Сайттың ыңғайлы мобильдік нұсқасы көбірек аудитория тартуға, ал, ең бастысы, Google жүйесінде жоғары орындарға шығуға — жүйе іздеу нәтижелерін деңгейлеуде өзгерістер енгізді.
Ендігі жерде мобильдік құрылғылар үшін ыңғайлылық онлайн-ресурсты бағалау және іздеу нәтижелерін есептеу шарттарың біріне айналды.
Сайтты телефоннан қарау қаншалықты ыңғайлы екенін тексеру үшін гугл арнайы сервис жасап шығарды.
Жолаққа ресурстың сілтемесін енгізсеңіз болды, бірнеше секундтан кейін сайттың «мобильдік қолжетімділігіне» толық сараптама шығады.
Сервис қате бар екенін ескертсе, жөн сілтеулерге назар аударыңыз — олар кем-кетікті түзетуге көмектеседі.
“… әзірлеуші ретінде сізге веб-сайтыңызды қайта жасау үшін уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Көп ретте ол үшін парақшалардың көріну стилін ауыстыру немесе сайтыңыздың баптамаларын сәл өзгерту жеткілікті болады» (googlerussiablog.blogspot.com).
Google сондай-ақ әзірлеушілерге арналған сайтты бейімдеу жөніндегі нұсқаулықты пайдалануды ұсынады.
Сайтыңыз мобильдік құрылғыларда қалай көрінетінін тексеруге арналған бірнеше онлайн-сервис ұсынамыз.
—