Домой2-бөлім. Ақпаратты бағалау және анықтау барысындағы сыни ойлаудың рөлі: әдісі мен технологияларыМодуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру...

Модуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

Модуль 10. Жаңалық және пікір. Жаңалықты бұрмалау, дезинформация және өтірік. Фактіні тексеру бойынша практикалық жұмыс

3-ҚАДАМ. Ракурс, көрініс, кадрлау және композиция. Суреттерді өңдеу (20 минут)

«Ракурс», «көрініс» және «кадрлау» деген түсінік өзара байланысы бар композияциялық шешімнің негізі болып келеді.

Ракурс — түсірілімнің нысанына байланысты фотоаппараттың орналасуы. Яғни фотограф сізді әр түрлі деңгейде: алдыңыздан, жаныңыздан немесе төбеңізден түсіруі мүмкін. Обьектіні алдынан түсіру қалыпты және қызықсыз. Себебі мұндай фотолар тек құжатқа ғана керек.

Көрініс (план) — түсірілімдегі кеңістікті шартты түрде бөлу. Планның негізгі үш түрі бар. Олар: үлкейтілген, орта, жалпы. План объектінің орналасуы мен фотографтың арақашықтығына байланысты алдыңғы, ортаңғы және артқы план болып бөлінеді.

крупность планов в фотографии
Көріністердің түрі: майда детальдардан бастап артқы планға дейін

Кадрлау — фотодағы артық нәрселерді алып тастау процесі. Кадрлау пропорционалды немесе еркін болуы мүмкін.

Композиция — суреттегі басты және артқы фонда орналасқан объектілердің арнайы ракурста болуы және гармониялық талаптарға сай орналасуы. Бастысы көрерменге жақсы әсер қалдыруы және үндестікте болуы.

Фотосуреттегі көріністік бөліну: алдыңғы план — сурет түсірушіге ең жақын орналасқан объекті. Негізі фокус осы объектіге түседі. Бірақ шығармашылық мақсатта фокус ортаңғы немесе артқы планға да түсетін кездер болады.

Тапсырма (берілетін уақыт 10 минут):

Өз беттерімен отырған екі адам арақашықтығы айтарлықтай екі бөлек үстелде отыр. Біреуінің артында тағы бір адам отыр, ол да орындықта отыр. Үстелде – стакан, судың бөтелкесі. Қабырғада үлкейтіп түсірілген, ашық түсі плакаттар бар.

Қалған қатысушылар түрлі көрініс пен ракурс суретке түсетіндей жерде отыр. Біреуі негізгі фотоны түсіріп жүр, екіншісі үлкейтіп, үшіншісі қырынан, төртіншісі үстінен, бесіншісі астынан, алтыншысы жартылай, жетіншісі жалпы фото түсіріп жүр.

Нәтижесінде сәтті әрі сәтсіз шыққан, өзіндік қателері бар суреттер шығады столдағы бөтелкелер кей адамдардың фигурасын жауып қалады;қабырғадағы суреттер алдыға шығап кетеді, тағы басқа). Қатысушыларды бар қатені тауып беруді сұрау керек.

Фотожурналистикадағы әдістер мен тәсілдер:

“Алтын кесік ережесі” бейненің ең маңызды элементі шамамен 1/3 биіктігінде және кадрдың енінде орналасады. Көріністі сызықпен көлденең және тігінен үшке бөлесіз, назар аударатын нүктелер сол сызықтардың қиылыстарында орналасқаны дұрыс.

“Үштік” ережесі кәсіби фотографтар кадрдағы обьектілердің саны тақ болуға кеңес береді. Жұп мөлшердегі обьекті үшін фондық симметрия қажет, ал табиғи жағдайда мұндай симметрия сирек кездеседі.

“Контраст” ережесі. Жарық затты немесе түсірілім нысанын қараңғы фонға немесе қаралау затты ашық, жарық фонға қою керек. Сол кезде нысанаға алған затыңызды ерекшелей аласыз.

“Басты және қосымша” ережесі. Суретте әрқашан бір обьекті басты ал екіншісі қосымша болуы тиіс. Екі бірдей нысанды басты ете алмайсыз.

Фотода бұл анықтылық тереңдігі арқылы іске асады. Кіші анықтылық тереңдігінде ортаңғы пландағы нысанды фокустап, алдыңғы планда тұрған нысанды бұлдырлату ең көп жасалынатын қателердің бірі.

 

  1. Алдыңғы пландағы артық заттарды алып тастауды ұмытпаңыз. Ал егер алып тастау мүмкін болмаса, кадрда үйлесімді болатындай орналастыру керек.
  2. Ракурс таңдауда артқы фонға баса назар аударыңыз. Кадрдағы адамның артында ағаш, гүл, ағаштың бұтағы сынды заттар тұрса, ракурсты өзгертіңіз. Әйтпесе, сәтсіз ракурстың кесірінен суретте ағаштың бұтасы адамның басындағы мүйіз сияқты көрініп қалуы мүмкін.
  3. Егер де суреттің шетінде артық детальдар болса, фоторедактор арқылы қиып тастауға болады.
  4. Ал отырған адамды жоғарыдан түсіруге болмайды, әсіресе портрет фотоларда. Себебі кадрда адамның бойы кішкентай болып көрінуі мүмкін. Сурет әсерлі және дұрыс шығу үшін объективті адам көзінің деңгейінде ұстаған дұрыс. Ал жоғарыдан түсіру тек понораммалық фотолар үшін керек.

Тапсырма (10 минут):

Өз смартфоныңызға «Adobe Photoshop Express», «Pixlr Express» немесе «Snapseed» тегін бағдарламалардың бірін жүктеп алыңыз.

4-ҚАДАМ. Қате және манипуляция (30 минут)

1-тапсырма (5 минут):

Қай жерде кадрлау дұрыс жасалған, қай жерде қате жасалғанын анықтап беріңізші?

Қайрат Қожамжаров Қазақстан прокурорларына үндеу жариялады.

Фотода кейіпкердің басынан жоғары және оң жағында бос орын жоқ.

ҚР Қорғаныс министрлігінде әдеп бойынша уәкілетті тұлға тағайындалды.

Бұл фотода барлық ережелер сақталған.

Пётр Своик: «Безобразие с пенсионкой есть кому поддерживать»

Суреттің екі шетінде бос орын жоқ, сол себепті сурет екіге бөлініп тұрғандай.

2-тапсырма (10 минут): Суреттерді дұрыс кодтау

кадрирование фотографий

1 снимок. Суреттің екі шетінде бос орын көп
2 снимок. Жоғарғы жағында «бос орын» көп

3 снимок. Ракурс дұрыс емес, алдыңғы планға бөтелкелер шығып кеткен.

3-тапсырма (5 минут):
Фотографтар қандай ортақ тәсіл қолданады?
Бұл тәсілді қандай жағдайда қолданып, қолданбаған жөн?

Мамытбеков: Қазақстан ауыл шаруашылығына мемлекеттік корпорациялар керек емес
Women in the World
Семейдегі мектеп түлегі ҰБТ-да бірде бір балл ала алмаған

NB! Алдыңғы план бұлыңғыр болған суреттерді қабылдау қиын. Мұндай әдісті коллаждарда немесе түрлі дизайнерлік текст пен суретті араластырған сәттерде пайдаланған жөн.

4-тапсырма (5 минут):
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық медиа жүйелі түрде осындай суреттерді салады. Қалай ойлайсыздар, бұл қаншалықты орынды?

 

28 жасар жігіттің беті сәтсіз жүргізген отадан кейін іріңдей бастады

 

Дмитрий Шорохов
Дмитрий Шорохов
С 2000 года по 2010 год — доцент факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби. С 2011 года по настоящее время — ассоциативный профессор кафедры Медиакоммуникации и ИК Международного университета информационных технологий. Работал с международными организациями UNICEF, UNESCO, IMO, ILO, Gender Bureau of UNDP и др. по реализации социальных программ. Член Союза художников РК с 2004 года. Участник более 50 республиканских и международных выставок. Работы находятся в музеях и частных коллекциях Казахстана, России, Германии.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР