Модуль 5.2. Жарнама саласындағы медасауат

Модуль 5.2. Жарнама саласындағы медасауат

Жарнама сауатының бар модельдік өлшемдер қатарын цифрлық сауаттылық өз құндылығымен толықтыра алады.

Жарнамалық сауатты анықтауда барлық өлшемдердің күші бар. Алайда, зерттеу барысында жарнамалық сауатты арттыруға ерекше ықпал ететін,  қазіргі цифрлық орта мен қоғамның жарнамалық сауаттылығына қажет өлшем — Цифрлық сауаттылық. Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы. Осы заманауи цифрландырылған технологиялармен үндесіп отыра құзіреттілігімізді дамыту, жарнама  саласында сауатты болуымызға ықпал ететіні сөзсіз.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық мәселелер туындаған жағдайда не істеу керек, қайда және қалай байланысуға болады?

Жарнама таратушы жарнаманы тарату, орналастыру уақытына, орнына және тәсіліне қатысты талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады. Жарнама жасаушы жарнаманы ресімдеуге немесе шығаруға қатысты «Жарнама туралы» заңдардың ережелерін бұзғаны үшін жауапты болады. Жарнама жөніндегі басқа талаптардың (тілі, мазмұны) сәйкес келмегені үшін жарнама беруші жауапты болады. 

Жарнама туралы даулар жарнама берушінің де, БАҚ-тың да мүдделеріне әсер етуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарынан жарнамалық ақпарат беру талап етілуі мүмкін, мысалы, құзыретті органдар орынсыз немесе тыйым салынған жарнаманы тарату туралы іс қозғаған жағдайда. Сондай-ақ, БАҚ жарнама берушіден қосымша ақпарат сұрауға құқылы (лицензиялар, түрлі рұқсаттар, сәйкестік сертификаттары және т.б.), өйткені бұл БАҚ-ты Жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін ықтимал шағымдардан, талаптардан және айыптаулардан қорғайды. Егер сұратылған ақпарат ұсынылмаса, БАҚ жарнамалық келісімшартты бұзуға құқылы.

Жарнаманы теріске шығару дегеніміз не? Егер сот немесе құзыретті уәкілетті мемлекеттік орган орынсыз жарнама фактісін анықтаса, онда бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманың таралуын, орналастырылуын дереу тоқтатып, теріске шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Теріске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен жөне тәсілдерімен теріске шығарылатын жөнсіз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңістігінің, орны мен тәртібінің нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте теріске шығару жөніндегі шығыстардың бәрін бұзушылыққа жол берген тұлға көтереді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғам мен жарнама арасындағы тығыз байланыс ғасырлар бойы дамып келеді. Ең маңызды дәуірлерде жарнама маңызды рөл атқарғаны тарихта жазылған. Орта ғасырларда баспа өнертабысы плакаттар мен листовкалар көмегімен жарнаманы демократияландыруға мүмкіндік берді. ХІХ ғасырдың аяғында ол баспасөздің бөлігі болды, 20 ғасырдың басында – радионың. Әлемдік әскери қақтығыстар кезеңіндегі насихат диктатураның қатыгез бейнесін жасырды және керісінше ашты. Теледидар мен Интернеттің келуі жарнаманың дамуындағы жаңа кезең болды.

Тұтынушы болу, таратушы болу немесе екі жақты үйлесімді түрде қатар алып жүру – кім болу керектігін әр адам өзі шешеді. Австриялық жазушы Густав Майринк өзінің «Бақылауға болмайтын әсерлер – ең мықтысы» деген сөзімен жарнаманың барлық мәнін жеткізгендей.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ТЕСТ:

Қолданған және ұсынылған дереккөздер:

1. Психология рекламы | Основной элемент
Дереккөзі: https://www.youtube.com/watch?v=J_4bOLnShpo

2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 «Жарнама туралы» Заңы
Дереккөзі: https: https://kodeksy-kz.com/o_reklame.htm

3. Дереккөзі: https://www.researchgate.net/publication/288971787_ What_is_Advertising_Literacy_Exploring_the_Dimensions_of_Advertising_Literacy

4. Shiseido корпарациясының өнімі
Дереккөзі: https://iledebeaute.ru/novinki/2020/5/18/128640/

5. Статья «Особенности средств воздействия в рекламе косметики: гендерный аспект» Текст научной статьи по специальности «Языкознание и литературоведение» Автор: Аниськина Наталия Васильевна
Дереккөзі: osobennosti-sredstv-vozdeystviya-v-reklame-kosmetiki-gendernyy-aspekt.pdf

6. Дереккөзі: М.Б.Шындалиева ф.ғд.,профессор Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ, Мақала. «Қазіргі БАҚ-тағы жарнама беру әдіс-тәсілдері.

7. Проект рекламной кампании на примере продукта «Kinder Сюрприз
Дерекөзі: https://revolution.allbest.ru/marketing/00627088_0.html

8. Чем опасен Kinder Дерекөзі:Chocolatehttps://yandex.kz/video/preview/?text

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР