Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль 17. Медиасауат бойынша тренердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері

Модуль міндеттері:

Студенттер:

  • Үздік тренер профессиограммасымен танысады;
  • Өздерінің тренерлік мүмкіндіктерін тексеріп көреді;
  • Тренер жұмысының кәсіби дағдысы жасап көреді;
  • Тренингті өткізу кезінде «күрделі қатысушылармен» өзара әрекеттесуді үйренеді.

Фасилитаторға арналған анықтамалық ақпарат

Жақсы тренер болу үшін бір аса маңызды коммуникация ережесін естен шығармау қажет: сөйлейтін адам мен қабылдайтын адамның арасында үлкен айырмашылық бар.

Себебі сөз сөйлеп жатқан тренерден естіліп жатқан сөздер қабылдап жатқан адам (тренинг қатысушысы) үшін төрт мазмұнды фильтрден өтеді. Бұл фильтрлер сауалдар формасына ие: КІМ?, НЕ?, ҚАЛАЙ?, НЕ ҮШІН?, бұл сауалдар қабылдайтын адам үшін келесі тәртіпте орналасады:

1.ҚАЛАЙ? Менімен қалай сөйлесіп жатыр? Агрессивті ме әлде позитивті ме? Сенімді ме әлде қорқынышпен сөйлеуде ме? Сенімсіз бе әлде белсенді түрде ме? Білімі бар адам ба, әлде сенімсіз бе, қатал ма әлде ынжық па, салмақты ма, әлде қалжыңбас па? Жаңа бір нәрсені үйрету/бөлісу ниетімен бе, әлде келісілген (төленген) тренинг уақытын өткізуші ғана ма? Мұндай бағалау адамның түпсана деңгейінде қалыптасады.

2. КІМ? Менімен кім сөйлесіп жатыр? Бұл тренердің мәртебесі қандай? Тәжірибесі қандай? Бір сөзбен айтқанда, оның тренер, тәлімгер, ұстаз ролінде болуына не негіз болды?

3. НЕ ҮШІН? Тренердің айтып жатқаны маған не үшін қажет? Қай жерде қажет болады? Мұны мен қай жерде қолдана аламын? Маған тигізетін әсері қандай? Мотивация фильтрі тренер жұмысында аса маңызды. Себебі, егер бұл фильтр ескерілмесе, тренинг қатысушысы алынған ақпаратты тез арада ұмыт қылуы мүмкін, ал зейіні шашыраңқы болады. Дәл осы үшінші кезеңде тренер, былайша айтқанда, өз бағдарламасының бөлімдерін қатысушылардың міндеттері мен өзекті қажеттіліктеріне «үйлендіруі» тиіс.

4. НЕ? Тренер маған нені хабарлап жатыр? Ол маған қандай сападағы ақпаратты беріп отыр? Осы тұста, ақыры, тренердің айтып жатқанына деген тұрақты зейін мен қызығушылық туындайды.

Неліктен тренерге осыны білген маңызды? Себебі, әдетте, тренингке дайындық жүргізген кезде тренер алдымен «НЕ?» сауалына жауап беруге тырысады Осындай реттік сәйкессіздік тренер туралы алғашқы пікірдің дұрыс қалыптасуына зиян келтіреді, себебі қатысушылар тренерді дәл осы реттілікпен қабылдайды. Ал егер кез келген тренингтің мәнісі қатысушының өзгеруіне жағдай жасауға негізделетіндігін ескерсек, тренердің имиджі және оның қатысушыларға беретін харизмасы аса маңызды екені сөзсіз. Тренердің өзі осы сауалдарға жауап тапқаны жөн: оның тұлғалық құраушысы қандай? Ол қатысушыларды өз мысалымен қалайша үйрете немесе тәрбиелей алады?

Дәл осы себеппен, өз-өзіңді тренер тұлғасы ретінде тану, мінсіз тренердің профессиограммасымен танысу, өз-өзіңді сыртыңнан бақылап көру – келесі модуліміздің мақсаты болып табылады.

1-ҚАДАМ. Мінсіз тренердің профессиограммасы (10 минут)

«Ми шабуылы» және коллаждау әдісі

Тренер топты төрт командаға бөледі. Әр командаға медиасауат бойынша мінсіз тренердің портретін салу (құрастыру) тапсырмасын береді. Портрет төрт параметр бойынша құрастырылады: тренердің білімі, біліктері, дағдылары, тұлғалық қасиеттері.

Бір команда «тренердің білімі» санатына 5 пункт жазады, екінші топ — «тренердің біліктері» санатында, үшінші топ — «дағдылар» санатында, төртінші топ — «тұлғалық қасиеттер» санатында. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жобаларын таныстырады және сөйлемдер жазылған түрлі-түсті парақшаларды қабырғаға (флипчартқа) жабыстырады.

Қабырғаны қатсушылар жасаған мінсіз тренердің профессиограммасы «әрлеп тұрады». Пікірталас, талқылау. Топпен бірге профессиограмманың түпкілікті нұсқасын жасап шығару.

2-ҚАДАМ. М.Базермен эксперименті

Тренер топқа М.Базермен экспериментінің жетілдірілген нұсқасын пайдалана отырып, экспериментке қатысуды ұсынады. Мұнда тренер топқа ерекше мәміле жасасуды ұсынады: атап айтқанда тренерден ақша сатып алу (эквивалент жиырма цент үшін 1 $). Бастапқыда біршама уақыт қатысушылар абыржыған күйде болатыны анық, алайда содан соң осы мәмілеге келісетін бір адам табылады. Тренер сол кісіден орнынан тұруды өтініп, осы әрекетінің мотивін түсіндіруді сұрайды. Әдеттегі жауаптар: қызығушылық, пайда, тренермен ойынға түсу, ары қарай не болатынын көру және т.с.с.

Бұдан әрі тренер қатысушылардан орындарынан мәмілеге қатысудан бас тарту себептерін түсіндіруді сұрайды. Топ қатысшылары әр түрлі көзқарасымен бөліседі. Көбісінің уәжі: мәміле әдеттен тыс сипатқа ие, сол себепті қауіптендік, тегінен тегін оңай олжа болмайды, яғни қандай да бір манипуляция, қатысушылардың бірі сақтық жеңді деп айтады, себебі тренердің ойынының астарында белгілі бір баға беру, демонстарция және т.с.с. болатыны сөзсіз. Біреу мұндай мәміле тренер үшін тиімді емес, ал ол адамдармен «win-win» форматындағы қатынастарды құруды қалайды және т.с.с.

Пікірталасты аяқтау процесінде тренер қорытынды жасайды: «көріп тұрғаныңыздай, эксперименттің мәні бір жағдайға қатысты адамдар әр түрлі әрекет жасайтындығы. Біреуге билік қажет, біреулер нәтиженің мәнін және прагматикалығын көргісі келеді, енді біреулер қарымқатынасты бір-біріне деген сегімге, өзара түсіністікке негіздегісі келеді».

Бірақ, анығы бір. Кәсіпқой тренер болу үшін және басқа адамдардың өзгеруі мен дамуына қол жеткізу үшін, бірінші кезекте өз-өзіңді танып – өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды білген маңызды. Өз-өзіңді танудың негізінде – өз-өзіңді тәрбиелеумен айналысу. Сонда ғана, өзіңді және тәрбиеленушілерді түсініп, ортақ диалог пен сенімге жетуге болады, бұл кез келген тренер қызметінің негізін құрайды.

Бір «эксперименттің» нәтижесі бойынша өз тұлғаңның типі туралы түпкілікті қорытынды жасауға болмайтыны белгілі. Біздің диагностикамызды толықтыруға «Сіз қай құссыз?» тренерге арналған тесті көмектеседі.

«Cіз қандай құссыз?» ТЕСТ

Сұрақтарға жауап бергенде үш жауаптың біреуін таңдаған жөн. Егер күмәнданып отырсаңыз, сіз үшін көбірек келетін жауапты таңдаңыз. Таңдаған жауабыңыз сіздің жақсы немесе жаман екеніңізді білдірмейді.

Татьяна Иванова
Татьяна Иванова
Доктор педагогических наук, профессор. Соучредитель и медиатренер Академии украинской прессы. Автор учебника «Медиаграмотность» и методических рекомендаций по преподаванию курса «Медиаграмотность» с грифом МОН «Для высших и специальных учебных заведений».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР