ДомойБайқау/ГранттарМедиа мамандарына арналған стипендиялар мен гранттар

Медиа мамандарына арналған стипендиялар мен гранттар

Медиа мамандарына арналған стипендиялар мен гранттар

Медиа мамандары үшін ең қызықты мүмкіндіктер топтамасын ұсынамыз.

  • АҚШ-тан тыс тұратын журналистер америкалық журналистика туралы түсінігін жақсартқысы келетін тәжірибелі журналистерге арналған үш айлық стипендияға (three-month fellowships) қатысуға шақырылады.
  • Бұл стипендияны Әлемдік баспасөз институты (World Press Institute (WPI) тыңдаушыларын АҚШ-тағы медиа жұмысының жағдайларымен таныстыру мақсатында ұсынып отыр. Бағдарлама 2015 жылғы тамыз айының ортасында басталып, қазан айының ортасында аяқталады. Қатысушылар Миннесотада тұрып оқиды, бірақ Нью-Йорк, Вашингтон және басқа да АҚШ қалаларына сапарға шығады. Өтінім қабылдау – 15.02.2015 дейін.

    • Пулитцер орталығы Интерньюспен бірігіп жетекшілік ететін Персефона Миль (Persephone Miel Fellowship) стипендиясы АҚШ-тан тыс жерлерде тұратын медиа саласының мамандарына көмек көрсетіп, өз жұмыстарын неғұрлым ауқымды халықаралық аудиторияға ұсынуға мүмкіндік беруге арналған. Қазір 2015 жылға тыңдаушылар іріктеліп жатыр, өтінім қабылдау 2015 жылғы 15 ақпанда аяқталады.
    • Стипендия АҚШ-тан тыс тұратын және өз елінен репортаждар әзірлеуге ниетті журналистерге, жазушыларға, фотографтарға, радиопродюсерлерге және фильм әзірлеушілерге арналған.

      • Торонтадағы Мунк Шолл әлемдік мәселелер университеті (University of Toronto’s Munk Scholl of Global Affairs) ғылыми немесе кәсіби дәрежесі бар мамандарды әлемдік журналистика бойынша 20 стипендияның (20 Fellowships in Global Journalism) біріне өтінім беруге шақырады.
      • Қатысушылар 2015 жылғы қыркүйек пен 2016 жылғы сәуір аралығында әлемдік медиа үшін өз саласында репортаждар әзірлейді, сонымен қатар әрқайсына танымал журналистер арасынан жетекші бекітіп беріледі. Өтінім қабылдау мерзімі – 20.02.2015 дейін. Стипендия жалпы сомасы 26 000 канада доллары болатын оқу құнының 10 000 долларын өтейді.

        • Бүкіл дүние жүзінің адамдары ақпаратқа қанығып, білім алып, көңілін көтеруі үшін жұмыс істейтін тілшілердің жаңа буынын дамыту мақсатында Google журналистика саласында стипендия (Google Journalism Fellowship) тағайындады. Бұл бағдарлама сюжеттерді жаңа, екпінді форматта жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалануға мүдделі барлық пән бойынша білім алып жатқан студенттер мен аспиранттарға арналған.
        • Он апталық стипендиялық бағдарлама Google-дің өзінде басталады, одан кейін қатысушы ұйымдарда тоғыз апталық жұмыс жүреді. Стипендиялар 2015 жылғы 8 маусымда басталады, қатысушылар неғұрлым ертерек өтінім бергені абзал.

          • Журналистер мен зерттеуші-редакторлар ұйымы (IRE) және Компьтютерлік технологиялар қолданылып жасалатын репортаждар ұлттық институты (NICAR) бірігіп, Атланта қаласында (Джорджия штаты) 2015 жылғы 5-8 наурызда деректер журналистикасына арналған жыл сайынғы конференциясын (annual conference devoted to data journalism) өткізеді.
          • Биыл конференция қатысушылардың барлығына сюжеттерді неғұрлым терең зерттеп, оқырман, көрермен және желілік аудиторияға сұранымға сай ақпарат жеткізу үшін қажетті құралдар туралы білуге мүмкіндік береді. Компьютерлендірілген репортаж жөніндегі конференция жас журналистерден бастап, цифрлік репортаждың шеберлеріне дейін пайдалы болмақ.

            Тұрақты өтінім қабылдау:

          • Пулитцер дағдарыс репортажы орталығы (Pulitzer Center on Crisis Reporting) кез келген елде тұратын журналистер, жазушылар, фотографтар, радиопродюсерлер, фильм түсірушілер мен фрилансерлерден саяхат жасауға грант алу үшін жоба жасауға ұсыныстар іздейді.
          • Ұсынылатын гранттарды саяхат жасап, америкалық медиа құралдарында толық ашылмаған тақырыптарды зерттеу үшін жұмсауға болады. Гранттардың көбі 2000-10000 доллар аралығында. Өтінім қабылдау ұдайы жүргізіледі (on a rolling basis).

            • Жазғы университеттің (SUN) 2015 жылғы бағдарламасы Орталық Еуропа университетінің (CEU Summer Program) Будапештте (Венгрия) өтетін жазғы бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдайды. Бағдарлама 2015 жылғы 22 маусым мен 31 шілде аралығында болады. Қатысушылар жоғары деңгейлі, зерттеулерге бағытталған, пәнаралық академиялық курстар және кәсіби дамудағы ұстанымдар тақырыбында шеберлік сабақтарын өтеді. Жалпы өтінім қабылдау – 14.02.2015 дейін.
Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР