ДомойМедиа үніЖурналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгеріс: тепе-теңдік қажет

Журналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгеріс: тепе-теңдік қажет

Журналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгеріс: тепе-теңдік қажет

Internews Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жариялаған Журналистерді аккредиттеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасына түсінік дайындап, жолдады. Бір қарағанда түзетулер техникалық болып көрінуі мұмкін. Әйткенмен біздегі қазіргі ахуал және тәжірибе көрсеткендей, бұл өзгерістер журналистердің ақпаратқа қол жеткізуін шектейтін не журналистік қызметіне кедергі келтіретін құралға айналуы мүмкін.

Мәселе неде?

Аккредиттеу шарттарына «журналистің аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератор орнатқан регламентті сақтау туралы жазбаша келісімін (еркін түрде), сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен журналист арасындағы шарттық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін» көрсету міндетті» деген талапты енгізу ұсынылған.

Internews «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сонымен қатар қолданыстағы Журналистерді аккредиттеу қағидаларында журналистің аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератор орнатқан регламентті сақтау туралы жазбаша келісімін алу жөніндегі норманың жоқ екенін мәлімдейді. «Модератор орнатқан регламент» сөзінің астарында не жатқаны да түсініксіз. Әртүрлі іс-шараларға әрқалай болса керек. Әдетте регламент қандай екенін іс-шара басталардан алдын хабарлайды. Журналист кейін бекітіліп, хабарланатын регламентті сақтауға қалай ғана келісім береді?

Регламентте фото және видеоқұрылғыларды қолданбау, онлайн-трансляция жүргізбеу, алдын ала келісілмеген сұрақтарды қоймау, синонимдер пайдаланбау, төл сөзді төлеу сөзге айналдырмау (мысалы, «Қайрат» футбол клубының талаптары), тіпті ештеңе жарияламау сынды талаптар болуы да әбден мүмкін. Мұның бәрі де журналист алдын ала қол қойып келісімін беруге міндетті регламенттер болуы мүмкін.

Келісім құжаттарын көрсететін талапты «Жеке бас мәліметтері және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес тексеру қажет. Келісім құжаттарында жеке бас мәліметтері, коммерциялық құпияға не қызметтік ақпаратқа жататын деректер де болуы мүмкін. Бұл екі норманы құжат жобасынан алып тастау ұсынылады.

Заңгерлер комментарийлерінде «Үкімет бизнесті қоса алғанда да рұқсат ететін және ескертетін қызметтерді қысқартып, азайтатынын жария еткен уақытта аккредиттеу тәртібі қиындап, құжаттарын көрсету жөніндегі қосымша талаптар пайда болып жатыр. ЖШС-ін аз құжат жиынтығымен онлайн ашуға болатын кезде журналистерді аккредиттеудің қарапайым тәртібін негізсіз қиындатып, қосымша құжаттар талап етудің қажеттілігі неде?» деп жазады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі хабарлағандай, бұл талаптар БАҚ-тың Бас редакторларының  өтініші негізінде енгізіліп отыр. Бірақ министр нақты қай БАҚ-тың Бас редакторлары екенін айтпады. Бәлкім, үкіметтің жоспары құжат айналымын азайтып, бәрін де онлайн жүйеге көшіріп, рәсімін оңайлатуға бағытталса, демек бас редакторлардың өтінішін қанағаттандыруды емес, керісінше мемлекеттік органдардағы аккредиттеу тәртібін , аз құжаттарпен қарапайым, ыңғайлы әрі онлайн-режимде жүргізуді ойластырған жөн еді.

Жаңа құжатта «отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар өткізілетін бөлмеде өзге журналистерді аккредиттеу мен орналастыру жүргізілген жағдайда, журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаса» аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін екені көрсетілген. Бұл норма журналистің кәсіби қызметін шектейді. Аталған нормаға ҚР Қаржы Министрінің 17.03.2015 жылғы №179 Бұйрығы негіздеме ретінде келтіріледі. Сол бұйрықта отырыстар мен өзге де шаралар өтетін жалпы үй-жайлардың (конференц-зал, жиналыс залы)  шектеулігі жалпы аумағының 20%-і деп көрсетілген. Алайда бұл журналистердің мемлекеттік органдар қызметінен ақпарат тарату жөніндегі кәсіби қызметіне және аккредиттеу туралы шешіміне қалай ықпал ететіні түсініксіз. Мемлекеттік орган БАҚ-ты өздері шақырғанда ғимараттың аумағына қарамайды және оны назарға алмайды.

Сондай-ақ, бұл норма таңдап-талғап қолданылуы мүмкін екенін шамалауға болады. Белгілі бір журналистерге және БАҚ-тарға әрине орын жетіспеуі мүмкін.

Бұйрық жобасына аккредиттелген журналистті аккредиттелу құқынан айыру тәртібі де енгізілген. Бірінші пунктінде Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сілтеме жасалса, ал төртінші пунктінде толықтыру енгізілген. Онда аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератормен орнатылған регламентті бұзған жағдайда журналист аккредитациясынан айырылуы мүмкін.

Internews осы пунктті Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының талаптары сәйкестендіру қажет екенін шамалайды. Заңда «Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн» деп көрсетілген. Заңгерлердің пікірінше, осы да жеткілікті.

Internews қазіргі қолданыстағы Журналистерді аккредиттеу қағидалары жетілдіруді қажет деп есептейді. Ең алдымен, аккредиттеу тәртібін тек орталық атқарушы органдарда ғана емес, басқа да мемлекеттік органдарда, әсіресе аймақтарда жұмыс істейтін ету керек. Аккредиттелген журналистердің құқықтары және аккредиттейтін ұйымдардың міндеттемелері арасындағы тепе-теңдік жетіспейді, не керісінше болып жатады. Аккредиттелген журналистердің ақпарат алуына қосымша кепілдемелер қажет. Аккредиттелуін қайтарып алу не аккредиттелуінен айыру негіздемесі түсінікті болып, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 22 бабына сәйкес келуі керек. Заңда көрсетілмеген ережелер, заңнан туындаған актілер негіздемеге алынбауы керек. Және де аккредиттеуден бас тарту не алып қою бойынша сотқа немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым түсіру жағы қарастырылып, мұны да регламенттеу қажет.

Internews ұсынысы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолданды. Бұйрық жобасына 2019 жылдың 28 ақпанына дейін қаралады.

Мұнда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар Министрінің Бұйрығының жобасына салыстырмалы кестені жүктеп алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР