ДомойМедиасынМұндай тақырып қоясыз ба? Сауалнама

Мұндай тақырып қоясыз ба? Сауалнама

Мұндай тақырып қоясыз ба? Сауалнама

Мақалаға қойылған тақырып сәтті болса, аудитория сенімі күшейеді, оқырман көбейіп, материал қаралымы артады. Ал сәтсіз шықса, керісінше. Күні-түні еңбектеніп дайындаған материалыңыз оқылмай, санаулы көрермен назарына ілінеді. Әйткенмен, “аудиторияны қызықтырудың жолы осы”, – деп сауатсыз, әрі “жаға ұстататын” тақырып қоюға болмайды.

Тақырып – медианың абырой-беделінің көрсеткіші. Осы орайда “Жаңа репортер” редакциясы медиа қолданатын не мүлдем қолданбайтын тақырыптарға тест әзірледі.

Жауап бермес бұрын “Мұндай тақырып қояр ма едім?” деп бір сәт ойланып көріңіз. Сосын дауыс беріңіз.

“Сауалнамадағы тақырыптар журналист этикасына қайшы” деп есептейміз. Неліктен?

Журналист ақпарат таратып, пікірмен бөліскенде оның өшпенділік тудырмайтына, жалған наным-сенімге құрылмағанына сенімді болуы керек. Географиялық, әлеуметтік, этникалық шығу тегіне, нәсіліне, жынысына, сексуалды қалауына, тіліне, дініне, саяси және тағы басқа да көзқарастарына байланысты кемсітуге жол бермеуі тиіс.

Ұсынылған тақырыптардың ішіндегі 9-нөмірлі «Телеграмм-канал сатылды, деп хабарлайды аноним» тақырыбы журналист таратып отырған ақпаратының рас-өтірігіне көз жеткізбегенін көрсетеді. Журналист мәліметтің қайнаркөзін нақты білгенде ғана деректерді жариялайды. Құжаттардың деректерін бұрмалауға, маңызды ақпаратты жасырып қалуына болмайды. Әлеуметтік желі қолданушыларының мәлімдемесін не ақпаратын жариялағанда аса ұқыптылық танытуы міндетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР