ДомойБайқау/ГранттарАлматыда «Media Asia 2015» халықаралық конгресі өтеді

Алматыда «Media Asia 2015» халықаралық конгресі өтеді

Алматыда «Media Asia 2015» халықаралық конгресі өтеді

2015 жылғы 13-15 мамырда Алматыда аймақтағы медиа саласы үшін маңызды шара — «Media Asia» халықаралық конгресі өтеді. Мақсаты — ТВ индустриясы саласындағы компаниялар үшін кәсіби пікір алмасуды ұйымдастыру.

Шара аясында «ACTUAL TECHNOLOGIES 2015» көрмесін және  «Asian Cable TV Conference 2015» конференциясын өткізу жоспарланып отыр. Көрме мен конференция Азия аймағындағы телехабарлар таратуды жетілдіруге, бизнес қауымдастықты дамытуға, сонымен қатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын халықаралық аренада көрсетуге ықпал етпек.

Конгреске қатысушылар практик мамандармен, телеконтент жеткізушілермен, технологиялар мен жабдықтар өндірушілерімен әңгімелесіп, көрме мен дөңгелек үстел жұмысына қатыса алады.

«Media Asia» халықаралық конгресінің бірінші күні, 13 мамырда «Asian Cable TV Conference 2015», кабельдік телевизия операторларының ірі аймақтық конференциясы өтеді. Онда медианарық мүшелері   «дөңгелек үстел» басында саланың өзекті мәселелерін талқылай алады.

14-15 мамырда — «AT.EXPO – 2015» –  ТВ-контент, өндіру және жеткізу технологияларын таныстыру; Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия мен Корея мамандары үшін пікір алмасу және үйрену алаңы. Бұл шара бірнеше жылдан бері Алматыда тәжірибе алмасып, іскерлік қатынастарын дамыту үшін мыңнан аса маман мен жетекшінің басын қосып келеді.

Көрме секциялары: ТВ және радио актуал технологиялары, цифрлі көпарналы ТВ, контент және медиақызметтер саласы мәселелері, мультимедиалық технологиялар.  Көрме барысында оқу-таныстыру залдарында Республиканың ТВ индустриясына қатысты ашық пікірталас форматында сессиялар өтеді.

Конгрестің ұйымдастырушылары: «АТТВ» алғашқы медиаконсалтинг компаниясы,  «Қазақстан БАҚ қолдау және дамыту қоры» және «Silk Way Media» ЖШС. Толық ақпарат мұнда.

Халықаралық конгресс Алматы қаласында, Байзақов к., 280, Сәтпаев көшесімен қиылыстағы «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында өтеді.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР