«Правовой медиа-центр» ҚҚ «Қазақстанның құқықтық кеңістігіндегі интернет: қазіргі жағдайы мен келешегі» атты қоғамдық тыңдау өткізеді (Нидерланды корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің техникалық қолдауымен).
Шара барысында мына тақырыптар қозғалады:
— интернет саласындағы заңдар,
— халықаралық этика стандарттары,
— құқықтық кеңістіктегі алда болатын өзгерістер,
— осы саладағы сот практикасы,
— өзекті практикалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
Тыңдауға мемлекеттік органдар өкілдері, мәжіліс депутаттары, медиаэксперттер, заңгерлер, журналистер және басқа да мамандар қатысады. Барша қызығушылық танытушы қазақстандықтар қазіргі жағдайды талқылап, пікір бөлісуге шақырылады.
Тыңдау 27 мамыр күні сағат 10.00-де «Кинг Отеля» конференц-залында өтеді (Уәлиханов к.,7).
Қатысу жөніндегі сұрақтар бойынша «Правовой медиа-центр» қоғамдық қорына хабарласыңыздар: mediastana@gmail.com, 7172 42 44 32.
Дерек көзі: lmc.kz.