Creative Commons — заңды түрде контент алмасып, авторлар арасындағы серіктестікті нығайтуға көмектесетін коммерциялық емес ұйым. Өз туындыларын жариялау үшін немесе өзгелердің туындыларын пайдалану мақсатында әр адам көпшілікке арналған CC лицензияларын қолдана алады .
Creative Commons әзірлеген жаңа қосымша «шежіресін баяндап, өзгелерді тәрбиелеу үшін фотосуреттерді қажет ететін үкіметтік емес ұйымдар, журналистер, мемлекеттік мекемелер, мәдениет мекемелеріне арналған».
«Алайда, әркім қажет кезде қажет орында бола алуға мүмкіндігі бола бермейді», — дейді қосымшаны әзірлеушілер. Сондай қажетті көрнекіліктердің қайнар көзі де осы The List қосымшасы болмақ.
Қосымшаны пайдалану оңай – ұйымдар фотосуретін алғысы келетін орындар, мекендер, адамдар мен оқиғалардың тізімін көрсетеді. Ал сондай фотосуреттерді ұсынуға мүмкіндігі бар қолданушылар оларды тиісті белгі сала отырып жүйеге жүктейді.
Фотосуреттерді кез келген адам тегін пайдалана алады. Мобиль технологияларды белсенді қолданатын журналистер үшін The List шын мәнінде жұмысқа пайдасы тиетін құралға айналуы мүмкін.
Ал жаңа бастап жүрген фотографтар үшін The List қосымшасын пайдалану өз мүмкіндіктерін көрсетіп, кең аудиторияға танылуға жақсы мүмкіндік болмақ.
The List Android негізді құрылғылар үшін қолжетімді. Орнату ақпараты.
Шолу авторы — Алевтина Дудник. Sharalike — музыка ілесе жүретін слайд-шоу жасап, оны код көмегімен сайтқа орналастыруға немес сілтеме арқылы әлеуметтік желілерде ортаға салуға мүмкіндік беретін, қолданылуы оңай бағдарлама.
Слайд-шоу жасау үшін бірнеше қарапайым әрекетті орындау керек.
1. Sharalink.com сайтына кіреміз, онда екі опция шығады: Facebook арқылы кіру немесе пошта жәшігі арқылы тіркелу.
2. Алдымен компьютердегі фотосуреттерді жүктеу үшін альбом құру керек.
3. Жүктегеннен кейін таңдалған суреттерді үстінен тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі басып үлкейтіп көріп, өңдеуге мүмкіндік аламыз.
Одан бөлек, нысанды ұстап тұрып басқа жерге сүйреп апарып фотолардың орнын ауыстыруға болады. Енді слайд-шоуға арналған музыка мен оның қай стильде болатынын таңдаймыз. Ол үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы SmartShow батырмасын басамыз.
4. Алдымызда бірнеше функция ашылады:
— Сол жақ жоғарыда — слайдтардың стильдері. Классикалық ұлғайту немесе романтикалық баян болуы мүмкін, одан бөлек, жаңажылдық құттықтаулар үшін арнайы безендірілген тақырыптар мен қорқынышты фильмдер стиліндегі әзіл тақырыптар да бар.
— Одан төменірек — слайд-шоуға ілесе жүретін алуан түрлі музыка топтамасы. Сондай-ақ, фотосуреттерді музыкасыз өзін ғана қалдыруға немесе компьютерден өзіңіздің тректі, айталық өзіңіз жазған әр суретке қатысты пікірлер айтылған жазбаны жүктеуге де болады.
— Оң жақ мәзірде «жабу» батырмасын, сақтайтын SAVE батырмасын және сілтемені әлеуметтік желілердегі парақшаларда тарату үшін SHARE батырмасын көреміз. Хатқалта суреті бар батырма видеоның сілтемесін өзіңіздің поштаңызға жіберуге мүмкіндік береді.
5. SAVE немесе SHARE функциясын таңдағаннан кейін сервис сілтеме береді, сол сілтемені достарымыз мен оқырмандарымызға ұсынамыз.
Өзге пайдаланушылардың жасаған жұмыстарын да көріп шығуға болады, ол үшін сервистің басты бетіндегі сол жақ жоғарғы бұрыштағы EXPLORE батырмасын басу керек. Жасаған альбомыңыз не суреттеріңіз өзіңізге ұнамаса, сол жақ төменгі бұрыштағы себет суреті бар батырманы басып өшіріп тастауыңызға болады.
Конференция, семинар, қандай да бір оқиғалардан, іс-шаралардан түсірілген видеоларды динамикаға толтырып, интерактив етуге болады. Ол үшін дайын видеоға қосымша комментарий, көрнекіліктер, тіпті карталар мен сілтемелер қосу керек.
Studio.zentrick.com — дайын видеожазбаларға түрлі ақпаратты қосуға мүмкіндік беретін онлайн-сервис.
Сервисті пайдалану үшін тіркелу керек. Аспаптар тақтасында Experience тармағын таңдаймыз да, интерактив видео жасауға кірісеміз.
Бәрі өте оңай — сіз роликті сервистің өзіне жүктеуіңізге немесе YouTube сілтемесін көрсетуіңізге болады.
Төмендегі тармақтарда видеоның атауын, сипаттамасын жазып, кілтсөздерін (тегтер) көрсетіп, релевонт опцияларын таңдайсыз.
Тікелей видеоның өзімен жұмыс жоғарғы аспаптар тақтасындағы Design тармағынан басталады. Сол жақтағы мәзірде видеоны әрлеу жөніндегі түрлі бөлімдерді көресіз, оң жақтағы жұмыс кеңістігі — жобаңыздың өзі.
Қажетті тармақты таңдаймыз — мәтін, сурет, батырма, карта және басқа да көптеген опциялар бар. Жұмыс кеңістігінде сол функцияның жеке жолағы пайда болады.
Бұл жерде таңдалған опцияның баптамаларын түзетіп, таңдалған элементті видео бойымен жылжытып, басқа да әрекеттерді жасай аласыз.
Бастапқы нәтижесін көру үшін, Design Mode батырмасын басыңыз. Дайын жобаны жариялаймыз (жоғарғы аспаптар тақтасындағы Publish) да, сипаттамасын жазамыз. Сервис бір жоспарды таңдауды ұсынады — тегін нұсқасы интерактив видеоны 3000 рет көру мүмкіндігін береді. Көрілім саны шексіз ақылы нұсқалардың бағасы — 300$ басталады.
Жоспарды таңдағаннан кейін жарияланымды не үшін қолданатынымызды — код көмегімен сайтқа қоямыз ба, сілтемемен твиттерге, фейбукқа қоямыз ба — соны көрсетеміз.
Әдемі инфографиканы қайдан қараймыз? Деректерді визуалдау үшін қандай ресурстарды және қалай қолданамыз? Инфографика және визуалдауға арналған сервистер мен ресурстар топтамасын ұсынамыз.
DailyTakk инфографикаға арналған құралдар мен ресурстар топтамасын әзірлепті. Солардың ішінен ең пайдалыларын таңдап алып, жаңа бастап жүрген дизайнерлерге ғана емес, деректерді визуалдау саласының мамандары үшін де пайдалы болатын өзіміз білетін басқа да сервистерді қостық.
Алдыңғы бір материалда Verification Handbook атты кітап — төтенше жағдайлар кезінде пайдаланушылар жасайтын контентпен (User-generated content) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық туралы жазған едік.
Жақында Европа журналистика орталығы екінші Verification Handbook for Investigative Reporting кітабын жариялады. Бұл — бірінші кітапты толықтыратын, журналистік зерттеулерде UGC және ашық дерек көздеріндегі ақпаратты қолдану жөніндегі нұсқаулық.
«Журналистер, адам құқықтарын қорғаушылар, белсенді азаматтар және басқалар өз зерттеулерінде пайдаланушылар контенті мен ашық ақпаратты қолданады.
