ДомойБайқау/ГранттарОрталық Азиядағы Internews Network өкілдігі newreporter.org сайтын жекеменшікке өткізіп беру жөнінде байқау...

Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі newreporter.org сайтын жекеменшікке өткізіп беру жөнінде байқау өткізеді

Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі newreporter.org сайтын жекеменшікке өткізіп беру жөнінде байқау өткізеді

Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі БАҚ, ҮЕҰ және ЖОО арасында newreporter.org сайтын жекеменшікке өткізіп беру жөнінде байқау өткізеді.

Новый репортер – Орталық Азиядағы жаңа медиа, конвергент журналистика, ақпаратты жеткізудің мультимедиалық тәсілдері, жаңа онлайн құралдар мен оларды қолдану жөніндегі кеңестер туралы төрт тілдегі (орыс, қазақ, қырғыз және тәжік) жалғыз онлайн алаң.

«Новый репортер» жобасы АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қолдауымен Орталық Азияда жүргізетін «Ақпаратқа қол жеткізуді» қолдау жобасы аясында жүзеге асырылады.

newreporter.org аудиториясы:

медиақауымдастық (баспагерлер, редакторлар, журналистер, дизайнерлер, интернет-маркетологтар, SMM-мамандар, блогерлер, журналистика факультеттерінің студенттері), бағыты — Орталық Азия өңірі елдерінің медианарығы.

Тақырыптары:

  • Редакциялардың жаңа форматтардағы жұмысы жөнінде материалдар
  • Баспа БАҚ сәтті интерактив қосымшалары
  • Визуализация
  • Дата-журналистика
  • Интернет-жобаларды монетизациялау әдістері
  • Сторителлинг
  • Эксперттердің жаңа медиа және әлеуметтік жобалар жөніндегі практикалық кеңестері
  • Медиа құралдарының бір-бірімен және аудиториямен қарым-қатынас жасау мысалдары
  • Медианы әлеуметтік желілерде ілгерілету. Мысалдар, эксперттер кеңесі, зерттеулер
  • Медиа мамандарына арналған гаджеттерге шолу
  • Медиа маманы не оқуы керек
  • Медиа маманы не көруі керек
  • Медиа маманы қайдан не үйрене алады

 Құралдар мен қосымшалар

Медиа мамандарының жұмысында қолданылатын жаңа құралдар мен сервистерге шолу және тестілеу.  

Байқау/семинарлар

Медиа мамандарына арналған байқаулар, гранттар, семинарлар мен стипениялар туралы материалдар. –

Вакансия

Орталық Азия елдер медианарығындағы жұмыс орындары туралы ақпарат.

Ресурсты жекеменшікке өткізіп беру шарттары

Үміркет ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның

    • Ресми тіркелген;
    • Журналистикадағы этика және жауапкершілік ұстанымдарына адалдық танытып жүрген;
    • Қаржы және менеджмент тұрғысынан әлеуеті мол, бәсекеге қабілетті және тұрақты;
    • Жұмысында жаңа медиа құралдарын қолданатын;
    • Ресурсты төрт тілде жүргізуге мүмкіндігі және ниеті бар

БАҚ, ҮЕҰ және ЖОО қарастырылады.

Байқау жеңімпазына Internews Network өкілдігі бастапқы кезеңде сайтты жүргізуге аздаған грант ұсынады.

редакция жобаны дамытуға өз қаражатын құяды деп күтіледі.

newreporter.org сайтымен қоса, меншік иесі «Новый репортер» жобасының әлеуметтік желілердегі аккаунттарын да алады: Facebook, аккаунт в Twitter.

Байқауға қалай қатысуға болады?

      • Сіздің ұйымыңыз Newreporter.org ресурсын неліктен иеленгісі келетінін түсіндіріп хат жазыңыз
      • Өтініш үлгісін толтырыңыз
      • Newreporter.org сайтының алдағы 12 айға даму жоспарын жасаңыз (авторлар тарту, әлеуметтік желілерде ілгерілету тәсілдері, демеуші қарсыжын тарту, жаңа айдарлар ашу және т.б.).
      • Өтініш үлгісі мен хатты asukhachyova@internews.org почтасына 2017 жылғы 1 сәуірге дейін жолдаңыз

Internews байқау қорытындысын  2017 жылғы 10 мамырға дейін шығарады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР