үй Оқып-үйрен Red Jolbors 2020 коммуникация фестивалі аяқталды. Кімдер жеңді?

Red Jolbors 2020 коммуникация фестивалі аяқталды. Кімдер жеңді?

16, 17 және 18 қазанда Red Jolbors фестивалі онлайн-форматта өтті. Фестиваль аясында 30-дан астам спикер сөз сөйледі, Орталық Азияның ең үздік жобалары мен агенттіктері анықталды.

Орталық Азия аймақтық Red Jolbors коммуникация фестивалі биыл алғаш рет онлайн-форматта ұйымдастырылды. Jolbors Awards байқауының үздік жарнама кейстерін де онлайн анықтады. Байқауға 250-ден астам өтініш түсті. Соның 30%-ы шорт-тізімге ілінді. Барлығы 50 жұмыс қола, күміс және алтын марапатқа ие болды.

Айта кетерлігі, биыл әділқазылар алқасы екі Гран при жүлдесін тағайындады. Комерциялық жарнама Гран приін Mehnatsevar жұмысы үшін TBWA/Тashkent агенттігіне берсе, Grand Prix for good-ді My Name Is Enough жұмысы үшін Doping Creative Agency агенттігі алды.

Фестивалді ұйымдастыру комитеті келер жылдан бастап әлеуметтік бағыттағы және әлеуметтік аспектілері бар кейстерді бөлек санатта қарастыратын болды.

Сондай-ақ, биыл алғаш рет фестивалдің бас демеушісі ForteBank тарапынан “Forte таңдауы” арнайы сыйлығы берілді. Бұл сыйлықты да My Name Is Enough жұмысы үшін Doping Creative Agency агенттігі алды.

Өзбекстандық TBWA/Тashkent – “Жыл агенттігі” атанса, Өзбекстан Республикасы – “Жыл мемлекеті” атанды. “Жыл агенттігі” және “Жыл мемлекеті” атағын сол агенттіктің не сол мемлекеттің жұмыстары жинаған ұпайлары негізінде анықтайды. Барлық жеңімпаздар тізімін мына парақтан көре аласыз.

— Биыл фестивалді онлайн өткізуге мәжбүр болдық. Алайда тап осы форматтың арқасында Red Jolbors өтіп келе жатқан тоғыз жылдағы ең мазмұнды білім беру бағдарламасын әзірледік. Awards қатысушылары да жақсы нәтиже көрсетті. Фестиваль тарихында Тәжікстаннан қатысушылар алғаш рет алтын марапат алды. Қырғызстандық қатысушылар ең қиын санаттардың бірі – Film санатында үш бірдей алтын жүлдеге ие болды. Биылғы қазылық қорытындысында, жаңадан Digital Product номинациясын енгіздік. Фестиваль жылдан жылға өзгеріп, жақсарып жатыр,-деді Red Jolbors продюсері әрі негізін қалаушылардың бірі Сабина Рейнгольд.

Фестиваль онлайн-форматта өтуіне байланысты Jolbors Education білім беру бағдарламасы өте-мөте мазмұнды болды. Қатысушыларға Google, Mail.ru Group, PepsiCo, Skyeng, Borjomi Global, Forbes Russia және тағы басқа көптеген мықты компаниялардың тәжірибелі сарапшылары, режиссерлер: Тимур Бекмамбетов пен Қанат Бейсекеев, сонымен қатар Дмитрий Тютьков, Максим Пономарев сынды атақты креатившілер сөз сөйледі, тәжірибесін баяндады, шеберлік сабақтарын өтті.

Jolbors Education аясында SETTERS коммуникация агенттігінің жеке секциясы да ұйымдастырылды. Ең үздік жарнама мектептерінің бірі –  MADS мектебінің стратегия, креатив пен аккаунтинг бойынша тәжірибелік уоркшоптары жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды.

Red Jolbors ұйымдастырушылары фестиваль күндері қатыса алмағандарға фестиваль жазбасын алып, спикерлерді тыңдау мүмкіндігін ұсынады.

Фестивалдің бас серіктесі – екінші жыл қатарынан Fortebank болды.

“Жаңа репортер” сайты – Red Jolbors 2020 коммуникация фестивалінің ақпараттық серіктесі. Фестиваль туралы барлық материалды мына парақтан табуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

Жаңатастағы қайғылы оқиға, кәсіпкерлерге қысым және қант диабеті. 15-21 ақпан апталық бағдарламаларға шолу

0
15-21 ақпанды қорытындылаған апталық бағдарламаларға ортақ тақырып - Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы оқиға. Мұнда пәтерден өрт шығып, бір отбасының бес баласы көз жұмды. Apta...

«Әкемізге қалыңдық»: балаларға алдамшы үміт сыйлайтын реалити-шоу

Қазақстандық телеарналар жиі айналып соғатын бір тақырып болса, ол - үйленетін еркек пен тұрмыс құратын әйел туралы реалити-шоулар. “Екі жарты - бір бүтін” сөзін...

Internews коммуникациялық аудит жүргізетін серіктес іздейді

Internews өкілдігі Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы ақпараттық арналарына аудит жүргізетін серіктес іздейді. Аудит мақсаты - аталған елдердегі “MediaCAMP - Орталық Азия бағдарламасының” сыртқы коммуникация...

«Бай-қуатты болайық!». Нұртілеу Иманғалиұлы туралы естеліктер

0
2021 жылғы 17 ақпанда белгілі тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ телевизиясының корифейі атанған Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлының телевизияда «Жадыңда...

Ұсталған судья, су тапшылығы және балықтар. 8-14 ақпан апталық бағдарламаларға шолу

0
8-14 ақпанды қорытындылаған апталық бағдарламалардың негізгі тақырыбы - Жоғарғы сот судьясының ұсталуы. Үш бағдарлама да бірдей тақырыптан бастады. Бұдан бөлек, “7 күн” бағдарламасы Мемлекет...