үй Медиасын «Кел, татуласайық!» реалити-шоуы: зорлаушымен қалай татуласпақ?

«Кел, татуласайық!» реалити-шоуы: зорлаушымен қалай татуласпақ?

«31 арнада» күн сайын «Кел, татуласайық!» реалити-шоуын көрсетіп жатыр. Басталғанына бірнеше ай болды. Атауы айтқандай, жобаның негізгі мақсаты да ренжіскен адамдарды татуластыру. «Жаңа репортер» медиасыншысы Нәзира Дәрімбет «Кел, татуласайық!» реалити-шоуы кімдерді қалай достастырып жатқанына шолу жасады.

Телеарнаның ресми сайтында: «Кел, татуласайық!» – жаңа реалити-шоу, тікелей эфирде жүргізуші мен көрермендер жүз шайысып, ренжіскен адамдарды татуластыруға тырысады. Әрбір оқиғаны тарқатқан сайын, студияға ойдан шығарылмаған, шынайы кейіпкерлер шақырылады. Бұл ата-аналар мен балалардың, бір туған бауырлардың, ғашықтардың немесе достардың бұрыннан келе жатқан тартысы болуы мүмкін. Өмір адамдарды ажыратып тастады, ал біздің жобамыз тағдырдың қиын-қыстау кезеңінде бір-бірінен қол үзіп қалған адамдардың түсінісіп, ымыраға келуіне ықпал етеді. Шоудың мақсаты – адамдарға бір-бірін кешіре білуді үйрету, өмірді өкпе-реніш пен дау-дамайға жұмсамай, жарастыру» деп жазылған.

Татуласу, араздықты жою өте жақсы дүние екенін бәріміз де білеміз. Міне, дәл сондай оймен «Кел,татуласайық!» реалити-шоуын көріп бастадым. Қатысушылар оқиғасы бағдарламаның алғашқы эфирінен басталып, әлі созылып келе жатыр. Кейіпкерлер – түрлі тағдыр иесі, әралуан отбасынан шыққан. Алайда кейде олардың татуласу мәселесі шет қалып, тағы бірде кейіпкерлер мақсаты өзгеріп жатады. Кейде тіпті татуласу ақылға сыймайтынын аңғарасыз.

Мәселен, бағдарлама студиясына келген 18 жасар Қызғалдақ Талғатқызы өзін 14 жасында үш жігіт зорлағанын айтады. Жігіттерді соттаған, бірақ түрмеге жаппаған, бостандықта жүр. Басынан өткен арсыз әрекет салдарынан Қызғалдақ жүкті болып, ұл туған. Ұлы екі жастан асыпты. Бағдарлама басында Қызғалдақ пен ұлдың әкесі делінетін жігітті өзара татуластыру мақсат етілгені, тіпті татуласу мүмкін болмаса, баланың әкесі екенін анықтап, алимент төлеуге міндеттеу айтылды.

Кейіпкер де, жүргізуші мен қатысушылар да: «Бала өз әкесімен аралассын, ұлға ер азаматтың тәрбиесі керек»,-дейді.

Бағдарламаның келесі шығарылымында ұлдың әкесі (зорлаушының бірі) тікелей эфирде байланысқа шығып, 14 жасында зорланған қыздың өзіне бар кінәні аударып, қыз ауылға көп қыдырып келетінін алға тартып, Қызғалдақты зорлаған жігіттер саны үшеуден де көп екенін айтады.

Тағы бір шығарылымында қыздың туысы студияға хабарласады. Жүргізуші Тахир Сұлтанов оған телеарна редакциясы бұл істің қайта қаралуына күш салатынын айтып: «Біз бұл істі ақырына дейін жеткіземіз!»,-дейді.

Бірнеше шығарылымнан кейін Қызғалдақтың әкесі кәмелет жасына толмаған қызын зорлағандарды кешіріп, өзара келісімге келгені, екі жақтың келісімімен іс жабылғаны анықталады. Міне, осы кезде жоба авторларының кімді қалай татуластырмақ болғаны айқындала бастайды. Зорлаушы мен жәбірленушіні татуластыру мүмкін бе?!

