ДомойМедиасынЖурналистің әлеуметтік желілерде өзін ұстау әдебі қандай?

Журналистің әлеуметтік желілерде өзін ұстау әдебі қандай?

Журналистің әлеуметтік желілерде өзін ұстау әдебі қандай?

Редакцияңызда қызметкерлердің әлеуметтік желілерде өзін қалай ұстау керегін міндеттейтін ереже (нормалар, нұсқаулық және тағы басқа) бар ма? Фейсбуктегі «Журналисты Казахстана» тобында осындай сұрақ қойылды. Бұған «Жоқ, редакциядағылар ақылды емес пе, сондықтан басылымға зияны тиетін нәрсені жазудан, жариялаудан сақтанады» деген жауап әсте танымал болды.

Әйтсе де батыстағы көптеген медиакомпанияларда қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде өзін-өзі қалай ұстауы керек екені жөнінде арнайы саясаты бар. Оны пункттерімен бекітеді. Біз соның арасынан ең кең таралған пункттерін жинап, тұтас мәтініне сілтемелерін беріп отырмыз.

«Нью-Йорк таймс» газеті журналистерінің әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстау жөніндегі нұсқаулығын 2017 жылдың соңында қабылдап, бекітті. Құжатты әлеуметтік желілерде миллиондаған аудиториясы бар үздік корреспонденттері әзірлеген.

Нұсқаулықтың негізгі түйіндері:

  • Журналистер әлеуметтік желілерде қандай да бір көзқарасты біржақты қолдамауы, саяси көзқарастарын тықпаламауы, кандидаттарды қолдамауы, қорлайтын комментарий жазбауы, жарияламауы міндетті.
  • Журналистер әлеуметтік желі қолданушыларына құрметпен қарауы міндетті. Егер оқырман сіздің жұмысыңызды сынаса, оған оның бірдеңені түсінбей қалғанын нұсқап жазбаңыз. «Нью-Йорк таймс» журналистердің әлеуметтік желілерде қоқан-лоққы жасаған, ар-намысына тиген адамдарды жазылушылар қатарынан өшіруін не блокқа, банға жіберу құқын қолдайды.
  • Егер тым агрессивті сын айтылса, онда жауап беруден бас тартқан жөн.
  • Ашық болыңыз. Егер Твиттерде қате жазып, не ақылға қонымсыз твит жасап, енді соны өшіргіңіз келсе, онда келесі твитіңізде алдыңғы твитті өшіргеніңізді растап, хабарлаңыз.
  • Журналист Ник Конфессор «Менің Twitterдегі аккаунтым — The New York Times газетінің де аккаунты. The New York Times менің твиттерімді бақыламайды, бірақ менің жазған твиттерім үшін жауапты» деп айтады.
  • Медиа өз журналистеріне әлеуметтік желілерде қызмет көрсету сапасына шағым айтпауды ұсынады. Өйткені, автордың редактор не журналист мәртебесіне байланысты сол шағымына үлкен назар аударылуы мүмкін.
  • Журналист Мэгги Хаберман әлеуметтік желілердегі әдепке қатысты мынадай кеңес айтады. «Әлеуметтік желіде бірдеңе жариялардан бұрын өзіңізден мынаны сұраңыз: бұл туралы айту қажет пе, бұл туралы айтуға міндеттімін бе, бұл туралы дәл қазір айтуым керек пе? Егер осы үш сұрақтың біреуіне «жоқ» деп жауап берсеңіз, онда жариялауға асықпаған жөн».

Дереккөз: nytimes.com.

Ал BBC қызметкерлеріне рекомендациясын былай бастайды: «Ақымақтық жасамаңыз». Өз журналистеріне әлеуметтік желілердегі жұмыс орны бөлігіне қайда жұмыс істейтінін көрсетуді ұсынады. Бірақ, жариялаған посттары редакцияның көзқарасын білдірмейтінін де қоса жазуы қажет.

Редакцияның ережесінде қызметкерлері басқаның посттарын ретвиттегенде, бөліскенде мұқият болуды ескертеді. Оқырманды шатастырмас үшін репосттарына комментарийін қосып жазып, қай топта болуын (әсіресе дау-жанжалдың тараптарында әрқайсының әлеуметтік желілерде өз аккаунттары болса), қандай парақшаларды лайктайтынын ескеруді ұсынады.

Online News Association ұйымының этика бөлімінде журналистердің әлеуметтік желілерді өзін-өзі қалай ұстауы жөнінде барлық сұрақ-жауап жинақталған. Соны пайдаланып, редакцияңыздың гайдлайнын жасауға болады. Сондағы этикалық нормаларда ең алдымен саясатерлердің не белгілі тұлғалардың жария аккаунттарына жазылып (қадағалап) отыру және сол аккаунттардың фейк не фейк емес екенін анықтап алуды ұсынады. Журналистер мұны оңай тексереді. Егер ол фейк аккаунтпен достасса, не жазылса, онда бұл да аудиторияны шатастыруы мүмкін.

Нұсқаулықта ұшырасатын жалпылама кеңестердің бірі мынадай: «Офлайнда қалай жүрсеңіз, онлайнда да өзіңізді солай ұстаңыз. Адамдарға тіке айта алмайтын нәрсені жабық топтарда да, жеке хабарламаларда да жазбаңыз. Интернетте құпия жоқ, өз абыройыңызға не сіз қызмет ететін медианың репутациясына нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болыңыз».

Егер журналистердің әлеуметтік желілердегі этикалық кодексін жасасаңыз, онда комментарийде сол туралы жазыңыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР