ДомойБайқау/ГранттарҰлыбритания жоғары оқу орындарында білім алуға стипендиялар беріледі

Ұлыбритания жоғары оқу орындарында білім алуға стипендиялар беріледі

Ұлыбритания жоғары оқу орындарында білім алуға стипендиялар беріледі

Дүние жүзінің журналистері осы бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады.

Ұлыбритания Үкіметінің Сыртқы істер және Достастық істері жөніндегі министрлік  (FCO) және серіктес ұйымдар  қаржыландыратын Chevening Scholarships бағдарламасы түрлі салалардағы, оның ішінде журналистика да бар, көшбасшылық мінез көрсетіп жүрген алдыңғы қатарлы мамандарға арналған.

Бағдарлама Ұлыбританияның кез келген университетінде білім алуға (әдетте — магистратура бағдарламасы бойынша бір жылға) толық немесе жартылай стипендия беруді көздейді.

Бакалавриатта оқып жүргенде үздік нәтиже көрсеткен және екі жылдан бес жылға дейін кәсіби тәжірибесі бар үміткерлерден өтініштер қабылданады. Ағылшын тілін еркін меңгеру шарт.

Өтініштер 3 қарашаға дейін қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР