ДомойМедиа үніПсихикалық ауытқулардың әлеуметтік желілерде көрініс табуы

Психикалық ауытқулардың әлеуметтік желілерде көрініс табуы

Психикалық ауытқулардың әлеуметтік желілерде көрініс табуы

Фейсбуктағы таспа түсініксіз, бейадекват жазбалар мен пікірлерге толы сияқты көрінеді ме?

Әлде, ол сізге көрінгені болмауы да мүмкін. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар, профайлдар, қалау, таңдау, пікірталас, талқылау — осының бәрі қолданушының психикалық жай-күйін сараптауға материал бола алады.

Ал кейде тіпті кәдімгі психикалық ауытқудың көрінісі болуы да мүмкін.

Түк те күлкілі емес

Жібек Жолдасова, медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт дәрігер, Жүйке аурулары мен Альцгеймер науқасын емдеу клиникасының директоры, Facebook желісінің белсенді қолданушысы.

«Әлеуметтік желіде әзіл түсіну қабілетінен ада адамдар бірден көзге түседі. Өзгелердің әзіл, қалжыңын, ирония, сатира сынды тәсілдерді түсінбеуі, сезінбеуі адамның миындағы қан айналымы дұрыс емес деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

Ондай қолданушылардың жазбалары абстракция түсінбейтін, нақты-заттық ойлау сипаты иелеріне тән, ал бұл — психикалық сырқаттың маңызды белгілерінің бірі».

Как психические расстройства проявляются в социальных сетях

Ойлаудың нақтылығы мынадан көрінеді: адам жалпылау және жекені бөліп алу міндетінен көрі, заттарды практикалық пайдалану және жағдайға байланыстыру жолымен жүруге тырысады.

Нақты ойлауға мысал. Тапсырма – тізімнен артық затты шығарып тастау керек: «Үстел, табақ, саптаяқ, қазан». Нақты ойлайтын адам былай деп жауап беруі мүмкін: «Бұл жердегі артығы — саптыаяқ, өйткені мен үстел үстінде тұрған қазаннан табаққа көже құйып аламын».

Тағы бір мысал:

Конкретность мышления обнаруживаются в том, что человек вместо задачи обобщения и выделения пытается идти по пути практического использования и ситуационного увязывания предметов.

Сені, мені, бәрімізді

Жібек Жолдасова: «Келсін келмесін, орынды-орынсыз анайы қалжың жаудырып отыратын, тек «белден төмен» тақырыптарға қызығатын адамдар бар.

Бұл – мидың маңдай бөлігінің қызметі бұзылғанын көрсетеді. Иә, тәрбие факторы да ықпал етпей қоймайды, әрине. Дей тұрғанмен, «болады-болмайды» деген тежегіші жұмыс істемейтін адамдыкі — науқас белгісі деуге әбден болады».

Мидың маңдай бөлігінің ауқымды зақымдануы  науқастың эмоциялық-тұлғалық саласының бұзылуына әкеп соқтырады… ондай науқастарға өзін-өзі тежемеу, анайы ойын лақ еткізіп айта салу тән болады.

Это – признак лобной недостаточности.

Әзіл

Vocabulary.ru: Әзіл-қалжыңды түсіне білу қабілеті депрессия, дисфория, эпилепсия және шизофренияға шалдыққан жандарда нашарлайды.

Ішімдікке әуес адамдардың әзілі әдетте анайы, тұрпайы қалжыңға толы болады. Көбінесе науқастар тауып айттым деп, өзінің жеке өмірін жайып салып, тіпті жақындарын да масқаралаудан тайынбайды.

Елена Иванова, психология ғылымдарының кандидаты, Научная библиотека диссертаций и авторефератов disserCa:

Аффект синдромына шалдыққан науқастар, әсіресе, маниак синдромы барлар өмірден түңілген, ештеңені жақтырмайтын сипаттағы анекдоттарды көп айтады. Депрессияға шалдыққандар анайы анекдоттарға әуес келеді.

Әжуа етіп отырған кейіпкерді өзімен сәйкестендіру өз жанын өзі жейтін, рефлексияға бейім, сондай-ақ, параноялық тенденциялары бар адамдарда көп кездеседі.

Конфликт әдетке айналса

Жібек Жолдасова:

«Адам үнемі әлдекімге соқтығып, жоқ жерден ілік іздеп ұрысқысы келіп тұрса — бұл белгілі бір деңгейде ойлау қабілетінің бұзылғанын білдіреді. Қолданушы өзін осылайша іске жаратпақ болады.

Кім-кім болса да, ешкіммен қақтығысқа түспей жүре алмайды, алайда миы, ойлау жүйесі зақымданбаған адамдар оның шешімін тауып, қорытынды шығарып, әр қақтығыстан сабақ алады. Ал көрінгенге соқтыға беру әдет болып кетсе — тұлғаның қандай да бір ауытқулары бар деген сөз. Тағы бір болуы мүмкін нұсқасы — мидың қан айналымы нашарлауы немесе эндогенді (ағзада ішкі себептер салдарынан пайда болып, дамитын) ауру».

Конфликт

Әлбетте, әлеуметтік желілердегі жазбаларына қарап, адамға нақты психиатриялық диагноз қою мүмкін емес. Алайда, өз әрекеттеріңізді, сөзіңіз бен мінезіңізді сараптап отырсаңыз — өз бойыңызда да, айналаңызда да болып жатқан құбылыстарды дер кезінде байқай аласыз.

Превьюдегі сурет: psychologytoday.com.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР