіз?

Немесе басылымыңызды  Play Прессы базасына қосу арқылы редакцияға қосымша табыс келтіруге болатынын?  Арнайы журналистер үшін жасалған Google Тренды бөліміне де назар аударып қойыңыз.

Google News Lab помогает журналистам и медиакомпаниям создавать СМИ будущего

Білімдерді қалай пайдалануға болады? «Истории успеха» айдарында Google құралдарының көмегімен ғаламдық аудиториямен жұмыс істейтін журналистердің табысқа жету баяндарын оқи аласыздар.

Google News Lab помогает журналистам и медиакомпаниям создавать СМИ будущего

Тағы бір маңызды ақпарат – Google дүние жүзі бойынша қызықты жобаларға қолдау көрсетеді.

«Сіздің компанияңыз виртуал шынайылық, өздігінен ұшатын аппараттар, деректерді сараптау сынды немесе басқа да жаңа технологияларды журналистика игілігі үшін қолданатын болса,  News Lab-қа хабарласыңыз. Біз қоршаған әлемге деген көзқарасымызды өзгертуі мүмкін жаңа жобалармен жұмыс істегенді ұнатамыз».

Pressfeed.ru — журналистер мен эксперттердің қатынас жасауына арналған онлайн-платформа

Жаңа репортер медиа мамандарының жұмысына пайдалы сервистерге үнемі шолу жасап отырады. Әдетте, біз ұсынатын құралдар мен сайттар ағылшын тілінде болады.

Ал Орталық Азия елдерінің журналистері мен редакторлары қызығатын онлайн өнімдердің көбі, өкінішке қарай, ағылшын тілін білмейтін қолданушылардың пайдалануына мүлде лайықталмаған.

Pressfeed.ru — «Коммерсантъ» баспа үйінің «Секрет Фирмы» журналының редакторы Константин Бочарский жасап шығарған  сайт орыс тілінде жұмыс істейді және журналистер, баспагерлер, редакторлар, фирма және компания иелеріне жақсы көмекші бола алады.

«Pressfeed» деген не? Бұл — медиа мамандары мен түрлі саладағы эксперттер арасында қатынас жасауға мүмкіндік беретін платформа.

«Pressfeed репортерларға кейіпкер, пікір айтушы, оқиға мен фактура іздеуге көмектеседі. Ал компанияларға — медиа құралдарынан сұраным алып, өз кейстерін ұсынуға мүмкіндік береді». 

Сервис өте қарапайым жұмыс істейді  – журналист болсаңыз, өз басылымыңызды көрсетіп тіркелу керек.

Pressfeed.ru - онлайн-платформа для коммуникации между журналистами и экспертами

Содан кейін сұраным жариялай аласыз.

после чего можно публиковать запрос.

«Дерек көздері» үшін де осы рет. Тек, бұл жағдайда сұранымдар жіберілмейді, қаралады. Бәрі тегін.

«Pressfeed баспасөз баяндарын, журналистерге шақыртулар, аңдатпалар мен өзге де пиар-материалдар жолдамайды.

Pressfeed «кері бағытта» жұмыс істейді: журналистер сұрайды, ал пиаршылар мен эксперттер әрқайсына жеке жауап береді».

Сервис қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ  сайттың өзінен біле аласыздар.

Интерактив тест жасауға арналған онлайн-сервистер

Тест — онлайн-аудитория назарын аударудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Сәтті, көңілді, қызықты тесттер сіздің сайтыңызға қолданушылар көп келуін қамтамасыз етіп береді, өйткені, адамдар өзі туралы да, өзгелер туралы да көбірек біліп, өз білімдері мен өзгенің білімдерін тексеріп, салыстырғанды жақсы көреді.

Тест, ойын, онлайн-сауалнама жасауға мүмкіндік беретін екі тегін онлайн-құрал ұсынамыз.

qzzr.com сервисіне тіркелгеннен кейін бірден жұмыс бастай беруге болады.  Create («жасау») батырмасын басып, тест түрін таңдаймыз – бағалаушы немесе сипаттаушы.

3

Нәтижелердің сипаттамасын көрсетеміз де, сұрақтарын түземіз. Әр сұраққа сурет қосып, бүкіл мәтіннің фонын таңдауға болады.

Онлайн-сервисы для создания интерактивных тестов

Дайын нәтижені сайтқа HTML-код көмегімен орнатамыз.

Playbuzz.com  Facebook және Google+ аккаунттары арқылы тіркелуге мүмкіндік береді. Мұнда тест нұсқалары көбірек: жеке бас қасиеттерін, қандай да бір білім саласындағы білім деңгейін анықтау, галерея-тест, бағалау парақтары.

Онлайн-сервисы для создания интерактивных тестов

Тестті алуан түрлі етіп безендіруге болады — сіз мұнда тек компьютерден сурет жүктеп қана қоймай, сілтеме бойынша сурет не видео алып келе аласыз. Тест санатын таңдау және тегтерді көрсету міндетті.

Онлайн-сервисы для создания интерактивных тестов

Дайын нұсқаны сайтқа код көмегімен орнатуға болады. .

iMedia Project-2015 медиабағдарламасына қатысуға байқау

Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «iMedia Project» бастамасының екінші раундын бастайды.

Ашық республикалық байқау аясында қазылар алқасы қазақстандық БАҚ журналистері мен редакторлары арасында іріктеп алған 20 финалист бір жыл ішінде тегін бес апталық оқыту курсын өтеді.  Қатысуға өтінімдер 2015 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.

The New York Times, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica және басқа да танымал басылымдардың практик-журналистері америкалық екі жетекші журналистика мектебі  – Миссури штатының журналистика мектебі  мен Джорджиа штаты университетінің журналистика және бұқаралық байланыстар Грэди колледжінің профессорларымен бірлесе отырып қазақстандық журналистерге мультимедиалық стартаптар жасау және ілгерілету, сондай-ақ медиакәсіпкерлік және контентті монетизациялау машықтарын үйретеді.

«iMedia Project» бағдарламасы 5 апта ішінде өтетін 200 аудитория сағатына  және оқушылардың аудиториядан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне есептелген.

Бұл — республикалық және аймақтық БАҚ кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа тәуелсіз медиа жобаларын құруға мүдделі журналистері мен медиаменеджерлеріне арналған Қазақстандағы бірінші білім беру бастамасы.

Толық апқарат бағдарлама сайтында. 

Рейган-Фаселл атындағы стипендия бағдарламасы

Бүкіл дүние жүзінің демократия туралы көбірек білгісі келетін журналистері осы стипендия бағдарламасына қатысуға өтініш білдіре алады.

Демократияны қолдау ұлттық қоры  (NED) ұйымдастырған Рейган-Фаселл атындағы стипендия бағдарламасы (Reagan-Fascell Democracy Fellows Program) қатысушыларға демократия туралы көбірек біліп, өз қызметін демократияны қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар 2016-2017 жылдары бес айды Вашингтондағы Халықаралық демократиялық зерттеулер форумында  өткізеді, сондықтан үміткерлерге қойылатын басты талап — ағылшын тілін жетік білу.

Стипендия иегерлеріне ай сайын стипендия төленеді, медициналық сақтандыру шығыны және екі бағыттағы әуе билеттерінің ақысы өтеледі.

Өтініштер 15 қазанға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

IWMF Африкаға репортерлік сапарға баратын журналистер іздейді

Бүкіл әлемнің үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар және ағылшын тілін жетік меңгерген журналист қыз-келіншектері осы репортерлік сапарға қатысуға өтініш білдіре алады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әйелдердің халықаралық қоры  (IWMF) 2015 жылы Ұлы көлдерге байланысты жағдайды жария ету жөніндегі бастама аясында (African Great Lakes Reporting Initiative) Африкаға бес сапар ұйымдастырады. Келесі турда қатысушылар Орталық Африка Республикасына жол тартады.

Әр сапар қауіпсіздік жөніндегі үш кіүндік жаттығудан және сол аймақ бойынша эксперттермен кездесуден басталады. Іріктелген журналистер бір апта бойы сол барған елдерінде жұмыс істейтін тәуелсіз медиа құралдарына арнап материалдар әзірлейді, арнайы, топтарға арналған шараларға қатысады, сондай-ақ, мүдделі тараптардың өкілдерімен және жергілікті журналистермен кездесе алады. 

Таңдап алынған қатысушы жұмыс істейтін ұйым көтергісі келмеген жағдайда, IWMF бағдарламаға байланысты шығындардың бәрін, оның ішінде жолақы шығынын, тұрғын жай, тамақтану, көмекшілер мен аудармашылардың ақысын мойнына алады.

Өтініштер 12 тамызға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Түпнұсқа: ijnet.org.

Thomson Foundation жас журналистерге арналған байқау жариялады

Дамушы елдерде жұмыс істейтін жасы отызға толмаған журналистер осы байқауға қатысуына болады.

Thomson Foundation Лондон шетелдік пресса қауымдастығы  (FPA) байқауы аясындағы «Дамушы елдердегі жас журналистер» санатына демеушілік көрсетеді.

Үш финалист өзге жеңімпаздармен және әлемдік журналистиканың үздік тұлғаларымен бірге Лондонға қараша айында өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне барады.

Байқауға жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейі жан басына шаққанда 20 000 АҚШ долларынан кем болатын елдерде  жұмыс істейтін жас журналистер қатыса алады.

Қатысушылар өзінің үш жұмысы (байқау алдындағы он екі ай ішінде жарияланған немесе эфирге шыққан баспа, аудио, видео немесе мультимедиа форматындағы материалдар) кіретін портфолио ұсынуы тиіс. Кез келген тілдегі материалдар қабылданады, алайда, ағылшын тілінен басқа тілде әзірленген материалдарға ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілуі тиіс.

Өтініш 28 тамызға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Түпнұсқа: ijnet.org.

Деректер журналистикасында карталарды пайдалану

Экология туралы жазатын бразилиялық журналист және медиатренер  Густаво Фалейростың айтуынша, қазіргі заманғы деректер жинағын көрсету үшін карта сынды ескі форматтар бәрінен лайық екен.

Деректер жинақтарында көбінесе белгілі бір мекенге байланысты ақпарат көп болады, оларды картаға салған ыңғайлы.

«Одан бөлек, карта – пайдаланушылармен қатынас жасауға мүмкіндік беретін керемет құрал және оқиғаны баяндаудың таптырмас тәсілі», – дейді Фалейрос.

Густаво Фалейростың карталарға деректерді орналастыру туралы вебинарынан үзінділер ұсынамыз.

Әлемде көптеген деректер бар 

«Журналистер мен деректерді визуалдау мамандары экологияға байланысты дерек көздерінен таршылық көріп отырған жоқ», – дейді Фалейрос.

Ондаған жылдар бойы жинақталған деректерге ғылыми зерттеулер мен бақылаулар арқасында, көбінесе ашық қол жеткізуге болады.

Фалейрос журналистерге геодеректер іздеуде дерек көздерін табуға мүмкіндік беретін  геожурналистика жөніндегі анықтамалық жасап шығарды. Анықтамалықта қоршаған орта туралы ормандардағы өрттен бастап, ауаға улы газдар араласуына дейінгі түрлі тақырыптар бойынша деректерге қалай қол жеткізуге болатыны жөнінде ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ, анықтамалықта деректерді өңдеп, оларды карталарға орналастыру және визуалдау жөніндегі кеңестер де бар.

Барлық карталарды жасауға бірдей лайық бір де бір формат жоқ 

Журналистер визуалдауға түрлі мүмкіндіктер беретін алуан түрлі картографиялық форматтар қатарынан өзіне ыңғайлысын таңдап ала алады. Олардың кейбіреулері мыналар:

  • Нүктелі карталарда бүкіл аймақ бойынша шашырап жатқан нүктелер көрсетіледі. Мысалы,  мынадай картадағы әрбір нүкте Танзаниядағы су көздерін көрсетеді.
  • Осыған ұқсас принциппен  полигон карталары да жасалады, оларда деректер түрлі формалар түрінде көрсетіледі. Мұндай картаға жақсы мысал  – Texas Tribune жариялаған карта, онда АҚШ-тың түрлі штаттарында қатпардың гидроайрылуы жөніндегі операция нәтижесінде түзілген сұйық қалдықтарды жою орындары белгіленген.
  • Cloropleth-карталар түрлі аумақтарды белгілі бір түске бояу арқылы түрлі тенденцияларды көрсету үшін қолданылады.  Мысалы, CO2 бөлінуін көрсететін картада қызыл түспен көмірқышқыл газы ең көп бөлінетін, жасыл түспен — ең аз бөлінетін орындар белгіленген.
  • Жылу картасы деректерді түс немесе «жылу» көмегімен көрсетеді. Ондай картаға мысалы мына жерден көруге болады.
  • Көпіршік картада деректерге байланысты әр нүкте шеңбер түрінде көрсетіледі, оның көлемі деректердің мәніне сәйкес болады. Мына көпіршік карта АҚШ-тың түрлі округтарындағы халық санын көрсетеді.
  •  Картограммаларда географиялық формалар ұсынылатын деректерге сәйкес өзгеріп тұрады.

Назар аударуға тұратын құралдар

Деректерді жинақтап, өңдеп, сараптап, карталарға түсіруге арналған құралдар көп  –  Google Spreadsheets бастап Fusion Tables пен CartoDB дейін. Фалейрос мына құралдар тізімін жасап, әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігін тізіп, әрқайсын қалай қолдануға болатынына мысалдар келтіреді.

Сондай-ақ, Фалейрос  Jeo  аталатын WordPress шаблонын қолдануға кеңес береді. Бұл — InfoAmazonia ғана емес, геожурналистика жөніндегі басқа да сайттарға негіз болған шаблон. Jeo платформасы сайттарға жаңалықтарды цифр карталардағы қатпарлар түрінде жариялауға мүмкіндік береді.

Онлайн-карталар жасау үшін  Фалейрос журналистерге географиялық ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажет форматтар мен бірқатар машықтарды меңгеруді ұсынады. Оларға: CSV, XLS немесе өзге де бойлық пен ендік белгіленген бағандары бар кесте форматтары; GoogleEarth және Fusion Tables қолданатын KML/KMZ, форматтары; SHP (географиялық файлдардың векторлы форматы) және GEOTIFF кіреді. Сондай-ақ, журналистер «геокод» жасай білуі немесе географиялық ақпаратты автоматты түрде анықтай алатын құралдардың көмегімен ақпарат қандай мекенге байланысты екенін анықтай алуы тиіс.

Бірнеше практикалық тапсырма орындап көріңіз

Түрлі форматтармен және құралдармен жұмыс істеп дағдылану үшін Фалейрос  KMД қолданып нүктелі және полигон карталарын жасауда,  CSV қолданып нүктелі карталар жасауда,  Google Fusion Tables пайдалануда және  Google Earth көмегімен 3D визуалдауда жаттығулар орындап көруді ұсынады.

Thematic.co көмегімен фотоәңгіме жасау

Thematic.co — фотоконтент жариялайтын медиаға арналған пайдалы онлайн-сервис. Оның көмегімен жақсы сападағы суреттер топтамасын әзірлеп, оларға түсініктеме жазып, сілтемемен әлеуметтік желілерде таратуға және HTML-кодпен сайтта орналастыруға болады.

Шағын мысал:

Сервис тегін, оны пайдалану үшін тіркелу немесе Facebook-аккаунт арқылы кіру керек.

Как создать историю в фотографиях с помощью Thematic.co

Фотосуреттерді (ең көп дегенде – 20) Dropbox-тан немесе компьютеріңізден жүктеуге болады.

Как создать историю в фотографиях с помощью Thematic.co

Жобаның атауын және суреттердің сипаттамасын қосамыз.

Как создать историю в фотографиях с помощью Thematic.co

Жазудың түсін өзгертіп, суреттер арасында «терезе» қалдыруыңызға да болады.

Фото сапасы жақсы болуы керек екенін естен шығармаңыздар!