Алайда, әлеуметтік желілерде, бұқаралық деректер базасында ондай ақпарат тым көп болғандықтан, сол ақпаратты іздеу және тексеру жөнінде біраз білім керек».
Тегін электрон кітап он тараудан тұрады және ақпаратты онлайн іздеу, зерттеу техникалары, пайдаланушы контентінің растығын тексеру және зерттеудегі этика принциптерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты қамтиды.
Кітаптан 3 кеңес
1. Іздеуді қолдана біліңіз
Google немесе Yandex арқылы қажет ақпарат таба алмай қалатын кездер болады. Бірақ, іздеуді неғұрлым тиімді пайдалануға көмектесетін біраз кеңестер бар.
Мысалы, іздеу сұранымдары операторларын қолданудың өзі қажет ақпаратты табуға көмектеседі.
Айталық, сізге белгілі бір кілтсөздер бойынша іздеу нәтижелері керек болса, OR операторы көмегімен қосымша іздеу опцияларын қосуыңызға болады.
Интернетте және түрлі әлеуметтік медиа құралдарында ақпарат іздеу техникалары жөнінде толығырақ 3-тарауда жазылған.
2. Әрқашан деректерді екі рет тексеріңіз
Деректерді тексеру – оларды сараптауға кірісер алдындағы қажетті кезең. Шын мәнінде, деректерді сараптап болғаннан кейін де тексеру керек.
Сараптамадан кейін деректерді тексеру – зерттеу жүргізудегі деректермен жұмыс істеудің ең маңызды сатысы, жасаған шежіреңіздің растығын тағы бір тексеріп, болжамдарыңыз расқа шыққан-шықпағанын көруге тағы бір мүмкіндік.
Деректерді тексеру жөнінде толығырақ 5- тарауда жазылған.
3. Жерсерігінен түсірілген суреттерді қолданыңыз
YouTube-тағы видео сияқты пайдаланушы контенті зерттеу жүргізу кезінде пайдалы болуы мүмкін, алайда, оның растығын үнемі тексеріп отыру керек.
Видео қандай да бір нақты мекенде түсірілген болса, журналист сол жердің жерсерігінен түсірілген суретін тауып, видео мен суреттегі белгілерді салыстыруына болады.
Бұл техниканың көмегімен, видеоның геолокациясын тексеріп қана қоймай, түсірілім кезінде камера қай нүктеде тұрғанын да есептеп шығаруға болады.
Пайдаланушы контентін тексеру туралы толығырақ 6-тарауда жазылған.
BBC, Der Spiegel және Eliot Higgins’ Bellingcat, Tow Center for Digital Journalism, Amnesty International, WITNESS және SAM верификация платформасының атсалысуымен жазылған кітапты Verification Handbook сайтынан көшіріп алуға болады.
Бағдарламаның мақсаты – цифрлік контентті әзірлеу және тарату арқылы коммуникация дағдыларын күшейту үшін Европа мен Азия медиамамандарының кәсіби желісін құру.
Ашық байқауда 25 қатысушы іріктеп алынып, 2015 жылғы 6 қыркүйектен 9 қазанға дейін төрт апта кәсіби бағдарлама өту үшін АҚШ-қа шақырылады.
Талаптар: үміткерлер — тәуелсіз журналистер, азаматтық қоғам қайраткерлері, блогерлер — мына елдердің бірінде тұруы тиіс: Армения, Әзірбайжан, Эстония, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Грузия, Тәжікстан, Украина.
Қатысушылардың жасы 25 пен 40 жас аралығында болуы керек. Үміткерлер кәсіби білім мен машықтарды меңгерген болуы тиіс.
Подкастар алғаш 90-жылдары шыққанымен, қазір қайта жанданып отыр. Бұл негізінен адамдар мобильдік құрылғыларды көбірек қолдануымен байланысты. Оған жарқын мысал ретінде Чикаго қоғамдық радиосы (WBEZ) былтыр шығарған Serial подкастын атауға болады. Ол подкаст әлемінде ең танымал жобаға айналып, iTunes-та 5 миллионнан артық рет көшіріп алынған .
Подкастар – әдетте оларды жасаушылардың веб-сайтынан тыңдауға болатын тегін аудиофайлдар, бірақ қолданушылар көбінесе оларды мобильдік құрылғыларына көшіріп алып, жүре тыңдағанды ұнатады. Подкастар алуан түрлі тақырыптарға арналады, оның ішінде журналистика мен БАҚ дамуы да бар.
Қазір, журналистерге подкастармен жұмыс істеуді меңгеру бұрынғыдан ерекше қажет болып келеді. Сондықтан да бізге компьютер немесе мобильдік құрылғы көмегімен аудиошоу жасауға көмектесетін онлайн-құралдар керек.
IJNet сайты жасаған журналистер өз подкастарын жасау үшін қолдана алатын сервистер тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Spreaker: жақында жасалған, «радиоэфир жұлдыздарын» жарқыратуды мақсат ететін мобильдік қосымша. Оның көмегімен кез келген пайдаланушы тікелей эфирде подкаст не радиошоу жасай алады. Бұл қосымшаның диджей пульті функциясы аудиожинақтан музыка таңдап, оны шоуға қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қосымшада танымал подкастармен жақынырақ танысуға да болады. Қосымшаның өзі жақында ғана шықты, ал Spreaker веб-платформасы бірнеше жылдан бері бар. iOS, Android және Windows құрылғыларына арналған.
Opinion podcast: iOS-қа арналған қолданылуы оңай бұл мобильдік қосымша аудиожазбаларды өңдеп, бөлісуге мүмкіндік береді. Қосымшаның тегін нұсқасымен ұзақтығы он минут подкастар жасауға болады. Ақылы нұсқасымен (3.99 доллар) шексіз аудио жаза аласыз.
BlogTalkRadio: бұл веб-платформа өз компьютеріңіздің жұмыс үстелінде радиошоу жазып, оны подкаст түрінде сақтауға мүмкіндік береді. Сервис ақылы да, тегін де қызметтер ұсынады. Бұл — подкастинг сервисін ұсынған алғашқы веб-құралдардың бірі. Осы платформадағы өзге жазбалардың арасынан Колумбия университеті журналистика мектебінің және басқа да көптеген жергілікті жаңалық агенттіктерінің вебкастарын таба аласыз.
SoundCloud: бұл — аудио жазуға арналған қосымша және 175 миллион белсенді пайдаланушысы бар, тәуелсіз музыканттардың өзін-өзі таныту алаңы болып отырған веб-сайт. Жақында подскаст жасаушыларды да өз қатарына қосып, оларға өз шоуларының RSS-каналына сілтеме жасауға және оларды iTunes пен өзге де посдкаст сервистері арқылы жұртқа ұсынуға мүмкіндік берді. SoundCloud пайдаланушылары үш сағатқа дейін аудионы тегін жүктей алады. Одан ұзағырақ жазбалар үшін сервис түрлі ақылы нұсқалар ұсынады. Қосымша iOS пен Android құрылғыларына арналған.
Buzzsprout: бұл веб-құрал подкастарды компьютердің жұмыс үстелінде жазып, өңдеп, жариялауға мүмкіндік береді. Сіз екі сағатқа дейін аудионы тегін жазып, подкастыңызды сайтта 90 күн сақтай аласыз. Ақылы нұсқалар бұдан да артығырақ мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, пайдаланушылардың контентіңізге деген қатынасын көріп отыру үшін сервис аналитика да ұсынады. Сонымен қатар, бұрынғы подкастарыңыз болса, оларды сізге iTunes арқылы жазылуға мүмкіндік беретін, бапталатын веб-сайтта жариялай аласыз. Buzzsprout-пен жұмыс істей бастау туралы толығырақ.
Бүкіл дүние жүзінің журналистері америкалық медиада ашылмаған мәселелер бойынша журналистік материалдар әзірлеу үшін тревел-гранттар алуға өтінім беруіне болады.
Дағдарыс туралы жазу Пулитцер орталығы дүние жүзі бойынша журналистердің, жазушылардың, фотографтардың, радиобағдарламар продюсерлерінің, режиссерлер мен фрилансерлердің өтінімдерін қарастырады.
Бағдарлама халықаралық маңызы бар тақырыптар бойынша журналистік жобалар әзірлеу жұмысымен байланысты саяхаттауға тревел-гранттар береді.
Грант сомасы жобаға байланысты болады. Қаржыландырудың орташа сомасы – 5 000 — 15 000 АҚШ доллары.
Сәуірдің аяғында Лондонда European Digital Media Awards ірі халықаралық концференциясы барысында 2015 жылғы Еуропадағы үздік медиажобалар аталды. Байқауға ұсынылған 120 жұмыстың ішінен дүние жүзінен жиналған 8 эксперттен құралған қазылар алқасы – сала дамуы үшін ең өзекті де маңызды жобаларды іріктеп алды.
Бұл – нағыз зерттеу еңбегі. The Norwegian Broadcasting Corporation елдегі кісі қолынан болған әрбір өлім туралы айтып қана қоймай, сараптама да жүргізген – кісі өлтіру себептері, сот үкімдері салыстырылған. Қорытынды — елдегі кісі өлімінің бәрі психикалық ауытқулары бар адамдардың қолынан келген.
OMV Petrol мұнай компаниясы Австриядағы түрлі білім беру және зерттеу жобаларына белсенді қолдау көрсетеді. Алайда, Telekurier Online Medien серіктестігі мен мультимедиа құралдарын қолдану арқасында ғана OMV Petrol бастамаларына жұртшылықтың назарын аудару мүмкін болды.
“Планшеттерге арналған үздік басылым”
Жеңімпаздар: Axel Springer, Германия және Aftenposten, Норвегия
Жобалар: EPOS (Springer), Aftenposten +
EPOS – планшеттер үшін арнайы жасалған тарихи ғылыми-бұқаралық журнал.
Aftenposten + жобасын қазылар алқасы «планшеттерге арналған үздік газеттердің бірі» деп атады.
“Үздік мобильдік сервис”
Жеңімпаз – Die Welt, Германия
Жоба – Kompakt
Die Welt Kompakt 2014 жылғы мамырда IOS-қосымша ретінде шығарылған. Қосымшаның басты міндеті жастар аудиториясының назарын аудару болатын. Ол орындалды да: Die Welt Kompakt көшіріп алғандардың жартысы – жасы отызға толмаған қолданушылар. 2014 жылдан бері қосымша 100 000 реттен артық орнатылыпты.
2014 жылдан бері сән, сұлулық пен шабыт жөніндегі MinMote сайты жаңа сервис ұсынады — пайдаланушылар мақаланың өзінде отырып зат сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
The Guardian көптеген жылдар бойы медиасаладағы инновациялар көшбасшысы саналады. Компания үнемі сайтының дизайнын жетілдіріп отырады, медианың IOS пен Android қосымшалары миллионнан астам рет көшірілген.
VG-lista — Норвегияның ресми музыка чарты. 1998 жылдан бастап VG-lista жобаны ілгерілету мақсатымен жазғы концеттер өткізіп келеді. Биыл Verdens Gang басылымы жыл сайынғы кампаниясында әлеуметтік медианы пайдаланды – 75 қала арасында #vglista байқауы ұйымдастырылып, концерттер жеңімпаз қалаларда өткізілді. Нәтижесінде, Норвегиядағы Facebook пайдаланушыларының қырық пайызы #vglista туралы бір немесе бірнеше жаңартылуды көрді.
The Guardian жобасы — он елдің он тарихшы маманы қатысып жасаған, сирек кездесетін видеожазбалар қолданылған сегіз тілдегі керемет интерактив деректі фильм.
Финалистер мен жеңімпаздардың толық тізімі мұнда.
Digital Media Europe 2015 туралы толығырақ шараның сайтынан немесе #dme15 хештегі бойынша оқуға болады.