Түсірім тобы мақсатына жету үшін Дидардың (баланың әкесі) үйіне де барады. Алайда Дидар кездесуге шықпайды. Сол сәтте кадрден тыс: «Қызғалдақ осы кездесу үшін жасанып киініп, барынша дайындалғаны сондай, бұрынғысынан да әдемілене түсіпті» деген сөздер айтылады. Өзін зорлаған адамға ұнау ғана қалып еді…?!

Кейде студия қонақтары мен қатысушылардың сөзі ақылға сыймайтыны соншалық, тіпті қабылдауға келмейді. Мысалы, қыз барған ауылдың имамы келіп: «Жігіттердің де тағдырын ойлау керек қой, бірі үйленді, енді бірі бір үйдің жалғыз баласы дегендей. Ал қыз болса, бүкіл ауылды ұятқа қалдырды. Сондықтан бұл мәселені сотсыз-ақ ауылдың ақсақалдарымен шешейік», – дейді. Студияға хабарласқан көрермен де: «Сен кешірмеймін, жазалаймын, түрмеге қаматам дейсің. Балаңның тағдыры қалай болмақ, соны ойландың ба? Балаң өскенде әкесінің түрмеде отырғанын білсе оңай болмайды ғой» – деп имам сөзін қоштайды.

… Бала өзі зорлау нәтижесінде дүниеге келгенін білгенде қандай күйде болар екен?!

Осы тұста кейіпкер: «Баламның әкесі аяғыма жығылып, кешірім сұраған. «Қызғалдақ, кешірші, мен баласыз қалдым, әйелім бала көтере алмайды, біз қайтадан қосылайық» деп жалынды. Бірақ мен соңына дейін барам, бәрін де соттатамын!», – дейді.

Сол кезде экранда бала мен әкесінің бірге түскен суреті көрсетіледі. Олар кездескені анықталады. Фотосуретте кәдімгі әке мен бала бейнесі. Суретті көрген жүргізуші: «Дидардың көздерінде бір жылулық бар сияқты»,-дейді.

«Қайтадан қосылайық» дегенін түсінбедік. Олар қайта қосылатындай бұрын бір отбасы болып, бір шанырақ астында өмір сүрген жоқ қой?!

Бағдарламада мұндай қарама-қайшылықтар жиі кездеседі. Мәселен, ұлты қазақ, бірақ Өзбекстан азаматшасы Айгүлдің зорланған оқиғасын алайық. Үш жігіт кейіпкерді «жұмыс береміз» деп алдап, фазендаға апарып, арам ойларын іске асырады. Қызды үш күн зорлап, қорлаған. Киімін тартып алып, «көшеге жалаңаш шығарамыз» деп қорқытып, аузына бензин құйған. Сондай азапты көрген кейіпкер орайы келгенде қаскөйлердің қолынан қашып құтылыпты. Кейіпкермен әңгіме бастаған жүргізуші: «Біздің барлық кейіпкерлеріміздің тағдыры қиын, ауыр жағдайларды бастан кешірген, алайда бәрі бір Алланың қолында…» дей келе, өз мақтауын асыра: «Маған «әр жағдайды жүрегіңе жақын қабылдама» дейді. Бірақ бұл оқиғаларды басқаша қабылдау мүмкін емес»,-деді.

Жоба авторлары бірде: «Істі соңына дейін жеткіземіз, кінәлілер жазасын тартады» десе, тағы бірде: зорлық құрбаны болған адамға «кінәлілер еліңізге қайтуыңызға көмек беруі үшін» татуласуды ұсынады.

Азап шеккен жәбірленуші кейіпкер Айгүл: «туыстары жалынып тұрған соң, зорлықшылардың ата-анасы, баласы үшін» кешіргенін, осы іске қатысы бар екі азамат  қамауда отырғанын айтады. Соған қарамастан, жүргізуші: «біз істі соңына дейін жеткіземіз, тиісті органға хабарлаймыз» деп бірнеше рет қайталайды. Жүргізушінің бұл сөзі қаншама рет айтылды, бірақ іске асты ма, нәтиже бар ма, бұл жағы белгісіз.

Екі оқиғаға пікір білдірген кейбір қатысушылар, студияға хабарласқандар да екі кейіпкерді, яғни Қызғалдақты, Айгүлді кінәлайды. Бар кінәні екі жәбірленуші қызға артады. Жүргізуші мұны тоқтатуға талпынбайды да…

Әйел зорлауға қатысты тағы бір шығарылым басқа ракурста көрсетілді. Мұнда екі баласы адам зорлау бабымен түрмеде отырған кейіпкер Хадиша ұлдарының жазықсыз қамалғанын айтады. Кейіпкердің сөзінше, «зорландым» деген қыз «жаман отбасынан» шыққан. Үш жігітке өзі келіп, 2 мың теңге берсе, бір түн өткізуге келіскен…

Сонда қызды зорлау керек па?! Бұл оқиғаның мән-жайына терең бойлап, айту артық. Адам зорлап түрмеге түскендердің туған-туысы жақыны сондай жамандыққа баратынына сенбейтіні белгілі.

Кейіпкер араздасқан ата-анасымен, түрмедегі ұлын тастап кеткен келіні және құдаларымен қайта татуласқысы келеді. Үш сағаттық эфирдің жарты сағатында кейіпкер отбасындағы трагедия мен зорлыққа ұшыраған қыз, әділетсіз шыққан сот шешімі туралы айтылды. Алайда кейіпкер неліктен ата-анасымен, бауырларымен араздасып қалғаны айтылмайды.

Осы шығарылымда жүргізуші жолынан «жаңылып», жоба мақсаты – араздасқан жұртты татуластыруды шет қалдырды. Есесіне «әділет орнататынын» қайта-қайта алға тартады. Бірақ әділетті қалай орнатпақ? Кейіпкердің ұлдары кінәсі толық дәлелденіп, алты жылдан бері жазасын өтеп, түрмеде жатыр ғой.

Осы оқиғаға байланысты келесі түсірілімде қатысушылардың бірі: «Сізді осылай жылатқан әлгі «зорландым» деген қыз өмірінде бақытты болмайды» десе, жүргізуші оны қолдап: «Өте дұрыс айтасыз, біреуді жылатып, бақыт таппайсың»,-дейді.

Тағы бір қатысушы: «жапа шеккен қыздың орнында өзіңіз болсаңыз, сіз де соттатар едіңіз» дегенде, жүргізуші оған: «Не болса соны айтасың, мына жерге жедел жәрдем шақырғанымызды қалап отырсың ба, қазір мына кісіге бұл сөз ауыр тисе, қайтесің» деп дүрсе қояды. Артынша кейіпкерге қарап: «Ешкімді қолдамаймын, ешкімді кінәламаймын, Ержанмен (қатысушы) өзім жақсылап сөйлестім, енді қайталамайды»,-дейді.

Тағы бір оқиғадағы кейіпкер әйелдің ұлы «туған ағасының 11 жасар қызын зорлады» деген айыппен сотталған. Жүргізуші кейіпкердің ұлы еш кінәсіз екеніне шүбәсіз сенетінін байқау қиын емес. «Зорлады» деп кінә таққан қыз бала мұны шешесімен бірге болу мақсатында айтқан»,-дейді әжесі. Қыздың әкесі қайтыс болып, шешесі екінші рет тұрмысқа шыққан. Сондықтан қызын әкесінің туыстарына жиі жіберіп тұрған. Әжесінің айтуынша, бұрынғы келіні қайнысына ғашық екен. Ал «зорлық көрдім» деген қыз жұрт назарын өзіне аударғысы келген.

Жүргізуші және жоба авторлары, оқиғаның мән-жайын ашып айтпағандықтан, көп нәрсе түсініксіз болып жатады. Есесіне олар бұл оқиғаны да жоба мақсатына қарай ыңғайластырғысы келеді. Басты миссияларын ұмытып, істі соңына дейін жеткізу үшін, қайта қаратып, әділдік орнатуға кірісетінін мәлімдейді. Мысалы, кейіпкер не себепті бұрынғы келінімен татуласқысы келетінін сұраудың орнына, бұл іс бойынша неліктен адвокаттар жиі ауысқанына қызығады.

Реалити-шоудың алғашқы шығарылымынан бастап «қазақ әйелі еркектен бір саты төмен тұрады» деген түсінік жиі айтылады. Көп әйел алу тақырыбы да қозғалады.

Мәселен, егде жастағы әйел күйеуімен, балаларымен түсінісе алмай, қарттар үйіне кеткен кейіпкер хикаясына тоқталайық. Жүргізуші студияға хабарласқан көрермен сөзін қолдап, кейіпкерге «шалынызға тоқал әперсеңіз, үйіңізде бақ-береке орнайтынын» айтты.

Ал Дина мен Ғалымжан деген кейіпкерлерлің оқиғасы қисынға келмейді, кейде тіпті күлкілі көрінеді. Кейіпкер қыз кезінде мерекелік іс-шарада бірге жұмыс істеген жігітті іздеп келіпті. Студияда сол жігітке сезімін сырттай білдіреді. Ал іздеген адамы студияға келгенде, басқаша сөйлеп, тіпті жігітке деген ешқандай сезімі жоқ екенін айтады.

Ештеңе түсінбеген кейіпкер жігіт: «Сонда сіздер осы жерден мені мына қызбен татуласпайынша, шығармайсыздар ма? Негізі біздің арамызда араздық жоқ. Әлде мені осы қызға үйлендірмексіздер ме? Біз бар болғаны жай ғана таныс адамдармыз ғой?!»,-дейді. Ал бірде студияға хабарласқан көрермен Динаны әйел етіп алуға дайын екенін айтып, халықты бір күлдіреді.

«Кел, татуласайық!» реалити-шоуының кейбір тұсы ресейлік «Давай, поженимся» немесе «Жди меня» бағдарламаларына ұқсап кетеді. Бәлкім, бұл жоба авторларының әдейі жасағаны шығар. Алайда студияда сөз болған түрлі оқиға, дау-дамай астарында «зорлық көрген әйелді қалай да сол азаптаған адаммен татуластыру» деген абсурд идея жатыр. Бұл – өте қорқынышты.

Назира Даримбет
Назира Даримбет работает в журналистике более 15 лет, в основном в независимых медиа. Была главным редактором газеты «Азат», редактором отдела политики и социума в медиапроекте «Республика», обозревателем Ratel.kz, редактором казахоязычной версии сайта. Специализируется на социально-политических темах. Пишет на русском и казахском языках. Сейчас пишет для Total.kz обзоры казахскоязычных СМИ.

1 Пікір

  1. Нази, прям с языка сняла! реальный расклад дел и взгляд на указанную программу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь

Cоңғы жазбалар

Covid-19 салдары, Тоқаев жиындары және Бозжыра. 16-22 қараша апталық бағдарламаларға шолу

0
2020 жылғы 17 қараша. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқас алғаш тіркелгеніне 1 жыл толды. Apta және “Басты бағдарлама” авторлары кешегі аптаның қорытынды эфирін “Covid-19...

ШЫҰ, Ассамблея отырысы және Таулы Қарабақ. 9-15 қараша апталық бағдарламаларға шолу

0
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы кешегі апталық қорытынды бағдарламалардың ортақ тақырыбына айналды. “7 күн” редакциясы ҚХА-ның 25 жылдық тарихын баяндаса, Apta авторлары отырыс қалай...

АҚШ-тағы сайлау, коронавирус және есек сүті. 2-8 қараша апталық бағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары коронавирустан және АҚШ-тағы президент сайлауынан басталды. Сенбіде эфирге шыққан “7 күн” бағдарламасы елде коронавирус індетін қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенін айтса,...

“Тәлім TREND”: батыр-полицейлер, қазақы феминизм және дәстүрлі тәрбие

Еліміздің бас телеарнасы – QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында "Тәлім TREND" бағдарламасы көрерменге жол тартты. Жаңа жоба экранға шықпас бұрын, жұртшылық арасында қарама-қайшылыққа толы пікірлер айтылды....

Тоқаев кездесулері, Қонаев ескерткіші және абақтыдағы азаптау. 26 қазан – 1 қараша апталық бағдарламаларға...

0
Апталық қорытынды бағдарламалар эфирі коронавирус тақырыбынан басталуы қайта дәстүрге айналды. “7 күн” тілшілері Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқанын, “Басты бағдарлама” мен Apta редакциялары...