ДомойСторителлинг құрылымын жоспарлау1-модуль. 2-сабақ. Сторителлинг бөлімдерін баяндау техникалары

1-модуль. 2-сабақ. Сторителлинг бөлімдерін баяндау техникалары

1-модуль. 2-сабақ. Сторителлинг бөлімдерін баяндау техникалары

Видеода мультимедиа сторителлинг онлайн-мектебінің менторы, медиатренер Назгүл Қожабек сторителлингте оқиғаның кілті мен құпиясы неде екенін, кейіпкер оқиғасын баяндау шеберліктері туралы айтады.

Оқуға арналған материал

Сторителлинг құрылымының қатып қалған ережесі жоқ. Дегенмен өзіңіздің алғашқы сторителлингіңіз үшін жеңіл шаблонды пайдалана аласыз. Кейінірек тәжірибеңіз арта түскен сайын сіздің баяндарыңыздың құрылымы да түрлене түседі.

Ең алдымен аудиторияны қызықтыруды ойлаңыз. Сіздің міндетіңіз жазушы болу емес, оқырманды қызықтыру. «Ол өмірі бірсарынды қарапайым ауыл мұғалімі еді. Аляскаға барып, поляр шұғыласын көремін деп ешқашан ойламапты…», «30 жылдық тәжірибесінде аппендэктомия операциясына үш мыңнан астам рет кірген екен. Бірақ бұл жолы қобалжуы басылар емес…» Сіз кіріспеңізде кейіпкеріңіз туралы ақпарат бере отырып, оның миллиондаған адамнан ерекшелігін көрсетуіңіз керек. Оқырман неліктен ары қарай оқуы керек? Неліктен сіз дәл осы кейіпкерді немесе оқиғаны таңдап, оны сторителлинг арқауы еттіңіз? Кіріспеде осы сұрақтың аңдатпасы болуы тиіс.

Қандай да бір оқиғаның өзегі – кейіпкер. Кейіпкерсіз ешқандай оқиға жоқ. Өйткені, әрбір әңгімеленетін оқиға — бір адамның басынан кешкені. Мұнда кейіпкер қиын жағдайға түседі, небір өзгерістерге тап болады, соңында оқиға шиеленісіп барып, шешімі шығады.

Шығармашылық ережелерге сүйенсек, кейіпкерің есік қағылған кезде бірден есікті ашса, онда мұнда оқиға жоқ деген сөз. Ал, егер кейіпкер есік ашуға бара жатқанда оқыс оқиға болса, міне осы қызық. Себебі, ол кедергіге тап болды және ол оқиғанын әрі қарай дамуына түрткі болады. Кейіпкеріміз тағдырдың ағысымен еріп кете беретін, ешқандай қарсылық танытпайтын адам емес. Ол — күрескер, ол мақсатына жету жолында түрлі кедергілерден өтеді, ол әрине өзгереді. Өзгеріс оң немесе теріс болуы мүмкін. Кейіпкерді өзгеріске итермелейтін мотивациясы болады. Сол мотивация оң болса ол мақсатына жетіп, күллі әлемді оның құрылымын,өзің және айналасындағыларды өзгерте алады. Бірақ сторителлинг хеппиэндпен аяқталатын ертегі емес. Сіз жазушы емес, журналистсіз. Сондықтан әрбір өзгерістің аяғы жақсылыққа ұласпауы да мүмкін. Кейіпкер күресі жеңіспен аяқталмаса, сторителлингтің баяны ашық қалады. Есесіне ол ой, кейіпкер күресі ары қарай оқырманның басында жалғасады.

Сторителлингтің ең басты шарттарының бірі — кез келген кейіпкер оқырманның эмоциясын тудыра алуы керек. Егер автор тыңдаушыны кейіпкер үшін уайымдауға тартып, оқырман оның әрбір қадамына алаңдайтындай мәтін құрамаса, онда бұл жазушының шеберлігіне күмән келтіруге болады. Сөйтіп, кейіпкердің міндеті —аудиторияны автор қалыптастырған әлемге алып келу, сол әлемнің эмоциясын оқырманға жеткізу.

Медиа салада «вовлечение аудитории» деген термин бар (аудиторияны оқиғаға тарту), яғни аудиториямен интерактив жасау. Мысалы, тек газет пен телеарналар заманында аудитория қандай да бір шығармашылық туындыдан алған әсерімен редакцияға хат жіберіп немесе телефонмен қоңырау шалу арқылы бөлісетін. Бұл байланыстың қазіргіден айырмашылығы жеделдігінде. Сіздің шығармаңыз онлайн платформаға бірден шығады әрі бұл мезеттен бастап ол өз бетімен өмір сүреді. Осындайда медиа мамандары «басқа оқиға басталады» дейді. Яғни жазылған оқиғаның өз оқиғасы басталып кетеді. Ол жетер жеріне жетіп, нәтижесін береді. Кейіпкер адам болуы шарт емес, ол қандайда бір идея немесе сөз болуы мүмкін (жазушының қалауына).

Оқиғаны баяндаудың ең жеңіл жолы — үш актілі драматургия құрылымын қолдану. Бірінші актіде оқиғаның басы немесе экспозиция мұнда кейіпкер кім, оның жағдайы, мінезі қандай, қандай қиыншылықтардан өткенін баяндаймыз.

Екінші актіде оқиға шиелініседі. Кейіпкер мақсатына қарай жолға шығады, сол жерде өзгереді, өзіңе үңіледі, қатесін түсінеді, оны түзеуге әрекет етеді. Егер кейіпкер ауру болса, оның мақсаты — жазылу, кедей болса — баю немесе айналасын өзгерту болуы мүмкін.

Үшінші актіде кейіпкердің белсенділігі азаяды, оқиғаның шешіміне жақындаймыз. Әлеуметтік маңызы бар оқиғада сыртқы күш әсер етеді, ол мысалы мемлекет, өзге азаматтар және т.б. болуы мүмкін. Яғни кульминацияда оқиға шешімі табылмақ не оның баяны ашық қалмақ. Өз кейіпкеріңіздің оқиғасын осы құрылымға салып, эмоция тудыратын детальдерді орында пайдаланыңыз. Сіздің баяныңызда артық сөйлем, сөз болмауы тиіс. Ешқандай жүктемесі жоқ бос сөйлемдер драматургияны нашарлатып, оқырманды жалықтырып жібереді. Сондықтан мәтін жазу кезінде барынша редакциялаған жөн. Сторителлингті баяндаудың қатып қалған формуласы жоқ. Шеберлігіңіз артқанда шаблоннан шығып, өз конструкцияңызды құруыңыз әбден мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. 8 техник сторителлинга
  2. Оқиғаны шеберлікпен баяндаудың 6 ережесі (Pixar кеңесі) (ағылшын тілінде)
  3. Кез келген жазушы қолдана алатын 7 сюжет құрылымы (ағылшын тілінде)

 

Тақырып бойынша тапсырма:

Журналист Дархан Өмірбектің «Егемен Қазақстан» сайтында жарияланған «Америка асқан алғашқы қазақтар – соғыс тұтқыны болған Мұхтар Қарабай АҚШ-қа қалай барды?» материалын оқып, құрылымына назар аударыңыз. Кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі мен қорытындысына «тақырыпшалар» тауып жазыңыз.

 

АЛДЫҢҒЫ САБАҚ: 1-модуль. 1-сабақ. Сторителлинг құрылымы.

КЕЛЕСІ САБАҚ: 1-модуль. 3-сабақ. Мінсіз сторителлинг шарттары

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР