Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі үйрену турына қатысу үшін кәсіби журналистер, редакторлар мен продюсерлер арасында байқау жариялайды. Тур «Ынтымак» қоғамдық аймақтың телерадиокомпаниясында (Ош қаласы, Қырғызстан) өтеді.
Мақсаты — конвергенттік журналистика саласында тәжірибе алмасу.
Тур АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» аймақтық бағдарламасы аясында өткізіледі.
Үйрену туры тәжірибе алмасу, қатысушы БАҚ үшін конвергенттік редакция құру және дамыту жөніндегі технологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетілуін көздейді.
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның
- бұқаралық ақпарат құралдарында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар;
- өтінім беру кезінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде штаттағы журналист, редактор немесе продюсер болып қызмет атқаратын;
- білгісі, үйренгісі келетін кәсіби медиа қызметкерлерін шақырамыз.
Байқауға қатысу шарттары:
- Өтініш үлгісін толтыру;
- Өтінішті 2016 жылғы 6 сәуірге дейін crossborderex2016@gmail.com почтасына жөнелту.
Байқау нәтижелері бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан үш қатысушыдан іріктеп алынады.
«Ынтымак» ҚРТРК сайты және мерзімді басылысымы – «Биз» газеті бар.