Қазақстанның және Ресейдің электрон, баспа және хабар таратушы медиа журналистері осы байқауға қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі және Ресейдің журналистер одағы бірлесіп, еуразиялық интеграция және Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы тақырыбындағы жұмыстар байқауын өткізеді.
Байқау номинациялары екі елдің серіктестігі және халықаралық интеграция тақырыбына арналады, сонымен қатар «Елдер мен адамдар» санаты да бар.
Байқауға қазақ және орыс тіліндегі жұмыстар қабылданады.
Байқау лауреаттары мен жүлдегерлері естелік диплом және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға 2015 жылғы 1 қаңтардан 20 қарашаға дейін Ресей және Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жұмыстар қабылданады.
Өтінімдер 30 қарашаға дейін қабылданады.