ДомойОқып-үйренTwitter-ді краудфандинг кампаниясы үшін пайдалану жөніндегі 7 кеңес

Twitter-ді краудфандинг кампаниясы үшін пайдалану жөніндегі 7 кеңес

Twitter-ді краудфандинг кампаниясы үшін пайдалану жөніндегі 7 кеңес

Жиі жазу, қызық жазу және бәрін жазу — Twitter-де краудфандинг кампанияны тиімдірек жүргізуге көмектесетін пайдалы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

7 советов о том, как использовать Twitter для краудфандинговой кампании

Краудфандинг кампаниясының табысты жүруі оның Интернетте қаншалықты кең таралғанына — ол туралы қанша адам біліп, оған қатысуға бел буғанына байланысты екені белгілі.

Сондықтан да әлеуметтік желілер, атап айтқанда Twitter сіз жүргізіп отырған кампания туралы жар салып, оған назар аудартудың үздік тәсілдерінің бірі.

Dissertaion Avenue директоры, карьера жөніндегі кеңесші Рошель Сейра Twitter-ді тек достарыңызға кешкі асқа не жегеніңізді айтудың ғана емес, жобаңызды Интернетте тиімді ілгерілету құралына айналдыру жөніндегі кеңестерімен бөлісті.

7 қарапайым да пайдалы кеңес:

1. Жиі жазыңыз. Кішкентай бір твит өзге хабарламалардың арасында жоғалып кетеді, сондықтан, аса назар аударта алмасаңыз, демек сіздің жазғаныңызды аз адам көрді деген сөз. Аудиторияға жүргізіп жатқан кампанияңыз жайлы, олар неліктен оны қолдауы керек екені туралы жиірек айтып отырыңыз.

Twitter-де қай кезде жазба жариялау немесе автоматты жарияланым жоспарлап қою керек екенін анықтау үшін, осы әлеуметтік желіге арналған  қосымшалардың бірін  пайдаланыңыз.

2. Қызықты етіп жазыңыз. Жазылушыларыңызға қызықты болатындай етіп жазыңыз. Жобаңыз туралы құрғақ фактілер және оған көмек керек деген үндеуге ешкім де назар аудармайды (шын мәнінде, бәріне бәрібір). Аудиторияңызда олар үшін жобаға атсалысу қаншалықты пайдалы болатыны туралы айтыңыз. Назар аудартатын детальдар қосып, жазылушыларыңызға қызықты болатын ақпаратты бөліңіз.

3. Мақсатты аудиториямен қатынас жасаңыз. Краудфандинг кампаниясы табысты жүруі үшін сіздің мақсатты аудиторияңыз кім екенін түсініп, сол саладағы ықпалды адамдар кім екенін анықтап алу керек. Сондай адамдарды Twitter-ден тауып, соларға жазылыңыз.

4. Хэштегтер қолданыңыз. Хэштег – Twitter-дің негізі. Твиттеріңізге релевант және танымал хештегтерді қосып отыруды ешқашан ұмытпаңыз — сонда оларды недәуір көп адам көреді де, олардың бір бөлігі сіздің жазылушыңыз әрі жақтасыңызға айналуы мүмкін. .

5. Ұқсас жобаларды қадағалап жүріңіз. Twitter-де сіздікіне ұқсайтын жобаларды тауып қарап шығуға біраз уақыт жұмсаған зиян болмайды. Ол кампаниялар табысты ма? Сіз өз кампанияңызда пайдалануыңызға болатындай әлдене бар ма оларда?

Ұқсас жобаларды қайдан іздейтініңізді білмесеңіз — мына Twitter-аккаунттардың бірінен бастап көруіңізге болады.

6. Бәрін жариялап отырыңыз. Жазылушыларыңыздың қызығушылығын жоғалтып алмай, ұстап отырудың жақсы тәсілі — не істеп жүргеніңізді уақытылы жариялап, жоба жөніндегі жаңалықтардан хабардар етіп отыру. Әлдене жасадыңыз ба? Ол жөнінде жазылушыларыңызға айтып беріп, фотосын көрсетіңіз. Хикаялар айтыңыз, қызықты жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз, сурет салыңыз — сонда жазылушыларыңыз сіздің не істеп жүргеніңізді жақсырақ түсінетін болады.

7. Жазылушыларыңызға алғыс айтыңыз.  Аса маңызды тұстардың бірі — жазылушыларыңызға алғыс айтуды ұмытпаңыз. Әлдекім сіздің твитіңізді ретвит жасаса, таңдаулыға қосса, тіпті жай ғана сіздің аккаунтыңызға жазылса — оған жеке «рахмет» деп жазыңыз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР