ДомойМедиасынБАҚ-тың жәбірленушіге айтары: "өзіңде де кінә бар"

БАҚ-тың жәбірленушіге айтары: «өзіңде де кінә бар»

БАҚ-тың жәбірленушіге айтары: «өзіңде де кінә бар»

Қазақстанда пойызда зорланған жолаушы әйел ісіне қатысты сот үкімі бірнеше аптадан бері қызу талқыланды. Сот қос жолсерік-зорлаушыға 2,5 және 2,3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазақстандық БАҚ-тың да дауысы қоғам реакциясымен үндесе кеткенімен әйелдерді өзін-өзі қорғау тәсілдеріне үйретуге кіріскендері де табылды.

«Озық» делінетін The Steppe отандық порталының әйелдердің өзін-өзі қорғауға қатысты материалы ақылға қонымсыз шықты. Сайт командасы қыз-келіншектерге «қарапайым» болуды кеңес етті. Сайт қолданушыларының ондаған ашулы пікірінен кейін мақаланы өшіріп, «әйел адам өздерін құрметтеуі үшін қарапайым киінуге міндетті емес» екенін жазып, кешірім сұрады. Бірнеше жыл бұрын мұндай мәтіндер оп-оңай өтетін еді. Бұған бірнеше мысал да таптық.

2013 жылы Zakon.kz желілік басылымы өз оқырман қыз-келіншектеріне зорланудан құтылуға қатысты жан-жақты кеңес беріпті. Ұсынылған лайфхактарда виктимблейминг (жәбірленушіні болған іске айыптау – ред.) табылады. Авторлар әйелдерге «ашық көйлегін не қысқа белдемшесін плащпен жауып жүруді», ал кездесу кезінде «секс туралы екіойлы және еркін сөйлемеуді», ешқандай жағдайда «қылымсып, назданбауды» кеңес етеді. Сондай-ақ, Zakon.kz редакциясы «өз-өзіне сенімді әйелдер ешқашан да зорлаушының құрбанына айналмайды, мұндай қауіп нәзік жыныстылардың тек ерекше бір бөлігіне ғана төнеді» деп есептейді.

Мұндай «оңай құрбан» сипатының қандай екенін ашып түсіндірмейді. Әйтсе де сыртқы түрінің маңызға ие екенін меңзегені мәтіннен-ақ білінеді.
Материал авторлары зорлаушыны «тыныштандырып, ойынан айнытуға» әрекет етіп, келісімге келуге болатынына сендіруге тырысады. Уақыт ұту үшін сізге шабуылдаған адамды «әңгімеге тартып», оның қалаған талабын орындауға дайын екеніңізді көрсетіп, тіпті үйге шақыруды ұсынады.

Зорлаушымен пәтерде жалғыз қалған әйел өзін қалай қауіп-қатерден арашалап алатынын да мақалада егжей-тегжейлі, яғни «оның, яғни зорлаушының сылап-сипағаны ұнайтынын байқатып, онымен төсектес болуға қарсы емесін, бірақ өкінішке қарай етеккірдің келіп жүруіне байланысты мүмкін болмайтынын айтып, бірнеше күннен кейін кездесуді ұсынып, сүйісіп, сосын шығып кетуді» жазыпты.

Үш жыл бұрын «Экспресс К» республикалық газеті психологпен сұхбат жариялады. Сұхбат алуға Астанадағы топтасып зорлау оқиғасы түрткі болған.

Психолог өзі де әйел адам бола тұра «зорлау оқиғасының үштен бірінен оп-оңай құтылып шығуға болатынын» сенімді түрде айтады. Оның сөзінше, бар мәселе кейбір жағдайда әйелдердің өздерін «ақылсыз және алды-артын бажайламайтын» қалыпты ұстайтынына тіреліп отыр. Айтуынша, «кейбір ханымдар» тіпті «зорланудан ақша істеп алуды» құп көреді.
Қазір кеңінен талқыланып жатқан «жолсеріктер ісі» оқиғасының фонында маманның топтасып зорлаудан қалай құтылуға болатыны жөнінде жауабы қызықтырды. Өкінішке қарай, үш жыл бұрынғы сұқбатта («Астана-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының жәбірленген жолаушысы қолданарлықтай) қандай да бір нақты ұсыныс айтылмапты. Психолог мұның орнына зорлау құрбандарының жүріс-тұрысын талқыға салып, отқа май құя түсуді құп көрген сыңайлы.

«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналы да 2016 жылы белгілі қазақстандық психологтың пікірі арқылы «қыз-келіншектерді қорғау туралы» материал жариялаған. Психолог маман тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, отбасылық кикілжіңде «жәбірленуші де бейсаналы түрде оқиғаның солай өрбуіне өз үлесін қосатынын» сәтінде айтып өтеді. Оның айнымас сеніміне сәйкес, «балалық шағы қиын өткен» әйелдер ғана жәбірленіп, қорлыққа ұшырайды екен. Психологтың түсіндіруінше, егер қызды кішкентайында ұрып-соқса, онда ол әйел кейін де «өзінің құрбан болу рөліне үйреніп, өзіне қол жұмсағанына іштей келіседі».

Психолог тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге «мұндай зорлықшылдан аулақ кетіп, кәсіби маман көмегіне жүгінуді кеңес ете ме» десек, ол керісінше: «Әйел адам табиғатынан жұмсақ әрі икемді. Кикілжің туындаса, әйел адам шетке ысырылып, ер адамның ашуы басылуына жағдай жасауы керек. Сақтанғанды Құдай сақтайды. Мақалада айтылғандай «Тыныш отырған бүркіттің артынан түртіп үркіттің»,-деп отыр.

Отандық жалт-жұлт еткен БАҚ-тар да («глянец») басқа әріптестерінен әсте қалар емес. Мәселен, 2018 жылы GoodHousekeeping журналы «психоаналитикалық психотерапевттің» жәрдемімен, өз оқырман қыз-келіншектеріне серігінің эмоционалды зорлығын қалай еңсеруге болатыны жөнінде кеңесін жариялапты. Авторлар мақаланың басында «Жасалған қысым денсаулығыңызға және қарым-қатынасыңыздың татулығынан бөлек, жеке тұлғаңызға да қауіп төндірсе, қайтпек керек» деген орынды сұрақ (жауабы да аян) қояды. Психотерапевт әбден тепкі көрген жабырқау әйелдің құнын түсірмей, «Иә, бұл қиын жағдай. Қиындығы соншалық, бақытты болуда мүмкін еместей, іске аспайтындай көрінетін шешім қабылдауды талап етіп, соған жетер жолда барын салуына тура келеді» деп салмақты жауап береді. Әрмен қарай қисынға сәйкес, дағдарыс орталықтарының, жәрдем беруге даяр психологтардың байланыс нөмірлерін, тіпті ақырында полицияның телефон нөмірін күтесің. Әйткенмен, әрмен қарай әйелдерді өзіне сыни көзбен қарауға шақырады.

Бұдан бөлек, психолог үйде зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге «өз-өзіне уақыт бөлуді», серігіне деген ашу-ренішін сыртқа шығаруға «груша» алуды барынша ұсынады. «Бұл ойын сіздің серігіңізге де ұнауы мүмкін, сәйкесінше сіздер ұйқыға жатар алдын қуана-қуана «оң жақтан хук» тәсілімен жаттығасыздар» деп толықтырады. Микропсихоанализ техникасы маманынан мұндай мазмұндағы ескерту тым тосын естіледі.

Жоғарыда айтылған мысалдардан кейін, қазақстандық журналистер кей жағдайда қылмысқа кінәліні бір жаққа аударуға тырыспайтын психологтарға «тап келіп қалатынын» елестету қиын-ақ. Мұндай жағдайда консерватив түсініктегі сұхбат берушіге де оңай тимейді. 2015 жылы «Мой город» аймақтық порталының журналисі оралдық психологпен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында ұзақ әңгіме өрбітіпті.

Маман өзінің тепе-тең көзқарасын дәйекті түрде қорғаштады. Ал автор әуел баста «отбасының ыдырап, шаңырақтың құлауына, зорлық-зомбылық болуына тек еркектер ғана кінәлі емес» екеніне сенімді болып, кейін «жақсы күйеу мен әкелерге» сүйеніп, ақыр соңында «Тамақ пісіргісі келмейтін, не тамақ пісіре алмайтын, үйді таза ұстай білмейтін, не тазалағысы келмейтін әйелдердің де себебінен неке бұзылатын жағдайлар жетерлік» деп мәлімдейді.

Ақырында, отбасындағы қарым-қатынастар жөніндегі маманның жағдайды байыппен, кәсіби тұрғыдан түсіндіруі де бұл сұхбаттың әйелдерге бағытталған жеккөрініш пікірлерге толып қалуына әкеп соқты.

Демек, журналист пен редакцияның әуел бастағы ұстанымы – кез келген зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті танытудағы аса бір маңызды нәрсе екен. БАҚ түрлі көзқарастың айтылуына алаң ұсынғанымен де әрқайсысының айтқан сөзі жариялауға жарай бермейді. Әсіресе, әйелдерді зорлануға қарсы еш әрекет етпей, шетке ысырылып, мойынсұна беруді кеңес еткен жауаптардың жариялануы тіпті орынсыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР