Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру...

Модуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Фото көрсетудегі манипуляция.

Жаңалықтар журналистикасында шығатын фотолар шындыққа жанасуы тиіс.
Дұрыс емес(немесе әдейі таңдалған) ракурс манипуляцияға әкеліп тірейді:

манипуляции в фотографии

Басқа мысал: үкіметтің баспасөз қызметі жариялайтын фотоларда Қазақстан президенті Тоқаевтың сырт келбетінде кемшілік жоқ болып түседі. Ал баспасөз қызметі шығарған суретпен өзге басылым тілшілерінің суретімен салыстырғанда бар айырмашылық байқалып қалды.

манипуляции в фотографии

Кеңес Одағы кезінде фотодағы манипуляцияны үгіт-насихат үшін жақсы пайдаланған, көсемдерді жас, әдемі, қайрымды етіп көрсету үшін. КПСС-тың бас хатшысы М.Горбачевтың алғашқы суретінде оның маңдайындағы қалын көрсетпес үшін суретті қатты өңдеген, ал негізінен фотографтар оны суретке түсіру үшін белгілі бір ракурстарды ұстанып отырған.

Фотосуретпен манипуляция жасау тарихы ұзақ емес. XX ғасырда фото үгіт-насихат жүйелерінің ажырамайтын ерекшелігіне айналды. Фотоның құжаттылығын пайдалана отырып, идеология көсемдерінің жарқын бейнесін қалыптастыру үшін жұмсаған. Сол себептен қойлымдылық түсірім жасайтын.

Үкіметке жақпай қалған тұлғаларды суреттен алып тастау сәттері көп болған. Мәселен, 1926 жылы партияның 15 конференциясында Сталин партияның төрт белсендісі: Николай Антипов, Сергей Киров, Николай Шверник және Николай Комаровпен суретке түскен. 1949 жылы бұл суретте Сталинның қасында тек Киров қалған, қалғандары «жоқ» болып кеткен.

Сандық технология заманы келгеннен бері фотоны өңдеу мүмкіндігіне
әрбір адам ие:

Боно и Медведев

В 2010 году блогеры заметили,

2010 жылы блогерлер Кремль жасаған суреттерде U2 Боно лидері Дмитрий Медведевпен аласа болып тұрғанын байқаған, шын мәнінде ол Ресейдің сол кездегі
президентінен 12 сантиметрге биік. Мұнымен қоса Кремль фотографтары Медведевтың
бойын үлкейтіп қойған, мәселен, Apple жетекшісі Стив Джобс және Калифорния губернаторы Арнольд Шварценеггер (екеуінің бойы — 188 сантиметр).

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, құжатты фотожурналистикада манипуляцияға жол беруге болмайды. Түрлі қақтығысы көп жерлерде болған танымал фотожурналист Майкл Камбер «Altered Images (Суреттің өзгеруі)» атты көрме өткізді. Бұл шараны ол 150 жыл аралығында өзгеріске ұшыраған құжатты кадрларға арнаған. Ол деректі фотожурналистикада болатын манипуляцияны үш түрі барын көрсетті:

  • Үгіт-насихат мақсатында жасалатын қойылым фотолар;
  • Контексттен жұлынып алынған және шынайы оқиғаға сай келмейтін жерге қойылған;
  • Суреттің бір бөлігін өзгертіп, бар адамдарды, заттарды алып тастап,өңдеуге ұшыраған түсірілімдер.

Көптеген мамандар шынайы фотоны өзгертут мен кәсіби этика арасында байланыс бар деп есептемейді. Қазіргі заман фотографтары мен биль-редакторлар суретті өз қалауы бойынша өзгертуге болады деп, әуестенген. Алайда көрермен шынайы және сәтті түсірілген суретті көргісі келеді. Манипуляция жайында біркелкі шешім жоқ, бірақ
суреттерді өңдеу әдісі адамдарды шатастыратыны белгілі. Қойылым арқылы түсірілетін суреттер фотожурналистиканың басты ережесі – шын мәнінде орын алған жағдайда шынайы түсіру ережесін бұзады.

Шындықпен манипуляция жасау

Көптеген газет, журналдар фотоға әдеттегі картинаға қарағандай қарайды. Алайда фотожурналистика мен иллюстрация немесе суретпен сипаттау ара жігін ажырата білу керек. Фотосуретшілер документалистер – екі түрлі мамандық иелері. Көрініс автордың, оқырманның ескертуінсіз, түпнұсқа жеткізуі тиіс идеяға қарамастан өзгере алады.

Newsweek жариялаған Балаш Гардидың суретінде Америкалық әуе-шабуыл кезінде зардап шеккен баланың суреті берілген. Ал суретте бала талибтердің кесірінен зардап шекті делінген. Бұл келеңсіз жәйт анықталғанда, басылым оған ұялған да жоқ. Олардың пікірінше, бала кімнен және неден зардап шеккені маңызды емес.

Алайда мамандар Вьетнамдағы соғыстың тоқтауына дәл осы фотожурналистика септігін тигізді деп есептейді. Шынайы түсірілген суреттер әлеуметтік өзгерістің катализаторына айналды, бұл қойылымды суреттер емес еді. Адамдар оған сенді, бұл суреттерде шынайы өмір көрсетілген болатын. Қазір көпшілік суретке сенбейді, себебі World Press Photo байқауы жеңімпаздарының 20% алдағаны үшін мамандығынан айырылып қалды, бұл тек ресми түрде өтірігі ашылғандары ғана.

Қай сәтте өңдеу жұмыстары суреттің мағынасын өзгертетін техникалық жұмыстарға айнала бастайды? Қай сәтте өңдеу жұмыстары этикалық жағынан этикалық емес жағына ауысады? Бұл сауалдарға нақты жауап айту қиын, бірақ бұл мәселеде басты орынды ақпаратты тұтынушылардың медиасауаты алады.

Қорытынды: Фотоақпараттың өзін-өзі реттеу және сапасын бақылау механизмін білген жөн. Мемлекет әзірге ондай ереже шығармаса, «Баспасөз фотографтары Ұлттық Қауымдастығының Этикалық кодексіне» мән берген дұрыс. Оның ұстанатын ережелері:

  • Заттарды көрсеткенде дәлме-дәл көрсетіңіз;
  • Манипуляцияға түспеңіз, қойылымдық сурет түсіруден қашыңыз;
  • Редакциялық өңдеу суреттің мағынасы мен мәтініне сай болуы тиіс;
  • Көрініспен манипуляция жасамаңыз, суретті өзгертпеңіз, себебі осы арқылы көрерменді шатастыруыңыз мүмкін.
Дмитрий Шорохов
Дмитрий Шорохов
С 2000 года по 2010 год — доцент факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби. С 2011 года по настоящее время — ассоциативный профессор кафедры Медиакоммуникации и ИК Международного университета информационных технологий. Работал с международными организациями UNICEF, UNESCO, IMO, ILO, Gender Bureau of UNDP и др. по реализации социальных программ. Член Союза художников РК с 2004 года. Участник более 50 республиканских и международных выставок. Работы находятся в музеях и частных коллекциях Казахстана, России, Германии.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР