Домой Блог Страница 72

Fold: «модульді» мультимедиалық шежірелер жасауға арналған платформа

Контект әсіресе маңызды болатын материал әзірлеу үшін Fold онлайн-платформасын қолдануға болады.

Бұл құрал әңгімені «контекстілі карталармен» толықтыруға мүмкіндік береді — негізгі мәтін үзілмейді, бірақ оқырман экранның оң жағында қалқып шығып отыратын модульдерді, фото, видео, карта, твиттер, гиф-анимацияларды көреді.

11-1024x456

Нәтижесінде оқиғаның басты желісі әрқайсысы өз алдына бөлек материал болуға лайық мультимедиалық қосымшалармен толығады.

31-1024x487

Платформа тегін, орыс тілінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оны қолдану үшін тіркелу немесе твиттер-аккаунт арқылы кіру керек.

Дизайны қарапайым – сіз өз материалыңыздың негізгі кескінін ауыстыруыңызға болады. Содан кейін жобаға ат қойып, құрастыруға көшеміз.

Көріп отырғандарыңыздай, қолжетімді мультимедиалық форматтар көп. Оның үстіне, өз ресурстарыңызды пайдаланып қана қоймай, кілтсөздер бойынша видео, фото, басқа да материалдар іздеуіңізге болады.

21

«Контекстілі карталар» не оң жақтағы «+» таңбасын басу арқылы қосылады да, содан кейін негізгі мәтіндегі қажетті сөзбен/терминмен байланыстырылады. Не болмаса, кейіннен, дайын негізгі материалдағы қажетті сөзді/терминді бөліп алғаннан соң жасалады.

Дайын жобаны твиттерде немесе фейсбукта бөлісуге болады. Платформаның басты кемшілігі — дайын шежірелерді тек сілтеме арқылы тарату мүмкіндігі. Сайтқа орнату коды жоқ.

Әйтсе де, құрал шағын модульдік арнайы жобалар жасауға арналған тағы бір формат ретінде медиа үшін пайдалы болмақ.

Media and Social Innovation Lab шарасына қатысуға байқау

инноваааации

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның медиа, ҮЕҰ және IT мамандары Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясына қатысуға шақырылады.

Бұл — әлеуметтік мәселелер жөнінде жаңаша айтуды , оларды шешу үшін қоғамның назарын аударуды, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін сапалы қазіргі заманғы құралдарды жасауды үйренуге таптырмас айрықша мүмкіндік.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы 2015 жылғы 25-26 маусымда Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтеді.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы – Internews АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырып отырған «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» жобасының аясында өткізіледі.  

Шараны ұйымдастырушы —  Интерньюс Нетуорк Қырғыз Республикасындағы өкілдігі және «Клооп Медиа» қоғамдық қоры.

Өз қалаңыздағы, аймағыңыздағы, еліңіздегі мәселелерді онлайн қосымшалар, long read, картография, арнайы жобалар арқылы шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік онлайн-жобаларды жүзеге асыру үшін өтінімдер қабылданады. Әр елден үш өтінім, барлығы тоғыз өтінім іріктеліп алынады.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы барысында командалар өз өтінімдерін жетілдіріп, кәсіби менторлар көмегімен жұмыс істейтін жобаларға айналдырады.

Жұмыстар нәтижесі бойынша үздік онлайн-жобаға  $2000 көлемінде кіші грант беріледі. Әзірленген жобалар ары қарай жетілдіріп, ілгерілетіп, тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы медиасеріктестерге беріледі.

Үш елден барлығы 30 қатысушы іріктеліп алынады.

Интерньюс Нетуорк Қырғыз Республикасындағы өкілдігі барлық қатысушылардың ұшақ билетін, жол шығындарын, жатын орын және тамақтану шығындарын көтереді.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның медиамамандарынан, азаматтық сектор өкілдерінен, үкіметтік емес ұйымдарынан, мемлекеттік құрылымдарынан және ІТ мамандарынан өтінімдер қабылданады.  Өтінім үлгісі.

Толтырылған өтінім үлгісін 2015 жылғы 29 мамырға дейін innovlab2015@gmail.com поштасына жолдаңыздар.

Байқау нәтижелері   2015 жылғы 10 маусымда  internews.kg, newreporter.org және kloop.kg сайттарында жарияланады.

Сайттың мобильдік нұсқасының ыңғайлылығын қалай тексеруге болады

Сайттың ыңғайлы мобильдік нұсқасы көбірек аудитория тартуға, ал, ең бастысы, Google жүйесінде жоғары орындарға шығуға  — жүйе іздеу нәтижелерін деңгейлеуде өзгерістер енгізді.

Ендігі жерде мобильдік құрылғылар үшін ыңғайлылық онлайн-ресурсты бағалау және іздеу нәтижелерін есептеу шарттарың біріне айналды.

Сайтты телефоннан қарау қаншалықты ыңғайлы екенін тексеру үшін гугл  арнайы сервис жасап шығарды.

Чтобы проверить, насколько удобно пользоваться сайтом на телефоне, гугл разработал специальный сервис.

Жолаққа ресурстың сілтемесін енгізсеңіз болды, бірнеше секундтан кейін сайттың  «мобильдік қолжетімділігіне» толық сараптама шығады.

Чтобы проверить, насколько удобно пользоваться сайтом на телефоне, гугл разработал специальный сервис.

Сервис қате бар екенін ескертсе, жөн сілтеулерге назар аударыңыз — олар кем-кетікті түзетуге көмектеседі.

Чтобы проверить, насколько удобно пользоваться сайтом на телефоне, гугл разработал специальный сервис.

“… әзірлеуші ретінде сізге веб-сайтыңызды қайта жасау үшін уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Көп ретте ол үшін парақшалардың көріну стилін ауыстыру немесе сайтыңыздың баптамаларын сәл өзгерту жеткілікті болады»  (googlerussiablog.blogspot.com).

Google сондай-ақ  әзірлеушілерге арналған сайтты бейімдеу жөніндегі нұсқаулықты   пайдалануды ұсынады.

Сайтыңыз мобильдік құрылғыларда қалай көрінетінін тексеруге арналған бірнеше онлайн-сервис ұсынамыз.

Quirktools.com/screenfly

Responsinator.com

Mobilephoneemulator.com

Алматыда «Media Asia 2015» халықаралық конгресі өтеді

2015 жылғы 13-15 мамырда Алматыда аймақтағы медиа саласы үшін маңызды шара — «Media Asia» халықаралық конгресі өтеді. Мақсаты — ТВ индустриясы саласындағы компаниялар үшін кәсіби пікір алмасуды ұйымдастыру.

Шара аясында «ACTUAL TECHNOLOGIES 2015» көрмесін және  «Asian Cable TV Conference 2015» конференциясын өткізу жоспарланып отыр. Көрме мен конференция Азия аймағындағы телехабарлар таратуды жетілдіруге, бизнес қауымдастықты дамытуға, сонымен қатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын халықаралық аренада көрсетуге ықпал етпек.

Конгреске қатысушылар практик мамандармен, телеконтент жеткізушілермен, технологиялар мен жабдықтар өндірушілерімен әңгімелесіп, көрме мен дөңгелек үстел жұмысына қатыса алады.

«Media Asia» халықаралық конгресінің бірінші күні, 13 мамырда «Asian Cable TV Conference 2015», кабельдік телевизия операторларының ірі аймақтық конференциясы өтеді. Онда медианарық мүшелері   «дөңгелек үстел» басында саланың өзекті мәселелерін талқылай алады.

14-15 мамырда — «AT.EXPO – 2015» –  ТВ-контент, өндіру және жеткізу технологияларын таныстыру; Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия мен Корея мамандары үшін пікір алмасу және үйрену алаңы. Бұл шара бірнеше жылдан бері Алматыда тәжірибе алмасып, іскерлік қатынастарын дамыту үшін мыңнан аса маман мен жетекшінің басын қосып келеді.

Көрме секциялары: ТВ және радио актуал технологиялары, цифрлі көпарналы ТВ, контент және медиақызметтер саласы мәселелері, мультимедиалық технологиялар.  Көрме барысында оқу-таныстыру залдарында Республиканың ТВ индустриясына қатысты ашық пікірталас форматында сессиялар өтеді.

Конгрестің ұйымдастырушылары: «АТТВ» алғашқы медиаконсалтинг компаниясы,  «Қазақстан БАҚ қолдау және дамыту қоры» және «Silk Way Media» ЖШС. Толық ақпарат мұнда.

Халықаралық конгресс Алматы қаласында, Байзақов к., 280, Сәтпаев көшесімен қиылыстағы «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында өтеді.

National Geographic фотобайқауға жұмыстар қабылдайды

Дүние жүзінің фотографтары цифрлік фотография байқауына қатысуға өтінім білдіруіне болады.

National Geographic Traveler фотобайқауына төрт санат бойынша жұмыстар қабылданады:  «Сапарда кездескен адамдардың портреттері», «Пейзаж», «Мекенді сезіну» және «Кездейсоқ сәт».

Байқау нәтижелері бойынша жүлделер мен сертификаттар табысталады, оның ішінде National Geographic ұйымдастырған Коста-Рикаға және Панама каналына сегіз күндік фотоэкспедиция, Йеллоустоунға алты күндік сапар және теңіз саяхаты бар.

2014 жылғы байқаудың жеңімпаздары.

Байқауға өздері тұратын елде кәмелеттік деп белгіленген жасқа толған тұлғалар қатыса алады. Қатысу жарнасы — 15 АҚШ доллары.

Фотосуреттер 30 маусымға дейін қабылданады.

Толық ақпарат.

Экологиялық журналистика саласындағы жобаларға арналған гранттар

Экология тақырыбында жазатын немесе экологиялық қауымдастықты нығайтуға мүдделі журналистер осы грантты алуға өтінім беруіне болады.

Earth Journalism Network медианың стратегиялық мүмкіндіктерін дамытуға, жергілікті экология саласындағы журналистер ұйымдарының әлеуетін нығайтуға қаржы салады, сондай-ақ, экология мен энергетика туралы жазатын журналистерге қолдау көрсетеді.

Климат өзгеруі тақырыбына арналған, климат өзгеруі маргинал және қорғалмаған қауымдастықтарға қалай ықпал ететініне баса назар аударыла жазылған жобаларды қаржыландыруға өтінімдер қабылданады.

Гранттардың жалпы сомасы —  50 000 АҚШ доллары, ол бес грант арасында бөлінеді.

Өтінімдер 15 мамырға дейін қабылданады.

Толық ақпарат.

Сайлау туралы жазу жөнінде он кеңес

Жақында Янгонда, Мьянма,   ICFJ ұйымдастырған сайлау тақырыбын жария ету жөнінде семинар  болып өтті. Семинарда алуан тақырыптар қозғалды, біз дүние жүзінің бұқаралық ақпарат құралдары үшін пайдалы болуы мүмкін бірнеше кеңесті іріктеп алдық.

Сайлаушыларды ойлаңыз. Сайлау тақырыбын жазу – кандидаттар мен олардың мәселелері туралы жазу деген сөз емес. Сайлаушылардың мәселелері маңыздырақ. Олар үшін не маңызды екенін біліп, сол мәселелерді саяси партияларға жеткізіңіз. Материалдарыңызда кандидаттарға ғана байланысты мәселелер артық болып кетпеуін қадағалаңыз. Азаматтар — сайлау кезіндегі басты күш осы, дауыс беретін де солар.

Сайлау туралы заңмен танысыңыз. Ол заң партиялар қалай қалыптасатынын, сайлауға кім түсе алатынын, сайлау учаскелерінің шектері қандай болуы тиіс және сайлау кезінде заң бұзушылықтар болып жатса, қалай әрекет ету керек екенін анықтайды.

Ақшаны қадағалаңыз. Сайлау қалай қаржыландырылатынына, кандидаттар мен партиялар қолдауды қайдан алатынына және партиялар мен кандидаттарды қаржыландыру сайлау туралы заңға сай келетін-келмейтініне назар аударыңыз.

Сайлаушыларды тіркеу процедурасын зерттеңіз.  Тіркелген сайлаушылар тізімі қалай жасалатынын, тізімге енбеген сайлаушылар қолында сәйкес құжаттары бар болған жағдайда қалай тіркеле алатынын анықтаңыз. Ол процедураларды халықаралық стандарттармен салыстырыңыз. Адамның жынысына, тегіне, дініне қатысты шектеулер бар ма, тіркелу үшін ақы алына ма — осы сұрақтарды анықтаңыз.

Фактілердің бәрін тексеріңіз. Кампаниялар барысында кандидаттар мен партиялар түрлі статистика пайдаланады. Ештеңеге сенбеңіз; әр сөйлемді тексеріп отырыңыз, мысалы: кандидаттар бүгін қандай уәде беріп жатыр, өткен жолы не деп еді. Жұмыс бастамас бұрын халықаралық және отандық эксперттер мен ұйымдардың тізімін жасап қойыңыз — олардың көмегімен кандидаттар мен партиялардың мәлімдемелерін тексеріп отырасыз.

Сауалнама нәтижелерімен жұмыс істегенде абай болыңыз. Қоғамдық пікір сауалнамалары — сайлауалды кампанияны жария етудің негіздерінің бірі, алайда, осы деректерді пайдаланатын журналистер ол зерттеудің ақысын кім төледі, сауалнаманы қай топ жүргізді, ол қашан және қайда жүргізілді, қанша адамға сұрақ қойылды, ол адамдар кімдер, қандай сұрақтар қойылды және қорытындыдағы ауытқу қаншалықты деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Сондай-ақ, журналистер ол ақпараттың жаңалықтар үшін қаншалықты маңызды екенін, барлық көзқарас тұрғылары қамтылды ма, және жаңа сауалнама қорытындысы бұрын жүргізілгенінен несімен ерекшеленетінін анықтап алғаны дұрыс.

Дауыс беруге арналған бюллетеньге назар аударыңыз: ол ұғынықты ма?  Дауыс бергісі келетін, бірақ оқи алмайтын адамдар партиялардың логотиптері мен кандидаттардың фотосуреттері салынған бюллетень алуына бола ма? Бюллетеньдерді сайлаушыларға алдын ала, сайлаудан бірнеше күн, тіпті бірнеше апта бұрын көрсетіңіз — құрылымымен таныссын.

Сайлау күні әсіресе мұқият болыңыз: дауыс беруді күтіп тұрған және сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушылармен сөйлесіңіз.  Оларды біреу дауысын қалай беру екеніне мәжбүрлеген жоқ па екенін сұраңыз. Учаскеде бюллетень, урна, дауыс беру мен нәтижелерді санау барысын бақылайтын адамдар жеткілікті ме екен — соны біліңіз. Ашық тұрған сайлау урналары, бір-бірінен бөлектенбеген бөлмелер немесе қолында бар құжаттары бола тұра дауыс беруден шеттетілген адамдар бар-жоғын анықтаңыз.  Бюллетеньдер қалай саналып, тасымалданатынын және оны партияда жоқ бақылаушылар қалай қадағалайтынын біліңіз. Сайлау нәтижелеріне болжамдар жасалса, ол болжамдарды кім және қалай жасайтынын анықтаңыз.

Бәрін алдын-ала бастаңыз. Сайлауды жариялау үшін сайлауалды кампанияның басталуын күтіп отырмаңыз. Сайлауалды кампанияның алашапқыны басталғанға дейін де көптеген зерттеулерді жүргізіп,  материалдарды жариялауға болады.  Партиялардың тұғырнамаларын сараптап, салыстырыңыз, кандидаттардың досьелерінен бастаңыз, оқырмандарыңызға негізгі мәселелер туралы айтып беріңіз, сол мәселелер бойынша анкета құрастырып, кандидаттарға ұсыныңыз. Сайлауға арналған жарияланымдар кестесін құрыңыз, оқиғаларды бөлімдер бойынша жіктеп, кім нені жазатынын анықтап қойыңыз.

Сіздің жұмысыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз. Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау процесінде маңызды роль атқарады. Сайлаушылар кандидаттар, саяси партиялар және сайлау процесі туралы неғұрлым көбірек білсе, сайлау учаскесіндегі дауыс беру бөлмесінде салмақты әрі жауапты шешім қабылдауға соғұрлым әзір болады. Ондай ақпараттың көбін олар сіздерден — журналистерден алады.

Маргерит Салливан – Бұқаралық ақпарат құралдарына халықаралық көмек көрсету орталығының   (Center for International Media Assistance) негізін қалаушы және бұрынғы аға директоры.   ICFJ бағдарламасы аясында 2015 жылғы ақпанда Мьянмада болғалы жатқан сайлауға байланысты журналистерге тренинг өткізген. 

Түпнұсқа мәтін — ijnet.org

«Интерактив карталар жасау» тақырыбында вебинар

30 сәуір күні сағат 20.00 Олег Хоменоктың «Google Fusion Tables және BatchGeo көмегімен интерактив карталар жасау» тақырыбында вебинары өтеді.

Қатысушылар деректер жинағын олардың орналасу орнына қатысты визуалдауға мүмкіндік беретін интерактив карта жасау жөнінде білім алып, машықтанады.

  • Карталардың көмегімен қандай ақпаратты визуалдай аламыз?
  • Картаға ендіру үшін бізге қандай форматтағы деректер керек?
  • Деректерді Fusion Tables немесе BatchGeo кестелеріне енгізу.
  • Деректердің карталарда көрініс табуы және оларды сайтта орналастыру.

Тренер жөнінде ақпарат

Олег Хоменок, медиаэксперт, журналистика жөніндегі тренер, медиаменеджмент жөніндегі кеңесші,  Зерттеуші журналистердің ғаламдық желісі  кеңесінің мүшесі, Internews Network медиа мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі, 2003 жылдан бері Украинадағы  SCOOP журналистік зерттеулер жобасының үйлестірушісі.

Фото с личной страницы Олега в Facebook

Журналистикада 1992 жылдан бері, баспасөзде және ақпарат агенттіктерінде жұмыс істеген.

Сертификаты бар тренер және  FOJO (Kalmar, Sweden), World Bank Institute, BBC World Service Trust және NewsPlex of South Carolina University журналистика және газет менеджменті жөніндегі кеңесшісі.

1998 жылдан бері зерттеу журналистикасы, жаңа медиа, журналистика негіздері, медиаменеджмент, медиа мен баспасөз қызметінің өзара серіктестігі және өзге де тақырыптар бойынша үш жүзден астам  тренинг өткізген.

Тегін вебинарға қатысу үшін  сілтемемен өтіп тіркелу керек. Назар аударыңыз! Вебинарға тек Google Chrome, FireFox, Opera браузерлерінен кіре аласыз.

Вебинарға тиімді қатысу үшін  Google аккаунтыңыз бар екеніне, компьютерде Excel орнатылғанына көз жеткізіңіз және Dropbox-та тіркеліңіз.

«Google Fusion Tables және BatchGeo көмегімен интерактив карталар жасау» тақырыбындғы вебинарды   Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай көмегі арқасында ұйымдастырды.  

Twitter-ді краудфандинг кампаниясы үшін пайдалану жөніндегі 7 кеңес

Жиі жазу, қызық жазу және бәрін жазу — Twitter-де краудфандинг кампанияны тиімдірек жүргізуге көмектесетін пайдалы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

7 советов о том, как использовать Twitter для краудфандинговой кампании

Краудфандинг кампаниясының табысты жүруі оның Интернетте қаншалықты кең таралғанына — ол туралы қанша адам біліп, оған қатысуға бел буғанына байланысты екені белгілі.

Сондықтан да әлеуметтік желілер, атап айтқанда Twitter сіз жүргізіп отырған кампания туралы жар салып, оған назар аудартудың үздік тәсілдерінің бірі.

Dissertaion Avenue директоры, карьера жөніндегі кеңесші Рошель Сейра Twitter-ді тек достарыңызға кешкі асқа не жегеніңізді айтудың ғана емес, жобаңызды Интернетте тиімді ілгерілету құралына айналдыру жөніндегі кеңестерімен бөлісті.

7 қарапайым да пайдалы кеңес:

1. Жиі жазыңыз. Кішкентай бір твит өзге хабарламалардың арасында жоғалып кетеді, сондықтан, аса назар аударта алмасаңыз, демек сіздің жазғаныңызды аз адам көрді деген сөз. Аудиторияға жүргізіп жатқан кампанияңыз жайлы, олар неліктен оны қолдауы керек екені туралы жиірек айтып отырыңыз.

Twitter-де қай кезде жазба жариялау немесе автоматты жарияланым жоспарлап қою керек екенін анықтау үшін, осы әлеуметтік желіге арналған  қосымшалардың бірін  пайдаланыңыз.

2. Қызықты етіп жазыңыз. Жазылушыларыңызға қызықты болатындай етіп жазыңыз. Жобаңыз туралы құрғақ фактілер және оған көмек керек деген үндеуге ешкім де назар аудармайды (шын мәнінде, бәріне бәрібір). Аудиторияңызда олар үшін жобаға атсалысу қаншалықты пайдалы болатыны туралы айтыңыз. Назар аудартатын детальдар қосып, жазылушыларыңызға қызықты болатын ақпаратты бөліңіз.

3. Мақсатты аудиториямен қатынас жасаңыз. Краудфандинг кампаниясы табысты жүруі үшін сіздің мақсатты аудиторияңыз кім екенін түсініп, сол саладағы ықпалды адамдар кім екенін анықтап алу керек. Сондай адамдарды Twitter-ден тауып, соларға жазылыңыз.

4. Хэштегтер қолданыңыз. Хэштег – Twitter-дің негізі. Твиттеріңізге релевант және танымал хештегтерді қосып отыруды ешқашан ұмытпаңыз — сонда оларды недәуір көп адам көреді де, олардың бір бөлігі сіздің жазылушыңыз әрі жақтасыңызға айналуы мүмкін. .

5. Ұқсас жобаларды қадағалап жүріңіз. Twitter-де сіздікіне ұқсайтын жобаларды тауып қарап шығуға біраз уақыт жұмсаған зиян болмайды. Ол кампаниялар табысты ма? Сіз өз кампанияңызда пайдалануыңызға болатындай әлдене бар ма оларда?

Ұқсас жобаларды қайдан іздейтініңізді білмесеңіз — мына Twitter-аккаунттардың бірінен бастап көруіңізге болады.

6. Бәрін жариялап отырыңыз. Жазылушыларыңыздың қызығушылығын жоғалтып алмай, ұстап отырудың жақсы тәсілі — не істеп жүргеніңізді уақытылы жариялап, жоба жөніндегі жаңалықтардан хабардар етіп отыру. Әлдене жасадыңыз ба? Ол жөнінде жазылушыларыңызға айтып беріп, фотосын көрсетіңіз. Хикаялар айтыңыз, қызықты жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз, сурет салыңыз — сонда жазылушыларыңыз сіздің не істеп жүргеніңізді жақсырақ түсінетін болады.

7. Жазылушыларыңызға алғыс айтыңыз.  Аса маңызды тұстардың бірі — жазылушыларыңызға алғыс айтуды ұмытпаңыз. Әлдекім сіздің твитіңізді ретвит жасаса, таңдаулыға қосса, тіпті жай ғана сіздің аккаунтыңызға жазылса — оған жеке «рахмет» деп жазыңыз.

Huzzaz.com көмегімен сайт үшін видео топтамасын жасау

 

Әлеуметтік желілердегі жазбаларды агрегациялау — материал ұсынудың ыңғайлы формасы. Сайтыңызға немесе блогыңызға орнатылған бір таспада нақты бір тақырыптар бойынша түрлі пайдаланушылардың контентін біріктіре аласыз.

Біз  Storify.com сервисін жиі қолданамыз, ол ірі әлеуметтік желілерде хештег бойынша жазбаларды іздеп тауып, бір араға жинауға мүмкіндік береді.

«Цифрлік ортадағы медиа» атты конференцияға қатысушылардың әлеуметтік желідегі жазбаларынан топтама .

huzzaz.com  сервисі дәл осылайша видеоматериалдарды агрегация жасайды.

Нәтижесінде жазбалар топтамасы пайда болады. Ол сіздің контент болуы да, тегтер бойынша табылған роликтер болуы да мүмкін.

«Цифрлік ортадағы медиа» конференциясының видеоматериалдары 

Сервис тегін, оны қолдану үшін тіркелу керек.

Как создать коллекцию видео для сайта с помощью Huzzaz.com

Егер YouTube немесе Vimeo-дағы нақты сілтемелер бойынша топтама жасағыңыз келсе, оң жақ жоғарғы бұрыштағы  “+” таңбасын басыңыз.

Как создать коллекцию видео для сайта с помощью Huzzaz.com

Huzzaz.com материаларды тегтермен белгілеп, видео орналасатын жинақ жасауды ұсынады.

Назар аударыңыз: сервис жинақтың сипаттамасын орысша жаздырмайды. Алайда, сипаттама да, тегтер де, сондай-ақ іздеу де орыс тілінде бар. 

Топтама дайын болғаннан кейін оның кодын сайтқа орнатуға, сілтемесін почтаға, фейсбукке немесе твиттерге жіберуге болады.

Релевант видеороликтер галереясын жасау үшін іздеу функциясын қолданыңыз. Huzzaz.com YouTube және Vimeo-мен жұмыс істейді.