ДомойБайқау/ГранттарHacks/Hackers Connect — медиабизнеске арналған бүкіләлемдік бағдарлама

Hacks/Hackers Connect — медиабизнеске арналған бүкіләлемдік бағдарлама

Hacks/Hackers Connect — медиабизнеске арналған бүкіләлемдік бағдарлама

Дүние жүзінің медиамамандары мен медиаұйымдары саланың өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіруде. Ол үшін түрлі елдерде үнемі конференциялар, семинарлар, үйретуші мастер-кластар мен онлайн-курстар өткізіледі.

Бірнеше күн бұрын Google жаңалықтар лабораториясы Hacks/Hackers Connect ғаламдық бастамасын — медиабизнеске арналған тегін бір күндік шаралар топтамасын жариялады.

Бағдарлама технология саласындағы журналистерге бір-біріне білгенін үйретіп, тәжірибе алмасып, серіктес, ұстаз табуына жағдай жасау үшін құрылған.

1212121

«Біздің мақсатымыз – медиастартаптардың жаңа буынына жол ашу», – дейді Hacks/Hackers негізін қалаушылардың бірі Берт Херман.

Жобаның идеясы — инновациялар мен медиа келешегіне қызығушылық танытатын адамдарға өзара серіктестік орнатуға мүмкіндік беру.

Бағдарламаға медиа ұйымдарында жұмыс істейтін журналистерден бастап, технологиялық компаниялармен серіктесе жұмыс істейтін инженерлерге дейін қатыса алады.

Қатысушылар идеяларды дамытуға көмектесетін немесе жобаларды әзірлеуге атсалысатын мамандармен жолығу мүмкіндігіне ие болады.

Бірінші Hacks/Hackers Connect шарасы Берлинде 2015 жылғы 27 маусымда өтеді, қалған күндер — Лондон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, алдағы уақытта нақтыланады.

Бағдарлама о бастан АҚШ пен Еуропаға бағытталған, әйтсе де келешекте өзге де аймақтарды — Латын Америкасын, Азия мен Африканы қамтуы әбден мүмкін, — деп жазады journalism.co.uk.

Біз Hacks/Hackers Connect жөніндегі жаңалықтарды үнемі қадағалап, жариялап отырамыз. Тіпті жобаға қатысуға мүмкіндігіңіз болмаса да, қатысушылар бөлісетін ең өзекті де пайдалы ақпаратты біздің сайттан таба аласыздар.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР